«БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» атты жобаның үздіктері марапатталды

Блог - asaubota: «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде»  атты жобаның үздіктері марапатталды
21 қыркүйек пен 13 қараша аралығында азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді Интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистер мен блогерлер арасында конкурс өткізілген болатын. Оны Ұлттық Интернет Ассоциациясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» атты жобасы аясында жүзеге асырды. Конкурс «Үздік мақала», «Үздік видеоматериал» және «Әлеуметтік желідегі үздік пост» номинациялары бойынша өтті. Конкурсқа 100-ден астам материал қабылданды. Конкурсқа негізінен жас журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты. Материалдар «Nukte.kz» ақпараттық агенттігінің сайты мен парақшасына салынып отырды.
Бүгін, 16 қазан күні, осы конкурстың жеңімпаздар мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында болып, оған көптеген блогерлер мен журналистер қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі былай қалыптасты:

«Үздік мақала» номинациясы:
1-орын — Айбек Қабдешов
2-орын — Ақбота Ахмет
3-орын — Ермек Исабаев

«Үздік видеоматериал» номинациясы:
1-орны — Александра Миличкина
2-орын — Жұлдыз Жасұзақ
3-орын — Азамат Ерғалиев

«Әлеуметтік желідегі үздік жазба» номинациясы:
1-орын — Серік Ерғали
2-орын — Жанар Нұрышева
3-орын — Сәтжан Кәріпбаев.
Әрі қарай

Елордада апатты жағдайдағы үйлерден 1863 отбасы көшіріледі

Астана жаңалықтары: Елордада апатты жағдайдағы үйлерден 1863 отбасы көшіріледі

Апатты үйлерді күреу бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ағымдағы жылға елордада 111 апатты жағдайдағы үйлерде тұратын 1863 отбасыны жаңа баспанаға көшіру жоспарланған, деді медиа орталықтың тілшісіне Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.

Қазіргі таңда 98 төтенше жағдайдағы үйде тұрып жатқан 1425 отбасы көшіріліп жатыр.

«Елорада апатты үйлерді күреу бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба зор әлеуметтік маңызға ие және тұрғындардың тұрғынжайын жақсартуға бағытталған», — деді Р.Ахметов.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде кешенді тексеру нәтижесінде қаладағы 228 нысан апатты болып танылды. Осы жылдың басында 117 апатты үй күрелді. Қазіргі күні98 үйде тұратын шамамен 1,5 мың отбасыны көшіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған тозығы жеткен 13 үйдің тұрғындары нысандардың тапсырылуына қарай жыл соңына дейін көшіріледі.

Қанатқақты жобаның шартына сәйкес Астана әкімдігі апатты үйлерді күреп, оның орнына баспананың ауданына сәйкес жаңа тұрғынжай береді. Көшіру кезінде пәтердің ауданымен бірдей баспана ұсынылады.

«Бұл жағдайда апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшіру кезінде отбасы мүшелерінің саны мен төтеншежағдайдағы үйдегі бөлме саны есепке алынбайтынын ескеруі керек», — деді Р.Ахметов.

Күреуге инжинерлік желілері мен құрылыс конструкторлары тозған, негізінен 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер жатады.

Елорданың бас жоспары мен Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасына сәйкес күрелген үйлердің орнына саябақ, гүлзар мен бульварлар құрылысын жүргізу көзделіп отыр.

2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй күреліп, 1570 отбасы жаңа әрі жайлы баспанаға көшірілді.
Әрі қарай

Астанада 12 жаңа лифт пайдалануға берілді

Астана жаңалықтары: Астанада 12 жаңа лифт пайдалануға берілді

Елордада көтергіштерді жаппай ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Жаңа лифтер төмендегі мекен-жайлар бойынша орналасқан тұрғын үйлерде пайда болды: Дүкенұлы көшесі 38 («Шаңырақ» ТК, 8 лифт), Б. Момышұлы көшесі 16 (4 лифт). Ал мына мекен-жайлар бойынша орналасқан көпқабатты үйлерде лифтерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр: Сарыарқа көшесі 41 («Махаббат 1» ТК, «Махаббат 2» ТК, 10 лифт), Кеңесары көшесі 65 («Эдем Палас» ТК, 1 лифт). Жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл 10, көп дегенде 15 жыл бұрын тұрғызылған үйлер.

