Махаббат деген

Өмірдің нарқы,
Келу де кету бір сурет,
Жүректе мұңмен,
Көңілде қайғы мың бөлек,
Өзгерту үшін өмірдің сырлы келбетін,
Жүректі емдер,
Көңілді тербер ән керек.

Сағыныш толы,ғашықтық күндер көрікті,
Біздерге тағдыр махаббатты сыйға беріпті.
Алламыз бізді бір-бірімізге жұп қылып,
Сүйіскен жастар бір-бірін серік етіпті.

Махаббат деген, тіл жетпес асыл бір сезім,
Әнімен тербер, ғашық боп жүрген кездерің.
Мәңгілік менің жүрегімде қалар-ау,
Көңілім құлап,ғашық боп жүрген кездерім.

Өмірдің көркі,
Махаббатта ғана деседі,
Махаббат ғана мәңгілік ғұмыр кешеді.
Елінің мәңгі есінде қалды емеспе,
Қозы мен Баян, Ләйлі мен Мәжнүн кешегі.
Әрі қарай

Ақын деген

Ақын елдің
Ардақтаған еркесі,
Халық мұңы жеткізе алса жырымен.
Ақын жаны таусылмайтын дария,
Шер толқытса шығар ойлар тереңнен.

Ақын деген,
Данышпан да, дана да,
Сырлы сөзін толғап айтса тереңнен.
Ақындарын қошеметтеп жатсада,
Адамдар аз жанын оның түсінген.

Сырын шертіп,
Мұңын шағып жүреді ол,
Асқар тауға, тыныш жатқан көлгеде.
Баладай боп
Еркелейді емеспе,
Бағалайтын адамдарға ол кейде.

Жағымпаздық,
Оған мүлдем жат қылық,
Бағынбас ол ешбір заман заңына.
Бірақта ол
Дайын тұрар әрдайым,
Жан қиюға әділдіктің жолында.

Шын ақынға,
Тұсау болмас еш нәрсе,
Қамықпастан қарсы тұрар дауылға.
Тамсандырып
Сырлы өлең терсе де,
Жағымпазды баламаймын ақынға.
Әрі қарай

Ғашық болу...


Батып бара жатқан күн, қимай сені әле тұр…

Ұзын қою қара шаш, тек өзіңе жарасқан,
Көркіңді сенің көруге ай мен жұлдыз таласқан.
Шашырайды жүзіңнен, жарты әлемге әппақ нұр,
Батып бара жатқан күн, қимай сені әле тұр.

сілтеме kiwi.kz/watch/k3ez7u86hgpd/
Әрі қарай

Біреудің әйелі

Сүйірі – сиректеу, бұрыштар – доғал тым.
Жорғалар шаңдатып өтеді топ алдын.
Амалсыз әзірге өлімді Өлтіріп,
Өмірмен тағы да Көңілдес боп алдым.
...құрлығым Көңілге шаттық боп себілдің,
О, менің көкзеңгір неліктен көгім – мұң?
Өмірім – Өмірден жалығып бір сәтке,
Қойнында жатыр ол – Көңілдес –
Өлімнің!..
Өмір ме, зулаған, тоқтатшы, әй, оны.
Манағы сөзімнің барлығы жай еді…
Өлікке айналып кетермін мен де ертең –
Себебі Өлімім – Біреудің әйелі!
Әрі қарай

Көнекөзім (Элегия)

Дүбіріменен өмірдің,
Керуен – пенде көшкен көп.
Сүйегі асыл бабалар,
Жүрегімізден көшкен жоқ.

Үйіміз ауыл шетінде,
Жер бетіндегі еншіміз.
Бықия ақсақал біздерден,
Бөлектенбейтін көршіміз.

Баптайтын-дағы сұр атын,
Батпандай ойға бататын.
Таң ата сала тұратын,
Күн батар шақта жататын.

Бір құшақ отын әкеліп,
Маздатып пешті алатын.
Алаумен бірге лаулатып,
Көзіме шырақ жағатын.

Бойыма тарап әз үні,
От болып маздағаным-ай!
Маңдайындағы әжімі –
Жалғанның жазбаларындай.

Содан соң, атқа бағыштай,
Арқан өретін кендірден.
Атамнан тағы қалыспай,
Ой өретінмін мен бірден.

Қалмайтын мүлде тұрақтап,
Айлар да өтті алмасып.
Желісі кетті жырақтап,
Келешектермен жалғасып.

Көңілдің гүлін теруші ед,
Атамыз бүгін жоқ қолда.
Шындықты жақсы көруші ед,
Шын дүниеге кетті ол да.

Ертеңгі күнге сайланып,
Ұйқыға ерте жатамыз.
Шайменен бірге жайланып,
Мұң ішуші еді атамыз.

Сол күні сырнай — санаңмен,
Жайлы бір сазды жырладың.
Шұғылалы күндей баттың да,
Таңменен неге тұрмадың?

Мұң дәмін татырғаның ба?
Жүректі кеттің жылатып.
Шәй ұрттап отырғаныңда,
Сені ұрттап қойды-ау уақыт!!!
Әрі қарай

Жақсы адамның әңгімесінен туған өлең


Геополитикалық сәби
Сальвадор Дали


Жылату оңай, жұбату қиын – мойындалмайтын заңдылық.
Таусылмайтын әңгіме айтамыз екеуміз таңды таңға ұрып.
Бүгін де, міне, бұйырмайтын бала сипатқа оралдық.
Отырып алып ой-қырдағы үйімізді сағындық…
Әрі қарай

"Немересі Қасымның"

Білмеймін қай күн, бәлкім ол оның есінде?!
Жұмыстан қайтқан, әдеткі күннің кешінде…
Онысын қойщ, айтқым бір келген бұл емес,
Әйтеуір… жаз мезгілі екені есімде…
Әрі қарай

М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығарады дейді ғой, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.
Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап
Әрі қарай