Болмай қалған миллионер...
2000-шы жылдардың басы еді.
— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң, Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсар бір қолында көпіршіген «Жигулевское», бір қолында будақтаған «Парламент».
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін.
— Аператыр зәрідите! — тап сол баяғы екі сөз, бірақ даусы таңертеңгісінен бірнеше октава жоғары шығып, талаптан гөрі сұрамсақ үнге көбірек келетін. Ал умаж-умаж екі жүз теңге созған қолындағы қармаудай өсінділері, қайыр тілеген бейбақтың саусақтарындай мыжырайып кететін.
***
Бір күні Қайсарды көшеде көріп, «не болды сол баяғы винджамер ма?» десем, «Жоқ» дейді. Ойбай мынау адам болған екен деп респектімді айтайын деп " Маладес, Қайсар" деп жатсам, «Менің атым Эльдар болды» дейді.
«Эльдары нес?» -дедім таңданып.
«Эльдорадо ғой біздің мекен» дейді. Айтып отырғаны, Алматының бұрыш-бұрышында қалталы, қалтасыз «лохтарды» бір жерге жинап, бауырына басатын, ал ақшаң таусылса, көттепкімен шығарып салатын «Эльдорадо» ойын автоматтарының желісі еді.
"Өткенде бір жетон тығып, бөшкі жардым" — түрінде бір мақтаныш сезімі.
«Сонда қанша ұттың?» — дедім мен ұтып жүргеніне сенімсіздікпен қарап.
"Үш мың теңгеге Роял Флэш ұстадым" — деді құдды Майкрософттың жарты акциясын сыйға алған адамша.
Түріне қарап, қанша тырыссам да оны жолы болғыш адамға ұқсата алмаған мен "Ұтылғаның қанша?" дедім.
«Ой ұтылдық қой біраз» деді, күлімсіреп. «Бірақ мен мойымайын, өмір алда, әлі талай ұтам» деп қояды. Оптимист.
Бұл азартшылардың бір қызығы, ұтылғандары өмірі есінде қалмайды. Кеше ғана үйі мен қатынын бәске тігіп ұтылып қалса да, екі жыл бұрын «Рулеткаға он доллар тігіп, 360 доллар ұтқанын» айтып, қарызға тағы ақша сұрайды. Сұрағанда да, үкіметтен ғылыми зертеулерге ақша сұраған ғалымдарша сұрайды. "Өй, ертең екі есе қылып қайтарам. Ертең емес, жүрші менімен бірге, қазір екі рет ұрам да көзіңше сытырлатып санап берем". Бермейін десең, біртүрлі өзіңді кінәлі сезіндіріп қояды.
«Біләәә, братан, тап бүгін мнением шауып, тұрғанда бермей қойғаныңды-ай.» Үнемі біреуден ақша сұрағанда оның чакралары ашылып, космостан біреу «мнение» тастап, «тап қазір ойнасаң, масть жүріп, бағың ашылады» дейтін сияқты.
Бәріне мақтанып, миллиардер болуына тек ставканы көтеретін миллионы жетпей тұрғанын айтып ақталады. Оқудан баяғыда шығып кеткен. Ауылға қайтуға бет жоқ. «Бірталай ақша көтерем, сосын миллионер болып барам». Атасының басы. Біреуге гоп-стоп жасап, ауылына қашып бір-екі жыл тығылып, содан кейін арақ ішіп, алқаш боп кетті. Естуімше әлі күнге дейін, бықсып алса болды, Эльдорадоға барып бір жетонмен Роял Флэш ұстағанын айтып, «бомба» жарғанын жыр қылады екен.
соңғы рет 2008 жылы Молдоваға барғанымда ойнап қайтқам құмарымды қандырып. таңертең балдар ұйықтап жатқан кезде бардым да технично ойнап қайттым. ол жақта да Офланистен кейін Зиро, Зиродан кейін 23ке лақтырады екен :)
Әсіресе, үйінен оқудың соңғы кварталының ақысын салып жіберіп, оқудан шығып қалғандар қаншама болды! Ол енді трагедия. Ақыры ұрлыққа барып, қамауға алынғандар да болды. Шынын айту керек, оған жан ашығаннан гөрі — оқу орнының атына зиян келтіред деп, менттермен «былайша» шешіп жүрдік қамалғандардың ісін. Олар шыға сала баяғы әніне қайта басады. Тіпті, «автоматтың қасындағы ақша ұстаып беретін апайлардан автоматтың толғаны туралы информация сатып алуға болад, сөйтіп, тағы ойнап көріп, оқудың ақшасынан, бәрінен құтылып тастаймын!» деп тағы жүреді.
Вокзалдағы бір картина көз алдымнан кетпейді. Бір жігіт қолдарында қағаз бес мыңдықтары бар, көздері — қып-қызыл, зомбиге айналған. Автоматқа елу теңгеліктен ақшаны салып жатыр, салып жатыр. Түнгі үш жарымда пойыз күтуге барғанмын, ендеше мен күту залында отырған бір сағат бойы салды да тұрды, салды да тұрды. Бір кезде екі бала ерткен келіншек келді. Балалары: «папа, қайтайықшы, қайтайықшы!» деп, жеңінен тартады. Келіншек ағыл-тегіл жылап тұр. Міне, осындай трагедия.
Айтпақшы, мат. статистика сабақтарынан казиноның әрқашан ұтыста қалатынын көрсетіп, басында аздап түйсігі бар оқушыны ендігәрі құмар ойындарға жоламайтын қылып жіберуге болады))) Көп жігіттер сол сабақтардан кейін казино тұрмақ, лотереяға да жоламай кеткенін айтушы еді)))
Әбіләкімдігін оқып ойланып қалдым. «Ни за что өліп кететіндер бар ғой» деп ойлайсың. Қарауылдап жүріп. Отыз мың айлық үшін… Ерақаңдыкін ойлап тіптен денең түршігеді. Түн жарымда шеттей бала-шағаң, зайыбың кеп "үйге жүршілеп" тұрса.
Заңмен қудаланады дедік пе, юрисдикция үстемдік ететін аймақтарды жаппай бақылау керек шығар. Мәселен, әлгілерге кеңсені жалға беретіндерден бастап, бәріне жауапкершілікке тартса. Бұны тұрақты дәстүрге айналдырса, бірте-бірте нәтижесі оң болар еді, меніңше.
Үйді сатқандарды естіп ек, одан да сорақысына баратындардың «драйвері» не екен дейсің ғой. "Қазір ұтсам, қайтарып алам" принципі ме екен…
Тұқымы құрысын, Қапашағайы да, Шортандысы да құрысын…
Ақыр аяғында күнде неше түлі кісілер келіп қарыздарын сұрай бергесін, ол да қашып кетті. Кейін ағасы екеуі ет дүкенін ашып, жағдайларын түзеп, қарыздарынан құтыла бастап еді. Ағасы тағы да казиноға барып, бар ақшасын салып тастапты.
Жерде жатса,…
Сондықтан оларды ұта алмайсың. Бір ұтқанның өзінде екінші рет сені ол казиноға кіргізбейді.
Әбілдің, ұятсыздар екен десейш нақ))) Бұттан кеттім… Прекинь ашаршылық құрбандарының пайдасына шешілетін етіп қойса:)))
Қапшағайда қазір 8 казино нақты істеп тұр. Ең ұтысы көп «Prince» казиносы. Ойнауға кіру 500 доллар казір барлығында.
Айтпақшы ұту мүмкіншілігі тек Рулеткада. Онда да шамалы. Дилерді рулетка валында керек санына түсіруге дейін үйрететіндерді көріп жатырмыз.