Бла-бла

Тақырыпқа қарап, кей жайдарман командаларының сахнадағы бар тірлігі деп ойлап қалуға, баға беруге болар еді, ә? Неткен символизм… Бірақ, бұл жолы айтайын дегенім ол емес.
Жайдарманшыларды сынай отыра, мен сахнаға шығудың жауапкершілігін және оның артында қаншама еңбек жатқанын түсінемін. Әзіл жанрының микрофонға аузыңды қимылдатып берсең жеткілікті болатын басқа өнер түрлерінен қиынырақ екенін де білемін. Дегенмен, ізденіс барда бірнеше минуттық өнер көрсету қиын болмауы тиіс. Шыршалар-таяқтар, әлемде қаншама тақырып бар, жанр бар, оқиға бар! Туындылар бар! Әлем — үлкен! Ендеше, не ләйліп отырсың?!

Әуен таңдай білу — әр адамның талғамына қарай. Жеңіл, сөздерді қамти алатын ән таңдау және оның мүмкіндігінше көпшілікке таныс болғаны жақсырақ. Мәселен, шетел туындыларынан — Эрик Клэптонның «Лэйласы». Шедевр.


Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бiрiншi 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман,  бiрiншi 1/8 финалдық ойын
Жайдарман — жайдары ойын, жақсы ойын. Маусымашарға барғалы да бірер айдың жүзі болды. Содан кейін Жоғары лиганың маусымын қадағалаймын дегенім енді өзіме жүк болды.
Осы уақыт ішінде әлдебір ерекше ештеңе бола қойған жоқ, аса бір мейірбандана қойған да жоқпын. Сондықтан, көзі қарақты демесек те, көзі кіржиген көрермен ретінде өткен ойындар жайлы өз ойыммен бөлісуді жалғастырамын.
Сөзсіз, бұл пікір жеке менің интеллектуалдық санама, әзіл түсіну қабілетіме және тәжірибеме негізделген. Бірақ, көптің бірі, пікір әртүрлі деп, жылы жаба салуға болатын жай емес. "Қырықтың бірі — Медиум Қыдыр" деген… Оның үстіне, менен өзге фундаменталдыға жуық шолу жасап жүрген пенде көргем жоқ, сондықтан күллі көрермен атынан жазылған мақала деп қабылдаңыз. Назар аударыңыз: көрермен, жанкүйер емес. Жанкүйерлерге, әдетте, объективтіліктің иісі мұрнына бармайды. Біз — ақиқаттың ақырғы Ақыртасы болмасақ та, бүйрегіміз ешкімге бұрып тұрған жоқ.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Жайдарман тақырыбына арналған бүгінгі екінші жазба маусымашардың екінші күнін (тікелей байланысты қарасайшы, а) қамтиды. Қатардағы көрермен ретінде, өзімнің алған сезімдерімді ортаға салуды жалғастырамын.
Залдан әзіл есту телеэфирден қарағандағыдан өтімділеу болып келеді екен. Өзінің бір аурасы бар, монтажсыз – шынайы, ішкі атмосфера. Көрермен де ризашыл, ілтипаттылау екенін ескеру керек, залдың біраз бөлігін жайдарманшылар (һәм олардың жанкүйерлері, достары) алып отырды. Өз ләззатымен ышқына күлген еркектерге қосылып, еріксіз жымияды екенсің. Екінші жағынан, бұл күнге жинақталған командалардың ішінде тәжірибелілеулері көптеу болған шығар.

Бұл күнгі гала-концерттің кей әзілдері есіме түспеуі мүмкін, дей тұрғанмен, ел алдына шығу құрметіне/жауапкершілігіне ие болған командаларды атамай кеткен де (қайбір риза дейсің бірақ, мұндай себеппен аталғандарына) болмас. Негізі, бұл күні көп командалардың есте қаларлық бір ерекшеліктері болды, саналы түрде өздері соған ұмтылған да шығар.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман маусымашары жайлы

Сіресі қатып, көңі кепкен блогымды жаңғыртуға не себеп? Соңғы жылдары қазақтілді Жайдарман ойындарының көрермені болып жүрмін. Мейірбан, ілтипатты көрермен деуге келмейді. Бірақ ойын ұнайды.

