Мен білетін бақытты адамдар...

Мен білетін бақытты адамдар дегенім жаратылысы ерекше, санасы басқа адамдар емес. Кәдімгі өзім танитын адамдар ғой. Оларды неге бақытты деп есептеймін?

Себебі олар интернетті қолдануды білмейді. Пошталары mail.ru-да тіркелген. Оларға ВКонтакте әлеуметтік желісі жетіп артылады. Сол жақта суреттерін жариялайды, лайк басады, пікірлерін жазады. Instagramда тіркелмеген. Кейбіреулері тіптен білмейді. Олар Twitter-де тіркелмеген. Сол сөзді естісе, не нәрсе деп сұрап, таң қалуы мүмкін. Gmail поштасын мүлдем білмейді. Facebook-та кезінде байқамай тіркелген де шығар. Бірақ оны сирек қолданады. Тіпті, қазіргі күні кірмейтін де шығар. Қолданса да, ВКонтактеден айырмашылығы жоқ. Сол баяғы суреттерін салады, лайк басады, пікірлерін жазады. Youtube сайтында арналарын ашпаған. Керек болса, видео көру үшін сол сайтты пайдалануға болатынын да білмейді. Жалпы, интернетке қатысты нәрселерді айта берсем, жалғаса бермек.

Жоға, өзімді интернеттің керемет қолданушысымын демеймін. Менікі имитация ғой сол. Көпшілік жұрт қайда жүрсе, мен де сол жерлерді көруге асығамын. Wordpress-ты енді біліп жатырмын. «Көштің соңында қалған» қолданушымын ғой. Блог жазуға да қабілетім мәз емес. Әйтеуір, «болмасаң да ұқсап баққырдың» амалы ғой. Кейде шығармашылық конкурстарға қатысамын. Күлкім келеді, дым да бұйырмайды ғой. Соңғы рет 10 мың теңге жеңіп алған едім, есепшотыма ақыры аудармады. Садақа!

Әлбетте, өзімді бақытсызбын деп айта алмаймын. Себебі интернет арқылы белсенді қолданушылар нанын тауып отыр, енді біреулері жобаларымен айналысып жүр. Пайдасына жаратып жүр ғой.

Мен бақытты деген адамдар жұрт қатарлы мәгәстірде оқиды, кейбіреулері бакалаврда жүр. Power Pointпен слайд жасауды үйреніп алғандары да бар. Бір бауырым WhatsApp-ты да білмейді, қолданып көрмеген, елестете де алмайды. Агентті қойдым дейді, себебі ондағы жұрт ВКонтактеге көшіп кеткен, «Асан мен Үсен» сияқты жалғыз қалып қойған ғой. Кейбір кісілер бар, интернетті шынымен түсінбейді, қолдана алмайды. Анда-санда сондай кісілермен әңгімелесіп қалып жатам. Ішімнен: "қандай бақытты адамдар" деп қоямын. "Қазақ тілін былай кемсітті", "қазақтарды қырып жіберді", «орыстар Ресейдің жалауымен жүр», т.б. толып жатқан бас ауыртатын, санаға кері әсер ететін жағымсыз жаңалықтарды оқымайды олар. Неге? Себебі интернеттері жоқ, қолдануды білмейді. Тек жұрттың аузынан естиді ел жаңалықтарын.

Рас, кейде интернетті білмейтін, түсінбейтін адам болғың-ақ келеді. Бір жағынан қызық сияқты: саған интернеттегі бірдеңелер жайлы айтып жатса, сен мәз боп, ештеңе түсінбей, "әә-ә" деп қана тұрасың аузың ашылып… Алайда интернеттің пайдасы жоқ емес, бар ғой. Тек бірдеңені қарап отырсаң, жанынан басқа жаққа сілтеме шығады. Соны қарап жатқанда астынан пікірлер шығады. Пікірлерден соң тағы басқа нәрсені іздеп кетесің. Болмайтын нәрселерді оқимын деп отырып уақытың да өткізіп аласың.

Жиен ағама ризамын. Интернетті қолдануды керемет білмейді, аздап қана түсінеді. Желі-мелі қызықтырмайды. Үйге келіп, интернеттен тек қана киноларды жүктеп алады. Кейде әндерді жүктейді. Бір күнде онның үстінде киноларды жүктеп алып, үйіне барып көреді. Бастапқыда келгенде бірден отыз шақты кино жүктеп алған. Кино көргенді жақсы көретін сияқты.

Өкініштісі, мен қолданатын сайттарда менің бірде-бір кластасым, я группаласым жоқ. Олар тек ВКонтактеде жүр. Туиттер оқымайды олар, блог жүргізетін сайттарды мүлдем білмейді. Тек сабақтарын оқып, жұмыстарын жасап жүрген адамдар ғой ше! Осыдан болса керек, көптеген интернет қолданушылары жаңа достарды Facebook, блог сайттарынан табатын сияқты.

