Байғыз

Байғыз – жапалақ тәрізділер от­­ря­дына жататын құс. Қазақ­стан­ның сол­түстігі мен солтүстік – шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді. Әсіресе Үс­тірт­те, Маңғыстауда, Арал, Бал­қаш жағалауында, Қара­тау­да, Ал­­тайда жиі кездеседі. Рес­пуб­ли­­­ка­мызда кәдуілгі байғыздан басқа, ор­ман байғызы, торғай тә­різді бай­ғыз деген түрлері бар. Бай­ғыз қо­разының қанаты – 153-172 мм, сал­мағы – 154-157 г, ал ме­киенінің де­не­сі ірілеу, қанаты – 157 – 175 мм, сал­мағы 195-260 грамдай болады. Ар­қасы қо­­­ңыр теңбілді, бауыры ақ­шыл тар­­ғыл, тұмсығы сүйір, имекті ке­леді. Жарқабақтардағы індер мен жартастағы үңгірлерге ұя жасап, оған төрт-алты ғана жұмыртқа са­лады. Оны мекиені бір айға жуық басады, ба­лапандарын 35-40 күнде ұядан ұшы­рады. Байғыз – отырықшы құс. Олар майда ке­мір­гіштермен, тор­ғай тәрізді құс­тар­мен, ұсақ жән­дік­термен қо­рек­тенетіндіктен, ауыл ша­руа­шы­лығына пайда келтіреді.

Қазақта байғыз жайлы әртүрлі аңыз бар. Жалпы, байғыздың үнін «сұңқылдады» деп жа­рат­пай­ды. Сондықтан бай­ғыз шақырғанда, атын атамай «нұ­ра­талы» деп, ұн шашу арқылы жа­ман­шы­лықтың бетін қайырады деседі.
Бөлісу:
  • 1

31 пікір

KILYZAMAN
Байғыз туралы тағы бір аңыз…
KILYZAMAN
Жер сілкінердің алдындағы түні ерекше сұңқылыдап еді осы құс…
abdi111
я біз жақта көп осылар жылқының үстінен ұшып өтсе белі істемей қалады екен жылқынын
ken
ия, даусы жаман болады.
abdi111
жылыағын баланың даусы шығыма сондай
abdi111
жылаған
ken
ұқсастық бар, ия. сосын тек түнгі уақытта шығады
ken
даусын талай естісем де, түрін бірінші рет көріп отырмын
meirzhan
Байғыз дегенде қаз сияқты құс елестеуші еді :)
abdi111
жақында менде бір құс ұстап алдым казір суретін салам қандай құс екенің білмедім
Zilola
менің ойыма неге екені белгісіз пересмешник келе береді.
Бірақ мынаны білмей отырмын
abdi111
2009 жылдары түрікрерме тәжіктерме тірідей байғыз ұстап берген адамға 45000 тг берем деп жүрген
a63a1
Байғыздың үкіден айырмашылығы қандай?
omarbirat
Кішкентай болады. Үкі үлкен келеді, кәндек иттей болатын шығар. Ұшқанда қанаты кәдімгідей кеңге жайылады.
a63a1
«Кандек» итпен "қанден" иттің айырмашылығы ше?
omarbirat
Айтылатын диалектілерінде ғана :)
omarbirat
Негізі мысықтай болады дегім келген. Ойша елестетіп көрдім: мысық үкіден кішкентай болып қалатын сияқты болып көрінді :)

Үкіні бір-ақ рет жақыннан көрдім. Шоқиып отырғанда кәдімгідей ірі болады екен. Адаммен бой салыстырса, тізеден келіп қалатын шығар (Әлде менің көргенім ірі үкі болды ма, әйтеуір содан бері кішкентай құс емес екенін біліп жүретін болдым).
Zilola
Нағашыларымның ауылында үкі асырайтын, тышқан аулап береді, аяғындағы шынжырды қазыққа байлаған. Сосын жүнін сатып ақша жасайтын, кейін қайда жібергенін білмеймін, әжептеуір үлкен етін.
a63a1
Ал менің нағашыларым ауылында кірпі асырайтын, тышқан аулап береді, аяғындағы шынжырды қазыққа байлаған. Сосын тікенін сатып ақша жасайтын, кейін қайда жібергенін білмеймін, әжептеуір үлкен етін.))))
Zilola
между прочим кірпінің тікені өте пайдалы, қайнатып ішу керек
a63a1
ЫҚ ық ық ықылық атып қалдым, )))
KILYZAMAN
...?
Zilola
кірпінің тікенін бүйрек, қуық, несеп жолымен проблемалары барлар, зәрін ұстай алмайтын жас балаларға қайнатып береді.
Басқа мүшелері де өте пайдалы оны вики атайдан табуға болады.
a63a1
Жақсы мәлімет екен
KILYZAMAN
Жарайсың,,, Вики атаймен таныстыш!
KILYZAMAN
Үкілі домбыр, қыздар әшекейі(ба қиімдегі)… Себебін түсінбей жүрмін :-(
KILYZAMAN
«домбыра, бас киім»,,, Клава үлгепмей ме, сен асығыспын ба? Қате кетіпті :-(
AlyaBeysenbek
Байғыз құс мен барған<Болашак> деген лагерьде түнде сұңқылдайды