"Өнер үшін - ұлт пида!"-тақырыбының комментінен туындаған ...

Алдымен, Zereнің "Өнер үшін — ұлт пида!" жазылымындағы пікірді оқып алыңыз!


Жазылған пікірлердің көбі орыстар қазақшаны судай меңгерген, қазақтар қазақшасына шолақ болып жүр деген ой туындайды. Бірақ сіздердің танитын орыстарыңызбен басқа ұлт өкілдеріңіздің 100 пайызының санаулысын ғана мысал келтіріп отырғандарыңыз айдан анық.
Енді барлықтарыңыздың пікірлеріңіз: Мақаш Тәтімов, демограф, шырылдап жүрген. Ол кісі жаңағы сіздер айтып, мысал келтіріп отырған басқа ұлт өкілдерінің жеке куәлігіне "ұлты/национальность"
ҚАЗАҚ(суретте көрсетілгендей русский емес)
деп қоятын болсақ, аққұлақтар н/е басқа ұлт өкілдері уақыт өте келе ассимиляцияға ұшырап қазақ болып шыға келеді,-дейді.
Ұлтқа деген опасыздық деп ойламайсыздар ма? Ал қазақ ұлтына?
Әрі қарай

Өнер үшін - ұлт пида!

Superstar-дан шыққан Әлішер Кәрімовты қазіргі таңда көбі танитын шығар. Бастапқыда шашы ұзын болып, имидж жағынан халі сәл мүшкілдеу жүр еді, оған осы өткен кәріс сериалы жақсы әсер еткен сияқты. Яғни имиджіне. Тура сол сериал біткен соң, Әлішердің шаш үлгісінен корей сериалының басты кейіпкерінің образын көріп, плагиат деп шулағанда, «мен ешкімнен имидж ұрлаған жоқпын» деп ақталумен болды.

Не де болса, шашын қиғаны жақсы болды, өңі кіріп, енді сүйсінерлік әншілер қатарына кіре бастады.
Айтарым ол емес. Өзбек бауырымыздың бастапқыда Роза Рымбаеваның репертуарынан «Әлия» әнін айтып жүргенін тыңдаған шығарсыздар. Сонда «Батыр қызы сен халқымның» деген сөздері бар. Дәп сол жерін айтқанда біртүрлі ішімде бірдеңе қылт ете қалатын еді. Енді соғыс сонау КСРО кезінде болғанын ескерсек, бәрі бір халық болды, яғни идея бір дегендей. Олай айтуға намыстанбайтын да шығар.
Ал алдында Қазақстан телеарнасында Кеңес Дүйсекеевке арналған кеш өтті. Сол кеште бұл батырымыз «Қазағымның мұңысын сен – домбыра, бабамыздың жырысын сен — домбыра» деп шырқап тұр.
Ну енд, ұлтқа бөлінбеген дұрыс. Бірігіп ұстау керек, анау-мынау… Бірақ бәрібір, іште тағы бірдеме қылт ете қалады, неге екенін…
Әрі қарай

Қазақ қызы (Жанар Айжанова)



Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.
Әрі қарай

Блоггерге 7 сауал

Қазақ блогосферасы соңғы уақытта ғарыштық қарқынмен болмаса да, Формула1 жарысындағы жылдамдықтар деңгейімен дамып жатырғаны көңіл қуантады. Жалпы осы біз блогты не мақсатпен жүргіземіз деген ой туындап отырғаны. Сол ойдың жетегімен Сіздерге бірнеше сауал қойсам деймін, қарсы болмасаңыздар.
Сонымен:

1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
2. Блог жүргізу Сізге не береді?
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
Әрі қарай