11 жыл бірге оқыған достарымызды оңай ұмытып, 4 жыл бірге оқыған достарымыздан айрылмай жататынымыз қызық. Түсінемін, оқу орнына түстік, өмір көрдік, бла-бла-бла… Тым философ боп кеткен шығармыз. Әлбетте, есейген сайын жаныңа принциптеріңе 60-70 пайыз сәйкес келетін адамдарды жинай бересің. Ал түсінігіңе «ыңғайсыз» келгендерді шеттетіп, артқа қалдыра бересің. Тіптен болмай бара жатса, кейде сыр бөліскен достарым сатып кетті деп жылап аласың. Жылай алмасаң, көңілің түсіп, макаронға тәбетің тартпай тұрады.

Қой, құрысын, не жазып кеттім мен?! Ұйықтайын… Қайырлы түн!
Әрі қарай

Үзік-үзік ойлар

***
Денсаулық-зор байлық. Осындай ұран іспеттес, нақыл деуге де келетін мәтелді денсаулық мекемелерінен жиі көремін. Кейде осыған қарап отырып «Зор байлық-денсаулық» деп жазса не болар еді деген сынды ойға шомамын…
***
Бұл денсаулық дегеніңіз адамзатқа Құдайдан берілетін сый секілді. Сый деген әркімге беріле бермейді ғой. Денсаулық та дәл солай. Қанша жерден күтінсең де ауыруға шалдыға беретін кездер болады. Қарапайым ғана мысалдар келтіре кетсем.
Біздің үйдің балалары қыста далаға шыққанда жемпірдің сыртынан свитір қабаттап, қалың пәлтесін киіп, мойнына шарпы орап, киіз ұлтарақ салынған етіктерін аяғына іліп, буынып-түйініп шана тебуге шығады. Көрші үйдің балалары күзгі күртемен, жеңіл – желпі киіммен қалай болса солай шыға салады. Біздің үйдің ең кішкентай баласы астына көрпе төселген, одеялмен қымталған шанада отырады. Көрші үйдің сол шамалас баласы астына сабан төселген боқ шығаратын кәритада жатады. Ертеңіне, тымауратып, суық тиіп, сабаққа бармай қалатын біздің үйдің балалары. Ауырмайсың деп тұмшалай беруге де, өбектей беруге де болмайтын шығар. Бірақ, дәл ана балалар секілді жеңіл –желпі киініп шығып, ауырып қалып жататын да сол баяғы біздің үйдің балалары.
***
Біздің ауылда Тайкен деген азамат болды. Мен ес білгелі жалғызбасты. Тайкеннің отбасысы болған еді деген әңгімені естімеппін және ол жағына бала болған соң ба бас ауыртпаған екенмін. Сол Тайкен тереңдігі 3-4 метр болатын құдықтарды жалғыз өзі бір күнде қазып тастайтын. Біз ол кісіні күші қайта бастаған кезде көргенбіз. Құдықтың түбінде тұрып, дымқыл сазды құдықтың ауызынан ары 4-5 метр жерге лақтыратын жарықтық. «Денсаулығы бар кезде Тәйкендерің бұндай саздарды 10-12 метрге лақтырушы еді. Қартайыпты.» деп үлкендер бас шайқап отырушы еді. Денсаулығы қайтқандағы түрі қылшылдап тұрған жігіттерді жолға қалдырып кететін. Құдайдың сыйы емес деп көріңізші енді…

***
«Ақша болса болды, қалғанын сатып аламыз» деген қалжың-шыны аралас тіркесті жиі естіп қаламын. Бос сөз секілді. Рас, қатты ауырып жүрген, қымбат дәріге, қымбат отаға ақша таба алмай жүрген адамдарға солай болса солай шығар. Бірақ, жағдайлы адамдарға да медицинаның көмектеспей қалатын кездері көп. Менің атамның немере інісі ҰҚК ұзақ жылдар қызмет еткен болатын. Мен білетін шені полковник. Сол кісі зейнеткерлікке шыққан соң өзін-өзі керемет күтті. Оған дейін де күтініп жүрген адам деп естігенмін. Мен ол кісімен қызметінен кетер кезден бастап араласа бастадым. Қарағандыға оқуға келген кезімнен бастап дегенім дұрысырақ болар. Ия, сонымен, ол әкеміз өзін қатты күтетін. Тағамдарды талғап жейтін. Жылына екі-үш мәрте денсаулығын тексертіп отыратын. Шипажайларға бас сұғуды да ұмытпайтын. Өзі менің атамнан бір он жас шамасында кіші. Менің атам қайтыс болғаннан кейін үш айға жетер-жетпес уақытта ол кісі де кетті ғой…
***
Жұрттың күтініп жүрген қатындары бала туатын кезде түрлі аурулары шығып, ем қабылдап барып бала көтеріп жатады. Ақ қар, көк мұзды к*тімен ерітіп қайыр сұрап отыратын анабір халықтың қатындарына таң қаламын. Жылда бала туатын секілді өздері. Емшегінде бір бала, жетегінде жеті, етегінде екі бала. Әлде, ол балалар олардікі емес пе? Әй, сонда да денсаулықтары мықты әлгілердің…
Әрі қарай

