Түрік тілін еш курсқа бармай-ақ жұмыстағы түріктермен сөйлесіп журіп тез үйреніп кеттім.Сөздері қазақшаға жақын болғандықтан ба?!..
Ал басқа тілдерді олай сөйлесу арқылы үйрене алмай жүрмін.
Дәл осындай құбылыс Тенгиз аспанынан көрінді тунде, белгісіз бір нысан көрініп, кейін жарылып, жерге ана видеодағыдай шашылып тускен, бізде анығырақ көрінгендей болды.
Соңгы жағын көріп қалдым,30 минуттай тұрыпты.
мақтанбасақта ішіміз ауырмай-ақ жүрміз.
Ешқандай дәлелі жоқ, жұрт қырти беред
Тәуелсіздікке түкірдім,
Түкірікті түгел шашып бітірдім!
Менен бұрын айтқан екен бір ақын:
«Имансызға керегі не пітірдің?!».
«Тәуелсіздік» деген өзі немене?
Бізге оны біреу әкеп бере ме?!
Мен білмедім Тәуелсіздік не екенін,
Білер, бәлкім, бізден туған немере…
Келді бізге Егемендік, Еркіндік,
Дүр сілкініп, дүниені жел қылдық.
Қанаты жоқ күрке тауық секілді,
Көкке ұшам деп, қопаң-қопаң желпіндік…
Он бес жылда халқым қалай өзгерген?!
Озып шықты Мырқымбайлар өзге елден.
Әкімдердің амандығын тілеймін,
«Қазақ тілін үйренем» деп сөз берген.
Еге ─ менмін,
еркін күліп, жылаймын,
Бұ дағы бір бақыты ма Құдайдың?!
Астындамын ─ ауыр ой мен уайымның,
Үстіндемін ─ алтын менен мұнайдың…
Сол қалпында… біздің елдің шалдары,
Сол қалпында шоқпыт-шоқпыт шалбары.
Адам болса, болды, әйтеуір, баласы,
Аман болса, болды, әйтеуір, малдары…
Мен өмірді сүргім келген басқаша…
Қорқам, бірақ, біреу атып тастаса.
Жемқор мырза жерін сатып бітірді,
Таңғалмаймын, елін сата бастаса…
Зейнеткерлер заманды айтса, зар қағып,
Жезөкшелер күлер жұртқа, паңданып!
Баян Сұлу базарда жүр жан бағып,
Қозы Көрпеш вокзалда жүр жалданып…
Ауыл, ауыл…
Айдалаға тасталған,
Жетім ұлдай әкесінен жас қалған.
Жарты әлемнің жинап алған жарығын,
Астанамыз көрініп тұр аспаннан…
Өткен күнін ойлай қалса… жұрт тынар,
Мөлт-мөлт етіп мола үстіне шық тұнар.
Еске түссе, қорлық көрген ұлдары,
Жер-Ананың төбе шашы тік тұрар!
Тәуелсіздік тұрмаса егер тілімде,
Жүректегі жеңілдемес жүгім де!
Тілім менің тентіресе жұрт кезіп,
Тәуелсіздік, керегі жоқ түгің де!
Айта берсем, мен байғұста арман көп,
Арманыма алданамын, нанған боп.
Қазақстан тәуелсіздік алғанмен,
Қазақ тілі тәуелсіздік алған жоқ!
Айналайын,
халқым, мені жек көрме,
Өкпе-назым көп қой, сірә, өткенге!
Ақындардың патшасы еді бір көкем,
Патшалардың ақыны боп кеткен бе?!
Тәуелсіздік,
көп қой саған борышым,
Шамам жетсе, берем енді қол ұшын!
Мен ─ сондаймын, мақтай алмай, қиналам,
Кең пейіл жұрт, кешір мені, сол үшін…
Байтақ елді басқа ұлдарың мақтасын,
Даттаса егер, мені ғана даттасын.
… Тәуелсіздікке түкірдім,
Тіл мен көзден Құдай өзі сақтасын!!!
Тфә, тфә, тфә…
Алмас ТЕМІРБАЙ.
Кеше сіңлім телефонын ұрлатып алды,
Осы Айгөлектің жазганы есіме тусіп, ашып карап отыр едім
Ал басқа тілдерді олай сөйлесу арқылы үйрене алмай жүрмін.
и шаршамадым да
Айтатының болса тақырып қоюшыға айт,
ортақ жауап айтқың келсе, астына пікір ретінде жаз.
осындай сөздердің баріне осылай жауап беріп отырасыз ба?!
«тырнақ астынан кір іздемей» отырсаңызшы.
Соңгы жағын көріп қалдым,30 минуттай тұрыпты.
Менің басымда да осы жағдай..