Тринидадтан футболшы келді!



Біздің чемпионатта алғаш рет Тринидад пен Тобаго елінің футболшысы ойнайтын болады. 20 жасар Роберт Примус (мүмкін Праймус) «Ақтөбе» сапына қосылды. Бұл футболшыға қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Ақтөбенің» бас бапкері Мухановтың көңілі толған екен. Примустың бізге өткені туралы Тринидадтықтар да растап отыр. Trinidad Express газеті «Примус Қазақстанға барады» деген мақала жазыпты.
Жас футболшы 3 рет ұлттық құрама формасын киген.
Бөлісу:

13 пікір

Nurgisa
Иә, қара құрлық қой.
Ақтөбе сапындағы қараторы тағы бір басқа жігіт бар еді, серіктес болатын бопты ғой :)
Қарадомалақ жігіттеріңнен айналдым!
gunner
Қазақстандағы клубтар ақшаны қайдан алады? Мысалы Смақовтың бір өзінің айлығы кем дегенде он мыңның айналасында шығар, легионерлер де бар.
patick
Стадионда сатылған билеттерден миллиондап қаржы түседі. Ортанқол клубтарымыздың өздері бір ойынға кем дегенде 40-50 мың орынға билет сатады екен. Содан кейін, премьер-лига ойындарының трасляциясын көптеген телеарналар миллиардтаған долларға сатып алады. Содан алад та!
gunner
40-50 мың ??? Ағылшын Премиер Лигасының өзінде 40-50 мың адам жинала бермейді. Оның үстіне осыншама адам сыйатын стадиондар аз бізде, жоқ та шығар
asaubota
менің естігенім Смаков 50 мыңдай алады айына. Ақтөбені обл.акимат қаржыландырады. әкім облыстағы шетелдік инвесторларды, ірі компанияларды қысады демеушілік жасауға. бір өкініштісі стадион команданікі емес, өздері жеке мем.мекеме. әр ойынға орташа есеппен 10 мыңдай адам келеді, билет 350 теңгеден. бірақ сол пайда командаға түспейді. ал Еуроматчтарда 13 мың толады, билет 2000тг.
TERISKEI
не де болса ҚАЗАҚ футболын дамытса болды, дегенмен, өзіміздің қарадомалақтарға не жетсін!!!
asaubota
Қарақұрлық емес, Тринидад Сол.Америкаға жатады.
saken
жақсы жаңалық екен. Енді бір Аргентинаның футболшысын сатып алса, вәәәпще күшті болар еді. :)
mirss
оған Йорктың жолын берсін…
asaubota
Йорк Тринидадтан еді ғой, иә? ол жақтан шыққан ең танымал ойыншы сол шығар.
mirss
Кезінде Коул мен Йорк Манчестердің ең мықты дуеті болды емес пе ұмытпасам.
mercedes
праймус жақсы ойнап жүр, бірақ мен негрлерді ұнатпаймын.