Жарияланымдар

nurjanbay
Bul kop latin alfavitting birewi. Buni osilay birnece saytqa, sosin facebookqa saldim. Prodvigat etettin miqti sponsorim, bedeldi tanistarim joq. Eger cinimen inggayli alfavit bolsa haliq ozi qoldap aketer.
nurjanbay
Jalpi soylemge qarap qanday soz ekenin biliwge boladi. Misal aldinggi soylemdegi «soz» degen sozdi «сөз» dep opip ketemiz. Negizinen bir buwindi sozderge soylemde kobinese jalgaw, jurnaq jalganip turadi. Biraq cataspay oqiw qajet bolgan jagdayda diakretikaliq aripterdi qoldanip jaziw kerek. Yagniy bul alfavitte diyakretikaliq aripter bar. Biraq olardi tek ote qajet bolgan kezde gana qoldaniw kerek.

Misali: Rezengkeni soz (резеңкені соз). Kop soz aytti (көп сөз айтты). Kop söz aytti.
Ol jeti keli un aldi (ол жеті келі ұн алды). Ol qoriqqannan unsiz qaldi (ол қорыққаннан үнсіз қалды). Ol qoriqqannan ünsiz qaldi.
nurjanbay
Bir qalada tozgan tas joldi jangartpaq bolipti. Haliqting jartisi ejelgi dastur boyinca tasti ongdemey toseyik dese, basqa jartisi tasti tegistep toseyik dep kop waqit talasipti. Sonda bir kisi cigip «tasti tegistew kerek, biraq tegistelgen betin tomenge qaratayiq» depti. Eki jaq osi cecimge toqtapti.

Qazaq tilinde 28 dibis bar. Latin alfavitinde F, V, X aripterin alip tastasaq 23 arip qaladi. Biraz arip jetispeydi. Osidan latinca alfavit jasawding eki joli bar: diakritikaliq aripterdi paydalaniw jane digraph adisin qoldaniw. Kop jil boyi qazaqtar ekige bolinip talasip keledi. Men ozim diakritikani jaqtawcimin. Sebebi tek 26 aripten jasalgan alfavitterding ecqaysisi kongilimnen ciqpadi. Sol sebepti minimum digraph qoldanatin, diakritika aripteri bar, biraq korinbeytin alfavit qurastirdim.
nurjanbay
мына жерде Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ деген кісінің «Эфиальттың кегі немесе қазақ интернеті жайлы бір үзік сыр» деген мақаласы жарияланыпты. өзім көп сұрақтарға жауап алдым.
nurjanbay
— Қабірге табынбайтын, әруаққа сыйынбайтын, сақтайды деп тұмар тағынбайтын, көліктің артына қызыл шүберек байламайтындар — уаххабист;
деген соңғы пункттен басқасын өшіріп таста.
nurjanbay
Айдос Сарым ағамыздың «Тағы да ауыл мен қала туралы...» деген жазбасы. қызықтыру үшін бір үзінді келтірейін:
… Бүгінгі барша шығармашылықта жүрген ағайынға айтпағым мынау еді: Ауылды шын сағындың ба, сөзіңе тұр! Қайтып барып, фермер бол! Ал қалаға келдің бе, өз мақсатыңды дұрыс түсіндің бе, таңдаған кәсібіңді шын сүйесің бе, қаланы қазақыландыр! Қалада сенің балаң мен немерең үнемі қазақша сөйлейтіндей жағдай жаса! Қаланың баласына қажетті, соған ұнайтын, түсінікті әлемді сол баланың эстетикасына сай суретте! Сонда бәріміз қазақша сөйлейміз, ал балалар бәрібір орысша шүлдірлеп жатыр деп таң қалмайтын боламыз. Сонда ғана өмір мен шығармашылықта шынайылық пайда болады. Шынайылық пайда болса оқырман да табылады, көрерменнің де саны артады...
nurjanbay
я, өте қажет. олардың жауапкершілігі бар. бір ел түгілі біреудің ар-намысына тиетін артық бір сөз айта алмайды. егер айтса әр сөзіне жауап береді. қоғамдағы кемшіліктерді халыққа әзілмен жеткізе біледі. КВН-чиктердің бастықтардың парақорлығы туралы, депутаттардың уәделері туралы приколдарының еш салмағы жоқ. сол парақор басшылар мен сол депутаттар залда халықпен бірге күлкіге қарық болатыны анық. «жынды прикол айтты, ә» дейді де сол жерде қалады. ал сол «саяси» приколды айтқан КВН-чик өзінің «батырлығына» мәз. КВН мен әзіл-сықақ театрлары салыстыруға келмейді. Әрине КВН-нен балалаған театрсымақтарды айтпағанда.
nurjanbay
КВН-ге қатысу үшін жол, тамақ, баспана, форма, басқада заттарған қырғын қаражат керек. сосын олар спонср іздейді. кто платит тот и заказывает музыку. әкімдер өзінің атын шығарады, университет даңқын шығарады, кәсіпкерлер тауарын шығарады. реклама-шоубизнеске айналған.
nurjanbay
ертеден келе жатқан әдетім еді. қоя алмай келе жатырмын.
nurjanbay
КВН өте қажет нәрсе ме? егер халықты күлдіргісі келіп бара жатса әзіл-сықақ театрына жұмысқа тұрсын.
Соңғы түзету:
nurjanbay
мен жайдарманмын (КВН-чиктер)
өздерін нағыз потриот санайды. айтатын дәлелі "қазақша" КВН-ды дамытып жатыр екен. қай тілде болса да бұл КВН-ның оңбаған жері сол бесіктен белі шықпай жатып жап жас балдар өзінен үлкен кісілерді келемеж қылады, өздері керемет адамдай билікке сын айтады, көрінген нәрсені прикол қылады. свежи прикол іздеу үшін тарихымыздың барлық тұлғаларын мазақтап бітті. менің таң қалатыным оларға ешкім қой демейді. үлкенді, елде басшылықта отырған адамдарды, рәміздерді, тілді, тарихты құрметтеу дегеннің бәрі потриотизмнен шығады. ал КВН жастардың потриотизмін жөргегінде жатқанда жойып жібереді. сөздің шыны сол. ойлап қараңдаршы. КВН-де актерлық шеберлікпен жарыса ма? жоқ. ән айтудан жарыса ма? жоқ. біліммен жарыса ма? жоқ. сонда немен жарысады? КВН (клуб веселых и нахочивых) — кергеткен қылжақбастар клубы. неғұрлым сөздің тонын теріс айналдырып, кергетіп сөйлесең, бәрінен асып түскен қылжақбас болсаң сонда ғана басқа клуб мүшелері арасында қолдау тауып ерекше құрметке ие боласың. *54
nurjanbay
мен ұлтқа бөлінбеймін, мен мұсылманмын
арап елдерінен діни білім алғандар мен соларға еліктегендердің ұстанымы. олар салт дәстүрді ширк, бидағат деп жоққа шығарады. намаз оқымайтын қазақтарды кәпір санайды. армандары шариғатпен жүретін мемлекет құру.
nurjanbay
мен Қазақстандықпын
орыс тілді шалақазақтар мен оларға еліктеушілердің ұстанымы. қазақ тілін, дәстүрін менсінбейді. мамбетизм деп санайды. олар не орыс емес, не қазақ емес. төлқұжаттарына "ұлты — қазақ" деп жазылғанға намыстанады.
nurjanbay
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков және басқа да «Желтоқсан көтерілісінің» құрбандары
себебі Еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізуіне 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» тікелей ықпал етті. қазір тәуелсіздігіміздің арқасында аман есен интернетке кіріп kerekinfo.kz деген сайтқа кіріп осы сөздерді жазып отырмын. бірақ тәуелсіздіктің қадірін түсінбейтін, тәуелсіздік қандай құрбандықпен келгенін ұмытқандар бар.
Соңғы түзету:
nurjanbay
туғаннан өлгенге дейін күнә жасамау тек пайғамбарларға ғана тән. олар күнәдан қорғалған. ал әулиелер (святой) жас кезінде ауыр күнәлар жасаған болуы мүмкін, бірақ кейін сол күнәсі үшін қатты өкініп, құдайдан кешірім сұрап, көп құлшылық қылып сондай қасиетке ие болады. ал потриот — пайғамбар да, әулие де емес. отанды сүю иманнан дейді. отанды сүю үшін міндетті түрде діндар болу керек деген сөз емес. бірақ еліңнің болашағына сену міндетті. әйтпесе "Қазақстанның болашағы жоқ, себебі бізде демократия жоқ, қазақ тілін үйреніп қажеті жоқ, себебі бүткіл әлем ағылшынша сөйлейтін болады" деп айтатын адам қалайша отанын сүйе алады? потриоттардың да түр түрі бар. біреулер өзіне саясатта, қоғамда жақтастар табу үшін потриот болып көрінуге тырысады. біреулер елге риясыз қызмет етеді. біреулер потриот екенін біледі, потриот екенін мақтан тұтады, басқаларды да потриот болуға шақырады. «Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болу қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз» дейді Абай атамыз. өткен өмірі идеальный емес шығар. бірақ қазіргі кезде елім деп жүрген ағалардың соңынан ерудің, оларды кумир тұтудың еш айыбы жоқ. не үшін потриот болу керек? ер жігіт үш нәрсені қорғау керек: иманын, отбасын, отанын. иманын шайтаннан қорғайды. әйелін бөтен еркектерден қорғайды. отанын жаулардан қорғайды. көтриот деп атасаңдар да өзімді потриотпын деуге арланбаймын.

Всю свою жизнь я был верен законам чести. Законы эти просты: почитай богов, люби свою жену, обороняй свою Родину!
Гектор, «Троя»
Соңғы түзету:
nurjanbay
әкең жаман дедім бе, шешең жаман дедім бе,өкшең қисық дедім бе?
nurjanbay
өлі потриоттар керек пе, әлде тірі потриоттар? өлілерді айтып тауыса алмайсың ғо.
nurjanbay
8-шісі Қазақстандағы түлектерге үлгі боларлық екен.
nurjanbay
50 де 50 дің түбі сол еліміздегі балабақша/мектеп/ЖОО-дардың (әрі қарай БМЖ) орыс тілді және қазақ тілді болып бөлінуінде жатыр. қашан елімізде барлық орыс тілді БМЖ жабылып тек қазақ тілді БМЖ қалады сол кезде ғана телеарналар 50 де 50, халық қазақша сөйлемейді, интернетте қазақша ресурстар аз деген сияқты мәселелерден құтыламыз. тек қана шенеуніктер ғана қырсығып орысша сөйлеуін қоймайтын шығар. бірақ елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа деген. ол шенеуніктер құдай болмаса бәрі өліп таусылады.