«Сым» Көбіне автокөліктерде қолданылады. «Жетіп алғанша шыдаса болды». Бірақ сол көлік сатылғанша не тұрып қалғанша қолданады.
«Газды сусын» Шарапты ашуға қолданылып жүр. Үлкен құдалықтарда сырт айнала төбелеп жатқандарды көріп жүрміз. Штопр тиын тұрады. Құнт жоқ алуға.
«Алтындар» Асемдігің мен байлығыңның мөлшері болған бұл алтын ломбардқа қою мақсатында сатып алынып жүр. Бір мәрте ломбартқа барған алтын сол жерге барғысы келеді де тұрады.
90 шы жылдары есімде. Ол кезде біздің ауылға кешкі 19-00 ден түнгі 23-00 дейін қостыратын маторлы генератор бар. Оның пірі ауылдағы Тұрқара ағамыз. Жарқ етіп жанғанда әжеміз «Ей көзің ашылғыр Тұрқара» деп қояды, ал сөнгенде «Көр болғыр Тұрғара» деп қоятын жарықтық. Шам намазынан кейін атам кезінің ең мықты теледидары болған лампалы «Рекорд» теледидарын қостырады. Алатыны екі канал. Орыс арнасы 1 Останкинодан «Времья» бағдарламасы мен Кашпировскийдің сеансы көретініміз. Атам мен әжемнің жасына сәйкес болуы керек белдері ауырып, табаны қызып, буындары қақсайды…
Қаншама жыл өтіпті. Кеше телеарнада «Кашпировкий Қазақстанда» дегенге есіме түсіп отырғаны. Сол кісінің өзі ме екен, әлде басқа ма? Түрі жас көрінеді. Өзгермеген…
Мақтана бермеңдерші. «Келе жатырмыз» «Бара жатырмыз» деп. Онсыз да ішім күйіп жыным кеп отыр. Блокгамке бара алмайтын болдым. «Ақылы қарнында» семіз бастық іссапарды қырсық шалып 18-25 аралығына қойыпты. Сөйтіп «Жақсы емес адамдар» Алматы 2 ден сағат 05-52 де поездбен кетіп барамыз… Барғандай болмайды, амалсыз теледидардан көруге әрекет жасаймын. Мүмкіндік болса суреттер, видеоларды көптеп түсіріңдерші. Жақсы өткізуге тілектеспін.
Көңілге тиетін жайттар көп қарап тұрсам. Қылмыс бағдарламасында және жаңалықтар бағдарламасында- 90 пайызын рейтингтеп ұстап тұрмыз. Қайда қарасаң "Х" номірлі көлік қағып кетті, ұрып кетті, атып кетті, сатып кетті, қырып кетті, жұлып кетті, ұрлап кетті… таусылмайтын кетті. Ең сорақысы парақорды соттаған сот парамен сотталып, пара беріп шығып кетті.
Мен де өзім сол Шымкенттікпін. Стажировка бітіп жұмысқа тұрғаннан кейін бастығым менің құжаттарымды қарап отырып "ТЫ ТОЖЕ ЧИМКЕНТСКИЙ?" деді. Түркияның түрігі.
Қазірде бақандай 5 жыл өтті. Адамның барлығы бірдей емес. Жақсы да жаман да адамдар. Дауым жоқ. Бірақ бізді жоққа санағандықтан ау деген де ойға келдім сол «Х» ті...
Алматы. Наурыздың бірі. Әр күнгідей аялдамада көп адам. Сығылысып ілініп автобусқа кіріп алдық әйтеуір. Аяғымыз үш аялдамадан соң жерге түсті. Студенттер, егде адамдар, оқушылар басым көпшілігі. «Бүгіннен бастап жүру құны барлығына бірдей 50 теңгеден» деп жүргізуші көңілді күйін танытып жарияға жар салып жатыр. Адамдар: — Студенттер мен пенсионерлерге 25 теңге гой.