Керекше достық - ерекше достық.

Иә, «ат айналып қазығын табар» демекші, бұл керекинфоның қайта оралу әңгімесі қызық болды ғой… Керекинфоның алғашқы тәй-тәй басқан кездерінде, интернет технологияларында қазіргідей мүмкіндік жоқтың қасы еді… Тіпті қазақша мәтінді мониторға шығарудың өзі қаншалықты қиын іс еді десеңші..Қазір, алыс емес, сонау 2000 жылдары интернетте қазақ әріптері оқылмайтын, жазылмайтын десең, ел бетіңе бажырайып қарайтын шығар… Бірақ, сондай кезеңдер бастан өтті..Қолда 1,3 Мб дискетаға көшірілген сайттың «хтмл» беттері, интернет кабинеттерін жағаланып жүрілді ғой талай…
Сол керекте, ерекше жандар жиналды..Қаймақтар… Виртуалды әлемде басталған достықтар, интернетке сыймай, шынайы өмірге созыла басталды… Дәстүрлі кездесулер басталды… Ол кездегі керекшілердің көпшілігі Атырау мен Алматы қаласында шоғырланған… Сан алуан кездесулер сол қалаларда өтіп, ертесі күні суреттерімен бірге репортаж шығады форумда… Суреттегі детальдер талқыға салынып, біраз әңгіме өрбиді… Оффтоп үшін бір-бірімізбен қырылып жүретін кездер… Бәрі тарих қойнауында қалды ғой…

Қазіргі керек, ерекше… Алғашқы блоггерлер сол керектен енші алып шыққан еді, енді міне қазіргі блогтардың басын қосқан бір тұғырдың атауы болып қайта оралып отыр… Сәйкестік пе, әлде заңдылық па…

Сол кездері алғашқы қазақша сайттардың қателік кемшіліктеріне қарап, көш жұре түзеледі деуші едік… Сол көшіміз міне, түзеліп келеді… Жолың болсын, КерекИнфо! Әманда, көтерген туың желбіреп көк жүзінен көріне берсін…
Бөлісу:

6 пікір

TOTY
Виртуалды әлемде басталған достықтар, интернетке сыймай, шынайы өмірге созыла басталды…

Мына сөйлемді тауып айтыпсың! Мәнді де, мағыналы.
Nurgisa
… ертесі күні суреттерімен бірге репортаж шығады форумда…
Иә, болған жайдың ізінше, іле-шала ертесіне не-нелер жазылмады, ә, Бәке?
Құдай қаласа, сол кездің саммита, Әліштері, сол кездің Гастарбайтер, Әбіләкімдері қарасын осы ескі жаңа ортада да қылаң еткізер деп сенейік.
Тек… бүгінгі жаңа медиа бағдарына тез сіңісе қойса де. Әйтпесе, көрдің ғой, ол кездегі ең жас брәтішкілер бүгін міне отызға кеп жатыр…
Gastarbaiter
Мен осы Керекинфода бір екі "ұятсыз" тақырып ашып, келесі келгенімде жабылып қалды. Баяғыда пионерлік галстукты таққан соң бір екі апта салып шешіп тастап едік, тап сондай болдық:)
Nurgisa
Еее, сіңірің сыздап жүрген кездер болса керек қой, Асқаржан…
Gastarbaiter
Жәй бұзақылық))))) Сіңір керекинфо ашылған тұста сыздаған. Жабылар тұста оған себеп жоқ еді.)))
sigma
Нешетүрлі кейпкерлер болды, бірімізді кездескенде керектегі лақап атымызды айтпасақ танымайтын едік.
Керекшілердің достығы — ерекше достық демекші, сол достар әлі күнге араласып тұрамыз.
Алматыға бара қалсақ екі кездесу жоспарлап барамыз, бірі халал кафеде өтетін кездесу, соңғысы түтіні сасыған кафеде пибі ішу (заң шығып реттеді ғой). Жиналыстың ресми және бейресми бөлімдері секілді.
Ақтөбеде тек Аршат болатын алғаш келген кездерде. Ояқта акиматтың подвалы, не бөгде адамдарға кіруге болмайтын салқын серверлік бөлме.
Жақсы ед сол кездер.