Жарияланымдар

LatinX – 26 aripten turatin alfavit.

1. Aa – «а»

2. Bb – «б»

3. Cc – «ш»

4. Dd – «д»

5. Ee – «е»

6. Ff – «ф»

7. Gg – «ғ, г»

8. Hh – «х»

9. Ii – «ы»

10. Jj – «ж»

11. Kk – «к»

12. Ll – «л»

13. Mm – «м»

14. Nn – «н»

15. Oo – «о»

16. Pp – «п»

17. Qq – «қ»

18. Rr – «р»

19. Ss – «с»

20. Tt – «т»

21. Uu – «ұ»

22. Vv – «в»

23. Ww – «дауыссыз у»

24. Xx – «икс»

25. Yy – «й»

26. Zz – «з»

• «Ә, І, Ү, Ө» aripteri qayda?
Oris tilinde bastawic klasta «ударение» tusetin aripterding ustinde belgisi boladi. «Ударение» qoyip uyren'gesin bul belgi qajet bolmay qaladi.

Arap alfavitinde tek dawissiz aripter gana boladi. «Хареке» degen belgiceler aripterding asti-ustine qoyilip, dawisti dibistardi cigaradi. Biraq araptar kundelikti jaziwinda bul belgicelerdi qoldanbaydi. Sebebi sozding qalay oqilatinin belgice qoymay-aq biledi.

Qazaq tilinde sozder juwan nemese jingicke bolip keledi. «Ә, І, Ү, Ө» aripterine saykesince Ä, Ï, Ü, Ö qoldanamiz. Sosin juwan soz ben jingicke sozdi ajiratip uyren'gesin Ä, Ï, Ü, Ö aripterin qoldanbawga boladi. Ä, Ï, Ü, Ö ariperi bastawic klasta jane sozdikterde gana qoldanilatin boladi.

Aa, Ii, Uu, Oo aripteri juwan sozde «а, ы, ұ, о» bolip, jingicke sozde «ә, і, ү, ө» bolip oqiladi. Eger Kk nemese Ee aripteri bolsa soz jingicke oqiladi. Eger Qq nemese sozding kelesi buwindarinda Aa aripteri bolsa soz juwan oqiladi («күнә, кінә» degen siyaqti birnece sozden basqa). Sosin arqacan juwan oqilatin jane tek jingicke oqilatin sozder bar.

• «И, дауысты у» aripteri qayda?
«И» — iy dep jaziladi. «дауысты у» — uw, iw dep jaziladi.

• Nege «ғ, г» bir arippen jaziladi?
Bul «ғ, г» aripteri sozding algacqi buwininda siyrek kezdesedi. Al basqa buwindarda «ғ» men «а», «г» men «е» aripteri qatar juredi. Juwan sozde «ғ», jingicke sozde «г» boladi. Qay dibis ekeni ongay ajiratiladi.

• «Қ, к» aripterin «ғ, г» siyaqti bir arippen jaziwga bolmay ma?
«Қ, к» aripteri «ғ, г» siyaqti emes. Sozding barliq buwindarinda kezdesedi. Sol sebepti ekewin bir arippen belgilesek ajiratiw qiyin.

• «Ң» arpi qayda?
Bugan arip jetpey qaldi. «Ғ, г» siyaqti «н, ң» aripterin bir arippen belgilewge bolmaydi. Sebebi «н, ң» singormonizm zangina baginbaydi. Eger qosimca arip alsaq, onda 26 aripten asip ketemiz. Tagi bir joli NG digrafin qoldaniw. Biraq «ң» jane «нғ, нг» tirkesteri arasinda ulken catasiw boladi. Sebebi «ң, нғ, нг» barligi NG bolip ketedi. Agilcin tilinde «’» (апостроф) degen belgice ote jiyi qoldaniladi. Misali «I‘m / They‘re / o‘clock / company‘s / it’s / don’t».

Osi maseleni rettew ucin «’» belgisin bilay paydalanamiz:
1) NG tirkesi barliq jagdayda «ң» bolip oqiladi,
2) N arpimen ayaqtalatin sozge -GA, -GE, -GAN, -GEN, -GIZ jalgawi jalgan’gan kezde NG tirkesining arasina «’» belgisin qoyamiz. N’G tirkesi «нғ, нг» bolip oqiladi.

Misali:
angiz — «аңыз», tengiz — «теңіз», janga — «жаңа», kenges — «кеңес», songi — «соңы», engis — «еңіс»
san’ga — «санға», ken’ge — «кенге», jan’ga — «жанға», basin’gan — «басынған», min’gen — «мінген», en’giz — «енгіз»

• Alfavitting ati nege LatinX?
Basinda oz atimdagi Nur-di alip, Nur-Latin dep atamaq boldim. Sosin aynip qaldim. Elon Musk ozining macenesin Model X, raketa uciratin kompaniyasin SpaceX dep atadi. Damigan tehnologiyalarding atimen undesip tursin degen niyetpen LatinX dep qoydim.