Сонымен, қайырлылау күн, жайдарманшылар, олардың көрермендері және керекинфоның кездейсоқ-тұрақты арамтамақтары!
Осы жолы Қазақстан КВН Одағының жыл сайын өткізетін лигаларын қалыптастыратын маусымашар фестиваліне барғанмын.
Маусымды кім ашса, сол ыстық. Ғм-ғм, жарайды, бұл мәтел бет туралы болатын, бірақ бұл жағдайда да ақиқаттан алыс кеткен жоқ. Маусымды тұрақты түрде Есен есімді ағай мен редакторлар қауымы ашады, ал олар сендерге анық ыстық. Ыстық болмай көрсін…
Әрі қарай

"Жайдарманша" әзілдеу стилі

Блогиаданың осы аптадағы "әзіл" тақырыбы берілгенде — бірден ойыма түрлі әзіл-сықақ театрлар, сосын қазақша КВН ойындары, яғни «Жайдарман» сайыстары еске келеді. Егер әрине Жайдарман алғашқы орынға шығып кетпесе.
Әрі қарай

Епті байымайт, бақты байид немесе баю үшін бақтан басқа не керек?

  • КВН


Былтыр Жайдарман ойындарының бір арнайы жобасында көрермен ретінде сұрақ қойған едім. Сұрағым КерекИнфоның алғашқы жылдарында (2003-2004 ж) Nurgisa -дан үйренген мәтелден құралған:
"Қазақ айтады ғо, епті байымайд, бақты байид" деп. Баю үшін бақтан басқа не керек?

Осы сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?

P.S видео үшін Janasil -ға рахмет.
Әрі қарай

Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

  • КВН
КВН: Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

Жайдарманның айналасында жүргендер соңғы кезде Вконтакте әлеуметтік желісінде плагиатшыларды жазалаушы біреудің пайда болғанын айтып жүр. Бүгін кіріп көрдім. Ешқандай аяушылықсыз жазалап жатыр екен.

Плагиатты анықтап, оның түп төркінін анықтау да еңбек. Өз басым мұны қазақша КВН — Жайдарман үшін пайдалы болады деп ойлаймын.

Плагиаттарды қараймын десеңіз мінеки — vk.com/plagiatj
Әрі қарай

КерекИнфолықтар "Үздік әзілдерде"

  • КВН
КВН: КерекИнфолықтар Үздік әзілдерде

"Қазақстан" арнасындағы Жайдарман туралы "Үздік әзілдер" бағдарламасына қатысқан едік. Бұрынғы КВН-ші Aldeken және мен asaubota Kazkvn.kz сайтының админі ретінде. Бағдарлама жүргізушісі Нұрмаханның айтуынша бұл бағдарлама тарихындағы ең ұзақ және сынға толы сұқбат.
Әрі қарай

Құлсары "Жайдарман" командасы - Егіздер шоуы!!!

  • КВН
Оралдағы жергілікті ТДК 42 жеке телеарнасынан көрген және өзіме ұнаған жобалардың бірі «Егіздер шоуы». Әлемге белгілі хиттердің қазақша нұсқалары клип ретінде көрсетіледі. Ұйымдастырушылар Парасат Ибраев, Бауыржан Рахимов және орындаушы Медет Өтегенов — қазақтың Энрике Иглесиасы.))

Jessie-J — Price Tag (feat. B.o.B)



Enrique Iglesias feat. Ludacris — Tonight (I'm fucking you)



P.S. Медетке өнер жолында сәттілік тілеймін!
Әрі қарай