Мердігерлердің проблемаларын, көптеген шағымдарды, тұрғындарға төнген қауіпті, көтергіштердің апаттық жағдайын ескере отырып, Астана әкімдігі лифтерді ауыстыру ісіне қолдау көрсетті.

Сондай-ақ, елордада өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша да лифтерді ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Елордадағы барлық тұрғын үй кешендерінің тұрғындары өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша көмекақы ала алады.

Құжаттарды «Өркен қала» бағдарламасының операторы болып табылатын компанияға жолдау қажет. Бұдан кейін келісім жасалып, мердігер таңдалады. Үрдіс толығымен тұрғындардың бақылауында жүзеге асады. Көмек қарыз 15 жылға алынса, орташа есеппен әр пәтер (ауданына байланысты) 2 мың теңгеден төлейді.

Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама бойынша Астанада 63 лифт ауыстырылатын болады.
Әрі қарай

Ажырасқандарға айыппұл салу қажет!

Блог - nurbolkarataev: Ажырасқандарға айыппұл салу қажет!

2016-шы жылы елімізде 140840 неке тіркелсе, 51775 отбасы ажырасып кеткен.Бұның себебі неде? Ажырасуға себеп ретінде статистика мына жағдайларды келтіреді:

Ажырасу себептері;

— Отбасылық кикілжің, (ұрыс-керіс, бір-бірін түсініспеу).
— Көзге шөп салу, (опасыздық).
— Күйеуінің жұмыссыз жүруі,
— Әйелінің не күйеуінің ішімдік, есірткіге салынуы.
— Ене мен келін арасындағы жанжал.
— Күйеуі не әйелінің жұмысбастылығы.
— Перзенттің болмауы, (бедеулік).
— Тұрмыстық жағдай.

Күйеуге тиіп, бір бала тауып алсам.

Бұл ажырасудың басты себептері ретінде айтылыпта жазылыпта жүр. Бірақ біз айта бермейтін мына жайтты басты назарға салғым келеді.Ол қазіргі қыз-келіншектердің «күйеуге тиіп бір бала тауып алсам, кейін ажырасып кетемін» –деген жеңіл ойдың пайда болуы. Өкінішке орай біз бұл тақырыпты әліде ашық айтуға ұяламыз. Егер бұл тақырыпты бүгін біз көтермесек, ертеңгі күні статистика биылғы жылы ажырасқандар саны өткен жылға қарағанда артты деген деректі ғана оқып отыра беретін күнге жетеміз. Әлемдік рейтингке назар салсақ Қазақстан ажырасу бойынша 10-шы орынды алады екен. Бұл Отбасы Институттарының жоқтығы ғана емес, адамдар арасындағы сенімнің аздығы. Отбасын ажырастырмаудың тиімді жолының бірі. Ажырасқан отбасыларға орташа көлемде айыппұл салу қажет.

Айыппұл көлемі қандай болады?

Мысалға 50-200мың теңге көлемінде. Егер күйеуінен кінә болса 100мың, әйеліне 50мың теңге. Әйелінен кінә болса керісінше. Айыппұл екі жаққада салынады. Бұл екі жақтың ажырасуға шешім қабылдағанда ғана сот арқылы жүзеге асырылады. Ал екі жақ араға жыл салып қайтадан бірге болуды қалап некеге тұрса салынған айыппұлдың 50%-ы екі жаққа да қайтарылады. Бірақ екінші рет ажырсқан жағдайда айыппұл еселеніп салынады, және қоғамдық жұмысқа тартылатын болады. Бұл ажырасқан отбасы үшін өте үлкен жаза болар еді.

