Алтынтоптың сыйлығын Сидельников берді (видео)



Сидельников ФИФАның жыл қортындысында бізді ұятқа қалдырды деп Аламан сайты елді шулатып еді. Жігіттер аудармасында сәл қате жіберген сияқты. Аламанда былай делінген еді:

”Алтынтоп менің сенен өтінерім енді біздің қақпаға мұндай доп соқпашы”

Жоғарыдағы видеоны қарайтын болсаңыз, Андрейдің олай демегенін көресіз. Қазақстан Құрамасы және Ақтөбенің қақпашысы алдымен Хамит Алтынтопты құттықтады, сосын голдың шынымен керемет екенін мойындай отырып, алдағы уақытта мұндай гол жібермеу үшін қолымнан келген бәрін істеймін деді.
Бөлісу:

10 пікір

omarbirat
Аудармада "өрескел қате кетті" десе де болатын шығар. Екі ортада Сидельников жексұрын боп қала жаздады :)
«Енді қайтып бұдан гол жібермеуге барымды салатын боламын» дегенін құлақ шалып қалды :)
Bekjan
Менде тыңдауға мүмкіндік болмай тұр… Нұрғиса сынды шебер аудармашылардың ойын күтейін…
Nurgisa
Сидельников былай деп отыр ағылшын тілінде:

«Hello everybody, congratulation Hamit… I have to admit that it was very nice goal but I will do all possible what you will not score me again».

Аудармасы шамамен келесідей деп ойлаймын:
«Баршаңызға сәлем! Хамит, құттықтаймын. Голдың шын мәнінде керемет болғанын мойындауым керек. Дегенмен, келешекте сен (мен қорғаған қақпаға) гол соқпауың үшін барымды салатын боламын».

Айтпақшы, телекомментатор украин жігіттер Хамиттің голы ең үздік гол атануына шүбә туғызуға болар еді деп айтып қалды. Бәсекелес голдар туралы біліп алсақ та қызық болар еді, негізі.
omarbirat
Басқа голдар мына видеода көрсетілген болу керек: www.youtube.com/watch?v=mKSaYJq6y4U
Nurgisa
Рахмет, Омеке! Маған негізі Ван Бронкхоорсттың голы көбірек ұнап еді…
asaubota
негізі 1 ай, 2 апта бұрын Кездесуде жазған болатынмын, голдардың сілтемесін беріп.
Bekjan
Деп Арщат мырза кездесу сайтынын «продвинутый» екендігін ескерте кетті… :)
asaubota
көзі қырағы, клавиатурасы жүйрік Нұрғиса қалай байқамай қалды екен дегенім ғой, Кездесудегі футбол тақырыьын қалт жібермеуші еді
Nurgisa
Көз қырағы болғаны
Жақсы мысал көруде
Менменсінбей, жалпаймай
Игіге көңіл бөлуде.

Клава жүйрік болуы
Уақыт үнемдегенің.
Білмейтінім көп әлі,
Бәрін білем демедім…
TERISKEY
Футболистер кәстөм-шалбар кисе, ващеее бөтен адам сияқты боп кетед ия.