Таңдаулы

#QazzaqDepression. Иман

Блог - patick: #QazzaqDepression. Иман
Подъезде жалдап тұрмайтын өзі қалды. Көршілерінің барлығы әлдеқашан коттедж салып немесе жаңа құрылыстан пәтер алып көшіп кеткен. Енді айналасындағылардың барлығы жалдап тұратындар. Түрлерін де танымайды, біреуі кетсе ертесіне басқасы көшіп келеді. Танысып үлгермей жатып олар да ауысады.

Әдеттегіше жұмысына кетіп бара жатыр еді. Оны көрді. Жаңа көрші. Бір қабат төмен тұрады. Жаңа көршісі есігін жауып жатып:
— Ассалаумұғалейкүм, — деді күлімсіреп.
Бұл сасып қалды. Әдетте ешкім онымен, ол ешкіммен амандаспайды. "Әліксәләм" деген бірдеңені айтқандай болды. Бөгелмей түсіп кетті.

— Ассалаумұғалейкүм!
Күн сайын еститіні осы болды. Ол да мейлінше мәнерлеп жауап беруге тырысады: "Әлеикум ассалам".

Аты Иман екен. Таза киінеді, басында ақ тақия, амандасқанда ылғалдау алақаны біртүрлі жағымды әсер етеді екен.

Өздерің байқағандай екеуінің қарым-қатынасы жақсара түсті. Аман-саулықтан бөлек, кездесе қалса басқа да тақырыптарға бас ауыртады. Ішінде дін де бар. Әсіресе дін туралы айтылса Иманның жүзі бал-бұл жанып кетеді. Имандылық пен мейірімділік туралы тоқтамай айта беруге бар. Айтқан әңгімелері қызық, биязы дауысымен сыпайы тақырыптар төңірегінде сөз қозғағанда қалай елітіп кеткеніңді байқамай қаласың.

— Ислам кіршіксіз дін ғой, — деді Иман бірде пышағын қайрап жатып, — Исламнан таза дін жоқ бұл әлемде…
Подъезд алдындағы ағаш орындықта отыр. Үйіндегі пышақтарын бір қайрап алайын деген-ау. Тап-таза орамалды орындық үстіне ұқыптылықпен төсеп, пышақтарын тізіп қойыпты. Бұл қасына отыра қалып, Иман тірлігін аяқтағанша әңгімелерін тыңдады.

— Құдай кешіре білетіндерді ұнатады, — деп бастады бірде ол. Әдеттегідей есік алдындағы орындыққа жайғасыпты. Бұл жолы тапаншасын тазалап отыр. Шошып кетті. Оның қолындағы қаруды көрмеген болып, асыққан түрмен тез кетіп қалды.

Әлгі оқиға көпке дейін есінен кетпеді. Иманнан бұндайды күтпеп еді. Әлде бала-шағаның ойыншығы ма екен? Солай болар-ау. Әйтпесе сыртқа шығып қару тазалағаны біртүрлі емес пе? Сонда да Иманмен кездесіп қалудан қашып жүрді.

Демалыста үйінде тынығып жатқан. Есік қағылды. Иман келіп тұр. Түк болмағандай жылы күлімсірейді.
— Кел, — дейді ол, — біздің үйден шәй ішіп кет.

— Жалғыз бастысың, тамақ дайындау қиын шығар. Бізге келіп тұр, — деді Иман үйге кірген соң, — Жеңгең тамақты жақсы пісіреді. Қош келдің, төрлет.

Үстел басында үшеуі тамақ ішті. Шынымен де дәмді пісіреді екен. Балалар ана бөлмеде ойнап жүр.
— Исламның басты қағидасы — мейірімділік қой. Дінде адам түгіл, жәндікке де зиян қылуға болмайды, — деді ол. Теледидарда Таяу Шығыстағы кезекті терракт туралы айтып жатты. Радикалдар камераға қарап: «Аллаху акбар, аллаху акбар» деп айқайлап жүр.

Ислам әңгімесін кілт тоқтатып, балалар жаққа қарады:
— Мейірлан, байқа, балам. Атылып кетпесін, магазинін алып тастап ойнаңдар, — деді. Балалар АК-47-ге таласып қалыпты.
— Кезекпен ойнаңдар, бір-біріңе мейірімді болыңдар. Мейірлан, ақылың бар ғой. Ініңе бере ғойшы, шамалы ойнап тастайды ғой. Ініңе мейірімді бол, — деп ақылын айтып жатты.

Тамақ жүрмей қалды. Бұл үйден тез кетуге асықты. Шәй ішіп, ас қайырғаннан кейін бір минутқа да бөгелгісі келмеді. Есік жаққа беттеп еді, жеңгей тамақ салынған пакет ұстатып жатыр:
— Қуыс үйден құр шықпа деген. Дәм ғой. Үйден жерсіз, — деп қояр да қоймай ұстатып жіберді.

Үйіне келіп, пакеттегі тамақтарды тәрелкеге салмақ болып еді. Қотарғанда бауырсақтармен бірге бір РГД-5 ыдысқа домалап түсті.

