Көп асама ...

Ұрлық түбі қорлық
Бүгін мен үшін бір жайсыз хабар болды. Біздің футбол федерациямыз "Қайрат командасын премьер лигада қалдыру мақсатында" премьер лига командалар санын 2 командаға өсіріпті. Дәл осылай беті бүлк етпестен Қаныш Әубәкіров жайып салды жұртқа. Мен, қара басым мұндай командалар санын өсіруге қарсы емеспін, тіпті қолдаймын да. Бірақ, мұндай қадамға бармас бұрын, оны алдын ала жоспарлау керек, яғни, жыл басында «маусым соңында премьер лигадағы командалар саны өседі» деп жұртты құлақдар қылу керек. Ең соңғы орын алған команда премьер лигадан кетеді, ал 9-шы, 10-шы және 11-шы орын алғандар бірінші лиганың 1-ші, 2-ші және 3-ші командаларымен орындарына сәйкес қосымша матч өткізілсін деп жоспарлап қойса, ешкім «ренжімес» еді. Құдай да тыныш, құдағай да тыныш…
Менің ойымша федерация басшыларын жаман қысқан болу керек, әйтпесе жұртпен таласып, соншама мақтаған соңғы премьер лига формуласын өзгертуге не қара басыпты оларға. Біздерге сюрприз жасайтындай олар кімдер соншама? Жалпы "ҚазРосГаз" компаниясы жақсылап федерация «жігіттерінің» аузын майлап қойған ғой. Көп асама, құсасың деген бар.
Енді мұндай кеселді жеңу үшін мен сіздерге мынандай ұсыныс жасағым келеді: Қайрат командасы сіздің қалаға келгенде төмендегі мәтін жазып, стадионға баннер салыңыздар.
— Қайрат ұят қайда?
— Сәлем бірінші лига флагманы
— Сәлем мақтаншақтар
— ПЛ-ға шығарған жанкүйерлерің қайда?!
— Қайрат ардагерлері неге үндемейсіңдер
Тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?

ЗЫ: Егер Қайрат премьер лигада қалса, онда Манчестер Юнайтед чемпиондар лигасына қайтып оралсын, оның да тарихы бай ғой.
ЗЫ2: Жыл сайын Испанияның чемпионатына тек 2-ші орынға ғана талассын командалар, өйткені бірінші орын тек Реал Мадридтікі. Бұл команда дүние жүзіндегі ең тарихқа және жүлделерге бай команда. Ақшасы да көп және жүлде бойынша жақын уақытта оны ешбір команда қуып жеите алмайды.
ЗЫ3: Қаным қайнап отқаны, тек Қайрат үшін істеліп отқаны және жаңағы Қаныш дегеннің "Қайрат командасының жанкүйерлерінің сұрауы бойынша" деп қыртығанда қай сасқаны?!
Әрі қарай

Жауабы жоқ мимырттар

суреттің жылы орыны
Белгісіз себептермен ішің кебеді, шара қолданбасаң қыйын.
Белгісіз себептермен ішің өтеді, шара қолданбасаң қыйын.
Белгісіз себептермен ішің қатады, шара қолданбаса қыйын.
.
.
.
.
.
Осылай жалғаса беретін мимырт. Себебін кім айтады?
Әрі қарай

Қазақ футболының жаңа бұрылысы

Чемпионатқа қатысатын командалардың саны 14-ке артты. Сонымен бірге, біріншілік бұрынғы формуласына қайта оралып, тек екі айналыммен бітетін болды. Федерацияның атқарушы комитетінің шешімі бойынша, Премьер-лига командаларындағы легионерлер саны бестен жетіге арттырылды. Және олардың бесеуін матч протоколына қосуға рұхсат.
Әрі қарай

Беу, мынаған бір қол шапалақтап жіберейікші

Америка футболының мықты жанкүйері емеспін. Бірақ, мына жігіттің орғығанын көріп жағым жерге сарт ете қалды. )))

Бұл шедеврдің авторы «Цинциннати Бенгалз» командасының шабуылшысы Джером Симпсон. Жасы жиырма бесте. Бойы 189 см, салмағы 95 кг.
Әрі қарай

Анекдот =)

Сәрсенбі күні журфактың 5-ші жатақханасында Бекжан Тұрыспен кездесу болған. Кеш соңынан кейін Сағатбек Медеубек екеуі бөлмеге келіп дәмнен ауыз тиіп, әнін айтып кеткен. Сонда мынадай қызық анекдоттар айтылды. Сіздерді білмейм, маған қызық көрінді.
Әрі қарай

1960. Свердловскі аспанындағы хай-вай.

Нақтың, қазір шығар — Google Maps-тан «міне менің ауылым, мніе мен жұмыс істейтін мәйітхана» деп, шелек болып отырғандарың. Ал 20 ғасырда ондай мүмкіндікті пантастика пильмдерден көрсететін, абдулхамитмархабаевсстың. Дегенмен, жаудың тылын суретке түсіріп, көтіне не тығып жүргенін қарауға құштарлық бәрібір болған. Ғарыштық кемелер әлі жоқ, қолда бары — ұшақтар ғана.
Әлқисса, америкөттерге бір күні херемет ой келді. Жер-жерден советтік радарлардың нашарлығы
Әрі қарай