Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

ШҚО, Тарбағатай ауданындағы Барқытбелдің баурайында Ырғызбай әулие кешені бар. Шығыстың рухани орталығына айналған жерде әулие кесенесі, „Аманат„ атты мұражай, „Дала даналары„ атты кітапхана, жетім балаларға арналған және зиярат етіп келген адамдар қонатын кешен салынған. Әулие Ырғызбай кешенінің директоры Тағабай Болат Құнанбайұлы осы уақытқа дейін 45 000 асық жинаған.

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„ -Мен 2001 жылдан бері асық жинап келемін. Ең басында асықтарды еш мақсатсыз жинадым. Асық санының қаншаға жеткеніне де мән бермедім. Бірде Алматы қаласындағы Прайм Плаза деп аталатын кинотеатр алдында асықтан жасалған аттың мүсіні бар екендігін естідім. Оны жасауға 9000 асық кетіпті. Ол мүсін қазір ұлттық музейде тұр екен. Былтыр Мәскеуден Рекордттар кітабына енгендігім туралы сертификат келді. Ол кезде асықтарымның саны 35 000 болатын, ал қазір 45 000-нан асып жығылады. Болашақта осы асықтарыма қатысты үлкен жоспарым бар. 2017 жылы астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне жинаған асықтарымнан әлдене жасап, елдің назарына ұсынғым келеді. Ол не нәрсе екендігі әзірге құпия. Сол уақытқа дейін асықтарымның саны 100 000-ға жететіндігіне сенімдімін, — дейді Болат Құнанбайұлы.

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Енді әулие Ырғызбайдың өмірі туралы аз-кем тоқтала кетелік. 1787 жылы өмірге келген Ырғызбай Досқанаұлы — орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие адам болған. Ол Тарбағатай тауларында жүріп түрлі емдік шөптерді жинап, дәрі-дәрмек дайындаған. Қытайдың емшілерімен тығыз байланыста болып, тәжірибе алмасып отырған. Ел аузындағы сөзге сенер болсақ, ол өзіне келе жатқан адамның қай жері ауырып келе жатқанын және оның емі қандай болатынын алдын ала біліп отырған. Тағы бір ерекшелігі – өзі емдеген адамдардан ақысын алмай, ал бай-ауқатты адамдар берген дүниені жетім-жесір, көмекке мұқтаж жандарға бөліп берген екен. 1850 жылы ажал сәті жақындап, дүниеден өтер кезінде „Мені осы құба жерге жерлеңдер. Зиратымды көтермеңдер, оны ұрпақтарым көтереді„ деп өсиет еткен екен. 1920 жылы Шыныбай есімді ұрпағының түсіне еніп „Менің басымда қозы-лақ ойнап жүр, басыма зират көтер„ деп аян беріпті. 1956 жылы ұрпақтары Ырғызбай атаның басына мазар тұрғызады. Ал 1966 жылы зиярат етіп келушілерге арнап тас үй салған. 1990 жылы халық болып жиналып, киелі орын болып саналатын жердегі кесенені ақ кірпішпен қаптайды. Алайда, уақыт өте келе ол кірпіш үгітіле бастайды.
-Соңғы жылдары Ырғызбай әулие кешеніне жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жаңа талаптарға сай музейі, кітапханасы, мешіті және басқа да ғимараты бар кешен салынды, — дейді Болат Тағабай. — Осы құрылыстың жобасын жасап, халық игілігі үшін пайдалануға өткізіп берген – ағайынды Сабуровтар әулеті. Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, „Ел ардақтысы„, „Ұлт мақтаны„ медальдарының иегері Бәделхан Камалханұлы өткен жылы Ырғызбай атаның кесенесін көтеріп, осы маңға жүз шырша әкеп отырғызды.

Кесене
Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Әулие Ырғызбай кешенінің директоры Болат Тағабай мазардың алғашқы ескерткіш тасын 1986 жылы әкесі — Құнанбай қойғандығын айтады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кесене құрылысы қайта жүргізіліп, оның маңайы жаңа нысандармен толықты. Кесене құрылысын бастаған кезде ешқандай сызба сызылмаған, Ырғызбай атаның бұрынғы тастан қаланған зираты сақталған. Ұлтжанды азамат Бәделхан Қамалханұлының көмегімен Павлодар жеріндегі Баянауылдан 60 шақырым жерде орналасқан Бірлік ауылынан 25 КамАЗ-ға тиелген шала піскен гранит жеткізілген. Ол өте құнды құрылыс материалы. 50 күнде қызыл гранит тастан салынған кесененің іргетасы жеті қабаттан өрілген. Ағаш, темір есіктер 40-50 жылда тозып кететіндіктен, тот баспайтын құрыш болаттан есік қойылған.