Спәлни гарнитур немесе қазақшасынан да жақын сөздер

Төмендегі сөздердің бірінші варианты жүрегіме таза қазақша нұсқаларынан жақын. Сондай жылы көрінеді.
Үйде:
Персик — шабдалы
Груша жейсің ба гранат па? -алмұрт жейсің бе анар ма?
Базарда фрукты қымбаттапты — Базарда жеміс қымбаттапты
Астанопканың қасында! — Аялдаманың қасында
Мәшіне сатып алдым. — Автокөлік сатып алдым.
Сквазняк ұрып тұр, есікті жапшы!
Пласкобысты әкеш — Қысқашты алып берші (бізде басқа сайманды білдіреді)
Щочик (кейбіреулер учочик дейд) — Элект шығынын есептейтін құрылғы
Зуни пасты — Тіс пастасы
Зуни щоткі — Тіс шоткасы
Вилкі-қасық — Шанышқы -қасық
Спальни гарнитур- Жатын жиһазы
Угалок, диван, адиял (ішінде жүні жоқ завацкой көрпе)
Удлинитіл — ұзартқыш желі
Трайник — өздерің білесіңдер
Телевизір — Теледидар емес
Майтафон — Үнжазба емес
Уопшым, Сәпсім — мүлде алаңсыз
Залға дарошкі төсегенің не? — Қонақ бөлмесіне арзан алаша төсегенің не?
Біздің үйде сібет жоқ! Сендерде ше?
Әрі қарай

Қазағым қайда барасың???

Ассаламуалейкум достар!
Елболып еңсе көтергелі бері 20 жыл болды. Бір адамның өмірімен санағанда аз уақыт емес. Бұл 20 жастағы жігерлі, өскелең, жинақы жігіттің, тас шайнап, жүз бүркетін кезеңі. Бірақ ипрериалистік елдің боданынан құтылып, өз тәуелсіздігімізді алып еңсемізді биік көтергенімізге қарасақ, 20 жыл түкке тұрмас нарсе.
Мен Астана-Сарағаш поездымен ауылға бар жатқанымда мынандай ой туындаған болатын. Арқаның арғы бұрышымен мына бұрышын мекендеп жатқан қандас бабаларымыз, аталарымыз. Солардың кезінде интернет, теледидар, радио, техникалық көліктер болмаған. Бірақ қыпшақ жері бір тілде сөйлейді, бір әнді айтады, дәстүрі, салты бір, керемет мәдениетті сақтап келді.Ол кісілер ұрпақтарын тәрбиеледі, оларға АЛАШ сөзінің мағынасын миына құйды. Осы уақытқа жеткен қазақ деген атымыз бен мәдениетіміз Қазақ, Алаш азаматының тәрбиесі.
Кеңес үкіметі кезінде орыстандыру саясаты қазақ қауымына қатты әсер етті, ол қазақ мәдениеті мен тарихын улағысы келген болатын. Мәдениетіміз, тарихымыз бен өркениетімізді сақтап қалғанымен, қазақ ұрпағының АЛАШ, ҚАЗАҚ сөзін ұғыну қай деңгейге жетті?!
Кешегі 5 арысымыз, 3 бәйтерегіміз, Алашшылар, -қазағым, алаш жері, қазақ ұлты, қазақ мәдениеті, өркениеті,-деп найзаның ұшымен болмаса да қаламның ұшымын жазып, қанын төккен ағалар.
Бүгінде біз солардың үмітін ақтап жатырмыз ба?
Қыздарымызды күң қылмаймыз, ұлдарымызды құл қылмаймыз,-деген Қазыбек биіміздің сөзін құрметтеп жатырмыз ба?
Батыстанып барамыз… Ұлттық құндылықты жоғалттық… Қазақ мәдениетінен жұрдай болдық…
оны егжей тегжейлі айтудын қажеті жоқта шыгар… оган барлықтарыңыз куә шығарсыздар. Мүмкін жаһандану процесі кері әсерін тигізіп жатқан болса керек…
Батыстанумен қатар бізде көптеген лаңкестік ұйымдар мен секталар белең алуда. Қазіргі таңда ең қызығы бір қазағымыз сол сектаның мүшесі болып кетіпті ғой десе, оған ешкімде таңданбайды…
Қазағым қайда барасың?!
Іргемізді кеше ғана қалаған жас, жаңа еліміздің 16 млн халқы бар. сол халықтың 62 пайызы ғана ҚАЗАҚ. мен бұл жерде ұлтшылдық көзқарасты ұстанып тұрғаным жоқ. Менің айтайын дегенім, қазақ болып бір бірімізбен бөлісіп, қақтығысып жатсақ, мәдениетімізбен салт-дәстүрімізді ұмытсақ, ағаларымыздың, аталарымыздың бізге берген аманатымен, бізге артқан үмітін өз қолымызбен жойғандай боламыз.
Менің айтарым- ҚАЗАҚ! тарихыңа үңіл, бет бұр, және сол жолда өз үлесіңді қос!!!
Әрі қарай

Байбекте бар, басқасында жоқ...


