Жарияланымдар

Демалыс!

Еңбек демалысы!
Жыл бұрынғы жоспар бойынша Астанаға барамын деп жоспарлап едім. Ары Бурабай, тарихи орындар деп ойластырған тұғым. Бірақ, ол кезде келесі жылы қандай жағдайлар болып кететінін ескермеппін.
Ауылда боламын деп отырмын демалыста. Кітап оқуға уақыт таппай жүрген едім. Жиналып қалды кітаптар. Барлығын алып кетіп, біртіндеп қарап шығамын Алла бұйыртса.
Ауылда жүрген әр күнің демалыс қой. Шомылғың келеді ма, Сырдың суы ауылдың жанынан ағып жатыр. Ауылдағы ең көрікті жердің бірі осы Сырдан салынған көпір. Жаз кезіде алыстан қонақ келсе, осы көпірге апарып, Сырдың жағасына дастарқан жайып тастап күтесің. Күн ысығанда жағасынан адам үзілмейді. Ауылға ең жақын орналасқан халық тығыз орналасқан елдімекен Арыс қаласы. Осы Арыс қаласынан, әсіресе орыстар көп келеді демалуға. Негізі, орыс халқы қалай демалу керек екенін біледі. Тоғайдың арасында, дарияны жағалып, өздерінің барлық керек жарағына алаып келеді, түнемеге де қалады. Мектеп кезінде оқығаным бар еді, "қысыр әңгіме" деген газеттен, «бір жігіт бойында қуаты тасып тұрған, ауылында мал іздеп, тоғай аралап келе жатып бір адасып қалған орыс қызды көреді. Жылап жүрген қызға шала орысшасымен, менімен махаббатпен айналыссаң, күйеуіңді тауып беремін деп түсіндіреді. Сөйтіп, тірлігін бітіріп, күйеуіне апарса, күйеуі қуанып, ақша береді. Содан, мал іздеп шыққан жігіт, олжалы қайтады.» Бірақ, біздің ауыл жақта ондай оқиға болған емес.
Уақыт тығыз болып тұр. Ощм, ауылға барып, интернетсіз демалыс өткізіп қайтамын деп отырмын!
Әрі қарай

Форточканың қазақшасы қандай?

Авторы мен емес, шындығын айтайын, бірақ қазақша нұсқасын жазуды ұмытпаңыздар.

«Желкөз» деп атап жүр. Жел мен көз көз келмейтін сияқты. Терезенің «желкөзін» ашшы, немесе ашып жіберші. «Желтесік» деп аударыпты. Ол ващше келмейтін сияқты. Сіздің нұсқаңыз қандай?
Әрі қарай

Кондиционердің қазақшасы қалай?


Басқа тілден кірген, қолданыста жүрген тұрмыстық-техникалық заттар көп. Телефон, телевизор, сотка, компьютер, колонка және т.б. көп. Енді қазекем өз кезегінде қарап отырмай, осы терминдердің барлығын қазақшаға аударып шығады. Нәтижесінде қазақша жаңа сөздер пайда болады. Естіген құлақ қызық аудармалар көп. Телефон — сымтетік, сотка — ұялы сымтетік, немесе қалтафон, телевизор — теледидар, көгілдір экран деп жатамыз, айта берсең тізбектеліп кете береді.

Бүгін таңертең жұмысқа келсек, әріптес ағамыз (әрі ұстазымыз) екі жаңа сөз үйреніп келдім деп жаңалығын айта отырды. «Кондиционер» сөзінің қазақшасы қандай деп сұрақ қойды. «Салқындатқыш, желдеткіш және тб» сөздерді айттық, дұрыс емес деп жауап қайтарды. ФБ-дан сұрап көрдім, жауап келмеді. Бір уақытта табылды жауабы: «Ауабаптағыш!» біреулеріңіз естіген де боларсыздар, бірақ маған қызық көрінді. Салқындатқыш сияқты көрінеді кондер, бірақ ол толық мәнін ашып бере алмайды, ал «Ауабаптағыш» шынында да сәйкес келетін сияқты, арнайы шектегі ауаны баптайтын міндеті болғандықтан.

Екіншісін айтайын ба? Аға прокурор деген, «кәттә прокурор» екен)))))))))))))))))))))))))
Әрі қарай

Шайтан бар ма?