Айыппұл қайда кетеді?

Айыппұл мемлекетке салық ретінде түспейді. Мемлекеттік емес ұйымдар жанынан Институт құрылып ақша тікелей сол ұйымға түседі. Институттың басты жұмысы отбасылы адамдардың ажырасуын болдырмау. Ал, айыппұлдан түскен ақшаны Институт атынан ашылған порталдан онлайн бақылауға болады.
Ажырасу бүгінгі қоғамның басты дертіне айналып бара жатыр. Ал сол дертті қоғам болып бірге жеңуіміз қажет.
Әрі қарай

6 мың бала елордалық аквапаркке тегін барып қайтады

Астана жаңалықтары: 6 мың бала елордалық аквапаркке тегін барып қайтады

Астанада аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1500 бала жабулы аквапаркте болып қайтты деп мәлімдеді білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин аппараттық кеңес барысында. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

Астана қаласы әкімдігі мен «Ailand» отбасылық демалыс орталығы арасындағы келісімге сәйкес аквапаркке барлығы 6 мың бала тегін барып қайтады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 4,5 мың бала аквапаркте болып қайтады. Бұл – оқу озаттары, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар.

Естеріңізге салайық, балалар мен ересектерге арналған жасанды су қоймасы ағымдағы жылдың жазында пайдалануға берілген болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрді құрайды.

Ойын-сауық кешенінде аттракциондар, шешінетін бөлмелер, моншалар, демалыс және тамақтану орындары бар.
Әрі қарай

«Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады

Астана жаңалықтары: «Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады

16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Көктал-2» ТА – «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, № 71 бағдары үлкен көлемді автобустармен қызмет көрсетілуіне байланысты, бағдардың жүру сызбасы өзгереді.

«Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура — солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес.

Кері бағытта ағымдағы ұқсас қозғалыс үлгісі бойынша.

Сондай-ақ, 16 қарашадан бастап «Достык» ОДО – стела «Звезда Астаны» бағытындағы № 18 бағдары бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейеді, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.
Әрі қарай

Астанада қылмыстар мен жол көлік оқиғаларының саны 35%-ға азайды



Мұндай оң көрсеткіштерге қол жеткізуге «Сергек» фото және бейне тіркеу жүйесін енгізудің (Қазақстанда алғаш рет) нәтижесінде мүмкін болды. Астана ең қауіпсіз қалалардың біріне айналады. Енді зиянкестер қылмыс жасаудың алдында тәуекелге бара алмаса, даңғойлар жолда жүру ережелерін бұзбауға тырысатын болады.

Елорда әкімдігінің медиа орталығы сіздің назарыңызға «Сергек» жүйесінің жұмысы жайлы деректі фильмді ұсынады.
Әрі қарай

Үнді хирургы есту қабілеті нашарлаған 11 қазақстандық балаға операция жасайды

Астана жаңалықтары: Үнді хирургы есту қабілеті нашарлаған 11 қазақстандық балаға операция жасайды

Отоларингология саласында әлемдік деңгейдегі маман Ашеш Бхумкар есту қабілетін қалпына келтіру үшін Астанада 11 балаға жоғары технологиялы операция жасамақ. Мұндай операция Қазақстан мен Орталық Азияда бірінші рет жасалынғалы жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Есту қабілетінен айрылған балалардың мүддесін қорғайтын «Микротия и атрезия» қоғамдық бірлестігі UMC корпоративті қорымен бірлесіп, табиғи есту қабілетін қайтара алатын үнді дәрігері Ашеш Бхумкармен шеберлік сыныбын өткізді.

«Дәрігер Ашеш Бхумкар адам қолына мұрын мен құлақ өсіріп шыққан ғалымдардың бірі. Дәрігер қазақстандық дәрігерлерді есту қабілетін қайта қалпына келтіру әдісі бойынша оқытады. Іс-шараға ресейлік дәрігерлер де қатысады. Операцияға дабыл жарғағы, протезден жасалған есту сүйегі, есту жолы т.б. жаңалықтар енгізіледі», — дейді «Макротия и атрезия» ҚБ төрайымы Малика Сұлтан.

Оның айтуынша, есту жолын әлемде тек кейбір дәрігерлер ғана аша алады. Сол себепті, есту қабілетін қайта қалпына келтіру операциясы өте қымбат тұрады, яғни бағасы 86 мың долларды құрайды. Ал дәрігер Бхумкар кішкентай балалардың операциясын 40 мың долларға жасауға келісіп отыр.

Шеберлік сыныбы барысында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында республика бюджетінен 11 балаға операция жасалады. Бұл операция Қазақстан мен Орталық Азияда бірінші рет жасалынғалы отыр.

«Бұрынырақ естуден мәселесі бар балаларға саңырау немесе нейросенсор болса – есту аппаратын импланттап беретін. Бұл шын мәнінде шығыны көп мәселе. Бхумкардың арқасында есту жолын ашып, құлақты қалпына келтірсе, бала табиғи түрде еститін болады. Қоғамдық бірлестіктің болашақ жоспарында дәрігердің бір жыл Қазақстанда болуын қамтамасыз ететін жоба жасамақшы. Ол бір жыл ішінде жүзден аса операция жасаудың мүмкіндігін қарастырады», — деді М. Сұлтан.

Қазақстанда «Микротия атрезия» диагнозымен 700 бала тіркелген.

«Осындай операцияның арқасында науқас балалар кәдімгі құлаққа ие болады. Ол табиғи тін, сондықтан қорқудың қажеті жоқ және ең бастысы құлаққа баланың өз құлақ терісін пайдаланады. Теріні ағзасындағы басқа жерінен алмайды», — дейді дәрігер Бхумкар.

Операциядан кейін барлық пациенттер ғылыми орталықтағы стационардан оңалтудан өтеді және алты аптадан кейін хирургтың кеңесін алуға келеді.
Әрі қарай

Қазақстанның әр тұрғыны сүйікті астанасына сыйлық жасай алады

Астана жаңалықтары: Қазақстанның әр тұрғыны сүйікті астанасына сыйлық жасай алады

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі ерекше акцияны қолға алды. Енді кез-келген адам өз атынан сүйікті астанамызға орындық сыйлай алады және қаламыздың өзі қалаған кез-келген көрікті жеріне қоя алады, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.

Бүгін «Сарыарқа» ауданы әкімдігі Урбанистика орталығымен бірлесе отырып «Астана тарихында өз есімінді қалдыр» атты қайырымдылық марафонын қолға алды.

Енді Елорда тұрғындары қалымыздың саябақтарына, скверлеріне және Есіл жағалауына өз аты жазылған немесе отбасылық атаулы күнге арналған ескерткіш тақтайшасы бар орындық сыйлай алады.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, осылайша Астана тұрғындары өзінің сүйіктісіне, отбасылық атаулы күнге, жанұялық мерекелерге арнап осындай қоғамға пайдалы сыйлық жасай алады.

Бүгін «Сарыарқа» ауданының әкімдігі аталмыш акцияны қолдаған заматтарға атаулы сертификаттар табыс етті.

«Жолдасым екеуміз осы Есіл жағалауында таныстық. Ол орындықта телефонмен сөйлесіп отырды, мен келіп жанына жайғастым. Сүйтіп өмірлік серігімді осы Есіл жағалауындағы орындықта жолықтырдым. Қазір екі кішкентайымыз бар. Сол себептіде осы акцияны қолдадым. Және басқада жастар тура осы біздің атаулы орындығымызда өмірлік серіктерін жолықтырар деген ниетте бар», дейді сертификат иесі Әлібек Сисембин.