Олар мемлекет басқару жүйесіне мэйнстрим әкелуі тиіс болатын. Олар сүйіктіистиблишменттің ителгі ұшар биігіндегі иерархияның сүйегін жаңартып, сүйкімін келтіруі керек еді. Олар керек жерінде капитан, лайық деп тапса лоцман болуы тиіс болатын. Осымен, олар, олар… дегеніміз, “Құдай берген” «болашақтықтар» ғой баяғы. «Тиіс» деген етістікті естісе де, естімесе де, біразымыз «болашақтықтардан» осыны күтіп едік. Қысқасы, «айрықша ені бар» жастарымыздың жағдайы жанына батқан Сағынбек Тұрсынов осы аптада депутаттық сауалын жолдады.
Әрі қарай

Қазақ - латын транслит плагині



Қазір біраз сайттардың латын әліппесі нұсқасы да бар. Сіздермен бөліскім келген плагин осындай қызмет атқарады. Wordpress арқылы жасалған сайттың мәтінін бір кликпен латынға өзгертеді. Плагиндегі латын әліппесі менің өзімнің нұсқам, түрік әліппесіне негізделіп жасалған. Қаласаңыз өзіңіз түзетіп алуыңызға болады. Плагинді бір серб жігіті жасаған, серб кирирллицасын латынға ауыстырады. Мен тек соны негізге алып, қазақшаға келтірдім.

Плагинді қазір мына сайттарда тұр, қарап, тексеруіңізге болады:

www.egemen.kz
www.jasqazaquni.kz
www.baq.kz
www.kui.kz

Түсіріп алу
Әрі қарай

Қытай қазақ ақындары...

Балапан Рабатов

АРМЫСЫҢ ҚЫНАЛЫ ҚЫР, БӨРТЕ БЕЛЕҢ
ӨЛЕҢ МЕНІҢ ЕМЕС ЕДІ ЕРМЕГІМ

Өлең менің емес еді ермегім,
Өлерменім сөзге қонақ бермедің.
Болған істен бояу таппай жырыма,
Толғаныстан тоқырасам өлгенім.

Толғанамын, тобықтайдан түйем сыр,
Қолда барым поэзия, ием – пір.
Көңіл қошын бөлісерге пенде жоқ,
Менің қосым өзгелерден иен тұр.
Әрі қарай

Жұмыртқадан кім жаралды?


Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау :-)Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр.
Бұл турасында Тотыдан бастап Айкоға дейін тәптіштеп жазды ғой…. қосарым – безендіру, жарық түсіру, арнайы әсер, декорация жағынан анау-мынау Олимпиаданның ашылуынан кем түскен жоқ. Режиссер Сеченов та бір жарым жыл бойы бізде тегін жүрмепті. Қазақтың тамырын қазбалап, әу бастағы тарихымызға үңілуге тырысты, әй… Оғыз батыр мен Қарлығаш, жібек қауырсындардан пайда болған Ұлы Жібек жолы, Тайқазан, киіз үй, Алтын адам (кәментшілер оны комикстегі “ Темір адаммен” шатастырып, қанды ішті), арба дөңгелегі, Бәйтерек (“ Аватардағы” әулие ағаштан аумай қалған), бәрін-бәрін қамтығандай болды. “Қазағым, Қазақстаным” үшін мақтаныш сезімі маздап, шыт майкамды айыруға шақ қалғанда, бір көрініс настройымды быт-шыт қылды. Әлгі жұмыртқаның аспаннан салбырап келе жатқан сәті ше?… Мм, сол тұс сценарий бойынша солай болды ма, әлде “ как всегда” кәментшілер қуып кетті ме, “ бұл жұмыртқа тәріздес дүниеден, жо-жоқ жұмыртқадан қазір Тәңір туады” деп сүйінші сұрай бастады. Тусын ал деп мен отырмын. Жұмыртқаның ішіндегі қуыршақты (бала ғой) сақалы беліне жеткен ақсақал қолына іліп алды.
Әрі қарай