Бір жиында отырмыз. Шариғат туралы әңгіме жүріп жатыр. Арасында әзілі де аралас:
«Білім алып жүрген бір шәкірт „Осы бұрын пайғамбарларға шайтан көрініпті, шайтан үйтіпті деген мәліметтерді көп оқимыз. Қазір шайтан туралы айтылмайды. Неге?“ деп ұстазына сауал беріпті.
Ұстазы: — Қазір шайтан жоқ. Барлығы ақысыз демалысқа шығып кеткен. Шайтанның тірлігін адамдар жасап, оларға жұмыс қалмады!» анекдотқа бергісіз әңгімені айтып бір күлдіріп алды.
Жалпы шайтан Дәуіт пайғамбарға көрінген екен. Сонда екеуи сұқбаттасып, шайтан барлық адамдардың нәпсілерін тауып, әлсіз тұстарын атап көрсетіп жатыр екен. Дәуіт пайғамбар өзінің нәпсісін сұрағанда, айтыпты «сенің нәпсің қарның тоқтықта, қарның тойса ойланбайсың» деп жауап қатыпты. Соны естіген Дәуіт пайғамбар өмір бойы шайтанмен күресіп, бір күн ораза, бір күн ас ішіп өткен екен. Ең асыл ораза Дәуіт пайғамбардың ұстаған оразасы деп осыдан қалған екен.
Көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Тыңдап отырып, рухани ізденіске жол ашылғандай әсер қалдырды. Вирус — шайтан, антивирус — иман деп қазіргі заманғы ұғынықты тілмен тамаша теңеп түсіндіре білді.
Әрі қарай

Палау

Өзім көрген көпшілікке арналып даярланған палаудың пісу ретін ұсынғым келіп отыр.
Бірінші тамақ даярлайтын кезде не істейді? Қарайды. Қазанды орналастырып, пісте май құйып, қыздырады.

Етті ірі етіп бөлшектеп дайындап алады.
Әрі қарай

Қайсы айда туылдыңыз ?

Қайсы айда туылдыңыз?



1-ай: Хош иісті гүл

Табиғаты: Мінезі тәкаппар, қақаған қыстың қаңтар айында аяқ байлайтын мұздан да, қардан да сескенбейді,қажымас рух пен тәуекелшілдік қасиетке ие. Тура жаядан күлімдеп шығады. Қасиеті: Ақылды, икемді, әдепті, адамдарды сүйіндіреді. Аяулы мінезі бар, өмірлік сенімі зор, өмірлік адамгершілік істеріне де шебер. Махаббаты: Көзі түскен адам көп, бірақ барлығын көздегеніндей қол жеткізе алмайды, сондай болса да, нәр алуы жақсы, адамдардың құрметіне ие болып отырасыз! Кемшілі: Ырғынға кенеліп, пәк-тәкәппәрсініп, адамдардың өсегінен аулақ бола алмайсыз!
Әрі қарай

Тағдыр тауқыметі

Жұмыс бабымен іс сапарға аз да болса шығып тұрамыз. Сапар барысында түрлі көріністердің куәсі боламыз, қызықты оқиғаларға кездесіп жатамыз. Кешегі күні барған іс-сапармыздың маңызы ерекше болатын. Сондықтан да, жолға біршама дайындықпен аттандық.

Жол-жөнекей әңгіме дүкен құрып отырып, бет алған орнымызға (жабық мекеме) түскі астың уақытында келіп жеттік. Келген беттегі көріністер. Ішке кіруге өтініш қабылдайтын тар есіктің алдында кезек күтіп отырған азаматтар. Бірінің анасы, әпкесі, қарындасы, ағайыны, туысы, ағасы, інісі арасында ақ жаулықты әжелеріміз, қарттарымыз да бар. "Іштен шыққан шұбар жылан" деп, қоғамға қауіпті сотталғандардың артынан іздеп келіп отырған беттері. Сырттай қарағанда аянышты. Жұмысын тастап, үйдің қым-қуат бітпейтін шаруасына қарамастан, ұзақ жол жүріп келіп отырғандары, не қоғамға берері жоқ, отбасында да қарабет болып, мемлекетке қаншама шығын (ТМ сотталған бір азаматқа күніне 3500 теңге шығын кетеді екен) әкеліп отырған адамдар. Қоғамда болып жатқан түрлі жантүршігерлік оқиғаларды естіп, жаңалықтардан көріп жатасың. «Алла сақтасын» деп жағаңды ұстайсың ол кезде. Бірақ, сол қылмысты істеп жатқан адамдар да анадан жаратылған, бір отбасының мүшелері. Бірақ, оны қалай адам қатарына жатқызасың. Айуан екеш айуанда өз баласын өлімнен қорғай жанұшыра айқасады. Бірақ, бұл жерде мүлдем басқа жағдай орын алып жатқан жоқ па? Адамшылыққа тән емес әрекет жасайды, оның азабын өзгелер тартады. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» дейді қазақта. Жақсы ит құрлы қадірі қалмады емес па онда, Анасын әлекке түсіріп, артынан келтіріп, оны қанша уайым-қайғыға қалдырып жатса…

