Astana.Live - жаңа блог-платформа

Қазақ блогосферасына жаңа блог-платформа қосылды — Astana.Live
Astana.Live — Астаналық блогерлерге арналған блог-платформа.
Түрлі тақырып, айдарларда Астана қаласындағы жаңалықтар, мақалалар, афишалар, мультимедиа (фото, видео, аудио) жарияланады.
Кез келген пост түріне сауалнама қосуға болады және тіпті 1 сауалнама емес, бірнеше.
Қолданушылар барлық посттарға пікір жаза алады. Пікір жазу үшін тіркелу қажет.
Қолданушылар әр постқа баға бере алады. Үздік посттар, яғни 8+ алғандар автоматты түрде алғашқы бетке шығады.
Бір постты бірнеше айдарға салуға болады. Ол үшін алдымен өзне қажет айдарларға (блогтарға) қосылу керек.
Жеке немесе корпоративтік блог ашуға болады. Яғни Астанадағы мекемелер өз жаңалықтарын өз блогтарына жариялай алады.
Астаналық блогерлерге түрлі конкурстар ұсынылатын болады. Белсенді блогерлер сыйлықтармен марапатталады.



Астаналық Айжан Сапарова (
Германияда қызмет бабымен тұрақтап қалған аруымыз Сымбат Айжарық (
Астаналық Виктория Әлжанова (
Сонау көне Керекинфодан келе жатқан атыраулық сұлуымыз Анар Қартқожақова (
Қатарымызға кейінірек қосылса да Керекинфоның жұлдызына айналып үлгерген Маржан Тулеева (

Осы ат төбеліндей топтың арасынан ара-тұра болса да саяси жазбалар жазатын блогшылардың шығуы да заңды еді. Араға «Азаттық радиосы» килікпегенде ит үріп, керуен көше берер ме еді кім білсін… Бұл радио «Балағының биті бар» блогшылардың жазбаларын өз сайттарына сала бастады. Әрине, жазба авторларының келісімімен я болмаса түпнұсқаға сілтеме көрсету арқылы жариялап отырды. Осылайша блогшылардың жазғандары өз орталарынан тысқары ортаға жете бастады. Тіпті, блогшылардың жазбаларының басын біріктіріп, шағын кітапты да жарыққа шығарды. 