Пакеттің сыртынды «Халал» деген жасыл жазу бар екен.
Әрі қарай

Көңілдестерім. Моншада кездескен бейтаныс жігіт

Жексенбі күні өзім тұратын көшедегі моншаға келдім. Жиырма шақты тізіліп салынған жеке кабинкалардан тұратын моншаның алдында кезек күтіп ұзақтау отырып қалдым. Шыдамсыздана бастап едім, сыртқа буы атқылап бір есік ашылды. Кең иықты, ақсары келген
Әрі қарай

Көңілдестерім. Тергеуші Әліби

Әлібимен таныстырған кездейсоқ оқиғалар болды. Үйіме ұры түсіп, өмірімде табалдырығын аттап көрмеген (жоқ, өтірік айтып отырмын, бірде супермаркеттің алдында ішімдік ішіп тұрғаным үшін ұсталып, барғанмын сол жерге) ішкі істер бөліміне барып

Әрі қарай

Мен келдім

Сонымен, бастайық! Таныстырсам өзімді… Қазақтың қарапайым карьера қуған қызымын. Жасым 25+ке келгенше оқу, тоқу, жұмыс, жүгіріс, әйтеуір, күйеуге тиюден басқа барлық нәрсемен миды толтырыпын. Бала кезден сондай құндылықтар сіңірілсе, енді қайтем. Өмірдің мәні мен үшін жақсы баға, пәндік олимпиададан бірінші орын, қызыл аттестат, қызыл диплом, шетелде оқу, көп ақша табу, беделді болу болып келіпті.
Әрі қарай

Көңілдестерім. Бұрынғы махаббатым Мадияр

Ет базарына барғанмын. Қолы қолына жұқпай ішектің мына шетін бір, ана шетін бір айналдырып тұрған жасы менімен шамалас сары келіншекке жақындап, алдындағы етті қарай бастадым. Жанында тұрған өзге сатушылардың:
— Ет алайық, ет алайық,-деп менің назарымды әбден бұрып әкеткісі келіп, қылғына айқайлағанда, мойындары жарты метірге дейін созылып кетеді екен. Дауысы дәл құлағымның түбінен естілгесін, жақтырмай қарап, одан сайын ерегісіп:
— Сізден аламын!-деп тапжылмай тұрып алдым. Менен күдер үзген өзге сатушылар өтіп бара жатқан өзгелерге қарай мойындарын соза бастады:
— Ет аламыз, еееет!
Әрі қарай

Көңілдестерім. Бас редактор Мұратқали

Бір тойда таныстым онымен. Құрбы қыздың ағасы шығармашылық ортаға шатысы бар ма, бір бәле әйтеуірі. Тост сөйлегендердің ең кемі үш минут бойы микрофонды босатпайды екен. Бір-бірін мақтағанда бұл дүниеде олардан асқан құрметтілер жоқ, өздері тым маңғаз. Атақтары жер жарады екен, бірақ бір қызығы, өздерін өздерінен басқа ешкім танымайтын да сияқты. Ұлы ойшыл, дана, дария ақылдың иесі, нағыз азамат, атағы дүр деп бір-бірін қолпаштағанда Абай, Мағжан, анау-мынау атақты ойшылдарың кемсеңдеп жылауы мүмкін. Сондай атақтылардың бірі менің жанымда отырды. Атауын алғаш рет естіп отырған бірбәле деген газеттің бас редакторы Мұратқали өзіне айтылған жылы лебіз сайын рахаттана щалқайып отырып, арақтан сілтеп отырды.
Әрі қарай

Девальвация: Негізі күлетін нәрсе емес

Үйдің қасында үш банктің филиалы бар. Ертеңгісін бағам қарау әдет болды. Жұрт сияқты мен де уайымдаймын (Шүкір, екі бала бағып отырған жайым бар). Бірақ ойлап-ойлап, тап менің уайымдағанымнан көп нәрсе өзгере қоймасын түсінідім (бұл үшін, негізі, көп ойланудың керегі жоқ). Ендеше не бас ауыртатыны бар. Көппен бірге көрерміз. 1999 жылы да тірі қалдық қой. Ал білесіз бе, сол жылы девальвациядан бір күн бұрын жампозым Ақтөбеден Алматыға аттанған екен. Пойыз екі күн жүреді. Барам дегенше теңге екі есе арзандап, қалтадағы ақшасының құны қалмапты. Бір досымыз дәл сол уақытта шетелге жарысқа аттанған. Оның жағдайын елестетіп көріңіз. Қазіргі жағдайымыз жақсы емес пе? Банктер бар, ақша аударымдары бар, әйтеуір амалын табуға болады. Одан да бір күліп алайық.

Әрі қарай

Көңілдестерім. Клубта танысқан жігіт

Өткендегіден кейінгісі жақсы есімде. Сол былтыр бір сенбі күні бір серпілейін деп түнгі клубқа қарай бет алдым. Құрбы атаулының біразы байға тиіп кеткен. Біреулері бесік тербетіп, біреулері баласына әріп жазғызып үйретіп, біреулері ата-енесінің жылы
Әрі қарай

Көңілдестерім. Көршім Руслан

Соңғы күндердегі қарбалас әбден жалықтырып жіберді. Жұмыстың көптігінен мойын бұратын уақыт жоқ. Жүзеге аспай жатқан күрделі жобалар үшін күйіп-піскен Жәрмен бастықтың алдына бикинимен келіп, бұралаңдап билесең де назар аударар түрі жоқ:
— Әй,
Әрі қарай

Көңілдестерім. Таксист Мереке

Дос қыздың туған күнінен шығып, такси тоқтаттым. Таңғы сағат бестегі бағыма артқы есігі мыжылып қалған күрең «Опель» тоқтады. Машина таңдап кергіп тұратын жағдайым жоқ болғандықтан, отырып алдым. Қол-аяғы ұзын, сырықтай арық жігіттің біресе
Әрі қарай