Есік алдында кіріп-шығып жатқанда болған жағдайлар. «Соңғы тиынымды санап келіп отырмын»- деп әйелі сөйлеп жатыр. Сонда, азын-аулық тапқан табысын (мына заманда жұмыс істеп, қаражат тауып көр) бала-шағасының аузынан жырып, өздерінен жырақ отырған адамға бару үшін жұмсап отыр. Одан не пайда? Ол сөзді естігенше өлгені артық емес па? Тірі өлік дей ма мұндайды.

Қарт әжені көзім шалды. Мейірім мен мұңға толы қарт жанар… Ненің азабы дерсің. Бірақ, тоғыз, тоғыз күн көтеріп, жарық дүниеге әкелген перзентін, көзі тірісінде қайда қияды. Сол әже ұлын дүниеге әкелгенде осындай болсын деп ойлады дейсіз бе? Мүмкін, жаңылды, қателік болды, тағдыр солай жазды, мүмкін жала жабылып кетті деп ойларсыз. Бірақ, оның темір тордың ар жағында отыруы факт емес па? Мейлі ол қандай жақсы азамат болсын бостандықта. «Балам, түрің не болып кеткен, әбіржіп. Шығам дегенше, ретке келші, айналайын» деп айтқан сөзін естігенде, жүрегіммен езіліп кеттім. Ана көңілі шіркін пәк қой. Неге, сонда, үлкен басымен, жаман әрекетке барар кезде, ең болмаса Анасын ойламайды екен. Сонда, шыныменде тасжүрек, қатыгез болғаны ма?

PS. қысқа көзбен көріп, білгенім осы. Онда әңгімелесіп отырып, естіген сұмдықтарды айта беруге ауыз бармайды. Жап-жас, мектепті бітіргеніне жыл толмаған жігіттер бірнеше жылды мойындарына іліп, кетіп жатыр. Сонда бесіктен белі шықпай жатып не көрді дерсің. Обал-ақ. Егер, аяғыңды шалыс бассаң, ешкім кешірмесі анық. Сондықтан да, осы жүрген бейбіт де еркін күнімізге шүкіршілік жасауымыз керек.
Әрі қарай

домбыра пати блогкэмп

Блогкэмпте түсірген видеоларым жинаулы тұр. Алдын фб-ға лақтырған едім біраз видеоларды, ішінде «мафия» ойыны да бар. Енді біртіндеп осы жаққа лақтырамын! Қазір Назгүлдің ән айтып отырған видеосын жіберемін!
Әрі қарай

Жағдайың болмаса үйлен!

Пайғамбарымыздың заманында бір мүмін: «Уа, Алланың елшісі менің жағдайым болмай жатыр, кедейліктің азабын тартып жүрмін» деп мұңын шағып барыпты. Оған Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Онда үйлен!» деп кеңес береді. Үйленген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Екінші рет тағы келсе, оған: «Тағы да үйлен!» деп айтады. Екіншісін алады. Өз басын зорға алып жүрген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Үшінші рет Пайғамбарымыздың алдына келеді, оған тағы да "үйлен!" деп кеңес береді. Төртінші келгенінде тағыда "үйлен!" деп айтады. Міне осы төртінші әйелі ғана пысықтау болып, олар бірлесіп жұмыс жасап, жағдайын түзеп, оңалады. Бұдан шығатын қорытынды, болашағың әйеліңе тікелей байланысты. Түрлі пікірлер болуы ғажап емес, бірақ: «Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге, жаман әйел төрдегі басын есікке жетелейтінін» атам қазақ тегін айтпаса керек.
Әрі қарай