Қазақ күресінен Әлем Чемпионатына 40-тан аса елдің палуандары қатысады


2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында Qazaq Kurеsi-нен Әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылары — Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы.
Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. бар.
Палуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады.
Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды.
Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы — Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы тағайындалды.
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталады.
Айта кету керек, чемпионат аясында төрешілер семинары өткізіледі. Әдеттегідей семинар барысында Qazaq Kuresi төрешілік тұрғысында талқыланады.
2019 жылғы Әлем чемпионаты символдарының бірі — Олимпиада алауы. Ол Чемпионат өтетін Ақтөбе қаласының белгісі атанған – қызғалдақпен әрленді. Қазақстанның батыс өңірі мұнай және газ кен орындарына бай. Сондықтан символдардың екінші түсіндірмесі — отты қызғалдақ. Логотиптің дөңгелек формасы шараның халықаралық, жаһандық мәртебесін көрсете отырып, жер шарының бейнесін білдіреді. Қызыл, сары және көк түстер күрес күресінен жарыстар өтетін татамиге түсіне сәйкестендірілді. Бұл түстер логотип кодының негізі.
Іс-шараны «Теңізшевройл», «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансГаз», «Азия газ құбыры», «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры, КазРосГаз, ERG, Kcell, Qazsport және әкімдік сияқты компаниялар қолдайды.
Анықтама үшін:
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы — бұл халықаралық деңгейге ие қазақ Qazaq Kuresi турнирлерінің белсенді ұйымдастырушысы болып табылатын Қазақстандағы жалғыз қоғамдық ұйым.
Федерация жыл сайын халықаралық турнирлер мен іс-шаралар өткізеді. Екі жылдан астам уақыт ішінде: Qazaq Kuresi 2017 Әлем Чемпионаты (Астана, Қазақстан), 2018 Халықаралық бапкерлер мен төрешілерге арналған семинар (Тбилиси, Грузия), Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты (Грузия және Польша), 2018 оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), Азия чемпионаттары (Қазақстан және Моңғолия) Федерацияның қолдауымен «Әлем Барысы» секілді турнирлер өткізілді.

«Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауы (фоторепортаж)


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Алаш мәдениеті» қоғамдық қоры «Қазмедиа орталығында» Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Байқауға еліміздің 17 аймағынан үш жүзден астам үміткер қатысып, 50 үздік жас ақын финалға шықты.
Қазылар алқасының құрамына атақты ақындар, қоғам қайраткерлері және Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері кірді. Қазылар алқасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қатысушылардың жұмысын жоғары бағалады.
Жүзден жүйрік болып шыққан 5 жеңімпаздың есімдері анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
Гран-при — 700 000 теңге Саян Есжан.
1 орын – 500 000 теңге Қарт Мерей.
2 орын — 350 000 теңге Арман Шеризат.
3 орын — 200 000 теңге Кенжетайұлы Мұқағали.
«Көрермендер көзайымы» номинациясы – Смарт теледидар Носерхан Шуақ.
Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ арнайы сыйлықтармен (ноутбуктар) марапатталды.

Объявление: Сольный концерт группы Время и Стекло в городе Нур-Султан


Главное событие этой осени — сольный концерт группы Время и Стекло в городе Нур-Султан.

Сделайте эту осень незабываемой вместе с молодежным фестивалем Zhas Star, который пройдёт 2 ноября в Конгресс-центре города Нур-Султан.

Организаторами фестиваля выступает агенство Joy event.
В этом грандиозном событии примут участие Q-POP группа MADMEN, SANAT ASUAT, RINA. Хедлайнерами фестиваля выступит группа ВРЕМЯ и СТЕКЛО (@vremyaisteklo) с сольным концертом.

