ШЫМКЕНТТІКТЕР ТУРАЛЫ...


Серік АБАС-ШАХ

Иә, олар туралы алып-қашпа сөз көп. Бұл, осы аттас қаланың тұрғындарына ғана қатысты әңгіме емес. Өйткені, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы ресми атауы (90-шы жылдардың басына дейін) Шымкент облысы болып айтылғандықтан (жазылғандықтан), аталмыш өңірдің тұрғындары, көбінесе “шымкенттіктер” деген ортақ анықтаманың аясына кіреді. Сонымен, нағыз “шымкенттік” (“южанин”) дегеніміз кім, одан хабарыңыз бар ма? Ал менің түсінігімше, “нағыз шымкенттіктің” қасиет-мінезінде төмендегідей белгісымақтар кездеседі.
– Олардың мінезі, негізінен қызуқанды (жып-жылы, салқын, суықтау және т.б.) болып келеді (болмауы да мүмкін).
– Олар мүмкіндігінше мемлекеттік тілде (“шымкенттік”, ресми және т.б. тілде) және (басқа өңірдің адамдарына ұнай бермейтін) “ей” деген қаратпа сөзді жиі пайдаланып сөйлейді.
– Олардың тіл қолданысында “қаяқа” (қазақшасы – қай жаққа?); “дәу” (қазақшасы – үлкен); “мақұл” (қазақшасы – келістік); “бопты” (орысшасы – ладно, қазақшасы – жарайды); “тұқым” (орысшасы – порода, қазақшасы – жұмыртқа); “бәдірен” (орысшасы – огурцы, қазақшасы – қияр); “бай” (орысшасы – богатый, қазақшасы – күйеу); “қатын” (қазақшасы – әйел); “қыс” (орысша – зима, қазақшасы – “тынышталуыңызды өтінемін”); “өл-ә” (қазақшасы – шіркін-ай, апырай-ау, сұмдық); “жүдә” (қазақша мағынасы жоқ деуге болады); “там” (орысшасы– анда, қазақшасы – үй); “ат” (қазақшасы – есім); “шешеңнің...” (қазақшасы – өмір қандай керемет!?); “әкеңнің...” (қазақшасы – өмір сондай керемет!); “бірге бір шығасың ба?” (қазақшасы– көзіңізді көгерту мүмкіндігін тиімді пайдалануға қалай қарайсыз?) деген сөздер белсенді қолданысқа ие.
– Егер жас шымкенттікті анасы немесе әжесі (әпкесі, жеңгесі, көрші әйелдер), “жүгермек”, “жетпегір” (діттеген жеріңе, жалақыңа, алдағы сайлауға, кезекті сериалды, кешкі тележаңалықты немесе футболды тамашалауға жетпей қал деген мағынада және т.б.), “қараң қалғыр” (пәтеріңнің, машинаңның, теледидардың светі ғана емес, санаңдағы барлық жарық өшіп қалсын), “қыршыныңнан қыйылғыр” (мектепті оқып жүргенде, студент кезде, армияда, пара алып немесе пара беріп жатқанда шейіт бола сал деген мағынада) деп ұрсып жатса, әлгі сөздерді таза қарғыс ретінде қабылдау шарт емес. Біріншіден, аталмыш сөздермен “жүгермектерді” басқаның (дұшпанның, терроршылардың) қарғысы дарымайтын (“рухани бронежилетті”) етіп шыңдап шығарса, екіншіден осындай қысқа да нұсқа “кәсіби техникалық терминдерді” пайдалану арқылы “қызуқанды” күйеулерінен отты жүрегінен асып түспесе, кем түспейтін шымкенттік әйелдердің бала тәрбиелеудегі көп уақыты үнемделеді. Есесіне, олардың айналып-толғанғандағы жүрек шымырлатар әдемі де сиқырлы теңеулерін айтсаңшы! Сәнді де дәнді әсел (бал) сөздер ешқандай су-сабынсыз-ақ, барлық өкпе-назды Алматының жазғы жаңбырындай жуып-шайып өтеді. Айтпақшы, кейбір шымкенттіктің (“южаниннің”) ұрыс-қарғыстан өмір бойы құтыла алмайтынын ұмытпаған жөн. Үйленген соң, оны өзінің заңды әйелі (бұл байғұс құдалықта немесе тойда қатты қуғанғандықтан, өз фамилиясын ұмытатындай) артық ішімдік ішкенде, ортаншы құдашаның беті-аузын аямай бояған құрбысынан 2795-ші рет қызғанғанда, зайыбы кластас досының жұмыссыз інісінің жаңадан сатып алған ескі машинасына бүтін жалақысының жартысын көрімдікке ауызша беріп жібергенде және жолдасы (туған) қайынжұртына барудан кезекті рет бас тартқанда және т.б. тікелей қарғаса; көршінің, құрдастың және басқаның әйелдері (пысық болсаң көре алмай, байғұс болсаң бере алмай немесе жәй әшейін “профилактика үшін”) сыртыңнан қарғауы мүмкін. Айта кететін жәйт, ересектердің ұрыс-қарғысы заманауи ғылыми-техникалық жетістіктер (“авария бол”, “доллар ұрсын”, “финполицияға немесе салық комитетіне жем бол”, «мас кезіңде жол полициясы ұстап алсын!») мен соңғы ғасырлардың (аты жаман) індет-сырқаттарының мүмкіндігін ұтымды пайдалануға тырысады (“анадай-сырқат, мынадай- ауру бол” және т.б.)
Айтпақшы: Аталмыш тақырыптың тағы да жалғасы бар.
алынған жері
Бөлісу:

