Эстафета. Эпатажды эпопея - қызыл балық.
Дінмұхаммед ұсынған трапеза-кезек. Тамара Тамақ асар.
Істелуіне аз уақыт, минимум еңбек жұмсалатын әрі тез дайын болатын ауқатқа зәруміз делік. Тоңазытқышта тіскебасар провианттан қызыл балық бар деп қиялдайық. Төменгі сөрелерінде гарнирге лайықты кәкір-шүкір. Болды, енді турау-отқа қоюға ыңғайласамыз.
Аздап қыздырылған табаққа майдалап туралған пияз, ол қызғылт түске ауыса берген тұста орташалау туралған картопты үйеміз үстіне. Қалауымызша тұздаймыз. Ортадан жоғары отта 20 минуттай уақыт ішінде пісуі керек. Түбі қатып қалмауы үшін араластырып тұрыңыз.
Балбырап тұрған қызыл балықты жуып аламыз.
Екі жағын аздап тұздаңқырап, сковородаға саламыз. Оттың орташадан сәл жоғары болуы құп.
Әлгілеріміз баппен пісіп жатқанда, салат жасап жіберуге болады. Мысалы, қызан, қияр, салат жапырағы, брынза мен зәйтүннен жасалық.
Тәптіштеп жататын түгі де жоқ, майдалау етіп турап, тұз қосып, араластырып, үстінен аздап май құйыңыз. Салат дайын.
Он минуттай уақыттан кейін балықты төңкереміз. Тура сонша уақыт екінші жағы да қызынып, пісуі қажет. Одан кейінгі процесс тіптен оңай: ыдысқа мұқият орналастырасыз. Негізі, фантазияңызға қарай әрлей беруге болады түрліше. Гарнирге кейбіреу картоптың орнына күрішті талғауы мүмкін.
Тамақ желініп болғасын жеңіл десерт жасап жіберуге болады. Кептірілген өрік, мейіз бен жаңғақты майдалап, жинақталған массаны кішкентай қасық балмен араластырамыз. Алынған қоспаны балмұздақтың үстіне себеміз. Десертіміз дайын.
Барлығын дайындауға бас-аяғы отыз минуттай уақыт кетті.
Кезекті Тeriskeу бауырымызға беремін. Кітап оқып рухани тояттанып үлгерген шығар, қарын мүддесін қамдастыруға қалай екен, бағамдайық.

бірақ анау оңай дей салған дәләмаңыз
менітағамды күйдіріп кеткен :(неге қызыл балық? жәй балықтар болмас па?
Күн жылыды ғой. Бурабайға шығатын болсақ ашық аспан аясында не жасау керек деп бас қатырмаймыз, сірне бар, одан соң «маклюбе» деген бір керемет массив-тамақ бар…
Жұмысбастылықпен қалай Атырауға ауыстым, солай мәжбүрлік қысты. Айтпақшы, жұмыртқа қуырудың отыз сегіз түрін білетіндігімді айтып па ем :)))
амалдың жоғынан :))))))))
АКҮ қалқам, әнәубір жерінің эстафетасын жастар жағы бастап жазсын, мүмкін біз білмейтін жаңа техникалар шыққан шығар :) біздікі сол Қилызаман ағамыздың кезінен бері келе жатқан ескі техника ғой, аздап батыстық ТВдің де әсері жоқ емес әрине.
Ніқұя себеондайы да бар ма ед?Одан да қызыл балық алып, отағасына жақсылап тамақ істеп бер де, алғысына бөленсейші!
Ана балықтың үлкендеуін өзің жеген шығарсың, ә:)