Мешіт
Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„
Ырғызбай әулие кесенесінің жанынан Алланың үйі — мешіт бой көтерген. Оның кірпіші Хиуадан әкелінген. Мешіт жақтан шығатын азан дауысы жүрегіңді тебірентіп, айналадағы тыныштық адамды ерекше жақсы күйге бөлейді. Мешітті Алматыдағы Абылай спорт кешенінің президенті, Шардың азаматы Жомарт Сәдуақасов салған.

„Дала даналары„ кітапханасы
Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Алыстан менмұндалап тұрған мешіттің жанында „Дала даналары„ деп аталатын кітапхана бар. Кітап сөрелерінен әдебиет, өнер, тарих, медицина және басқа да тақырыптарға қатысты кітаптардың түр-түрі бар. М.Горький, Л.Толстой және басқа да орыс әдебиетінің классиктерінің том-том жинақтары, 1950 жылы жарық көрген Ибн Синаның кітабы, 2-3 ғасыр бұрынғы қасиетті Құран Кәрім және басқа да 3 000-ға жуық құнды кітаптар осы кітапхананың кітап сөрелерінен орын тапқан. Кешен директоры Болат Құнанбайұлының айтуы бойынша, кітапханадағы кітаптарды Ырғызбай әулиенің басына келген адамдар сыйға тартады екен. Кітапхананы елімізге белгілі ғалым Мерей Ескендіров салған. Ол бүгінгі таңда Президент мұражайында қызмет істейді.
„Аманат„ музейі

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Ұзындығы 63 метрге созылатын музей екі қабаттан тұрады. Бұл музейде бүгінгі таңда екі мыңнан астам жәдігерлер бар. Болат Тағабай еліміздің қай түкпіріне барса да көне, құнды жәдігерлерді жинап жүреді.
-Антикварлық дүкендерден, шетелдерге барғанда ала келген және осы жерге келуші қонақтар сыйлаған жәдігерлердің бәрі осы музейден орын тауып жатыр, — дейді ол. — Музейдің бірінші қабаты жертөледе орналасқан. Ол жақ әзірге жәдігерлермен толыға қойған жоқ. Алдағы уақытта ол да қолға алынады. Осы уақытқа дейін 15 жыл бойы жинаған жәдігерлер екінші қабатта тұр. Жертөлеге түсетін баспалдақ жеті сатыдан тұрса, музейдің терезесінің саны да жетеу. Музейді бұрынғы Парламент депутаты, қоғам қайраткері Ерболат Әбсалямов салған.

Музейге кіріп келгенімізге араб тілінде жазылған „Алла тағала — жоғарыдағылардың жоғарысы„ деген мағынаны білдіретін картина ілініп тұр. Кешен директорының айтуы бойынша, ол Еуропаның үш елінен мөр басылып келген, ұрланатын картиналардың бірі екен. Босағадан оң жаққа бұрылған кезде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтан бастап қазақ халқының көрнекті тұлғаларының суреттері мен мемлекеттік рәміздерге куә боласыз. Музей ішінен көне заманғы астаулар, құтылар, емшілік мақсатта қолданылған ыдыстар, күміс ат әбзелдері, Отырар, Сауран, Бекет атаның басынан алып келген көне бұйымдар, әр рудың мөр таңбаларын, 1840 жылғы қара мылтық, самауыр, Нұғыман болыстың алтын жіппен тігілген парсы кілемі, бесік пен 1945 жылғы велосипед және басқа да өте ерекше жәдігерлерді көре аласыздар. Ырғызбай әулиенің емшілік мақсатта қолданған емдік шөптері де музейдің төрінен орын алған.

Қонақжай
Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„
Жалпы аумағы 200 гектарды құрайтын кешенде 100 орындық қонақжай, 250 орындық асхана, сонымен қатар балалар алаңы, асық ойнайтын арнайы орын бар.

