Жарияланымдар

Ең алғашқы әсер (Блогкэмп 2013)

Алматы-Шымкент пойызынан түсіп келе жатып терезеден сыртта Илиястың Нұрлан Жанайды қарсы алып жатқан сәтін көріп қалдым. Бұл менің ең алғаш виртуалды адамдарды реалда көруім болды. Пойыздан түсіп Нұрланды тауып алайын деп едім, жер жұтқандай жоқ болып кетіпті.
Әрі қарай

Көп саусақты адам

Гуантанамо провинциясындағы Баракоа тұрғыны Эрнандес Гарридоның оң қолында 6 саусағы бар. Сол қолында да дәл солай. Екі аяғындағы 12 саусақты қосқанда барлығы — 24. Амиго өз саусақтарына ырза. 24 саусағымен пальмаға шығып, какос жинап нәпәқасын тауып жүр.

Сонымен қатар ол ақшаға туристермен фотоға түседі.
Блог - Adiletshu: Көп саусақты адам
Әрі қарай

4,5 айдағы нәтиже

Тренажерға барып жүргеніме 4,5 айдан асты. Арық, дым бұлшықет жоқ болатын. Қазір шүкір, бұлшықеттерім кішкене өскені байқалады. Бұрын кішкене семіріп алған соң тренажерға барам деп жүретінмін. Бірақ, уақыт өтсе де cалмақ қосқан жоқпын.Темір--терсек көтергелі бері салмағымда кішкене өсті. Киімдер қонымды тұратын болды.:)
Әрі қарай

Жазалар әлеміне саяхат: "Алмұрт"

(жалғасы, басы мында)

Microsoft Word-та екі сөздің ортасына екі-үш пробел қоятын, немесе бір сөзді бір сөзден алшақтату үшін tab-тың орнына пробел қойып тастайтындар қатал жазаланса екен!!!Zere

Сана мен сезім: Жазалар әлеміне саяхат: Алмұрт

Екі адам Рафаель Ван дер Пыртты суық, қараңғы жертөлеге алып кірді. Әр-әр жерден маздаған шамдар ғана жарық беріп тұр.
Әрі қарай

Павел Недвед

Павелдің ең алғашқы жоғары деңгейдегі клубы — «Дукла» болды. Оның сапында жартылай қорғаушы 1991-1992 жылғы маусызда 19 ойын өткізіп, 3 доп соқты. Сосын «Спартаға» ауысты. Бұл клуб Недвед үшін Еуропаның мықты клубтарына өтуіне көпір болды. «Спартада» 4 маусым ойнап (98 ойын, 23 гол) ол Италияның «Лациосына» ауысады. Римдік Клубтың белді ойыншысына айналған — Недвед, Лациода 5 маусым өткізеді.
Әрі қарай

Джоркаефф

1998 жылы 12-шілдеде Франция құрамасы футболдан чемпион болды. Бұл жеңіске Франция жанкүйерлерімен қатар Армения жанкүйерлері де қатты қуанған болатын. Себебі, Франция ұлттық құрамасында тегі Армениялық — Юрий Джоркаефф пен Ален Погосян бар болатын.

Футбол, тек қана футбол!: Джоркаефф
Әрі қарай