P.S.: Diakritikaliq aripter Ä, Ï, Ü, Ö bastawic klas oqiwcilarina oqip-jaziwdi uyreniwge kerek. Sosin sozdikter jasaganda kerek. Sozderding juwan-jingickeligin ajiratqannan keyin tek 26 arippen jazip tusinisiwge boladi. NG tirkesin digraph dep emes RT, RS, YT (қарт, шарт, сарт, тарс, тұрс, айт ...) tirkesi siyaqti tusiniw qajet. Apostrof «’» belgisin ne ucin qoldan’ganimdi tusin’gen cigarsiz dep oylaymin.

Қазақ латын әліпбиі • қазақ тілі • латын алфавиті • әліппе • 26 әріппен жазу

БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК «АЙТУҒА ОҢАЙДАН» КЕТІП, АДАМДАРДЫҢ БАҚЫТТЫ БОЛУЫНА КӨМЕКТЕСПЕКШІ

Кеше фейсбуктен осы сұхбаттың сілтемесіне өтіп, жаңа оқып болып отырмын. Жай оқымаймын. Толық оқып бітірудің енді ғана сәті түсті. Сұхбат маған ұнады.
… жас кезіңде ең мықты қабілетің қайсы, соны танып алмай, бақытқа жетуің неғайбыл. Ең үлкен қабілетіңді басқа нәрсемен алмастырмау керек ...
деп дұрыс айтады. Сосын жаңа үйленген жастар үй болмай жатып «Ажырасқан кезде дүние бөлісу» деп аталатын «Некелік шарт» жасап емес мынандай қағида жасап өмір сүрсе бақытты болады
… үйленетін кезде отбасының 10 қағидасын жасадық ...
Барлығыңа оқуға кеңес беремін. Ол кісі өзі журналист болған соң әңгімеде мысал ретінде журналист мамандығын көп келтіреді. Бірақ әңгімесінде «Қалай мықты мамандық иесі болу керек?», «Қалай бақытты отбасы болу керек?», «Қалай саны көп, сапасы мықты ұрпақ тәрбиелеу керек?» деген мәселелерді қозғайды. Себебі өзінің білетіндерін жастарға үйретіп, елге қызмет етпек екен. Бейсенбек ағаға іске сәт, жұмысыңыз жемісті болсын деймін. Осындай жол көрсетер ағалар көп болсын.
15000 символдан асып кеткендіктен мәтінді қысқарттым. Толығы мында.
Әрі қарай

Казахская - QWERTY


«Казахская — QWERTY» клавиатура нұсқасы «Microsoft keyboard layout creator» программасымен «Windows 7» жүйесінде жасалды. Орнату үшін архивті ашып, ішіндегі «Setup.exe»-ні іске қосу керек. «Панель инструментов»-тағы «Языковая панель — КК (казахский)»-дің қасына кішкентай клавиатураның белгісі шығып тұрады. Сол кнопканы басып ішінен «Казахская — QWERTY» таңдау керек. Кириллица мен латыншаны ауыстырудың горячий клавишасы: Ctrl+Shift. Өшіру үшін қайтадан «Setap.exe»-ні іске қосу керек. Сол жерде ағылшынша өшіру деген кнопка бар. Соны басса өзі өшіреді.
Казахская — QWERTY (502,2 кб): Жүктеу

*Ескерту: бұл бекітілген нұсқа емес
**казахская — орысшамнан қате кетсе де қазақшамнан қате кетпесін
Әрі қарай

Казахская - Latin

Казахская - Latin

«Казахская — Latin» клавиатура нұсқасы «Microsoft keyboard layout creator» программасымен «Windows 7» жүйесінде жасалды. Орнату үшін архивті ашып, ішіндегі «Setup.exe»-ні іске қосу керек. «Панель инструментов»-тағы «Языковая панель — КК (казахский)»-дің қасына кішкентай клавиатураның белгісі шығып тұрады. Сол кнопканы басып ішінен «Казахская -Latin» таңдау керек. Кириллица мен латыншаны ауыстырудың горячий клавишасы: Ctrl+Shift. Өшіру үшін қайтадан «Setap.exe»-ні іске қосу керек. Сол жерде ағылшынша өшіру деген кнопка бар. Соны басса өзі өшіреді.
Казахская — Latin (502,2 кб): Жүктеу

*Ескерту: бұл бекітілген нұсқа емес
**казахская — орысшамнан қате кетсе де қазақшамнан қате кетпесін
Әрі қарай

Сопылар сотынан үзінді


үш айға созылған «Сопылар сотының» 1 сағат 23 минут 16 секундтық үзіндісі. ең соңғы жағында Исматулла тақсыр сөйлейтін жері бар. өзім әлі толық қараған жоқпын.

видео алынған жер: Думан ӘЛИ. Бабажановтың кеңесі Лама Шәріпке керек пе?
Әрі қарай

box.net - АКЦИЯ!!!

14 қазаннан бастап box.net-те акция болып жатыр. iPhone/iPad-қа қосымша көшіріп алғанға қойманың көлемін 50 ГБ-қа кеңейтеді. Акция 50 күн болады, немесе 2 желтоқсанға дейін. Акция біткен соң 50 ГБ сенің жаныңда қалады.
http://habrahabr.ru/blogs/services/130483/
Әрі қарай