В рамках мероприятия пройдёт пресс-конференция с участниками группы.
По всем вопросам обращаться по номерам:
8 702 667 07 00 (Айдана)
8 775 742 69 29 (Асель)

Астана Клубының бесінші отырысының бағдарламасы жарияланды


Мерейтойлық форумның бірқатар негізгі спикерлерінің есімдері белгілі болды.
2019 жылдың 11-12 қарашасында «Назарбаев Орталығында» аймақтағы геосаясат пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған үлкен алаң «Астана клубының» бесінші жылсайынғы отырысы өтеді. Екікүндік шара аясында дүниежүзіндегі ауқымды құрлықты не күтіп тұр және жаһандық үдерістер қай бағытқа қарай қарқын алуда деген маңызы сауалдар талқыға түседі.
Бесінші отырыстың тақырыбы: «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында».
Клубтың сараптамалық талқылауына АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қырғи-қабақтың ушығуы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көрсетуі сынды мәселелер арқау болмақ.
Әсіресе, Еуразияда ынтымақтастықтың болашақ құрылымын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлініп, жаһандық қауіпсіздіктің сын-тегеуріндеріне қарсы тұру жолдарын іздеу, сондай-ақ ядролық қаруды бақылаусыз тарату мәселелеріне назар аударылады.
Шара аясында Әлемдік экономика және саясат институты Астана клубының қолдауымен жаһанның жетекші сарапшыларының стратегиялық болжамын жинақтаған «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» рейтингісінің кезекті шығарылымы таныстырылады.
Астана клубының бесінші отырысындағы сессия тақырыптары:
«ӘЛЕМДІК ТӘРТІП(СІЗДІК): БОЛАШАҚ ТАРИХТЫ КІМ ЖАЗАДЫ?» «КӨППОЛЯРЛЫ ЕУРАЗИЯ: ҮЗДІКСІЗ ҚАҚТЫҒЫСТАР КЕҢІСТІГІ?» «САУДА СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ПРОТЕКЦИОНИЗМ – ЖАҺАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ НЕ БОЛМАҚ?» «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРЫС: ЖАҺАНДЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТЫҢ ЖАҢА АЛАҢЫ» «ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУДЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?» «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖАҺАНДЫҚ МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСЫНДА: ХАРТЛЕНДТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ»
Кезекті басқосуға шартараптың 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының маңдайалды сарапшылары ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикерлер қатысады деп күтілуде. Құрметті меймандардың қатарында — 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс-премьер-министр, 10 министр және 1 Нобель сыйлығының лауреаты бар. Форумға қатысатын сарапшылардың географиясы кең. Атап айтсақ, АҚШ, Испания, Италия, Ресей, Жапония, Сербия, Австрия, Норвегия, Қытай, Үндістан, Бельгия, Ауғанстан, Швеция, Португалия, Оңтүстік Корея, Египет, Бангладеш, Словения, Қырғызстан, Иран, Ұлыбритания, Пәкістан елдері бар.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен өтетін Клубтың пленарлық отырысы – іс-шараның негізгі өзегі «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбын қаузауға арналады.
Ағымдағы жылғы «Астана клубының» негізгі спикерлерінің құрамы:
Мұхаммед әл-БАРАДЕИ, Нобель сыйлығының лауреаты (2005), МАГАТЭ-нің Бас директоры (2013-2014), Египет Джейкоб ФРЕНКЕЛЬ, JP Morgan Chase International Директорлар кеңесінің төрағасы, 30 (G 30) халықаралық тобының төрағасы, Израиль Ұлттық банкінің төрағасы (1991—2000), АҚШ Жозе Мануэл БАРРОЗУ, Еуропалық Комиссия төрағасы (2004-2014 жж.), Goldman Sachs International атқарушы емес төрағасы, Португалия. Хамид КАРЗАЙ, Ауғанстан президенті (2001-2014), Ауғанстан. Хосе Луис САПАТЕРО, Испания премьер-министрі (2004-2011), Испания Ив ЛЕТЕРМ, Бельгия премьер-министрі (2008, 2009-2011), IDEA халықаралық институтының бас хатшысы, Бельгия. Шаукат АЗИЗ, Пәкістан премьер-министрі (2004-2007), Пәкістан. Данило ТЮРК, Словения президенті (2007-2012), Словения. ЮН Бёнсе, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі (2013-2017), Оңтүстік Корея. Франко ФРАТТИНИ, Италияның Сыртқы істер министрі (2002-2004, 2008-2011), Италия. Михаил ФРАДКОВ, Ресей стратегиялық зерттеу институтының директоры, РФ Үкіметінің төрағасы (2004-2007), РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры (2007-2016).
Шара ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры және Әлемдік экономика және саясат институты.
«Астана клубының» миссиясы — Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары тұрғысынан жаһандық күнтәртібін қалыптастыру үшін Еуразияның жетекші сарапшылары, саяси көшбасшылары мен дипломаттарын бір алаңға біріктіру.
«Астана клубының» жұмысына дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысады.
«Астана клубы» отырыстарының бір бөлігі «Chatham house» ережелеріне сәйкес өткізіледі. Бұл талқылаудың жабық сипатта өтуін сақтайды және қазіргі уақыттағы Еуразия мен әлемнің ең өзекті мәселелерінің өткір әрі ашық талқылануына мүмкіндік береді.
Осы жылдар ішінде клуб отырыстарына 40 елден 200-ден астам спикер қатысты.

