Әкенің ұлына айтқан 10 ауыз сөзі


1. Ұлым, сұлу әйелге сүйсінем деп жанарыңды жоғары көтерме, өзіңдікі емес сұлуға сұқтана қарау жараспайды. Көп адамды әйелдің сұлулығы құртқан, өйткені сұлудың махаббаты күл қылып күйдіріп жіберетін жалын іспетті.
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеті. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді.
4. Ұлым, тәтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. Ит құйрығын бұлаңдатса тамақ жейтінін, абалап үрсе таяқ жейтінін есіңе сақта.
5. Ұлым, кейін кеудемді бассын демесең, жақыныңа аяғыңды бастырма.
6. Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы. Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның шаққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады.
7. Ұлым, достарың өзіңнен безіп кетпесін десең әкеңнің достарынан өзің де алыстап кетпе.
8. Ұлым, адамдар өз-өзімен таласып жатқан жерге жолама. Өйткені, талас көп жағдайда кісі өліміне себеп болады.
9. Ұлым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, құрмет қылып орныңнан түрегел.
10. Ұлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» деп жүрегіңмен қиналсаң, мынаны біл, аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлықтан ти, сонда ақыл кіреді.

Ақпарат көзі: «Күлтегін» сайты
Бөлісу:

28 пікір

muza
акыл кенестин заманауилыгы болмайды дейдигой, бирак булардын бари нахыз заманымызга арналган кенестер екен… Бурынгылардын казиргилерге арнап жазганы болса керек…
admin
біріншісі жақсы айтылған екен
ken
Ақпарат көзі Қабуснама болса керек.
HaLiL
Жақсы, ұлағатты сөздер. Марқұм әкемнің айтқан ақылдарын еске түсірді. Бала кезімде онша мән бермеппін, кейін барып ақыл тоқтаттық. Қазір өзім әке болып, енді балаларыма ақыл айтсам, олардың да бір құлағынан кіріп, бір құлағынан шығып кетіп жатыр…
Abilakim
Өлейін деп жатқан әкесі ұлын шақырып алып мынандай ақыл айтыпты:
Ұлым, өзіңнен екі жас үлкен қыз алма әжеңдей болады.Өзіңнен бір жас үлкен қыз алма шешеңдей болады.Өзіңмен жастысын да алма туған әпкеңдей болады. Айтайын дегенім мынау, өзіңнен екі жас кішіден бастап алғаның жөн болар.
alisha
туған әпкесіндей екем күйеуіме)))
Abilakim
кеңк-кеңк)))
alisha
бүгін "інішек" деп бармасам))) қарсылық танытса, Әбеке, қолдау білдірерсің, саған жүгінем!;)
sozak
Негізі Әйел адамды өзіңнен 2-3 жас улкен алсаң ӨТЕ керемет болатын сияқты. Ақылы көөпқой олардың яғни үлкендердің.
Zere
Қай заманда да сүйгеніңе қосылғаның жөн деген қағида болған еді. Қатып қалған цифрлар бақыттың формуласы дегенге келіспеймін.
Abilakim
сол сандар арасынан тап сүйгеніңді деп түсін
asaubota
просто әйел еркекке қарағанда тез қартаяды, сондықтан бірнеше жылда басып озып, апаңдай болады.
Abilakim
мен "қырық" деймін сен «сорок» дейсің дегендей ғой.Менің жазған мысалымның түпкі ойы осы ғой. Бадырайтып ашып берсек не болғаны. Онда Крылов мысал жазбас еді.
sozak
Жоқ келісе алмаймын әйел емес еркек тез қартайады. Әйелдерді тез қартайтандыр олар өзіміз сияқты еркектер. Бірақ керсінше болыпта жатады кейде или әрдайым.
Zere
Бұл да нақты теория емес. Қартаю процессі де индивидуально жүреді. Қазір 30-ға жетпей жатып, 5 баланың әкесіндей көрінетін жігіттер де аз емес. )
qisyq
ҚорқытпаңдарЧ.
Delhi
ува ха ха, рахаттанып бір күліп алдым ау.
