Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал
Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық!Жоғары лигада соңғы рет осылай дегелі 1 ай өтіпті. Жайдарманның ақтық сайысы өткелі дегенім, әлбетте. Конгресс-холлдың балконы да лық толған сол күні кей жанкүйерлердің отырысынан тұрысы көп болған шығар.
Ашығын айтқанда, бірінші жартылай финал жаман болған жоқ. Және оған шолу жасағанда өзімнен бір инерттілік байқадым да. Бірақ, ондай инерттілік үшін тек өзімді ғана айыптауым дұрыс емес. Ондай үрдіс командаларда да бар. Және осы жағдайда мен екіұшты күйде қаламы. Өкінемін — командаларда өсу, іздену жоқ екеніне. Себебі, жастардың жанарын жаулаған қозғалыстың қызық, сапалы болғанын қалаймын.
Және қуанамын — шолуымды тәуір жазуыма болады деп.
Қармақшылықтар "өзіміздің темамен" біраз қудырып алды. Сосын демеуші жоқтық мәселесін нөмрмен жеткізгені де жаман емес.
ІІ айналымда Қармақшының «арка аяғы» — мектеп жайдарманында бұлай әзілдемейді тіпті…
Сағыз. Жігіттер (& қыз) — өздерін өздері күлкілі жастар. Ағылшынша оригиналдың араласып кете беретін бір сәттік жымитар идеяны айтпағанда, күлкі шақыратын дүние — мына парик, стиль, киім. Және қимылдар, бэк-вокалдағылардікі, әсіресе. Осыған, визуал-қимылға тірек сала беруге болмайды. Себебі, әннің өзі таңдалуы мен пародиялық сипаты автомат түрде ыржитады да, ал сөздерінде екі-ақ месседж: Баспалдақ жайлы және шаштараз жайлы. Күлкілі емес екі месседж.
Аягөз. «Отырдық, шықтық...» — :D :D :D 