Қала көркін бұзбау үшін орындықтар белгілі бір стандартқа сай жасалуы тиіс. Егер Астанамызға осындай сыйлық жасағыңыз келсе Урбанистика орталығының сайтында орындықтардың онға тарта үлгісі және бағалары көрсетілген.
Әрі қарай

Самюель парадоксы немесе білә-хештегтер

#56млннеүшін деген хештегті бассаңыздар, бір топ программистердің кирилллица-латын [ ̶к̶о̶н̶в̶е̶р̶т̶т̶е̶р̶і̶ ] конвертері 56 миллион тұрмайтынын техникалық және экономикалық аргументациямен дәйектегенін көруге болады. Оны it-ден мақұрым мен сияқтылар да түсінеді.
Таза қаріпбиаралық конвертер «бір әріпке — бір әріп» принципіне сай, тіпті серверлік жүктемесіз офлайн режимде де жасала алады (мысалы, жүктеп алатын бағдарлама әм қосымша іспетті). Бірақ "̶п̶ұ̶л̶ы̶м̶" "ұлтым" деп ұрандаған 56 миллион сұраушылар смета сұрасаң, қосымша төте жазу туралы немесе техникалық терминдерді қолданып ми ашытады, әлбетте.
Тегін-ақ конвертерлер тұр. Mіne, mysaly, Zakondag'y konverter: www.zakon.kz/perevod_na_latinicu.html

Қазіргі кезеңде ұлт, тіл, діл деп ұрандатып, тиын істеуді ұят деп білетін адаммын. Әрине, отарлану комплекстерінен арылмаған адамдар, "Қамшы" сияқты сол арқылы нан тауып отырған пОрталдар және саналы адамға түсінікті өз құнынан асыра сілтенген жоба алғысы келетіндер, негізі, сын айтқан блогерлерге рақмет айту керегін түсінбей отыр. Мемлекет қаржысы жұмсалып қойылғаннан кейін әңгіме әлдеқайда ауыр болады. Қаржы полициясына «Отан үшін арда туған, ұлтым деп күңіренген» аргументтер өтпейді. Дені елге оралған қандастарымыздың "қазақты сүйе отырып", артық тиын істеп қалуына қарсы болмауға да болады. Қандастарымыз ғой! Бірақ, жеке мен, шаршадым. Құсық-бастамалармен басы артық теңгені талан-таражға түсіруден шаршадым…
Жемқорлық мейлінше азаюы үшін бірнеше толқын ауысуы тиіс деп білетін адаммын. Яки сіз және сіз тәрбиелеген буын қайтыс болып, ұрпақ жаңаруы керек… Қап және әттең, алайда қазір де қарап отырғым келмейді.
«Е, ақшаны қызғандыңдар, бір қазақтан — бір қазақ көре алмай» деген ̶к̶ө̶т̶ патриот аргументке айтарым — есектің енегін жепсіңдер. Дә-ә-әу нәжіс. Қазақшылықпен бүркеніп, ақша жеуден құсқым келеді. Бвуууәқ.

Сол себепті 10 миллион теңгеге конкурс жариялап, «Ал істеп бер» деу — біріншіден, сын ұғымының өзіне қайшы. «Тек Сәкен Майғазиев деңгейіндегі әнші ғана Сиви Махмудидің әнін ұнатпауға құқылы» стайл. ШайнапсыЗдар, салық төлеуші ретінде кез-келген азамат құқылы. Алайда, кәсіби деңгейі артық болмаса, кем еместердің де пікірі сондай. Жалпы ақша артық жұмсалатынын түсіну үшін көп ми қажет емес. Рымбек Ізғали, мысалы, програмист ретінде бірнеше сағатта конвертердің бета-версиясын жасай салды. Конкурстарыңа көлденең бұтақ қоя отырып, жайдан-жай.
«Ақшаға бәрін сатып алуға болады» деген пиғыл былай-былай ұлтты сүюге қайшы емес екен, ә? Сын айтқан блогер-программистер конкурсқа баса көктеп қатысып кетеді деп ойлаған шығар. Ха. Өресі тар, көреген емес қадам болыпты.