Алматы қаласының белсенді жастары «#SmartJastar» жастар лагерінде семинар-тренингтен өтті


Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Студенттер футбол лигасы» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың қазан айының 14-18 жұлдыздары аралығында «Маралсай» демалыс үйінде Алматы қаласының белсенді, талантты жастарына және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастарға арналған «#SmartJastar» атты жастар лагерін ұйымдастырды.

«#SmartJastar» лагерінің мақсаты: Алматыда болашағы зор және талантты жастарды қолдау, үлкен шығармашылық әлеуетті дамыту және жас ұрпақтың кәсіби дамуы үшін барлық жағдайларды жасау. Жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және дамыту.

Лагерь аясында: Жастардың ораторлық, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін көптеген семинар-тренингтер, мастер класстар жоғары деңгейдегі спикер, тренерлердің қатысуларымен өткізілді. Сонымен қатар өз-өздеріне сенімділігін, батылдықтарын арттыру мақсатында жастар тимбилдингтерге, квест ойындарына, және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараларға белсене қатысты. Және де қосымша мотивация алуы үшін, жастар мен мәдениет және спорт саласында үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.

«Астана Клубы» отырысының өтетін күні белгілі болды


Мерейтойлық саяси форум бесжылдық жұмысын қорытындылайды
«Астана клубы» халықаралық пікірталас алаңы бесінші басқосуын өткізеді. Әлемнің 50-ге жуық сақа саясаткері мен Еуразияның әйгілі зиялыларын, халықаралық қатынастар саласындағы үздік мамандарды бір жерге тоғыстыратын кезекті кездесу Қазақстанның бас қаласында биыл қарашаның 11-12 аралығында өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры.
Отырыстың күнтәртібіне Үлкен Еуразияның стратегиялық болашағы мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қойылған. Бесінші сессия барысында клуб қатысушылары Еуразия мемлекеттері мен халықтарының даму жолында туындаған өзекті мәселелерін назарға алып, аймақтық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастырады және болашақ жоспарларға қатысты ой алмасады.
Тұжырымдамалық тұрғыда барлық талқылаулар басты мәселеге – Үлкен Еуразияда жаңа ынтымақтастық архитектурасын құруға арналады. Аталмыш тақырыпты таңдауға соңғы 70 жыл бойы халықаралық қатынастарда тұрақтылықты қамтамасыз еткен ғаламдық институттардың күйреуі мен құлдырауының ауқымды процестері себеп болып отыр.
Оның үстіне күйреудің шыңы дәл қазіргі кезеңге тап келуде. Ол ядролық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық келісімдердің жойылуы, дүниежүзілік экономикада протекционизмнің үдеуі, сонымен қатар санкция салдарының ушығуы мәселелерінде анық көрініс табуда. Оған қоса, климаттың құбылуы жаңа ғаламдық қауіп-қатерге айналғаны жасырын емес.
Нәтижесінде, біздің дамуымыз қаншалықты тұрақты болатынына қатысты стратегиялық белгісіздік артып келеді. Осы мәселелердің барлығы ашық және шынайы талқылауды қажет етеді.
Әлемдік экономика және саясат институты әзірлеген «2020 жылғы Еуразия үшін ең үлкен 10 қатер» сараптамалық рейтингісінің екінші басылымы қатысушылар мен көпшілік назарына ұсынылады.
