Қылмыс романын оқығандарың бар ма?

Алаш жұрты ауыр қазаға душар болды. Қытайдағы қазақ жазушысы, «қылмыскер» деп айыпталып, өмірінің қырық жылын тар қапаста, қалғанын үйқамақта өткізген Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бақиға аттанды.

Бір көңіл жұбатарлығы, ақсақал түрме ішінде жазған «Қылмыс» романының 6 кітап болып Қазақстанда жарық көргенін көріп кетті.
Бір көңіл құлазытары – ақсақал сүйегінің туған Қазақстанында қалуын армандап өтті.
Тағдырға дауа жоқ. Ақсақалға туған жерін тым болмаса бір көріп қайтуды жазбапты.
Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Қытайдағы мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айырылған. Сөйтіп, жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді. Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп таныған. Сөйтіп, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен-ді.

Ауыр да азапты болғанмен, Қажекең өнегелі ғұмыр кешті.
Қош болыңыз, Алаштың ардақты ақсақалы!

www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6298&Itemid=2
Бөлісу:

47 пікір

Abilakim
Иманы жолдас болсын! "Қылмысты" қолға түсіре алмадым.Жыла, қазақ!!!
Bekjan
Мен де байқамадым кітап дүкендерінде… Енді іздеуге шыққалы отырмын… Тапсақ, бөлісе жатармыз олжамызбен…
Zilola
Алматыда «Атамұра» дүкенінде 6 том -15 мың теңгеден бар.
Менің жұмысымдағылар (6 адам) арадан ақша шығарып сатып алған өткен жылы, енді бүтін офисіміз таласып оқып жүр
Bekjan
Сендердің жұмыстарың жақсы екен..Қайда жұмыс істейсің сонда? Сонша қазақша кітап оқитындардың жиналғанына қарағанда, бір басылым ұйымында жұмыс істейтін шығарсыз…

Осы «Атамұра» дүкені Астанада бар ма екен?
Zilola
менің жұмысым жобалау академиясы, жұмысқа жаңадан қазақтілді бала келіп, соның үгітімен алынған еді. А так бізде көбісі жұмысқа байланысты рустілді :)))
sammita
Алды жарық болсын! Осы кітаптың барлық томы 25 мың теңге еді. Бір ағамыз үйінде барын, оқуға беретін айтқанымен, соны құнттамап ем. Оқу керек міндетті түрде. Артынан өкініп, нешебір әттеген-айлар айтылар. Бірақ… бәрі кеш. Амал жоқ…
Bekjan
6 томдық кітап 25 мың теңге, қымбат болып көрінеді ақ… Бір рет Мәшһүр Жүсіптің шығармалар жинағын көріп дүкеннен..14 том ба еді солай, бәрін алу үшін сол кезде де 25 мыңның төңірегінде ақша керек болған… Ол кезде қалтада ақша болмады да ала алмағанмын… Кейін, ақша болғанда кітапты таба алмадым..Әлі іздеп жүрмін..:(

Соны ойласам ішім ашиды…
Makhabbat
интернетте жок па кітабы?
sammita
инетте бар болса көзі ашық мынадай азаматтар осылай жазар ма еді? Ойласаңшы сәл.
Makhabbat
sammita сеннен сураган жок едім, не шаршап отырсың?
танымайтын адамга калай-калай жазасын озін, менің сенде жумысым жок…
sammita
«жоқ, инетте бар кітабы, пыросты мына жердегілер жүктеуге ерініп отыр». Ал ендеше.
Malimetter
Бұрын Массағанда болған еді, қателеспесем. Бірақ толық не толық емес екендігін білмедім.
sammita
ол жерден мен де көргем, бірақ ішінде дым жоқ, жүктелмеген. Әншейін атын жазып қойған.
Abilakim
аха,«мәссағанда» кітаптың іші жоқ сырты ғанатын
saken
иманы жолдас болсын!

