Кезекті рунеттен копипост, ренжімессіздер осындай кейбіреулер үшін қызықты мәліметтерді қолымнан келгенше аударып жариялағанды ұнатамын(қысқаша айтқанда ощм жазба құсық). Суреттердің сыры ашылмау себебі түсірілімнің 20 ғасырда орын алуы секілді. Болмаса басқа бірдеңе, әйтеуір ешкім нақты ештеме айта алмайды, мүмкін сіз біліп қаларсыз !?
30 шілде, сағат 19:00-де Астана Аренада үлкен футбол. Чемпиондар лигасы 3-ші іріктеу кезеңінде Қарағандының «Шахтеры» Албания чемпионы «Скендербеу» командасымен ойнайды. Керекшілер болып бірге жиналып, бір жерден қарайық.
Жанасыл «Сапаржай» жақтағы теміржол вокзалына уақыт оздырмай тез жетті. «Сапаржай» жақтағы деймін-ау, одан басқа жерде т/ж вокзалы бардай.
Ол бір топ біздерді шығарып салуға келген-ді. «Чырт» етіп фотоаппарат жадысына жол тарттырған «электричкамен» Қарағандыға бастаңғылатып жол тартып бара жатқан суретімізді іле-шала Фейсбуктен көрдік. Біз ол суретке жеткенше Омар Анарбаев «лайктап» үлгерген еді…
Жалпы, алыс шетелді көру — маған біршама таңсық дүние. «Болашакер», я сыртқа жиі шығатын мажор емеспін. Алайда, наурыздың соңы-көкектің басында сәті түсіп, мен және 8 қыз-келіншек (ару, апа, апай, әже :d) Шенген алып, Еуропаға тарттық. Шенгенің болса, кем жерің болмайды екен, елден елге кіресің. Алмандардың орыстілді фирмасымен хабарласып, арнайы туржолдамамен Парижге де бардық.
Париж менің көңілімнен шықты, үмітімді ақтады. Алайда, мен бұл қалаға аса қатты талап қойып, үміт күтпегенімді айта кету керек. Жапондықтар бір синдромға ұшырайтын көрінеді. Француздар сондай бір романтикаға толы, ерекше халық деп санап келіп, бұ жақта олар сенімнен шықпағасын ауырып қалады екен. Париж де олар ойлағандай болмайды екен. Қу бас, қысық көз романтиктер-ай!
Мен көрген Париж — әдемі қала, орташа статистикалық еуропалық шаһар. Эйфель жақта да, басқа жерде де — қаптаған қара нәсілді көше сатушылары. Бірінен кәдесыйлар сатып алып жатып, "Қай жақтансың?" демеймін бе? — Сенегалдан.
— Қазақстанды білесің бе?
— Білмеймін.
— Шын айтқаныңа рахмет.
Андерсон "Өрмекші" Силва жақында кіші Рой Джонспен бірге-бір шыққысы келетін айтып жүрген еді. Тіпті Рой Джонстан бір жекпе-жек сұрап, жалынған видеосы да бар. Негізі, Рой Джонс та кетәрі болмаған. Бірақ белгісіз бір себептермен келіссөздері әлі созылып жатыр. UFC келісім-шартының шектеулеріне байланысты шығар, кім білсін.
Сөйтіп Өрекең жеті рет өлшеп жүргенде, жақында ғана UFC-ден Bellator-ға ауысқан Куинтон «Елірме» Джексон бір-ақ кесіп, Рой Джонспен жекпе-жекке шығатын болыпты. Кәсіпқой бокс ережелері бойынша.
Ақтауда атаулы № 10-ыншы Домбыра Party және open air форматындағы мини-ауызашар өтті.Бұл күннің ерекшелігі-теңізден соққан самал жел патиге қатысшыларды біршама мұздатып та алды. Осыған қарамастан патидің думаны түн ортасы 12-ге дейін жалғасты. Тағы бір ерекшесі- патишілер өздерімен бірге тамақтарын, термосқа құйылған шайын да ала келіпті. Сонымен мұнда ауыз ашар да, ән-күй де болды. Соңын ала атақты өнер жанкүйері, жыршы-термеші Қамбар Оразовтың келе қалғанын қайтерсің?
Пәтидің тұрақты қатысушы өнерпазы Жексембаев Нұрсұлтан