59 пікір

konvict
Шешессс дегеннес басқа айтатын сөз таппадым
Gamk
“қаяқа”(қазақшасы – қай
жаққа?); “дәу” (қазақшасы –
үлкен); “мақұл” (қазақшасы –
келістік); “бай” (орысшасы – богатый,
қазақшасы – күйеу);
“қатын” (қазақшасы – әйел);
“қыс” (орысша – зима,
қазақшасы –
“тынышталуыңызды өтінемін”);
“там” (орысшасы– анда,
қазақшасы – үй);
“ат” (қазақшасы – есім);

*
Мыналар Қызылордада бар сөздер. Сосын Қазалы жақ әйелдері «Көрбақ», еркектері «шшшссссс...» дегенді көп қолданады.
nurkanibek
negizinde ale jetet sozdikter…
MYSALGA шли — слишком
Aizhantabyn
juda degen tym degen emes pe :DD

kuwti)))

negizi, wymkenttiktermen istes bolmadym, so aita almaim kandai adamdar ekenin :DD

birak univerde bir talai kurstastarym wymkenttik bolgan, sonda bir wymkenttik jigit bir wymkenttik kyzga «tisindi kagyp tusirem» deitin, ol bizdin «lublu tebya» degennin balamasy bop wykty :DD
Janasil
Тура бір шетелдіктелдің әңгімесі секілді қылып.
Aizhantabyn
men jalpy aitam. Jurt wymkenttikter tez satyp ketedi, sozinde turmaidy deidi, doreki deidi, kyzukandy deidi… aita beredi goi… ozim kozim jetpegenwe olai dop basyp kandai ekenderin aita almaim degenim goi :D
blackbeard
Istes boluga karsy emespin:)
nurkanibek
jalpy munda korsetilgen sozdikter tura audarmasyn taba almagan dep oilaimyn
Ojdan
“бірге бір шығасың ба?” (қазақшасы– көзіңізді көгерту мүмкіндігін тиімді пайдалануға қалай қарайсыз?)

