Бір қарағанда олардың сөйлейтін тілі, көретін көзі, еститін құлағы, иіскейтін мұрны, қысқасын айтқанда ешбір сезу мүшесі жоқ болып көрінеді. Сол себепті де оларды таптап өткенде немесе тамырымен жұлып алған кезде жүрегіміз дір етіп, бойымызда аяныш сезімі пайда болмайды. Ал шын мәнінде олардың жасы адамзат жасынан әлдеқайда үлкен. Олар жануарлар эволюциясын, жердің беткі қыртысын өзгерткен. Олар біз біле бермейтін сан түрлі қасиетке ие. Керек болса Сізді емдеп, ыстықтасаңыз — сая, тоңсаңыз жылу сыйлап, қарныңыз ашса азық бола алады. Ал жөнді-жөнсіз „жанын жаралай„ берсеңіз, Сізден өш алып, өлтіреді! Бұл жазба жер планетасының жаны, һәм ақылы – өсімдіктер туралы болмақ.
ШҚО, Тарбағатай ауданындағы Барқытбелдің баурайында Ырғызбай әулие кешені бар. Шығыстың рухани орталығына айналған жерде әулие кесенесі, „Аманат„ атты мұражай, „Дала даналары„ атты кітапхана, жетім балаларға арналған және зиярат етіп келген адамдар қонатын кешен салынған. Әулие Ырғызбай кешенінің директоры Тағабай Болат Құнанбайұлы осы уақытқа дейін 45 000 асық жинаған.
Жылқы жылы мен үшін жақсы әрі күтпеген жаңалықтарға толы болды. Наурыз айының аяғында декреттік демалысқа шықтым. Үйде болған алғашқы екі-үш күнде өмір тоқтап қалғандай сезімде болдым. Редакторымның «Мүмкіндігің болса, мақала жазып тұршы» деген ұсынысы«Босанғанша немен айналысамын? Ішім пыстыыыыыы» деген ойдан арылуыма себепші болды. Қалаған күні немесе шақыртқан күні жұмысқа барып тұрдым. Сөйтіп жүргенде бастығым «Зарина, бұл түріңмен жұмыста босанып қаласың ба деп қорқам. Ертеңнен бастап жұмысқа келмеуіңе болады» деді. Арада бір-екі күн өткеннен кейін, 14.06.14 күні бөпелі болдым. Бұл биылғы жылдағы ғана емес, осы уақытқа дейінгі өмірімдегі ең, ең, ең үлкен, ең, ең, ең жақсы, сөзбен жеткізе алмайтынкеремет жаңалық.
Өз музейіммен мен адамдарды өз-өзін мақтан тұтуға тәрбиелегім келеді. Мен көп жерді шарлап, көпті көрген адаммын. Байқағаным, әзірге тек еуропалықтар ғана өздерін, өз мәдениетін мақтан етеді,
Шамамен он бес мыңнан астам тұрғыны бар Зайсан қаласында жүзге жуық сауда үйлері мен дүкендер бар. Халыққа қажетті заттың бәрі сатылатын сол сауда үйлерінің бірі — "Қара Ертіс". Жерлестері «Жекен аға» деп атап кеткен Жеңісбек Кәрібаев сауда үйін ғана емес, өзінің "Қара Ертіс" деп аталатын мал шаруа қожалығын да басқарады.
Сәлем, кішкентай Зарина! Сенімен сөйлеспегелі көп болды, өзіңді сағынып қалыппын… Соңғы рет қай жақта, қай жерде қоштасып едік? Тіпті ол да есімде қалмапты.
Отбасы – қоғамның бір бөлшегі болса, отбасындағы әрбір бала – қоғамның бір мүшесі. Балаңыздың тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табуы үшін қандай әрекет жасап, қандай тәрбие беріп жатырсыз? Көптеген жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесін балабақша еншісіне қалдырады. Бұл қаншалықты дұрыс?