Жетімдер кешені
Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„
Бұл жерде жетім балаларға арналған кешен бар. Оны көгалдағы хоккейден қазақ ішінен тұңғыш болып шыққан алты рет әлем чемпионы болған Берікқазы Сексенбаев салған. Болат Құнанбайұлы Жаңа Шүлбі және Көкпекті балалар үйімен 2001 жылдан бері тығыз байланыста екендіктерін айтады. Қазіргі уақытта аты аталған екі балалар үйінен 11 бала әулие Ырғызбай кешенінің патронаттық тәрбиесіне көшкен. „Мейірім„ акциясы шеңберінде әр балаға ай сайын бөлінетін 50 мың теңге балалардың „Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіндегі„ есепшоттарына аударылады. 23 жасқа толғаннан кейін ол балалар жеке есепшоттарында жиналған қаражат арқылы баспанаға қол жеткізе алады.
-Жазғы демалыс кезінде балалар үйінде тәрбиеленушілер 15 күн сайын осы жаққа кезек-кезегімен келеді, — дейді аты аталған кешен директоры Болат Тағабай. — Бала кезде жазғы демалыста ата-апаларымызға қалай асығушы едік, бұл балалар да осы жерге солай асығады. Біз оларды демалдырумен қатар, еңбекке баулимыз. Қыз балалар әр түрлі тағам жасап үйренсе, ер балалар кешен маңын таза ұстауға өз үлестерін қосады. Олар таңғы астарын „Берген ризық-несібеңе рахмет„ деп, Аллаға алғыс айтып барып ішеді және кетер кезде жатқан жерлерін жинап, тазалап кетеді. Оларға біздің тарапымыздан қойлатын басты талап — оқу үлгерімдері мен тәртіптері жақсы болуы керек.

Не үшін барамыз?
Болат Тағабай мырзаға:
-Әдетте бұл жерге кімдер және не үшін келеді? — деген сұрақ қойған едік:
-Бұл жерге әр түрлі жастағы және әр түрлі ұлт өкілдері келеді. Осы уақытқа дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, Германия, Франция, Қытай, Ресей мемлекеттерінен зиярат етіп келушілер болды. Біреу деніне саулық, ал енді біреу бала тілеп келеді. Көкпекті, Жарма, Аягөз, Зайсан, Тарбағатай аудандарының түлектері жыл сайын автобус жалдап, осы жерге арнайы келіп, құрбандық шалады. Олар жай келіп, жай кетіп қалмай, бізге көмектесіп кетеді. Маусым айында осы кешен ішінде 100-200 шақты оқушылар жүреді, — деген жауап алдық.
-Тілектің қабыл болуы жер таңдай ма?
-Ол адамның ниеті мен сеніміне байланысты. Бұл жерге келген адам тілеуін Ырғызбай әулиеден емес, Алла тағаладан Ырғызбай әулиенің құрметіне деп сұрайды. Тағы бір айта кетерлігі, әулие Ырғызбай кешенінің маңында бұлақ пен емдік батпақ бар. Олардың құрамына зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрген едік, шынымен де көптеген дертке дауа бола алатын қасиетке ие болып шықты. Көзі мен асқазаны ауыратын адамдар арнайы келіп, бұлақ басынан суын, ал экзема, псариаз және басқа да тері ауруларына шалдыққан адамдар осы жерден емдік батпақ алып кетеді.
-Келген адам осы кешенде неше күн тұрақтай алады?
-Бұл жер апталап, айлап демалып жататын жер емес. Күндіз келген адам құрбандығын шалып, тілеуін тілеп, осында бір күн қонып, таң бозарып атар шақта қайтып кетеді. Жалпы орташа есеппен күніне елу адамға дейін қабылдай аламыз.
-Зиярат етіп келушілердің тамағын кім әзірлейді?
-Бізде бұрыннан қалыптасып қалған жүйе бар. Бұл жерге келген әр адам өз-өзіне және өзінен кейін келетін адамдарға қызмет жасайды. Егер сіз зиярат етуге келген болсаңыз, осы жерде сізге дайындап қойған тамақтан дәм татып, одан кейін өзіңізден кейін келетін адамдарға тамақ дайындайсыз. Бұл жердегі қызметкерлердің міндеті – сізге жататын бөлменің, тамақ жасайтын бөлменің қай жерде екенін және ыдыс-аяқтың қайда тұрғанын көрсету.
-Бұл кешенде неше қызметкер бар?
-Бұл жерде он шақты адам жұмыс жасайды. Екі молда, аспаз және тазалық жұмыстарын жүргізетін адамдар бар. Олар зиярат етушілер алып келген садақа есебінен жалақыларын алады.
-Алдағы уақыттағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
-Біз аудандағы әкімдікпен тығыз байланыстамыз. Олар қыста қар күреп, жолымызды тазалап береді. Сол себепті де бұл жерден адам қарасы үзілмейді. Осы жерде жыл сайын Республикалық Құран Кәрім оқу жарысы, жас балуандар күресі өтеді. Ондай кезде шамамен 2000-3000 адам жиналады. 25 тамыз күні асық атудан Республикалық турнир ұйымдастырылмақ. Алдағы уақытта аудан орталығынан кешенге дейін электр желісі тартылмақ.

Блог - ademi_alem: Болат Құнанбайұлы: „45 мың асық жинадым„

Зарина Әбілмәжінова
Фотосурет автордікі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше