Соғыстың алғашқы айларында немістердің қазақтарға таратқан листовкасы. Бұл листовканы Түркістан легионы туралы постыма суреттер іздеп отырған кезде тауып алған едім. Енді соны бөлек бөліскім келіп отыр.
«Серікқалишылар» деген атпен белгілі діни жамағат өздерінің бұдан кейін ешқандай діни және саяси оқиғаларға араласпайтындарын айтып, бүгін жамағат үйінде өткізген баспасөз мәслихатында жамағаттың таратылғандығын мәлімдеді. Жамағат басшысы Қали Қожаның (Серікқали Ермекбайұлы) берген мәліметі бойынша бұл жамағат 20 жыл ішінде тек 73 мүше ғана жинаған.
Діннен алыстау адаммын. Арақашықтығымызды шартты түрде, осы күні стандарт боп кеткен жиырмасантиметрлік қытайы сызғыштың шкаласына орналастырсам, дін – нөлге, мен шамамен 13-14 сантиметрге жайғасар едім. Неліктен сызғыштың ең соңғы межесіндемін деп айта алмаймын? Себебі, атын қоймаған, бірақ сенетін құдайым бар, айталық – Әділет. Батаға бет сипайтынымды, Құрбан айтпен құттықтайтынымды һәм сүндеттелгенімді басшылыққа алсам – өзімді ислам үшін, ислам мен үшін жоғалған деп есептемеймін.
Енді осы пақырыңыз әнеугүні барып «Шал» фильмін көреді ғой.
Соңғы жылдары шыққан саны аз, сапасы да қуанта қоймайтын селдір-селдір болып сирек біткен қазақ фильмдерінің әсері болар, алғаш рет Саяси шешімдер институтына «Шалды» көруге барғанда екіұшты ой болды. Тұрсынов таң қалдырмаса да тұқырта қоймас деген үміт отандық актерлар ойынына, дыбыстық монтаждалуына, әуен-өлеңіне, сценарий-қойылымына деген қалған көңілге жол беріп, тасада қалып бара жатқан-ды.
Футболдан Ұлттық Құрамамыздың сәтсіз ойындарынан кейін бүгін таңертең ҚФЖБ (Қазақстан Футбол Жанашырлары Бірлігі) мүшелері шұғыл түрде жиналып, Футбол Федерациясына ұсыныс тастады. Ұсыныста 2013 жылдың 22 наурызында өз алаңымызда ойналатын Германия матчына дейінгі жүзеге асырылуы қажет іс-шаралар тізімі берілді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — шет елден жаңа футболшылар әкелу.
Ай тізбесі 29 немесе 30 күннен ғана тұрады. Құрбан айт – Зулхижжа айының 10-ы. Осы айдың алдындағы Зул-қағда айының 29 күнмен аяқталып немесе 30 күнге созылатындығы әдетте 29-шы күні күн батқаннан кейін айдың туғаны немесе тумағанына қарап анықталады.
Кеше 15 қазанда яғни, Зул-қағда айының 29-ы кешкісін Сауд Арабиясының «Уақыптар және дін істері министрлігі жаңа айдың тумағандығын, яғни зул-қағда айының 30 күн екенін анықтап, Зул-хижжа айының 10-шы жұлдызына сәйкес келетін 26-қазанды Құрбан айттың алғашқы күні деп белгіледі. Мұсылман елдерінің көпшілігі Сауд Арабиясының осы ресми дерегіне сүйеніп, 26-шы қазанды Құрбан айттың бірінші күні деп жариялады.
16-ыншы қазан Зул-қағда айының соңғы күні, ал 17-ші қазан келесі Зул-Хижжа айының алғашқы күні болмақ. Сол себепті 25-ші қазан арафа күні, 26-сы Құрбан айттың бірінші күні.
Шифонердің ішінде «киетін түк жоқ» екенін тойға шақыру келгенде ғана байқайтын әдет бар ғой. Сонда да гардеробты со слабой надеждой бір шолып шығасың. Сосын әмиянның ішіндегісін бір санап жіберіп, «уффф...» деп дүкен-базар аралауға кетесің. Қырсық қылғанда, әншейінде қайта-қайта көзге түсіп, қызықтырып жүрген көйлектерің де кездеспей, кездескендері ұнамай, ұнағандары әкесінің құнын сұрап… В общем, бұйырғанын алып қайтасың.
Осыны ескеріп, күзгі той-томалақтар басталмай тұрғанда қамданып, көйлек тіктіріп алдым. Молодец!
Енді көйлек туралы.