ARIEL-ге пародия
Бір әйел баласының жуылатын киімдерін аударып-төңкеріп қарап жатыр:
— Футбол ойнапты… Мынау не? Қонақтар келгенде дастарханға қоятын вареньені жепті, қу шешек-ай. Ұрлап жесе мейлі ғой, үстіне тамызып, киімді былғамай жесе болмай ма екен?! (Енді күйеуінің киімдерін қарап жатыр) О, сорың қайнағыр, ит алқаш неме! Мынаны қара! Өткен жолы ішіп келгенде үйге кіргізбей қойып едім. Менен өш алған түрін көрмейсің бе? Қорада жатқан бір қап ұнның үстіне барып ұйықтапты. Бұл ит-шошқалар бар ғой, киімді кірлетудің мың түрлі әдісін біледі. (Кір жуғыш ұнтақтың қорабын алады). Ал мен ол кірді кетірудің бір тиімді әдісін білемін — киімдерін өздеріне жуғызамын!
П.С.: Студент кезде КВН-де шығарған әзіліміз еді.

Әлеке жалпылама ойлауға тырыссаңызшы. Сізге болмаса екінші біреуге пайдасы тиіп қалар