Кәллаларыңа әлі қонбаған бір нәрсені түсіндіре кетейін. Конвертерді жалпы жасауға өлермендік танытпаудың себебі — қазіргі латын қаріптерінің нұсқасына іш тартпау. Кейбір адамдар, мәселен, 56 миллионға иероглиф берсе де конвертерлеуге әзір ғой…
Мысалы, қазақтың тұңғыш сайттарын жасаған Аршат Оразға «вообще поқ». Ол техникалық тұрғыда оған көп қаржы немесе уақыт керегі жоғын көрсетіп, конвертер жасай салды. Өзіне ұнамды қаріпбимен!
Mіne, türіk älіpbiі negіzіndegі oquğа tüsіnіktі nŭsqа: kerekinfo.kz/translit.html

Қазіргі нұсқаны қазір сынамасақ, ертең ақылгөйсінгеннің не керегі бар?
Біріншіден, әріптік сулифа. Қаріптер қандай жолмен таңдалды? Егер қазақтың бағына біткен көшбасшының есімі Мүсілім болғанда, апострофсыз u әрпі ү болар еді. Есімі ғайыптан тайып Қуат болғанда, u әрпі у болар еді… Қазір, кирилицада сызығы бар ұ — латынша сызығы жоқ u боп шыға келді. Бұл — тездетіп қол қоюға ұсынып жіберген шенеунік пен мамандар тарапынан саяси жағымпаздықтың лингвистикалық көрінісі.

Екіншіден, ө әрпі латынша o' деп жазылады. Бірақ мысалы, ең әйгілі футболшылардың бірі Самюель Этo'оның ныспы онсыз да апострофпен жазылады. Sami'y'el Eto'o дегенді Самюель Этөо деп оқуымыз керек қой, иә, онда? Қалайша? Ол азаматтың фамилиясы дұрыс оқылуына құқығы бар емес пе? Әлде ол ̶н̶и̶г̶е̶р̶ қара нәсіл болғасын солай жазып-оқи ма қазақтар? Расизмнің иісі аңқиды.
Яки, онсыз да апострофпен жазылатын сөздердің әліпбиаралық транслитерация кезіндегі түсініспеушіліктерді Самюель парадоксы деп атадым.

Үшіншіден, ағылшын тілін білетін көзі ашық ағайынның когнитив диссонансқа түсуі. Ы әрпі — у болса (ағылшынша жақын, жалпы, уай әрпі — и, ай қызметінде), у әрпі — y'. What?! Неге? Формал логикаға сай емес қой…
Неге и мен й бір таңба? Латынша «Менің досым Саид еріп келед» пен «Менің досым Сайд еріп келедтің» айырмасы жоқ па? «Ой, сен смс жазғанда араб шығар дегем, сөйтсем досың америкалық екен ғой!»
Кері конвертация кезінде «жасанды сана» қайсысын таңдауы тиіс? Әр әріпке — жеке-дара латын таңбасын берген жөн емес пе? Талқылау керек еді, кемі.

Төртіншіден, әрине, хештег мәселесі. 56 миллион сұраған бауырдың бірегейі Біләлді хештегтейін десем, #Bіla'l деп шығады, тег толық алынбайды. Сосын біреудің атының қасында боғауыз айтасың деп шығасыңдар… Білә-хештегтеріңдісссс… :(
Латынға өтуге ешкім қарсы емес. Конвертер жасауға да ешкім қарсы емес. Бірақ мұнда құндылықтың сұрағы емес, механизмнің мәселесі мазалағанын түсінген шығарсыздар. Неге? Неге олай? Неге осынша?


Түпнұсқа мына жерде.
Әрі қарай