))
Ahi
“өл-ә” (қазақшасы – шіркін-ай, апырай-ау, сұмдық);
Мынау Қызылорда жақтікі ғой
saken
жоғарыдағы сөздің көбі біздің (Қызылорда) жақтікі.
Мысалы там (үй) деген сөзді бізде ғана айтатын шығар деп ойлаушы едім…
konvict
Бізде де Там дейді. Южаниндердің бәрі солай қолданатын шығар
a63a1
там деп мен бейітті айтатытынмын,
konvict
“қыс” (орысша – зима, қазақшасы – “тынышталуыңызды өтінемін”);
Мынаған шегім түйілді
VKM
Әңгіменің аяғын 4 рет оқып… жарайды, білмей-ақ қояйыншы деп,5-ші рет оқымадым:)))
TERISKEI
@VKM, ертең өкініп қалмас үшін түгел оқып алуыңызды «назарбыңызға ұсынғым келеді» © :)))
Altygradus
“жүдә” (қазақша мағынасы жоқ деуге болады);
уахахахахаха
әбіржіп деген сөз бар сосын:) оңтүстіктен болмасам да қолданғанды жақсы көретінім сөзім:))
konvict
Қызық болсын деп жазған шығар
nurkanibek
juda degen kyskartylgan soz goi — tym bolar emessin goi sekildi
Janasil
«Сасып қалды» деген де бар.
Gamk
“қаяқа”(қазақшасы – қай
жаққа?); “дәу” (қазақшасы –
үлкен); “мақұл” (қазақшасы –
келістік); “бай” (орысшасы – богатый,
қазақшасы – күйеу);
“қатын” (қазақшасы – әйел);
“қыс” (орысша – зима,
қазақшасы –
“тынышталуыңызды өтінемін”);
“там” (орысшасы– анда,
қазақшасы – үй);
“ат” (қазақшасы – есім);

*
Мыналар Қызылордада бар сөздер. Сосын Қазалы жақ әйелдері «Көрбақ», еркектері «шшшссссс...» дегенді көп қолданады.
saken
Сосын Қазалы жақ әйелдері «Көрбақ», еркектері «шшшссссс...» дегенді көп қолданады.
«жертартқыр», «жертартпағыр», «тұқымыңжайылғыр», тұқымыңжайылмағыр" дегендерде бар:)))
alisha
Бай, қыс, қатын, бірге бір шығасың ба?
дегендердің батысқа да таңсықтығы жоқ;)
qisyq
Біраз сөздер тек Шымкент емес, оңтүстік-шығыс тұрғындарына да тән.
edige
“шешеңнің...” (қазақшасы – өмір қандай керемет!?)
шешеңнің… — қазақшасы — қандай керемет продюссер!!!

