Жарияланымдар

Ұры журналистерге нан жоқ!

Ұры журналистерге нан жоқ! Осылай ұрандатқан баннерлер мен ескертпе жазуларды "Ұры журналистерге нан тауып беруге міндетті емеспіз!" дейтін сайттар іліп қойса қайтеді? Мен бір сайтқа солай іліп, мақалаларды көшірілімейтіндей қылып қойдым.

Немесе бір аптаны таңдап, соны ұры журналистерге қарсылық аптасы ретінде түрлі виртуалды шаралармен өткізсек деген ұсыныс бар. Әрине, оның іске асуы барлығымызға байланысты. Ары таза, сауатты журналистер журналист деген атқа кір келтіргендерге қарсы «соғысты» қолдайды деген үміт бар.
Әрі қарай

Соңғы дем...

Қайда барсаң да, қайда болса да,… ұры-қары, сауатсыз журналист.
Қазақ журналистикасының қаншалықты терең деңгейде екендігін айтып, жазып, саусақ гаргатудың қажеті жоқ. Қазақ журналистикасының деңгейін қазақша БАҚ пен тікелей өнімдері болып саналатын журналистерден көруге болады.
Егер журналистер жағында болсаңыз, "Бес саусақ бірдей емес. Барлық журналистке күйе жақпа!" деп, шайнаған кассетадай болмай, мені тыңдаңыз!
Әрі қарай

Мәжіліс таратылды

Мәжіліс таратылды. Ендігі уақытта 100 пайыз қолдап дауыс беруге машықтанған төртінші шақырылымдағы мәжілісмендердің қызметтері тарих қойнауына кетпек. Мәжілісмен ретінде қызметіне жауапты қарап, елдің сөзін жоғарыға жеткізгендер де, мәжілісмен екендігін құпияда ұстанағдай жым отырғандар да болды. Соңғыларын халық тұрмақ, журиктер де тани бермейді.

Менің ойымша, таратылған Мәжіліс құрамында болған депутаттардан мыналары өте белсенді болды (қай жағынан белсенді болғаны маңызды емес :)):
Бекболат Тілеухан, Мұрат Әбенов, Тәңірберген Бердоңғаров, Владимир Нехорошев, Нұртай Сәбильянов.
Әрі қарай

Шала қазақ болса да, Kcell-ден ақша алғандар аударсын!

Шала қазағы бар, бала қазағы бар, ойдан-қырдан жиналғандар, қазақ блогоферасына үш қайнаса сорпасы қосылмайтындар келіп, ҚИА атынан, және Kcell-дің қолдауы арқасында Уордпресс CMS-ін қазақшалады. Бұған дейін сынақ түріндегі аудармасын шығарғанда, қазақтілді блогшылардың сынына ұшырағандардың өздері де тілдері де түзеле қоймапты. Бала қазақтарға бас-көз болып жүрген шала қазақ "Wordpress на казахском" деп жарқ ете қалды. Сондағы айтып отырған аудармалары мынадай


Онысы аздай… Үлкен істі тындырғандай болып, былай дейді:
Әрі қарай

Netken, бұл неткенің?

Орта толсын! 3 қазанда Қазақ Интернеті тағы бір қазақтілді қазақы сайтпен толығыпты. Ол сайттың атауы Netken.kz екен.
Сайттың бісмілләсі былай басталады:

Netken.kz — нендей сайт?

Дәл қазір Netken.kz Қазнеттегі ең қарқынды, сапалы әрі нақты ақпарат таратушы интернет-басылым ретінде қалыптасу жолында.Сайттың санаулы адамдардан тұратын шығармашылық тобы оқырмандарға ең маңызды деген ақпаратты дер кезінде жеткізуге барынша тырысады. Оларды, бірінші кезекте «Жаңалықтар» айдарынан таба аласыздар.
Әрі қарай

Creative Commons және Мәліметтер.орг

Қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайында Қазақстан Пираттар партиясының төрағасы Марат ағамыздың өтініші бойынша Creative Commons лицензиялары туралы және олар арқылы авторлық құқықты қорғау туралы презентация жасаған болатынмын. Ол уақытта "Ана мен бала" сайты мен "Мәліметтер.орг" сайтына қатысты авторлық құқықтың өрескел бұзылулары тіркелмеген еді. Алғашқы сайттың ашылғанына 3 апта болып еді.
Әрі қарай

Бөлме қабырғаларының түсі адамның миына әсер етеді


фото: newhouseofart.com
Бір жерден оқығаным бойынша: Бөлме қабырғаларының түсі адамның миына әсер етеді екен. Жасыл түсті қабырға тыныштықты білдіреді, сары мидың жұмысын белсенді етеді, қызыл түсті қабырға құлшыныс тудырып, ынталы етеді. Ал ақ түсті қабырға default
Мүмкін болса, үйдің бөлмелерін әр түрлі түстермен көмкерген жөн деседі. Ас үйге ашық жасыл түс жарасады.
Әрі қарай

Қаламақы төлесең де...

Биыл 19-20 наурызда Алматы қаласында өткен қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайында «Ана мен бала» сайты Kcell-дің 100 000 теңгелік грантын ұтып алған болатын. ҚР заңдарына сәйкес, сыйақының 10 пайызы мемлекетке салық ретінде төленеді екен. Онысын төлегенде, біздің қолымызға 90 мың теңге тиді.

Грантқа ие болған сәтте ол ақшаның аталған сайтқа мақала жазатын авторларға (сайт әкімшілігіндегілерге ақы төленбейді) қаламақы рет берілетіндігін де айтқан болатынмын. Сол айтылғандай, қазірге дейін (алты айда) 90 мың теңгенің 50 мың теңгесі жұмсалды. Жарты жыл үшін бұл соммадағы ақша өте аз. Оның нәтижесін сайтымыздағы мақалалардың жаңару жиігінен көруге болады.
Әрі қарай