Жұмыртқадан кім жаралды?

Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау

Бұл турасында Тотыдан бастап Айкоға дейін тәптіштеп жазды ғой…. қосарым – безендіру, жарық түсіру, арнайы әсер, декорация жағынан анау-мынау Олимпиаданның ашылуынан кем түскен жоқ. Режиссер Сеченов та бір жарым жыл бойы бізде тегін жүрмепті. Қазақтың тамырын қазбалап, әу бастағы тарихымызға үңілуге тырысты, әй… Оғыз батыр мен Қарлығаш, жібек қауырсындардан пайда болған Ұлы Жібек жолы, Тайқазан, киіз үй, Алтын адам (кәментшілер оны комикстегі “ Темір адаммен” шатастырып, қанды ішті), арба дөңгелегі, Бәйтерек (“ Аватардағы” әулие ағаштан аумай қалған), бәрін-бәрін қамтығандай болды. “Қазағым, Қазақстаным” үшін мақтаныш сезімі маздап, шыт майкамды айыруға шақ қалғанда, бір көрініс настройымды быт-шыт қылды. Әлгі жұмыртқаның аспаннан салбырап келе жатқан сәті ше?… Мм, сол тұс сценарий бойынша солай болды ма, әлде “ как всегда” кәментшілер қуып кетті ме, “ бұл жұмыртқа тәріздес дүниеден, жо-жоқ жұмыртқадан қазір Тәңір туады” деп сүйінші сұрай бастады. Тусын ал деп мен отырмын. Жұмыртқаның ішіндегі қуыршақты (бала ғой) сақалы беліне жеткен ақсақал қолына іліп алды. Стоп: сонда бұл адамзат баласы тәңірінен бұрын туып-дамып, қартайып-өліп қойған ба? Барып тұрған әділетсіздік қой бұл

Мүмкін, Бекболат Тілеухан ағамдай “ асыра сілтеп” те қоятын шығармын. Иә, тәңіршілдік біздің тарихта болған шығар, ата-бабамыздың прототиптері осыған нанған-сенген шығар. Бірақ, дәл осы көріністер үшін өз басым ұялдым…

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/01/%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%80%d1%82%d2%9b%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d1%96%d0%bc-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b/
"Қазақтар" КВН-нен кетті деп жабырқау боп жүрген көңілді біраз көтеріп тастаған жүргізушілерге рақмет :)
И ващще Мадинаны экраннан алыстату или аластату жасау керек, сөйлей алмаса ауызын жауып отырмай ма? тікелей аударма жасаған түріне болайын, фуууу сондай жиеркенішті адам!!!
меніңше оларды емес, оларды сол шоуға жүргізуші қылып бекіткендерді кінәлау керек. өйткені олар қазақтар ғо, олар миына келген ойды қазақша ойлайды, сосын оны орысшаға аударып айтады. ондай кезде қате кетпейд емес, кетед. Мадинаның орнына таза орысша сөйлейтін біреуді қою керек еді. сонда Диас тек қазақша, әлгі орыс тек орысша, Досхан көке анда санда аңыз әңгімелерін айтып отырар еді.