Тәуекелдер рейтингісіне арналған былтырғы бірінші басылым үлкен сұранысқа ие болғандықтан, ӘЭСИ клубтың кезекті отырысына жаңа басылымды дайындады. Рейтинг түзу барысында ӘЭСИ мамандары зерттеу жұмыстарына әлемнің үздік 40 сарапшыларын тартты.
Астана клубының қызметіне халықаралық деңгейде қызығушылық тууына, 2015 жылы құрылған қазақстандық пікір-сайыс алаңының қысқа мерзімде қазіргі заманның ең күрделі мәселелері бойынша Еуразияның барлық шешуші күшке ие ұйымдарының көзқарасын бір арнаға тоғыстыра білген нағыз жаһандық алаңға айналуы себеп. Бұл ретте Astana Club Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының жарқын көрінісі іспетті.
Ашылғалы бері клуб қызметіне әлемнің 40 елінен 200-ден астам сарапшылар қатысты. Оның ішінде АҚШ, Қытай, Ресей, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің өкілдері бар.
«Астана клубының» бесжылдық тарихындағы танымал саясаткерлер мен сарапшылар қатарында Жозе Мануэль Баррозу, Мұхаммед әл-Барадей, Ахмет Дәуітоғлы, Вацлав Клаус, Хамид Карзай, Джордж Фридман, Ян Моррис, Роберт Каплан және басқа да меймандар бар.
«Астана клубының» жылсайынғы отырыстарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, келешекке қатысты кемел ойларын ортаға салады.
«Астана клубы» отырыстары аясындағы талқылаулар «үлкен еуразиялық пікірсайысты» қалыптастыру мен ілгерілетуде маңызды алаңға айналғанын атап өткен ләзім. Клубтың әр отырысы жаңа қалыптасып келе жатқан «Үлкен Еуразия» феноменінің осы және өзге де аспектілеріне арналады. Оның құрамына еуразиялық мегақұрлық шеңберіндегі Азия мен Еуропаның барлық мемлекеттері кіреді және олардың саясат, экономика, қауіпсізідк салаларындағы қарым-қатынастары тақырыптарға тұздық болмақ.
«Астана Клубының» 2015 жылы қарашада өткен алғашқы отырысы Еуразияның геоэкономикалық мәселелерін талқылауға арналды. Ал екінші отырыста Еуразия кеңістігіндегі алдағы өзгерістердің мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері сөз болды.
Клубтың 2017 жылғы үшінші отырысы «Үлкен Еуразия — 2027: текетірес немесе серіктестік» тақырыбында өтті. 2018 жылғы төртінші отырыста сарапшылар «Үлкен Еуразияға апарар жол: ортақ болашақты қалай құруға болады?» тақырыбын талқыға алды.
Клубтың мерейтойлық бесінші отырысында «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа архитектурасы жолында» тақырыбы назарға алынады.
Клубтың сараптамалық талқылауына АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қырғи-қабақтың ушығуы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ әлемнің көптеген ыстық нүктелерінде жаңа шиеленістердің бой көрсетуі мәселелері арқау болмақ.
Бесінші басқосуда Еуразиядағы ынтымақтастықтың болашақ архитектурасын қалыптастыруға, сондай-ақ жаһандық ядролық-зымыран жарысы сынды жаһандық қауіпсіздіктің негізгі сын-қатерлеріне жауап іздеуге ерекше назар аударылады.

Жастар жасыл әлем үшін...


Жасыл экономика және экологияға күтіммен қарау – бұл соңғы 10 жылда әлемдік трендке айналған үрдіс. Мәселен, Еуропа елдері қоқысты түріне қарай іріктеп, электр қуатын үнемдейтін шамдарды пайдаланса, америкалық үкімет ауаны ластаушы кәсіпорындар мен өндірушілерге қатысты жазаны күшейткен. Бұл тұрғыда біздің мемлекет те қарап отырған жоқ. Жұртшылықтың бұл мәселеге назары ауып, табиғатты қорғайтын заңнамалар қабылданып жатыр.