биылғы жыл белгілі адамдарға ауыр жыл болып тұр…
Bekjan
Айтпа, биыл жыл қаза хабарларымен басталды…
alisha
арты қайырлы болар, иншаллах!
sammita
бұл хабарды кеше интернеттен оқыдық. Бірақ ТВ-дан айтылмады.
TOTY
Мен де кеше ТВдан айта ма деп тосып едім, айтпады.
zhanar-seitmat
Осы кітапты көріп алғым келген «Атамұра» баспасынан, бірақ сіздер сияқты менің де 15 000 теңгем болмады, өкінішті…
bazuka
Иманы жолдас болсын марқұмның.
Қылмыс романы Жұлдыз журналына қысқартылып шықты былтыр.
KILYZAMAN
Ал енді кітаптың электрондық нұсқасын іздейік… Болмауы тіпті мүмкін емес шығар деген ой мазалап жүр :-(
KILYZAMAN
Мына жерде біраз шара ойластырылып жатса керек
serjan
Жазушының кенже қызы Жәйнар Алматы облысы Шамалған ауылында тұрады. 2003-2007 жылдар аралығында КазГУ дің физика факультетінде оқыды. студент кезімізде ол әкесінің "Қылмыс" және «Пана» атты кітаптарын өзі сатып жүретін мен ол кісінің «Пана» атты романын сол қызынан алғанмын.
AL-ASTER
А мәссағанға жүктепстадым. Әбіләкімге рақмет, кітапты Сізден алып едім! Гуглдегендер сол сайтқа түсер.
satibaldi
8 томында ма???
AL-ASTER
Мен 8-том екенін білмедім. Болса толықтырып жіберуге көмектесіңіздер.
satibaldi
Бір томын салғанның өзі… Мәссаған құлап қалған жоқ па?
AL-ASTER
Ия, романды сайтқа онлайн ілу дұрыс емес те шығар. Бірақ оқып жатқан адамдар да бар сияқты. Немесе, көшіріп алып, вордқа немесе пдф форматына айналдырып алып асықпай оқитын адамдар да шығар. Немесе тағы копипастелеп принтерден шығарып оқуға да болад. (ақталыватырым)

Бір томының тақырып тақырыбымен 4 томын қойғанда, орташа есеппен 1 томды 4-ке бөліп салдым. және орташа ееппен соның бір бөлігін 100 рет оқылыпты әзірге.

8 томның 4-і жатыр, 4-і керек. Ол роман «Атажұрт» баспаханасында басылыпты, демек сол жақтан адамдар іздеу кк.
AL-ASTER
Қажығұмар Шабданұлының "Қылмыс" романы 6 томнан тұрады екен.

Барлық 6 томын мәссаған сайтынан алып оқи аласыздар.

Романдардың электронды нұсқасымен бөліскен сайтымыздың белсенді қолданушыларының бірі, @Abilakim және Ақберен Елгезекке рахмет айтамын.
araika
Радиодан сөйлеп тұрған сияқты елестейсің
meirzhan
Чудо-ны қазір нешеден сатады екен?
araika
Ішпейтін бокеткем, сені ме
satibaldi
Оқыған романым емес, бірақ нашар кітап болса керек.
Gastarbaiter
Мына кітапхананы көріп пе ең? Мен кеше көрдім.

kaztube.kz/Pages/books12
satibaldi
Zako -ға антипираттық салаға ойысу керек сияқты…
Gastarbaiter
Ал мен басып алдым, ниипет, оқымағандарым бар ішінде. Тіл де біраз жаттығады.
Simona
Мынa ертегi кiтaптaрды қaйдaн сaтып aлсa болaды екен? Былтыр Aтaмұрaдaн жөндi ертегi кiтaп тaппaдым қaзaқшa. Aудaрыпқaнa қоймaй, иллюстрaциясын дa көшiрiп aлғaн сияқты.
dark_nazgul
Қажығұмар Шабданұлының анасы мен менің әжем бір адамның немересі екен…
Gastarbaiter
Ол қойня, мұнда Рұм папасымен немене ағайындылар бар.
dark_nazgul
satibaldi
Аталасың цугундерде жатқанда, бір көже апарып беруге жарамадың ғой, енді несіне айтасың туыстығыңды
dark_nazgul
өзім жақында білдім...
satibaldi
KILYZAMAN болғанда, пешін тастап, қолынан келгенше Сыртқы Істерге, Құман Райтсқа, Фридом Қаусқа сұрау салдырып, Страсбург сотының алдында түнер еді