Құс тұмауының алдын алу

Соңғы кезде бұрын тек адамдарға тән деп жүрген тұмауымыздың түрі көбейіп кетті.«Шошқа тұмауы», "Құс тұмауы" деп тізе беруімізге болады. Осы ретте еліміздегі үш ірі құс фабрикасының бірі «Тауық қазына» құс фабрикасының жәй-күйімен таныстыра кетуді жөн санап отырмыз.

"Құстарымызды күніне бір рет тексерістен өткіземіз десем асылық болар, дегенмен аптасына бір рет медициналық тексерістен өткізіп тұрамыз.Әзірге бұл тұмауды жұқтырған құсымыз жоқ. егер, құстар адам секілді болғанда біз оларға тұмылдырық кигізсекте бірдеңе қылар едік, амал не, оны істей алмаймыз.Біздің құстарға келетін басты қауіп жабайы құстардан.Былай-былай ұшып бара жатқан жабайы құстар қонбасын деп біз айналамыздағы ағаштардың бұтағын кесіп тастадық" дейді құс фабрикасының директорының орынбасары Боник Қоразбаев

Суреттің алынған жері
Әрі қарай

Байтасовтың отбасында

Тараздағы террактте өз денесін гранатаға тосқан Байтасовтың ерлігін ескеріп, біз де естелік бермекші болып келіскен едік қой. Сурет дайын болып, Айкона беріп жіберген еді. Неге екенін қайдам, суретті алған соң біраз уақыт барудың сәті түспеді. Тек, сенбі күні кешкісін барып қайттым. Сіздердің де қайғырып көңіл айтатындарыңызды, КерекИнфо блогшылары мен Ғаламарт атынан деп суретті табыс еттім. Жары Гүлжамал, анасы Гүлзат рахметтерін айтып жатыр.
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім
Адами құндылықтарды насихаттап, ой салуға келгенде, көне ақиқаттарды көтін басына, басын көтіне жапсырып, «үйтіңдер-де-бүйтіңдер, отқа басын үйтіңдер» деп тікелей бұйыратын директивалар тәсіліне қарағанда, жеке өзім, Шығыс метафоралары мен астарлы әфсаналарын әсерлірек деп ойлаймын. Айтпағын алдын ала шайнап беретін Крылов пен Ла-Фонтаньның мысалдарын, әрине, есепке алмадым.
Әрі қарай

Мини Блог Құрылтай-2: Есеп

БлогҚұрылтай жақындаған сайын, кездесулеріміз жиіліне түседі. Бүгін де 13 адам болып жиналған екенбіз. (Біз үшін қасиетті сан болып кетті ғой дейм, иә? Алдында да отырғанда 13 адам едік.) Арамызға Қуаныш та қосылды. (Келгеніне ол да, біз де өте қуаныштымыз)
.

Әрі қарай

28 қаңтар 2012 жыл - Сенбідегі съезд)))

Жиналдық, ойлағаннан аз адам болды, бірақ ойламаған адамдар келді))) Қуанышты көріп, қуанып қалдық, Толыбай мырза келіп, көңіліміз толды))) Оған қоса, АКЫ екеумізден бөлек 3 әдемі қыздар келіп, нәзік жандылардың құрамы көбейді)))
Сомен суреттер:
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (1-ші бөлім)

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы  (1-ші бөлім)

Өзіме ұнаған кеңестердің аудармасымен бөліскім келеді. Таптаурын дүниелер. Сендерге ұнаса тіпті жақсы.
Роб Брукер есімді американ-блогер тірлігің теріс айналғанда, өзіңе уәде беруден шаршағанда, кедергілермен бейберекет алысудан зайыбың шыққанда, ойларың іске аспай тұралап мойныңа жүк болып артылғанда бірдеңе бастамас бұрын нені доғару керектігіне тоқталыпты. Былшылды қойып, сөз кезегін Роб Брукерге Марк Анжелаға берейін.
Әрі қарай

Алладан басқа біреудің атымен ант ету

Алладан басқа біреудің атымен ант ету — ширк (Аллаға тең біреу бар деп сену). Аллаһтың елшісі былай деген: «Кім ант ететін болса, онда Аллаһпен ант етсін немесе үндемесін»(Бухари 6107, Муслим 3/1646).
Әрі қарай