Қоғамдық бастамалардың жәрдемі тиіп, жастар жағы да бұл істің басы-қасында. Экологияны қорғауға бағытталған акциялар мен сенбіліктерді ұйымдастырумен қатар, жас буын табиғатқа пайдасын әкелетін жаңа технологиялардың әлеуетін паш етіп келеді. Дегенмен, нақты жобалар мен бағдарламалардың жоқтығынан аталмыш идеялар жоспар түрінде қала береді.
Бұл жұмысты жүйеленедіру мақсатында жуырда елімізде «Берекелі жастар» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениеттің концепциясын жүзеге асыру. Жобада жас буынның қоршаған ортамен өзара байланысы жазылған.

Өзара қарым-қатынас қалай жүреді? Осы мәселе аясында жоба қатысушылары мардымды шешімдерді іздейді. Зейнет жасындағы қарттардың ауласын тазалап беру, өндіріс жетекшілеріне зауыттан шығатын зиянды қалдықтар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу сынды қарапайым бастамаларды іс жүзінде асырып жүр. Қоршаған ортаны қорғау үшін жасалып жатқан игі істердің үлкені-кішісі болмайды. Ең бастысы – жұдырықтай жұмылып, айналаға ұқыптылық таныту, басқалардың осыған назарын аудару болып табылады.

Әлеуметтік жобаның басты мақсаты – жастардың тазалықты түсінудегі танымын ашу мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту. Жапония, Оңтүстік Корея, Швейцария, Норвегия, Финляндия сынды мемлекеттердің табиғатты қорғаудағы рационалды қарым-қатынасы біздің ел үшін үлгі боларлықтай. Яғни, су ресурстарын үнемдеу, баламалы қуат көздерін қолдану, қоқысты іріктеп жинау, қағаз пакеттерді қолдану тәрізді әрекеттердің нәтижелі болары анық.
«ЭКСПО» Халықаралық көрмесінен кейін елімізде «жасыл технологиялар» жаңа деңгейге көтерілді. Сол тың идеялардың иелері жастар екені анық. Игі идеялар орындаусыз қалмас үшін жастар арасында белсенділік пен бәсекелестік қажет. Сондықтан «Жасыл экономика» концепцияны қозғаушы күш болып табылады.

«Берекелі жастар» жобасында су, жер, биологиялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға баса назар аударылды. Бұл өзекті тақырып. Ормандар, көлдер, қорықтарға бай кең байтақ елімізде жас мамандардың жетіспеуі өткір сезіледі. Экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мақсаты бар жас мамандарға лайықты еңбек ақы беріледі. Тек жаңа идеяларды өмірге енгізу қажет. Әрине, үйден жырақта еңбек етіп, өмірдің ыстығы мен ызғарына көнуге тура келеді. Алайда адал қызмет пен табандылық нәтижені ұзақ күттірмейді. Осылайша біз ресурстарымызды тиімсіз пайдаланудан сақтаймыз.
Міндеттердің жеке блогы – қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа инфрақұрылым салу. Жас инженерлер, құрылысшылар, зертханашылар, жобалаушылар – бұл істе басты күш. Олардың арқасында табиғатты қорғау үшін жаңа ғимараттар мен технологиялық шешімдер жасалады.

Қоршаған ортаға жаңа технологияларды енгізу мысалдарының бірі – Ақмола облысының Ақкөл қаласында сәтті іске асырылған Smart City жобасы дер едік. Қалада барлық қолданыстағы бейнебақылау, экологиялық мониторинг, энергия ресурстарын бақылау және есепке алу, жол трафигін басқару, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінен мәліметтер жинауды жүзеге асыратын орталық жұмыс істейді, олар кейіннен Smart Aqkol ахуалдық орталығына жіберіледі.
Қалада есептегіштің көрсеткіштерін автоматты түрде беру мүмкіндігі бар су және электр энергиясын есептегіштер ауыстырылды. Ескі шамдардың орнына көшені жарықтандыру шамдары орнатылған, олар автоматты түрде қосылады және өшіріледі. Соның арқасында электр энергиясын үнемдеу 10% — ды құрады.

Мұндай зияткерлік жүйелер қалалық қызметтердің тиімді жұмыс істеуін, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Мұндай «ақылды қалалар» жақын арада еліміздің картасында көптеп пайда болады деп үміттенеміз.