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

11 сынып бітірген мен үшін Астана қаласы, Еуразия Ұлттық университеті арман еді. Бірақ арманыма суық тидіме білмедім, Еуразияның есігін аша алмадым. Есесіне ҚарМудың табалдырығынан аттап, бақандай 5 жыл оқыдым. 2-3 жатақханалардың қабырғасында менің ең қызықты, өмірім өтті. Сондықтан, Қарағанды мен үшін әрдайым ыстық. Құрылтайға қатысушыларға керек болар-ау деп, одан ары Қарағанды қаласы туралы қазақша ақпарат іздегендерге жарап қалар деген оймен қала туралы аздаған анықтамалық десекте болады Қарағанды туралы 3 карта жасадым. Қазір оған әр түрлі ат қоюға болады (Мультимедиялық, онлай, интербелсенді, активті ) мен интерактивті дедім.

Интерактивті картаны көру үшін суретті басамыз.
Блог - izbasar: ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

Ботабек Тілегенов-"Қарағандының 80 жылдығы" видеобайқауына"

«Төрлет » сайты техникалық себептерге байланысты уақытша тоқтап тұр. Сайттағы блогы бар балалар бәйгеге дайындаған материалдарын жариялай алмай жатыр. Ботабек Тілегенов атты жігіттің видеобайқауға ұсынған дүниесін қабыл алыңыздар.
Әрі қарай

Ауылдағы триллер. "Ұрлық түбі - қамау"

«Егер Шиваны күлдіргің келсе, оған болашақ жоспарың жайлы айтып бер ©»

Блог - Ispek92: Ауылдағы триллер. Ұрлық түбі - қамау

Күз мезгілі. Шамамен біздің заманымыздың XXI ғасыры енді еніп келе жатқан кез. Қазалыдағы ең жаңа мектептің бірі № 59 мектептің есігінен түс уақытында алтыншы сыныпта оқитын бір топ оқушы шығып келе жатты. Жүрістері жайбарақат, ешқайда асықпайды. Түрлерінен ешқандай суықтық байқалмайды. Қайтар жолды тарам-тарам тармаққа бөлетін жолайрыққа келген соң оқушалар бөліне бастады.
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасының жеребесі

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасының жеребесі

Бүгінгі Қазақ елі жаппай тойлап жүрген тәуелсіздік мейрамымен қатар осы жылғы ЧЛ-сының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі қатар келді. Биылғы ЧЛ-да айтарлықтай сенсация көп болды десек артық айтпаспыз, бір ғана Ювентус пен Бенфиканың топтан шыға алмауы неге тұрады, болмаса Порту мен Наполи секілді командалардың ойынын бұл турнирде болашақта көрмейміз, ал 6 ғана ұпай жинаған Петербургтің Зениті келесі турға өтуі сенсация емей немене?!
Әрі қарай

Осал тұстарымыз. Психологиялық қысым

Сана мен сезім: Осал тұстарымыз. Психологиялық қысым

Манипулятор әдетте құрбанының санасын қай тесіктен айдау керегін жақсы біледі және сол тесіктерді зерттеуге біраз уақыт бөледі.

Брейкер ханымның айтуынша құрбан болуға бейімдер төмендегі қасиеттерге ие:
Әрі қарай

Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Админнің бөлмесі: Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Бүгіннен бастап аптаның үздік 3 постына және ең көп плюс жинаған пікірге 500 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Әр дүйсенбі Астана уақытымен 10:00-де үздіктер анықталып, ақша қолданушылардың қалаған ұялы оператор номеріне аударылады.

Үздіктер тек жазба рейтингі бойынша ғана емес, оқылуы саны, пікір саны, мақаланың дұрыс орналастырылуы сияқты бірнеше критерий бойынша есептеледі.

Сәттілік!
Әрі қарай

Көзіңізбен ойнағыңыз келе ме?

Мен бұған дейінде иллюзия тақырыбын қозғаған едім. Ғаламтордың мүмкіншілігінде шек жоқ қой, бір сайттан мына суреттерді тапқан едім, сіздермен бөліскім келді. Көне, көңілді иллюзия сурет жұмбақтарға назар аударыңыз!
Әрі қарай