АҚТӨБЕ 2012

Жаңа Жылды отбасыммен сонда қарсы алмақпын. Ақтөбелік амиголармен сонау 2009 да алғаш кездесіп едім. Аршат, Ерлан Оспан екеуін. Сол кездесуден соң жаңа заңға қарсылық ретінде бірнеше блог жабылып еді, естеріңде болса.
Қазір Техно да, Асау да Ацсотонада. Ақтөбе жамағаты болса жаза отырыңдар, бәлкім жүздесудің реті түсер.
Әрі қарай

Мерекені қалай тойлаудамын?

Күн суық. Қашанда кешігіп жүретін әдетіме басып, Алматыдан келген таныстарды Астананың аязына үсіріп, әйтеуір кездесетін орынға әрең дегенде жеттім. Бұл орын — Астана-Арена еді. Мұнда келуімізге себепкер — «Тәуелсіздік — қазағымның арманы» атты музыкалық дастан. Ғимараттың есігіне жету қандай қиын еді: алдымен күзетшілер билетпен өткізеді, келесі айналмалы есіктен сол билетті тексертесің. Онан қала берді ішке кірген соң... тіпті фотоаппаратымды суретке түсіртіп тұрып тексерді ғой.
Әрі қарай

Жаңа сайт

Сәлем құрметті интернет қолданушылары. Мен сіздермен өз блогым туралы бөліссем деп ем. Блог негізінен компьютер басқарудан және joomla қозғалысы туралы, сосын аздап өз қалам туралы мағлұмат берсем деген оймен ашылған еді. Қарап, бағалап, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Не артық, не жетіспейді және қандай тақырыптар қосу қажет деп ойлайсыздар? Сіздердің ой-пікірлеріңізді күтемін. Мынау менің блогым
Әрі қарай

Қауіпсіздік үшін IP адресті өзгерту!

1. Елімізде шектелген сайттарды аша аласыз.
2. Өзіңіздің мекен-жайыңызды жасыра аласыз. Кез келген уақытта.
3. Басқа елдің атынан сол елдің мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Видео көру. Тегін өлең түсіру.т.б
Түсіру үшін төмендегі сілтемені пайдалана аласыз.
depositfiles.com/files/0jnnj9lna
Түсіріп болған соң HideIPPrivacy-2.4.6.8.Setup.exe жұмсақ бөлшегін орнатыңыз.
Орнатып болған соң программаны жауып қойып тұрып Patch.exe жұмсақ бөлшегін орнатыңыз.
Ескерту: Егер сіздің компютеріңіздегі программа Windows 7, Windows Vista болса, Patch.exe жұмсақ бөлшегін орнатып жатқан кезде Can not find the file деп шығады. Сол кезде сіз OK ді басып,
C:\Program Files\HideIPPrivacy\HideIPPrivacy.exe ні тауып берсеңіз болды.
Әрі қарай

Два в одном

Бүгін өзіміздің шағын жанұямызда екі мереке.Біріншісі,әрине Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні болса, екіншісі біздің отбасы құрғанымызға 4 жыл толды. 2007 ж. дәл осы күні үйге келін түсіріппін. Осы сайттағы барлықтарымыз бақытты болып, біздерден тараған ұрпақтар тәуелсіз еліміздің көк туын биіктерден желбірете берсін!
Әрі қарай

Ғазиз Байтасов – Халық қаһарманы. Бұл қандай атақ өзі?

Тараздағы теракты кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа осыдан бірнеше күн бұрын «Халық қаһарманы» атағының берілгенін білетін боларсыздар. Артында қалған туған-туыстары мен отбасындағыларға демеу болар.

Халықтың қаһарманын қаһарман деп санай бермейтіндер бар екенін былтыр Тоқтар Әубәкіровты өзінің есімі берілген көшеден қуғанда көрдік.

«Халық қаһарманы» атағын анау-мынау адамдардың еріккеннен ала бермейтіні бар. Өткенде президентті осы атаққа ұсынды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы ол ұсынысты қолдамады. Айтайын дегенім, елбасының ол атаққа лайық немесе лайықты емес дегенде емес.
Әрі қарай

Массаған емес, Массагет!

Иә, Массагет. Браузерге massag деп тергеннен Мәссағанның сілтемесін зуылдап шыға келеді  Айтайын дегенім бұл емес © Тілеухан

Сүйінші!!!
Жаңадан қазақ тілді портал ашылды (орысшасы да аралас). Ресми ақпаратта тек қазақша делініпті.

Порталда форум, блогтардан басқа мына айдарлардағы мақалалаларды оқуға болады: Техно, Мәдениет, Бастаңғы, Әлемтану, Спорт, Авто, Білім.
Әрі қарай