А. озыпты, Қ. қуыпты

А. дегенім, Аршат, Қ.-сы қалғандары ғой… “ Ел-Жұрт” сөйтіп жатыр. Тұспалдап сөйлейтін Мұрат екеуміз жұмыстан босап келгенше, жарыс та тамам болды. Марапаттау рәсіміне қатысқанға мәзбіз.

Сөйтіп, Бекболат ағамыздың бастамасымен, “ Намыс” жорналының қолдауымен астаналық блогшылардың  арасындағы шаңғы жарысы сәтімен өтті. Аршат, Жанасыл, Рахатқа “ көзге көрінетін” жүлделер тапсырылса, көрермен болып үлгерген бізге кітап пен дискіден тиді))).  Көк мұз, ақ қардың үстінде ұйымдастырылған дастарханнан дәм алып, термостан ыстық шай іштік. Алғаш жарыс болса да, ұйымдастырушылық жағынан мін іздесеңіз де, таба алмайсыз. Тоқетері, Бекболат ағамыздың арқасында шаңғымен дос болатын түріміз бар. Бәтеңкем дәулік етсе де, байғұс шаңғыны қинап, бір айналым жүріп қайттым. Құм басып үйренген аяғым шаңғы деген шудо-сайманмен осылай танысты :-)
Біраз бұрын конькимен таныстығымды жазған едім, енді міне… шаңғы! Біреу күлетін де шығар, бірақ осындай өркениет игіліктерін кеш те болса, меңгеріп жатқанымызға қуаныштымыз әйтеуір)))
Шемпиондар бір-бірін құттықтап жатыр (Аршат пен Жанасыл). Рахат кешір, кадрға сыймай қалыпсың)))

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/08/%d0%b0-%d0%be%d0%b7%d1%8b%d0%bf%d1%82%d1%8b-%d2%9b-%d2%9b%d1%83%d1%8b%d0%bf%d1%82%d1%8b/
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
астаналық жігіттер, қыздар, жексенбі күні сағат 15-00де кездессек қайтеді Есілде? сол жерде 1 сағаттай шаңғы теуіп, сосын сол жерде жиналыс жасап жіберсек?
TOTY
«А» упала...«Б» пропала… деуші ме еді… бір санамақ бар еді ғой, соған ұқсап кетіпті :)