Егер балаңыздың салауатты өмір салтын ұстанғанын қаласаңыз, ең алдымен өз іс-әрекетіңіз арқылы үлгі бола біліңіз. Себебі, бала көбінеки Сіздің айтқан ақылыңызды емес, күнделікті жасап жүрген іс-әрекетіңізді қайталайды. Өзім де бала тәрбиелеп отырғандықтан, босанған Аналарға керек болады деген кеңеспен бөліспекпін.
Голливудтың есінде бар санаулы актерлердің бірі – Кирк Дуглас. Киноға түспегеніне бес-алты жыл өтіп, жасы жүзге таяп қалса да бұрынғы қалпын сақтап, тың ойлар айтады. Сіздерге оның 97 жасқа толғанда жазған хатын ұсынбақпыз.
Мен бірінші рет өзіміз туралы, яғни әлсіздіктерінен сүрініп жатса да өздерін мықты санауын қоймайтын ер адамдар туралы жазып отырмын.
Бірде менің әпкем өз бөлмесінде отырып көз жасына ерік берді. Оның не үшін жылап отырғанын білу үшін қасына барған әкеме мен де мұңая қарадым. Олар бірнеше сағат әңгімелесті. Сол кешкі әңгімеде әкемнің айтқан бір сөзі әлі күнге дейін жадымда жатталып қалды. Арада сегіз жыл өтсе де әр таң сайын сол сөзді еске алып келемін. Ол сөз маған күш-жігер береді.
Әкем әпкемнің шашынан сипап отырып:
— Қызым, саған нағыз адам кездеседі, содан бастап көз жасыңды тыятын боласың, — деді. Сол кезден бастап мені өзіме «Ұсақ-түйектен жоғары бола білетін нағыз адам болудың жолы немесе нақты ережесі бар ма екен?» деген сұрақ қоя бастадым. Уақыт өте келе «Егер ер адамдардың бәрі рухы биік, жаны мен жүрегі таза болуы үшін күресе білсе, бұл әлем мүлде басқаша болар ма еді» деген ойға тоқталдым. Нағыз адам деген қалағанының бәрін сатып алуға мүмкіндігі бар адам емес екендігін түсіндім. Әкем әпкеме:
— Саған қамқор болудың орнына тек қана өзі туралы айтудан жалықпайтын, өзін өзі мақтап, жеткен жетістігін тілге тиек ете беретін адамнан аулақ бол. Кемшілігіңді үнемі бетіңе басып, бойыңдағы көп нәрсені өзгерту керек деп санайтын адаммен тағдыр жолыңды қоспа. Өзгере алмағаның үшін тастап кете баратын немесе сені өзгенің әдемі көзі мен мінсіз мүсініне айырбастай салатын жолдас саған не керек? Жан дүниеңді көзбен көріп, жүрекпен сезе алмайтын жан саған қажет пе? – деді.
Осы сөзден кейін мен нағыз адам болу – ақшаң көп, қарның тоқ, мінер көлігің мен тұрар үйің болып, сұлулардың ортасында жүру емес екендігін түсіндім. Жаны таза, мақсаты айқын, шынайы бейнесін көрсетуден жасқанбайтын, әйел бойындағы рухани құндылықты бағалай білетін адам, міне осы нағыз адам!
Менің әпкемнің тұрмысқа шығуы оған бақыт әкелді. Оның өмірлік серігі нағыз адам деп айта аламын. Ол адам атақты да, танымал да, мансап қуған немесе ең ауқатты да адам емес. Бар болғаны ешқашан, ешуақытта әпкемнің көңіліне кірбің түсіріп, жылауына себепші болған емес. Әпкем екеуі бірге жеткен армандары мен жетістіктері үшін қуанып, шүкір етеді. Олардың отбасылық өмірлерінің әрбір сәті қуанышқа, бақытқа, сәулелі сәтке толы. Олардың жұп жазбай келе жатқандарына көп жылдың жүзі болды, қазір олардың үш ұлдары бар.
Ол нағыз адам, яғни жездем, әпкемді жақсы көретіні сондай әлі күнге дейін маңдайынан иіскеп, еркелетіп отырады. Маған да сондай күндерді көру бақыты бұйыртсын деп тілеймін!