Жарияланымдар

Жалған қайыршы

Жұмыстан қайтып бара жатқан жолда қаладағы көп бағдаршамдардың бірінде тоқтап күтіп тұрғам. Алдымыздан мүгедек арбасына мінген бір адам өтіп барады. Ол жолдың шетіне жеткенде жасыл түс жанды.
Әрі қарай

Туған үйдің түтіні

/Мейрамгүл апайдың айтқандарын шағын әңгіме қылдым/
Yйдегі қыздардың барлығы құдайдан сұрап алған ұлдың алдында құрдай жорғалайтын едік. Шын айтамын, оны, яғни інімді айтамын, құдайдан сұрап алыпты. Әкем, анам, әжем – барлығы “ұл бере көр” деп құдайға жалыныпты, жалбарыныпты.
Әрі қарай

Қадірі қашқан корпоративка

Жаңа жыл жақындағанда мекемелер мен кәсіпорындардың корпоративканы қашан, қай ресторанда қалай өткіземіз деуімен бастары ауыра бастайды ғой. Сол басқосуды “жақсылап тұрып” өткізбесе келетін жаңа жыл келмей қоятындай болатынын қайтерсің.
Әрі қарай

Мұңды мылқау

Қайсар ағай азық-түлік дүкенінде біраз жылдан бері грузчик болып жұмыс істейді. Мемлекеттен алатын жәрдемақысы аздық ете ме, әлде қол-аяғы сау болғасын үйде отыра беруді жөн санамай ма, дүкенде жұмыс жасап қосымша нәпақа табады.
Әрі қарай

Емшінің “шипасы”

Ауылдан нағашы ағамыз хабарласып, Гүлжиян тәтеміздің соңғы кезде сырқаты сыр беріп жүргенін, сол үшін қалаға барып дәрігерге көрінуге бел байлап отырғандарын жеткізді. Тәтемізді күтіп алу, баратын жеріне апару, қайтадан шығарып салу сияқты шаруалар маған қадалып тұрып міндеттелді.
Әрі қарай

“Мәңгілік ел”

Қаламыздағы (Павлодар) орталық көшелердің бірінде мынадай жазуы бар билборд тұр: “Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандап өткен азаттығымыздың жиырма жылдық мерекесі бар қазақтың есінде мәңгіге сақталатыны айқын”.
Әрі қарай

Телевизор сатам

Соңғы кездері таңертең жұмысқа келгенде және кешке қайтатын уақыттарда бір жапырақ картон қағазға (А4 қағазының жартысындай) “Продаю телевизор” деп жазып алып, оны жіпке тағып мойнына іліп жүрген БОМЖ-ны жиі көретін болдым. Және де ондағы сатамын деген жазуы компьютерде жирный болып терілген, алыстан көзге бірден шалынады. Жас шамасы қырықтың үстінде деп шамалауға болатын, халық БОМЖ деп атап кеткен мұндай жанның телевизор сататыны шынымен қызықты көрінді. Бір күні жұмыстан шыққасын көлігімді қыздырып біраз күтіп тұрғам, әдеттегідей күндегі бағытымен сол ағай кетіп барады. Содан, ол кісіні тоқтатып, жөн сұрастым. Сөйтсем кейбір қала тұрғындары артық дүниелерін сату үшін осы БОМЖ-ның қызметін пайдаланады екен. Айтуына қарағанда бұған дейін екі тоңазытқыз, бір газ плита, бір үтік, бір диван креслосымен сатқан көрінеді. Ақысына зат иелері 500 теңге береді екен. Алайда сатылған дүниенің үлкен-кішісі болмайды екен, ақысы тұрақты 500 теңге. Алдыңғыларды тез сатып едім, мына телевизор құрғыры өтпей тұр деп кейістік білдіріп жатыр. Міне адамдар үйінде отырып, артық-ауыс дүниелерін осылай сатып жібереді екен.
Әрі қарай