кейбір шымкенттіктің (“южаниннің”) ұрыс-қарғыстан өмір бойы құтыла алмайтынын ұмытпаған жөн
Басқа региондарда ұрыс-қарғыстан өмір бойы құтылып жүргені шамалы…
Бұл барлығына тиесілді емес. Момындар да бар
оны өзінің заңды әйелі (бұл байғұс құдалықта немесе тойда қатты қуғанғандықтан, өз фамилиясын ұмытатындай
Жоғарғы оқу орынын бітіргендер тегін өзгертпейді.
TERISKEI
«Беймарал» деген де бар (ыспакойныға келеді) :)
qisyq
Тіл мен жаққа сүйенген, қыршыған әңгіме. Автор тізбектеп, тізбелеп өткен сөздер, не, Шымкент те ғана ма? Есімді білгеннен бастап, естіп жүргенім осы сөздер, ал менің ОҚО-на үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қатысым бар (қайынжұртым сол жақта демесең).
Жалпы, «Біз Шымкенттікпіз!», «Біз Алматылықпыз!», «Біз Астаналықпыз!», «Біз Ақтаулықпыз!» (Өзіңіз қалаған қаланы қойып айта беріңіз) деп болсын-болмасын, орайы келсін-келмесін айтып, сол жердің өзіне тән ерекшеліктерін мақтан етуді түсінбеймін. Белгілі тұлғаларыңмен мақтан, жеріңді, еліңді құрметте, бірақ, «шешеңң» (болмаса "әкеңң", я анаңң") секілді төр үйден дәретханаға дейінгі жерде айтыла беретін сөздерді әспеттеу ақылға қонымсыз. Жалпы, өзіңді өзің ерекшелеп, мен «сондайлықпын», мен «мұндайлықпын» дей берсең, ел де ертең аяғың шалыс басса, «ой, ол сондайлық/мұндайлық, сосын сондай» деп әңгіме айтады.
Erkekyz
өл-ә” (қазақшасы – шіркін-ай, апырай-ау, сұмдық)
Өл-ә деп айтпаса да, басқа жақтың адамдарының «апырай-ау, шіркін-ай» деп сөйлеп жатқандарын естіпеппін.Жоқ әлде мен естімей жүрмін бе?))
alisha
«Ойяяя», «Дәәә», "Қойш",«Мә» дейді бізде… Ал жоғарыдағыларда ата-әжелердің аузынан көп естиміз.
Nurgisa
Ищщәәә ше?
alisha
оны жиіркенгенде немесе күтпеген жағдай орын алғанда айтады ғой;)) Мысалы, ищща, мен оны дұрыс кісі деп ойлап жүрсем))) Ищща, не мынау сасып жатқан?
sammita
Ищщщщәй деп жаурағанда (кей өңірлер үшін: тоңғанда:) айтамыз мысалы.
alisha
оны да айтамыз;) балаларымыз Ищәкәй дейді)))
alisha
біз тек жаңбырда ғана жаураймыз, мысалы;)
Aizhantabyn
iwaaa dep biz de aitatynbyz, kazir koldanbai kettik :DDD
iwakai degendi de «D
sammita
сенің «ищщаң» «лібәға» келетін сияқты ма:)))
Nurgisa
Солай шығар. "Үййяяяя, няғылдит, қасқа?" деп қай бетін шымшитынын білмей қап, абдырағанды да көргір көз қалт жібермеді. Немесе, «Мәәәә, „қазақы үйлері“ (»тамдары") нәп-нән екен" деу бар. Тағы да, «Мәәәәә… жол ақысы, мәәәәәә» деп «жалғап жіберу» бар… :) Сәтпаев бойында 30-шы маршруткадағы сығылыста тиын-тебеніңді жолсерікке беріп жатып.
alisha
жалғап жіберу деген дұрыс емес пе енді?
sammita
осылай жарнамалайды да өздері, кейін ренжиді шымкенттік десе «Ы, не бопты шымкенттік болсақ. Маңдайымызда жазылып тұр ма?» анау-мынау деп.
alisha
Шымкенттіктердің кәріне ұшырапсыз ғой, Саммита)))
sammita
мейлі ғо, сөздің ашығы жақсы, ойымды айтуға құқығым бар:)))))
konvict
Өздерін ШҚШ деп бөлек мемлекетпіз дейтіндерін қайтесің. Техас деп өздерінше блатной
Nurzhol
Шымкенттің салқын сырасы,
Көрдің бе ішіп құрдасым?!)) жоғарыдағы наклейка туралы ән есіме түсіп кетті.
edige
Шымкенттіктер бір зерттеп бітпеген ғылымдай… Басқа региондар не қолмен сөйлесе ма?
Барлық жерде де жақсы мен жамандар бар… Ойлау сөйлеу мәнері де бар… Керек болса жапырақтар да бір-бірінен ерекшеленеді, адам түгілі…
Екі елі жауыр тақырып...
sammita
басқа өңірдегілер былай сөйлесеміз:))
Nurzhol
Оңтүстіктің балаларымен дос болсаң да боласың, болмасаң да боласың))) Двор, офис, жұмыс, оқу, төбелес, той-думан, хата. Айнала толған оңтүстіктің балалары, қайда жүрсем де осы жақтың балалары.
edige
Балалықтан өткендері де бар...:)))
qisyq
Scheschesse)))))))))))))))))))))))))))))))))))
blackbeard
Kazakhstan Respublikasynyn Azamattyk Kukyktar boiynsha moraldyk aktilerge nuksan keltirilgeni ushin sot aldynda jauap berip, bukil Shymkala turkyndarynan keshirim suraluy tyis!
Libaaaaaaa osyndai kezde zan bilip kalasyn da:)))))))))
asaubota
бұл сонда типа креатив жазу ма? қызық емес сияқты болып көрінді маған. диалекттер бояннн ғой уже.
konvict
Соңғы кездері Серік Аббас Шах осындай бояндар ұйымдастырып жүрген секілід
nurjanbay
мұны Аббас-Шах мына жердегі блогына жариялаған екен.
satibaldi
Креатифф нақ, құсып қойдым. Ойшылын өзінің!
satibaldi
2006 жылдары ICQ-де осындай шуткілер жазывотыратын едік нақ.
Beytanis
Осындайда Сырым батырдың " Қазақ баласының басын қоса алмай «сасып жүрмін» дегені" ойға орала беретіні несі…