Аллажар

Көптен іздеген фильмді бүгін бір іздеп қояйын деп, кивиге бір сабаз салып қойыпты. Рахмет дегеннен басқа айтар жоқ.

Әрі қарай

Пенденің сиқы...

Баяғы Үміт...
Тұтанады да, бықси-бықси лапылдап кетеді.
Арманның(ат қойғыш елім ай — байқау керек қой, байқасаң — Үмітті әкпе(апа) қылып нем бар еді?) жынысында шаруам жоқ — елітеді, ынтық қылады, соңынан ертеді, себебі ол барлығымен қызықты.
Ере бересің, ере бересің, елти бересің балқи бересің… Ол жерден бәрін табуға болады. Саналы, санасыз түрлері көп — мейлі ғой,
бар болғаны қандай жақсы сол Арманның!?
Арасында сен армандамаған нәрселер де көп. Мысалы — дәрет(хана)???! Жаратушымыз бітеу қылып жаратудың жолын таппаған сыңайлы.
Өсімдік-жәндік-жануар тағы не қалды өзі? Біреусінің дәреті біреуіне тамақ… Қызық өзі!
Еее, Адам демекшімісің? Оның жануардан(аюан) қай жері артық? Ақылы десең қателесесің. Артықшылығынан кеміп отыр емеспе? Іші пысып — жыртқыштануды(соғыс, ашкөздік-тойымсыздық...), байып алып құдаймен(болсам...) таласуды……
Сенбеймін дейсіз бе? Қараңызшы жан жағыңызға — тып тыныш нәпақаны бөліп жеп, жаратушыға құрмет қылуға не кедергі?(Діндарлар дараланбаңдаршы)
Әрі қарай

Арман Бексұлтан мен Мейрамбек орындаған композиция



Өкінішке орай бұл композиция қалай аталатынын білмеймін. Бірақ, мені қатты толғандырды. «Көзден жас сорғалатып, айналаңа жаңаша қарауға үйрететін, көңіліңді алаңдатып немесе сол жабырқаған көңілге тыныштық сыйлайтын, өшкен үмітіңді жандырып, немесе үзілген үміттен опа жоқ екеніне көзіңді жеткізіп, бекіндіретін, желпіндіретін, серпілтетін, көңілден ой төгілтетін- қайран да сайран Музыка!!!»
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері һәм EPUB


… Сонымен…
Барлығыңыз .pdf немесе .djvu секілді электронды құжат форматтарын білесіздер. Осы күні .mp3 дегенді жас та, кәрі де үйреніп алғандай, жаңағы айтқан .pdf секілді .epub деп аталатын электронды кітап форматтары күнделікті қолданысымызға еніп жатыр. Себеп, Apple шығаратын iPad бастаған планшеттер мен Amazon Kindle қостаған сан алуан электронды кітап оқу құралдарының пайда болуы. Бұл форматтың артықшылығы сол .pdf секілді салмағы ауыр емес және электронды құрылғыға салып оқығанда кітап өлшеміне байланысты қиындықтар туындамайды. Өйткені, оның белгілі бір өлшемі жоқ. Мұндай e-кітап құрылғыңыздың экран өлшеміне сай өзі мөлшерін келтіріп алады. Сондай-ақ, кітап оқу барысында сіз оны көлденең де, тікесінен де оқи аласыз. Әріптерді үлкейту, кішірейту немесе оқып жатқан бетіңізге қыстырма салу, мазмұны арқылы беттер немесе бөлімдер арасында жылдам ауысу жағы өте жақсы қарастырылған.
Әдетте, iPad немесе соның тумаластары, сондай-ақ Андройд операциялық жүйесімен жұмыс істейтін қалтафоны немесе басқа да қазіргі заманғы гаджеттермен қаруланғандар үшін осы форматтағы қазақша кітаптар жоқтың қасы. Өзім жаңа ғана айтып өткен құрылғылардың барлығын пайдаланып жүргендіктен, әрине, менде де осы форматтағы кітап оқу қажеттілігі туындады. Бірақ, жоқ нәрсені қалай болдырамыз?.. Айналып келгенде, осы сұраққа жауапты өзіме-өзім бергім келді де Google-шейхқа қайта жүгіндім. Бетімді қайтармады. Еш қиналмастан білгенімен бөлісті. Сөйтіп, дәл қазір мен сіздерге ұсынғалы отырған Абайдың қара сөздері epub форматында өмірге келді. Оны мына жерден жүктеп ала аласыздар: Абайдың қара сөздері (EPUB)
Кейбір қызығушылық білдіретін адамдар үшін бұл форматтағы кітап қандай болатынын, қалай пайдаланатынын iPad планшетімде және Android қалтафонымда іс жүзінде түсіріп, осында салып отырмын. Әлі бейнекамераға қолым жетпей жүр, сондықтан уебкаммен түсірген видеомның сапасы үшін сөге көрмеңіздер.
Кітаптағы қара сөздер түгелімен adebiet.kz сайтынан алынды. Сұрап жатпадым ал, ренжімесін… Кері байланыс арқылы хат жазып едім, он шақты рет каптчаны дұрыс жазбадың деп лақтырып тастады. Егер осы сайттың иелерінен біреу-міреу менің бұл әрекетімді құп көрмей, “Материалдарды кері қайтар. Керек болса, өзің теріп, өзің сканерлеп ал!” десе, онда әрине, айтқанды тыңдауға тура келеді. Дейтұрғанмен, қабыл алыңыздар!
“Абайдың қара сөздері” iPad-та:


“Абайдың қара сөздері” Android-та:


timurdan.info/?p=813
Әрі қарай

Жәкемнің дамбалы екен ғой

Ауылда Несіпбала деген жеңгеміз болды. Қыршаңқылығымен елді қыран-топан қылып жүретін. Ағамыз жуас, жеңгеміздің еті-тірі. Кеңес Одағы күшіне мініп тұрған заман. Алыс қыстақта қой бағады, бала-шаға жас, шаруа бастан асады. Ағамыздың рабочком құрдасы келген-кеткен сайын сынап-мінеп, жеңгемізге салақсың, үйің лас деп кетеді екен. Бір күні рабочком ауданнан өкіл ертіп келеді. Осыны пайдаланып жеңгеміз өкіл үйге ене бергенде бір шелек суды еденге төгіп жіберіпті. Су арса-арса еденнің тақтайларына сіңіп жоғалыпты. Шиеттей балаларымен тозығы жеткен үйде тірлік кешіп жақтанын көрген өкіл сол жолы рабачкомды сөгіп кетіпті дейді.
Қой төлдетіп, адам қолы жетіспей шабылып жатқан шақта ағамыздың үйіне сау етіп бір топ кісі келеді. Әдеттегідей ет асып, бас салынған табақты ортаға тартса, қойдың тісі қағылмай қалыпты. “Укробымен, укробымен астым” дейді екен жеңгеміз, тістің арасындағы шөптерді көріп.
Тағы бірде шаруа жайымен келген рабочком құрдас шайды енді ала беріп, “мына шәйің суып қалыпты ғой”,-деп мысқылдайды. Несіпбала жеңгеміз күс-күс саусақтарын шәйнекке малып жіберіп, ”кәне, ып-ыстық қой”,-деп еш саспастан шәй құюын жалғастыра беріпті.
Жаз келіп, елдің қол-аяғы кеңіп, мамыражай болған шақта жеңгеміз рабочком бастаған біраз құрдасты қонаққа шақырады. Үй мұнтаздай таза, дастархан жайнап тұр, қып-қызыл бауырсақты төгіп тастаған. Дәмі тіл үйіретін қуырдақты асап, бал қаймақпен шәй ішіп, келген қонақтар арқа-жарқа боп қалады. Жеңгемізде үн жоқ, сызылып, бір шүберекпен кеселерді қайта-қайта ысқылап сүртіп шәй құяды. Құйған сайын кесені жуып жіберіп, қайта сүртеді. Ел шәйға әбден қанды-ау деген заматта жеңгеміз жылан шағып алғандай орнынан атып тұрыпты. “Ойбуу, мынаны шүберек па десем, Жәкемнің дамбалы екен ғой”,- деп қолындағы ыдыс сүрткішті рабочком құрдасқа қарай лақтырып жіберіпті дейді.
Балаларымды жеткізсем деп, өзгеге есесін жібермей, бейнеттен көз ашпаған ағам мен жеңгем бүгінде бақилық болған. Артында езу тартқызар әдемі естеліктер қалды. Ал ұл-қызы ержетіп, бір-бір шаңырақтың егесі болып отыр. Адамға басқа не керек бұл өмірде.
Әрі қарай

Астананы виртуалды аралау



Яндекс картасының «Көше панорамалары» деген қызметі бар екен. Бірқатар қалаларды «аралауға» болады. Астана да енгізіліпті:

maps.yandex.ru/?index&ll=71.443404%2C51.126193&spn=0.040340%2C0.006967&z=15&l=sat%2Cskl%2Cstv&ol=stv&oll=71.443404%2C51.126193&ost=dir%3A115.9166631460337%2C0~spn%3A90%2C56.11333273074227
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: madlen

madlen — Маржан Тулеева — 1987 ж. 18 сәуірде ОҚО дүниеге келген. Қазығұрт ауданында мектепті бітіріп, Алматыдағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне түседі. Оны 2008 ж. аяқтайды. Қазір «Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагентсвосында ивэнт-менеджер болып қызмет жасайды.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Нақты есімде жоқ. Тіркелген күнім 09 ақпан 2011, 12:37 деп тұр. Дегенмен, көпшілік юзерлар сияқты Блогкэмптен соң келдім деп ойлаймын. Ал Блогкэмпке Салтанат (Балғырған) жетектеп алып келгені үшін оған үлкен рахмет айтамын.
Әрі қарай