ErNur
Ия меніңде әкемнің бір ақылын есіме түсірді бүл мысал. Әкем бар құдайға шукір зейнеткер. Балаларының, немерелерінің арасында жасап жүр ортамызда асқар тау болып. Қырық жыл тракторист болып, маңдай термен адал жұмыс істеп сегізімізді жеткізді.Барлық байлығым балаларым дейді әкем.Ол кісілер соғыс кезіндегі қиыншылықты жоқшылықты көрген гой. Әрі әкесін анасын көрмей жетім өскен. Жақында жаңа жылдың алдында шешем екеуі үйімізге келіп еді. Содан әкеме папа базардан ет сатып алайын деген едім барып көрейік сіз жақсы таңдай білесіз ғой дедім. Сонымен базарға бардық ет алуға.Ауылдан шықсамда етті жеуді жақсы коргенмен, ))) дұрыс танымайды екенмін. Әр түрінен ет алып жатырмыз жас сиыр етін. Содан әкем арасында қабырға етін қостырды көптеу қылып. Мен қабырғаны алғанша одан жұмсақ ет алмаймызба онда ет болама десем қарап тұрмай, әкем ұрсып ренжіп жасың отыздан асса да баласынба соны білмей деп. Үйге келип асып жегеннен кейін кордім қабырғаның кереметін. Семіз жас сиыр болса қабырға етіде керемет болады екен. Сосын әрбір сүйектінде әр қонаққа берілетін реті болады емес пе? Сол жайлы айтып отырып, әкем бір әнгімені айтты мысал қылып. Кіші жүзде кете Шернияз ақын бар атышулы. Сол кісіге бір сыйлы қонақ келіпті. Содан Шернияздың қызы ас салып дайын болғасын алдарына алып келеді ғой. Сүйтсе білмей қызы алдыңғы қол еті екен дейді асқаны. Сонда Шернияз ақын тосылмастан:
Қонағым балам білмей қол асыпты,
Қол асса да, мол асыпты
Дүниеге алғаш аяқ емес, қол келеді
Қонағым сендерге ақ жол ашыпты
деген екен.
Abilakim
жақсы айтқан екен
asaubota
Шернияз біздің Айдар Кетенің ақыны әрі Махамбеттің қасындағы батырлардың бірі болған.
Delhi
Бірде тойдан қайтайық деп жатқанда, бірақ қонақтар біздің үйге баратын болды, сожан үйге звандап 20 жастагы сінліміз бар еді соған ет салып қоярсын дедік. Ол я деп қалған еді. Үйге келсек ))) Үлкен кастрөлге 5 жілікті :) салп қайнатып қойыпты…
Delhi
Қате кетіп қапты ғо /біраз қонақтар біздің үйге баратын болды, содан үйге звандап.../
sammita
Деген екен кітабынан оқып едім осыны. Кейін мынадай бір нұсқасын тауып алдым: «Бірде ақын ауылына Ұзынағаш жақтан бір топ мейман келеді. Бала-шағалары жақын ауылға тойға кетіп, үйде жалғыз қызы Қоянкөз бен Қабан ақынның өзі қалады. Қонақтарға шай қайнатылып, ет асылғанда ерке қыз құда түсуге келгендерге ылғи қойдың қол етін қазанға салыпты. Алдарына ас келгенде қонақтар тіксініп: «Жақсы әкеден де осындай көргенсіз бала туады екен-ау» деп, бір-біріне қарасады. Соны аңғарған ақын табан астында:
Балам білмей қонаққа қол асыпты,
Қол асса да қой етін мол асыпты.
Саннан бұрын өмірге келеді қол,
Соны біліп ертеңге жол ашыпты, — дейді. Ишаратты түсінген қонақтар: «Мына қыз осал болмады. Қазақтың ескі салтын бұзып, жаңа жоралғы жасап отыр екен, қойдың жамбасын, төсін, сан етін аспай, қазанға қолын салуында да мән бар екен ғой», -деп құдандалық рәсімін жасап, елдеріне қайтыпты.
temir1986
Осыны Шернияз ақында айтқан екен деген сөз бар.
RauRau
Әкемнің әркез айтатын бір сөзі бар еді: "Қызым ат атандырма, сүйек сындырма" деп. Сол марқұм әкемнің, әкенің қызына айтқан өсиеті екенін түсіндім…
temir1986
Жатқан адамның аяғынан аттама деуші еді. Түбінде осы сөз жатыр екн ғой