Блицті бірді жығар. 11 - 15 шығарылымдар








Конфедерация кубогы осымен сегізінші рет өтеді, Ресей жерінде 17 маусым — 2 шілде аралығы үлкен футбол мерекесі болғалы тұр. Бұл жолғы Кубоктың басқалардан айырмашылықтары бар, мысалы: Конфедерация кубогы аясында өтетін матчтарда арбитрлер видеоқайталаудың көмегіне жүгіне алады, 1997 жылдан бері Конфедерация кубогынан қалмай келе жатқан әрі аталмыш Кубоктың соңғы иесі саналатын Бразилия құрамасы бұл турнирге қатыспайды, ал турнирде үш бірдей дебютант бар: Чили, Португалия және алаң қожайыны Ресей. Турнирдің ресми добы Krasava деп аталады.









- 100% жаңаруға ұшыраған Германия
жастар құрамасықандай ойын өрнегін көрсетеді? Әлем чемпионы деген атағы қорғай ала ма?
- Роналду және Ко жеңісті жолын жалғастыра ала ма?
- Ірі турнирлерде әр кез жерге қарап жүрген Ресей өз жанкүйерлерінің алдында қалай ойнайды?
- Очоа және қақпа қалай болады?
- Жаңа Зеландия немесе Австралия Исландия секілді фавориттердің есін шығаруға қауқарлы ма?
Olimp букмерекерлік кеңсесі турнирге ұсынған коэффициенттері: Германия — 3.15, Португалия — 3.25, Чили — 3.5, Россия — 9.25, Мексика — 9.25, Камерун — 22, Австралия — 38, Новая Зеландия — 360.









2016 жылдың мамыры әлі есімде: қалтырап-дірілдеп, велосипед руліне жөнді ие бола алмай, біресе түсіп, біресе мініп бара жатқан едім.


