Сіз "Құран анықтамалығын" көшіріп алдыңыз ба?

Осындағы technosyndrom бауырым 2-3 ай бұрын өздеріңізге "Құран сөздерінің анықтамалығы" деген бір программа ұсынған болатын. Сілтемесі мына жерде. Сол программаны көшірмегендер болса, көшіріп алуға кеңес беремін.
Бізге сіздің әрбіріңіздің пікіріңіз маңызды. Сіз оның қандай болғанын қалар едіңіз? Нені қамтығанын ұнатар едіңіз? Сіздерден пікір күтеміз. Ортақ іске үлес қосыңыз.
Әрі қарай
  • 18
  • Автор туралы
    موسوعة الحديث
  • 12

12 жастағы қари Құран хатым етуде

Блог - totiya: 12 жастағы қари Құран хатым етуде

Қарағанды облыстық орталық мешітінде Рамазан айы басталғалы бері Құранды әуелетіп орындайтын, жасбаланың дауысын естиміз. Үлкен аға-апаларымыздың, жамағаттың өтінішін жерге қалдырмай, Әбду Мәлік күнде Құран хатым қылады. Жас қари бәрін ұйытып Құран оқыған кезде, махаббат пен рақымдылықта қалқып, рамазан айының хош самалында сырт көзге қиын, бірақ көңілге қонымды мезеттерді бастан өткеріп жатқаны сөзсіз. Бұрындары басқа елдерде ең жас қари деп, балаларды көрсетіп жатқанда таң қалатын едік. Міне біздің арқа елінде де, ең жас қари маңдайымызға туа бітіпті.
Әрі қарай
  • 14
  • Автор туралы
    мені негізі әлемдегі Ең Сұлу, Ең Ақылды санайды… анам…
  • 9

Жаңа тәпсір...

«ӘУРЕТТІҢ ТӘПСІРІ»

Атырау университетінде өткен форумда жасаған баяндамасында Қайрат Лама Шариф «діни дәрістерін» одан ары жалғап, жастардың Құранды дұрыс оқи алмайтынын айтты.
Әрі қарай

Құран Кәрім арнайы iPad, Android және iPhone үшін!

Ассалаумағалейкум, құрметті оқырман!
Өткенде сіздердің назарларыңызға Абайдың “Қара сөздерін” epub форматында жасап, ұсынған болатынмын. Енді, Алланың қалауымен қасиетті кітабымызды қуана ұсынамын. Бұл да Аndroid және iOS телефон және планшеттері және кез-келген EPUB форматын оқитын құрылғылар үшін жасалынды.
Қолдарыңыздағы Құран Кәрімнің қазақша аудармасы Халифа Алтай атамыздың (Аллаһ күнәларын кешірсін) нұсқасымен жасалды.
Әрі қарай

Сібір Алланың қолы жетпейтін жер емес қой

2012 де болат деген ақырзаманды 2013 ке ауысытырыпты. Ресейліктер сол кезде жаныңды Сібірде аман алып қаласың деп, өздерін жарнамалап жатыр. Ішінде Құраннан цитата енгізіпті. Сібірде табиғат «катаклизм» жоқ дит. Жерде сілкінбейді, жанартау да жоқ. Алладан күніне 70 рет құрлықты жалмап алуға сұранатын мұхиттардың арыны да мұнда жете алмайды екен.Кезінде Алаштың арыстары, қазақтың құрыштары бірдеңе болса сол Сібірге айдалып кетуші ед. Сонда санадан тыс ойға шоматын болсақ, жоғарыдағының сол кезде тастап жүрген маягы ма екен?.. Абадан мінезді қазақтай құлдарын аман алып қалайын деді ма екен… Сенбейін десең ақырзаман болатыны ақиқат! Бірақ бәрі Алладан ғой. Ақырзаман болғанда бірде бір адам аман қалмайтын шығар. Сібір Алланың қолы мен құдыреті жетпейтін жер емес қой! Құранды мысалға алған мыналар не шатып отыр?

Әрі қарай

Жәннәт және Тозақ

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Жәннәт және Тозақ



Осы дүниеге келіп өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу, есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не Жәннәт, не Тозақ болып екеуінің бірімен аяқталады.
Әрі қарай

Нәпсім менен насихат сұрады!

Менің нәпсім менен насихат сұрады. Мен оған жауап берейін, алайда қызығушылық танытқанға аз да болса пайдам тиер деген үміттемін.
Ұстазым айтқаны бар: "Өмір капиталы өте аз, ал орындау керек болған істер өте көп". «Мен өз нәпсімді насихатқа ең мұқтаж деп білемін».
Әрі қарай
  • 21
  • Автор туралы
    жер басып жүрген жанның біріміз...
  • 6

Оқысаңыз - өзіңіз..., оқымасаңыз - тағы өзіңіз...

