Жарияланымдар

Қазақ тілін "Қазақстан Теміржолы"-нша қорлау

"Қазақстан Теміржолы" қазақ тілін қорлап жатыр. Тәуілсіздігін алғанына 20 жыл толса да мемлекеттік тілін осындай сорлы халде ұстап отырған ел бар ма әлем де?!
Құдайға шүкір, қазір еліміздегі теміржол станцияларының 90-95 пайызының қазақша атауы бар. Солай бола тұра орысша жазылғанымен қоймай құлаққа жағымсыз қалыпта жазуға не түрткі?!

Отансүйгіштік «Нұр Отан» мен «Жас Отанның» логотипі бейнеленген кепка мен футболканы кию емес, ана тіліңді, өмір сүріп отырған еліңнің тілін құрметтеуден басталмайды ма екен.
Әрі қарай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жоқ қой қазір, журиктер!

Газет шығарушылардың көбісін топас десең, журналистерге тиеді. Ұрлық жасайтындарын шетке ысырып қойып, газеттерінің төлқұжатын дұрыс толтыра алмайтындарға тисейік енді.

Шымкентте не көп, арзанқол газет көп. Барлығы дерлік қазақ тілінде жарық көреді. Қазақтілді газеттердің сорлы халін көріп, "қазақ тілі газет шығару саласында да дамымай жатыр екен" деуден басқа ауызға сөз түспейді. Жазатындары 5-6 сөйлемнен аспайтын шимай, көбінесе. Онысымен қоймай, «тұщымды мақалаларды Интернеттен алып жариялап отырамыз» деп қояды арасында. Оны қойшы…

Әр газеттің тиісті министрлікте тіркелгендігін растайтын тіркеу куілігі болады. Газеттің төлқұжатында тіркеу куәлігін берген министрліктің немесе сол министрлікке қарасты басқарманың (немесе комитеттің) аты жазылады. Бұл — адамның төлқұжатында берген мекеменің аты жазылғандай жағдаймен пара-пара.

Мынаған қараңыздар.
Әрі қарай

Түрік газеттері және көзмоншақ

Түрік халқы да ырымшыл ма деймін. Түркияның бірнеше газеттерінің логотипінде «көз тимесін» функциясын атқаратын көзмоншақ бейнеленген. Солардың бірен-саранын ғана таба алдым Интернеттен. Мысалы, мынадай:
Әрі қарай

"Жас нәресте сатамын, бедеулер!"

Жамбыл облысындағы жекеменшік перзентхананың бас дәрігері нәресте саудалаумен айналысқан. Әзірге оның 5 шарананы сатқаны белгілі болды. Тағы осындай үш оқиғаға қатысты ақпарат қазір тексеріліп жатыр — дейді КТК.

«Сенім» атты жекеменшік перзентхананың бас дәрігері бала туа алмай жургендерге бөтен әйелдің балаларын 6 мың АҚш долларына сатып келген. Жауыздыққа барған дәрігер құрықталыпты.
Әрі қарай

Ұятсыз педиатр немесе өмірде жоқ адам былайша мақала жазады

«Ана мен бала» сайтында жарияланған "Итарбаның (ходунок) пайдасы мен зияны" атты мақаланы ұрлап, «Балбөбек-ай» журналында ұрлап басушылар мақаланы аздап өзгертіп, көптеген сөйлемдерін сол қалпында жариялаған. Онысын қойшы… ұрлаған мақалаларының астына қайдан алынғаны белгісіз бір педиатрдың аты-жөнін жазып қойыпты. Сонда оны жазған адам мен оны сайтымызға шығарған біз ақымақ екенбіз, ал дайын мақалаға иелік етіп, өмірде бар-жоғы белгісіз бір адамның атын жазып қойған журналистсымақтар ақылды екен.

Әрі қарай

"Әйел денсаулығы" газетінің ұйымдасқан қарақшылық тобы

"Әйел денсаулығы" газетінің сұмдық ұрлығы жайлы бұған дейін жазып, ол газетті сотқа да бердік. Жан-жақтан болған наразылықтарға қарамастан газеттің бесінші санында да ұрлықы мақалалар көптеп жарияланыпты.

Бұл газетте істейтін Гүлжан Жұмағазиева, Гүлжан Ескендірқызы, Салтанат Сарманова, С.Дастан, Б.Бақтыбаева сынды журналистсымақ адамдардың барлығы дерлік Интернет-ресурстардан мақала ұрлап, сол мақалаларды газет бетіне шығарғандары үшін жалақы алып отырады. Бас редакторын қызметкерлерінің ұрлығы қатты алаңдата қоймайтын сыңайлы. Бас редактордың телефон нөмірі: 87024138463 (қажет болып қалар авторларға)

Енді суреттер сөйлесін...
суреттерге бассаңыз, сол мақалалардың Интернеттегі түпнұсқаларына бара аласыздар
Әрі қарай

Соттан қанай хабар бар?

Соттың болғанынан боладысы қызық демекші, «Соттан қанай хабар бар?» деп сұрап жатқан ағайындар көбейді.

Жауап: Әлі күнге дейін ешқандай хабар жоқ. Сотталуға сұранып тұрған газет-журналдардың үстінен арыз жазбай тұрып алдыңғы сотқа тапсырған арыздың соңы не болар екен деп отырмын. Бір ойым, бір мәселе (авторлық құқықтың бұзылуы) бойынша әр газеттің үстінен екі немесе үш жерде сотқа арыз берсем, ол соттардың әрқайсысы әр түрлі шешім шығарса, кейін оны "мына бейбақ шешімдерге қараңыз, ағайын!" деп, шулатып жіберсем бе деп қоямын.
Әрі қарай

Сорлы газИттердің қулықтары

Сорлы газИттердің қулықтары немесе құрыған редакциядан қандай шығарма немесе газеит шығады?!

Соңғы уақыттарда бос уақытымның көбі және назарым арзанқол газиттерге ауды. Себебі де біразыңызға түсінікті болғандай қарақшыларды әшкерілеу. Осылайша талай газиттің бетін ашып, бір реттен шолып шықтым.
Әрі қарай

Бастау — маған сын, қоштау — сіздерге сын

Бірнеше күндік уақытымды сарп етіп, Шымкенттің 40-тан жоғары ауа температурасында әрлі-берлі сабылып жүріп Интернеттен мақала ұрлайтын газеттердің бірі саналатын "Әйел денсаулығы" газетін сотқа бердім. Уақытым өте тығыз болды. Бірақ бастаған істі соңына жеткізбей тастап кету ол газеттің битін семіртіп жібермесін, қалай да бір істі істейін деген оймен сотқа арыз тапсырдым. Соттың барысы мен шешімді уақыты келгенде біле жатармыз.
Әрі қарай