Жарияланымдар

Сопылардың бәрі сотталып кетті

Кеше Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында қазақ сопыларының жетекшілері саналған тоғыз адамға үкім шығарылды. Оларға экстремизмді, конфессияаралық алауыздықты қоздырды деген айып тағылды. Бір жылға созылған тергеу ісінен кейін жабық жағдайда өткен сотта судья Қасым Қалмағанбетов ешкімді де аямады. Адвокаттар сотталғандардың барлығының дерлік айыптары дәлелденген жоқ деп шыр-пыр етеді.
Әрі қарай

box.net

Box.net

Көлемі 25 мегабайттан аспайтын файлдарды сақтауға таптырмайтын қойма деуге болады. 5 Гбайт орынды тегін береді. Менімше рефераттарын, дипломдық жұмысын, суреттерін, және тағы басқа осы сияқты керек қағаздарын интернетке сақтап қоюға студенттер мен мұғалімдерге тиімді. Тіркелгеннен кейін интерфейс тілі ағылшынша болады. Бірақ «My Account -> Account Settings -> User Settings -> Language -> Русский -> Save» деп орыс тіліне ауыстыруға болады.
Мысалы мына файлды көріңдер.

Мәліметтерді интернетте тегін сақтауға мүмкіндік беретін он қызметке шолу >>>
Әрі қарай

Наркотиксіз қала

Осыдан бірер жыл бұрын «Город без наркотиков» қорының басшысы Егор Бычковқа қарсы қозғалған іс Ресей қоғамында біршама жаңғырық тудырған болатын. Тағылған айыптың жай-жапсарына үңілмес бұрын, қор мен оның басшысы жайлы аз кем мағлұмат берсек. Жалпы құдайы көршіміз Ресейде аталған қоғамдық қордың жұмысын Евгений Ройзман деген азамат 1999 жылы Екатеринбург қаласында бастайды.

Бұл қордың 1999-2003 жылдар арасындағы жұмысы нәтижесінде Екатеринбург қаласындағы нашақорлардың саны 12 есеге азаяды.

Қордың нәтижелі жұмысы 2004 жылы Дума қабырғасында талқыланып, бүкіл елде осы қордың методикасын пайдалану мәселесі көтеріледі. 2006 жылы Егор Бычков есімді азамат Нижний Тагил қаласында аталған әдістемемен қоғамдық қор филиалын тіркеп, өз жұмысын бастайды. Қоғамдық қордың емдеу ерекшелігі төмендегідей еді:
Әрі қарай

Мен ұсынатын кітап - «Американская трагедия»

Теодор Драйзердің «Американская трагедия» романын ұсынамын. Кітаптың электрондық нұсқасын мына жерден алуға болады. Бұл романды енді оқып бастадым. Қысқаша мазмұны мынандай: тәрбиелі жанұядан шыққан жас жігіттің өмірде көптеген қателіктерге ұрынып ақыр соңында өмірін электір орындықта аяқтайды.
Әрі қарай