АФоризмдер оқығанды жақсы көремін. Ұнаған ой-пкірілерді қойынкітапшама түртіп отырамын әрі.Мұны оқушы кезден «жабысқан» «доброкачественный» әдет десем болады. Құдайберді Бағашардың «Тағылым тамшылары» кітабын оқығанмын осыдан біраз бұрын. Сондағы жауһар ойлардың, кеңестердің сіздерге бір пайдасы тисін деген ниетпен ұсынып отырмын. Ұнаса, оқыңыздар, жазып алыңыздар. Ұнамаса, тағы өздеріңіз білесіздер…
Әрі қарай
  • 1
  • Автор туралы
    Шатаспасам, осыдан тура 20 жыл бұрын Сарыарқаның “Нілді” деген жерінде дүниеге келіппін. Ата-анамды атымен атаймын. Аян, Толғанай деп. Әжемнің қызымын, есімімді де сол кісі қойыпты (сиыр сауып отырып ). Қызық, иә?! Ес білгелі атымды атаған емес, “Құлыншағым” дейді. Таңертеңнен қара кешке дейін тығылыспақ ойнайтын ойын баласын (яғни, мені) әжем ұстап алып, бір күні жуындырып жатыр. “Сен енді өстің, үлкее-е-е-н бала болдың. Енді мектепке барасың, сабақ оқисың”,-деп қояды. Одан кейін 11 жыл да зулып өте шықты. Сөйтіп жүріп мектепті де ойдағыдай…емес бітірдім. Неге дейсіз бе? Екі сабақтан ғана 4 деген баға алып қалдым. Оны қойшы. Улап-шулап жүріп, ҰБТ деген ”сұмдықты да” тапсырдық-ау…Қиыны – журналистикаға түсу болды. Қиын болғанда, тағы да әжем: “Құдайдың құтты күні телевизордан журналистерді атып кетті, өлтіріп кетті, ұрлап кетті деген сұмдық хабарлар көрсетіп жатыр. Қойшы, сол журналистикаңа бармай-ақ қойшы, мұғалімдік жақсы емес пе? ”-деп жолыма жата жабысты. Бір сөзбен айтқанда, үйдегілер журналистикада оқуыма қарсы болды. Бірақ, бұл - менің бала күнгі арманым. Одан қалайша бас тартуым керек?! Не де болса деп, тәуекелге бел будым. Нәтижесін біліп отырсыздар. Қазір Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқимын. Енді әрі қарай қалай болатынын өмір көрсетер. “Автобиографиялық әңгіменің” басы – әзірге осы.
  • 19

Мұғжиза: Қасиетті Құран Кәрім кітабы адамды өлімнен құтқарып қалды

Ливияның не болып жатқан бүгінгі жағдайын барлығымыз да білетін шығармыз. Қақтығыс, соғыс, қырылыс деймізбе әйтеуір Аллаһ елімізден ондай жағдайлардың бетін ары қылсын!.. Бірде youtube-тан араб тілі жайында қажетті ролик іздеп отырып, мына бір Аллаһтың кереметіне тап болдым! Кешегі соғыс барысында қалатасында Құран кітабы бар кісіге қаңғыған оқтардың бірі келіп тиеді. Ол оқ қалтасындағы кішкене ғана өте жұқа қағазды Құран кітапқа тиіпті. Таң қаларлығы үлкен оқтың Құран кітапты тесіп шығалмағаны мен кісінің тірі қалуы…
Ол оқиғаға куә болғандар Аллаһты ұлықтап, мадақтарын жаудыруда. Ал біздер видео арқылы куә болып көрелік:
Әрі қарай

Құдайдың кереметтігі: VHS-кассеталардағы оттаған дәлелдер

Бұл жазбам осындағы бір пяншіктің жазбасына соншалықты шүйліккеніме түсініктеме болып табылады.

Гарун Яхия. Пайғамбар емес шығар нақ, пенде ғой. Шынын айтқанда, бұ кісінің жанамағылыми айла-тәсілдері күлкі үйіреді. Жаратқанның атын атап ақыратын арыстан; мұндағы кейбір желөкпелер айтатын Кустоның әлгі басы піспейтін теңіздері; гендік инженерия, саясат — барлығы осы кісінің кассеталарында. Негізі, жаңалық ашып отырған жоқпын:
Әрі қарай
  • 2
  • Автор туралы
    Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.
  • 18

Бес тілек

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Әзәзіл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа
Әрі қарай

Өлім

Өтеді адам әрісі жүз жыл жасап,
«Қайтты» дейді өлгенді біздің қазақ.
Келген-кеткен өмірдің бәрі бекер,
Жолымызды сайраған із қылмасақ.
Әрі қарай

Аллаһтың хақысы

Му`аз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда
Әрі қарай

Аллаға серік қоспаңдар!

Аллаһ Тағала былай деді: «(Мұхаммед)былай де: “Келіңдер! Сендерге Раббыларыңның харам еткенін оқиын: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық жасаңдар
Әрі қарай