Экологияның маңызды мәселесі – шығарындылар. Зауыттар мен фабрикаларды салу кезінде экологиялық стандарттарды сақтау, оларды бақылау қажет. Егер бұл салаға экологияны қорғаудың маңыздылығын түсінетін жастар келсе, бұдан барлығы тек қана ұтады: кәсіпкер, халық және табиғат.

Бұл ретте қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельді жолдары арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру аса маңызды. Бұл тұрғыда экологияны қорғау бойынша көшбасшы елдердің тәжірибесін қабылдау маңызды. Мысалы, электр энергиясын жинақтау үшін Норвегия жел және электр станцияларын қалай пайдаланады? Мұны білген дұрыс. Бұл жобаға жас мамандар қалай қатысатыны да маңызды мәселе.

Жобаны сәтті жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлігі – жастарды экологиялық мәселелер, менеджмент, психология бойынша оқыту және ағарту. Сонымен қатар, ұтымдылық мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, бұл біздің басты міндетіміз десек, артық емес.

Біз осы және ел үшін маңызды басқа да міндеттерді табысты шешу жастардың тиімді қатысуынсыз мүмкін еместігін түсінуіміз керек. Бұл қатысудың тиімділік дәрежесі жастар елдің дамуындағы өз рөлін қаншалықты түсінеді, өз жауапкершілігін сезінеді және өз болашағы үшін шешім қабылдауға дайын. Бұл тұрғыда «Бберекелі жастар» маңызды рөл атқарады және біздің қоршаған ортаны сақтауға үлес қосады.

«Берекелі жастар» жобасының журналисті
Кәмшат Тойлыбаева

Қазақ күресінің олимпиадалық ойындар қатарына қосылуына мүмкіндік бар ма?


Бұл туралы Халықаралық «Qazaq kuresi» федерациясы, Қазақстан Республикасы Қазақ күресі федерациясы, өңірлік және шетелдік федерация мүшелерінің бірлескен отырысында талқыланды.
Жиын барысында қазақ күресінің өркендеуі, ондағы өзгерістер мәселелесі көтерілді. Федерация спорттық-техникалық комитетінің төрағасы Ж.Қоныспаев қазақ күресінің өркендеуі жолындағы олимпиадалық бағытта жасалынатын жұмыстар легін ұсынды. Оның айтуынша бүгінде қазақ күресін олимпиадалық ойындар қатарына енгізу үшін бірқатар жұмыстар атқару қажет. Осы орайда, Федерация ғылыми-әдістемелік комитетінің төрағасы Е.Мырзабосынов қазақ күресіндегі өзгерістерді ғылыми-кешендік жұмыс тобын құруды (терминдерді қалыптастыру, дайындық әдістеме жұмыстарын жүргізу, қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу бағытында ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, Е.Мырзабосынов қазақ күресінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айтты.
Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Той-домалақ, жиын-мерке, түрлі басқосулар палуандардың белдесуінсіз өткен емес. Қазіргі таңда елімізде жекпе-жек өнерін әлемдік бәсекеге лайықты спорт деңгейіне шығару маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.
Сондықтан қазақ күресінің дамуына атсалысып жауапты тұлғалар ұлттық спорттың олимпиада қатарына енгізу үшін қажетті гақты қадамдарды атап, сол бойынша жұмыс тобын құрып үлгерді.
Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Халықаралық «Qazaq kuresi» федерациясының президенті Қанат Бозымбаев «ұлттық спортымыздың олимпиадалық ойындар қатарынан табылуына бар күш-жігерімізді саламыз» деген болатын. Оның пікірінше, Халықаралық Федерацияның құрылғанына аз болса да, осы уақыт аралығында ауқымды шаралар мен нәтижелі жұмыстар атқарылды. Федерация құрамына Еуропа мен Азия елдерінің 28 ұлттық федерациясы кіреді. Есесіне әлемде ұлттық спортымызға қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда.
Федерация жыл сайын халықаралық турнирлер мен іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Федерация құрылған 2 жыл ішінде: қазақ күресінен әлем чемпионаты-2017 (Астана, Қазақстан), 2018 жылы жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған халықаралық семинар (Тбилиси, Грузия), Қазақ күресінен Еуропа чемпионаттары (Грузия мен Польша), 2018 жылы оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), Азия чемпионаттары (Қазақстан мен Моңғолия), Федерация қолдауымен «Әлем барысы» турнирі өткізілді. Сондай-ақ, 2018 жылы — 3 ұлттық чемпионат өткізілсе, ұлттық чемпионаттар саны 10-нан асып түсті.
Әлбетте, қарқынды қолдаудың арқасында ұлттық спортымыз бүгінде әлемге кең насихатталып, үлкен танымалдылыққа ие. Қазақ күресімен Грузия, Қытай, Еуроодақ елдері, Иран және т.б. елдері айналыса бастады.

КРЕДИТНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ @ 2%

SHAYNE ARMSTRONG Несиелік КОМПАНИ қазіргі уақытта маңызды және қызығушылық танытқан клиенттерге несие береді, сонымен қатар жеке тұлғаларға, компанияларға несие ұсынамыз және біз төмен пайыздық ставкалар бойынша агенттіктермен, несие шарттарын анықтаушылармен, $5,000.00-ден $500,000,000.00 АҚШ долларына дейінгі қарыз сомаларымен жұмыс істейміз. Бизнесті дамыту несиесі Бәсекеге қабілеттілік / бизнесті кеңейту

Біз несиенің келесі түрлерін ұсынамыз: жеке қарыздар (қауіпсіз және кепілсіз) *
Бизнес несиелері (қауіпсіз және кепілсіз) *
Шоғырландыру несиесі

{Төменде несие алуға өтініш формасын толтырыңыз}
Аты-жөні…
Қажетті сома…
Кәсіп…
Несие мерзімі…
айлық табысы…
Несиенің мақсаты…
резидент ел…
Жасы…
Ұялы телефон…
Сіз бұрын өтініш бердіңіз бе?

Осы хатқа жедел жауап беруді күтеміз, әрі қарай жалғастыра аламыз.
shaynearmstrongloancompany@gmail.com

Елорда жастары Президент Жолдауын талқылады

Елордалық Достық үйінде «Заманауи жастар: келешек және сын-тегеуріндер» тақырыбында жастар пікір таластырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шараға Қазақстан Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қалалық хатшылығы, этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабының төрайымы Анастасия Тимощенко-Боровикова Жолдаудағы жастарға тікелей қатысы бар міндеттерге тоқталып өтті.

«ҚР Президентінің Жолдауында айтылған ел жастарының алдында тұрған мәселелер мен міндеттерді нақты айқындау үшін біз этномәдени бірлестіктердегі жастар арасында сауалнама жүргізіп, терең талдауды қажет ететін өзекті мәселелерді анықтадық. Оларды «ҚР Президенті Жолдауы аясында жастарға берілетін мүмкіндіктер», «Шағын және орта бизнес: қиындықтар мен даму мүмкіндіктері», «Мемлекеттік тіл – заманауи мемлекеттің бірлігінің негізі», «Президенттік кадрлық резерв – ел жастары үшін тиімді әлеуметтік лифт» деп топтастырып қарауға болады»,-дейді ол.
Жастар Мемлекет басшысы Жолдауында аталған жастар үшін қарастырылған мүмкіндіктер туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, оларға Мемлекеттік басқару академиясына түсу емтихандары туралы толық ақпарат берілді.
Пікірталасқа арнайы қонақ ретінде Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет еніп, қазақ палуандарының дәстүрін жалғап жүрген Сергей Цырульников те келді. Оның айтуынша, Президент Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы үшін қажетті міндеттер мен шаралардың бәрі қамтылған.
Өзінің табысқа жету жолы туралы әңгімелеген палуан, жастарға еш қиындыққа мойымай, тек алға жылжу керектігін айтты.
Пікірталас спикері Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бекнұр Молдатай, беларусьтық «Радима» қоғамдық ұйымы жастар қанатының мүшесі Светлана Тарасова, «Акбузат» башқұрт этномәдени бірлестігі жастар қанатының көшбасшысы Закир Бикмухаметов болды.