Жарияланымдар

Админ ағайға (барлық вебпрограммистерге) ұсыныс: көрінбейтін коменттер

көп жағдайда «флудтап кеттіңдер, жекеге барып, немесе чатқа барып сөйлесіңдер» деген сияқты ескертулер көп кездеседі. мысалы тақырыпқа сай емес коменттер жазу, біреудің бірекі қатесін түзету, таныстардың шүйіркелесіп кетуі, сөзге келіспей айтысып қалу деген сияқты. бір посттың астындағы жүзге тарта коменттердің бәрін оқығың да келмейді. (арасында жақсы пікірлер де болады). «сен анабір посттың сонау жерінде мындай мындай депсің» деген сияқты жеке хаттар да көптеген қиындықтар туғызады. мысалы жеке хат келгенін байқамай қалуы мүмкін, жеке хатта жазылған жерді қарауға еріну.

мен бұл мәселенің мынадай шешімін ұсынамын. жауап жазу дегеннің қасында сыбырлау деген кнопка тұрса. «сыбырласқан» адамдар ғана бірбірінің жазуларын көреді. мысалы «сыбырласқан» жазулар қызыл түске боялып тұрады. ал қалған қолданушылар көрмейтін болады. сол кезде посттың астында басы артық коменттер көрінбей қалады.

түсінікті жеткіздім бе?
Әрі қарай

Мышық пен ит

мен мышықты (біреулер мысық дейді) «піш-піш» деп шақырам. бір Жезқазғанның жігіті «міш-міш» деп шақырамыз дейді. соған қарағанда «піш-піш», «міш-міш» деген сөздер мышық деген сөздің қысқартылған түрі сияқты. Шымкенттік жігіттен сұрап едім «кис-кис» дейді.
ал бізде итті «кә-кә» деп шақырады. «кел-кел» деген сөздердің қысқарған түрі ғой деймін. әлде «комне» немесе «камон» деген сөзден бе?
Әрі қарай

Жазалаңдар

салынғанына үш-төрт жыл болған үй. тұрғындары да жақында қоныстанғандар. былай «мәдениетті» адамдар тұратын сияқты. үйіне дейін шыдай алмай ма екен? әлде әдейі істей ме? тоғызыншыдан бірінші этажға дейін лифтінің ішінде тұру мүмкін емес. сасық иіс мүңкіп тұр. осындайда скрытый камера орнатылса екен деп кетесің. шыжыңды ұстап алып жазалайтын.
Әрі қарай

Қытайлар біздін институтта

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтқа қытайлар келіп жатыр. қыста студенттері келіп еді. енді өздері мәдениетімен, тілімен, иероглифтерімен бірге келді. институттың кітапханасының үстіңгі жағына қытай тілін үйрететін бөлім ашып жатыр. өздерінің кітапханасы бар. институт мұғалімдеріне тегін үйретеді дейді. қытайлар қарапайым есікке кіре алмайд ғой деймін. есіктері міндетті түрде қытай өрнектерімен өрнектелген болу керек ау дйемін. қызық.
Әрі қарай

Екүш жылдың көлемінде латыншаға көшеміз деп жатыр...

Министр культуры и информации Мухтар Кул-Мухаммед выступил за переход на латиницу в свете технического прогресса. Он считает, что при пользовании мобильными телефонами и компьютерами латинский алфавит будет более удобен. Как считает директор
Әрі қарай