Жарияланымдар

Тавтология 2.0

басы
Тавтологияға жол берген журналистің бәрі бірдей дарынсыз емес. Менің ойымша мұның басты екі себебі бар: уақыттың тапшылығы мен еріншектік.
Тележаңалықтар – конвейер. Кейде мәтінді көркемдеу түгіл, эфриге үлгерудің өзі мұң. Уақыт аздығының емі – тәжірибе. Жүзуді жүзіп үйренетіні сияқты, жазуды да жазып үйренесіз (не деген тавтология).  
Әрі қарай

Қолымнан келеді

Бұл төмендегі видеодағы әннің аты. (Авторы: Джейсон Барри) Оның әсерін шығу тарихы еселей түседі. Наурыз айында Канаданың Китченер қаласында хоккейден халықаралық арнайы турнир өтті. Бұл жерде ең маңызды сөз – арнайы. Өйткені, спортшылардың барлығы дамуы кенже қалған балалар. Олардың коньки теуіп, хоккей ойнай білуі міндет емес. Алаңға шықса болғаны. Бастысы көңіл көтеру. Әншейінде мүмкін еместей көрінетін әрекетті дәл қазір істеп көру. Көппен бірге болуды, ортақ мәселені шешуді үйрену.
Әрі қарай

Тавтология

Журналистика факультеттерінде жазу шеберлігіне үйрететін мұғалімдердің ең басты міндеті – студенттерді тавтологиядан арылту. Екінші міндеті де осы, үшіншісі де! Тавтология қазіргі журналистиканың, әсіресе тележурналистиканың тіліне әбден дендегені сонша норма ретінде қабылдайтын күйге жеттік.
Әрі қарай

Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?

Жә, сабыр. Ашуланбай тұра тұрыңыз. Біреудің жынын келтірейін, болмаса, мағынасыз жанжал тудырайын деген ниетім жоқ. Шын сұрақ.
Қазақ ұлтының сақталып қалғанына мүдделі адамдардың бірі мен. Осы уақытқа дейін ұлт, тіл туралы біраз әңгіменің басын шалыппын, жалпы, бәріміз сөйтіп жүрміз ғой. Енді, қызықты қараңыз. Жақында бір қарындас: "Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша",- деген сұрақ қойды. Әуелі абдырап қалдым. Өйткені бұл туралы ойланып та көрмеппін. Содан соң бар ойымды жиып, мейілінше түсінікті, пафоссыз, ұрансыз жауап беруге тырыстым. Жауабым қаншалықты қанағаттарлық шықты, білмедім. Енді сізден сұрап отырмын.
Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?
Әрі қарай

Әйелдер тұрақсыз

La donna è mobile. Джузеппе Вердидің «Риголетто» операсындағы Мантуан герцогінің ариясы. «Әйелдер тұрақсыз», — дейді герцог. «Әрдайым ізетті, әдемі бола тұра, олардың ойы мен дауысы құбылып шыға келеді. Күлгені де, жылағаны да өтірік. Оларға сенген еркек бақытсыз». Шамамен осылай аударуға болады.
Әрі қарай

Юнайтед: Ұрпақтар сабақтастығы

  • UNITED
Манчестер Юнайтед тарихындағы ұрпақтар сабақтастығы, тәрбие, мызғымас дәстүрлер туралы бір кітап жазуға болады. Сөзді көбейтпей, Куинз Парк Рейнджерс пен МЮ арасындағы соңғы матчқа қана тоқталайын.
Әрі қарай

Айтары бар суреттер

World Press Photо 2013-жылдың үздік суреттерін анықтады. Бұл жыл сайынғы дәстүр. Былтыр табиғи апаттардан көрі адам өз қолымен жасаған сұмдық оқиғалар көп болған сияқты. Жеңімпаз атанған суреттердің көбісі соғыс тақырыбында.
Әрі қарай

Таныс болыңыз: Маралбек

Жақында Ақтөбеден бір әріптесім сүйінші сұрап телефон шалды. Сөйтсем туған қаламда менімен аттас марал пайда болыпты! Иә, кәдімгі марал, үлкен мүйізі бар. Жә, басынан бастап айтайын.
Әрі қарай