Сейсенбі күні әлемдегі ең бай жиырма адам биржаның құлдырауынан $11,3 млрд зиян шекті

Әлемдегі ең бай жиырма адам бір күнде өз байлықтарын $11,3 млрд сомаға қысқартты. Бұған себеп Европа елдерінің статистикалық мәліметтерінің нашарлауымен Грекияның негізгі қарызының ректуризацияға ұшырауы себеп болды. Оған Bloomberg Billionaires Index, дәлел бола алады деп хабарлады РИА Новости.

Осы индек бойынша АҚШ-тық миллиардер Уоррена Баффет 407,3 миллион доллар жоғалтты. Қазір оның байлығы 43,9 миллиард доллар құрайды.

ArcelorMittal басшысы Лакшми Миттала (Lakshmi Mittal) 918 миллион доллар жоғалтты, яғни 4% және оның қаржысы о 22,3 миллиарқа дейін азайды. Компания акциясы Амстердам биржасында 5,5% құлдыраған. Осылайша әлемдегі 20 байлар арасынан шығып қалды. Ол қазір не бәрі 21 орында тұр, деп жазады Bloomberg.

VMH Moet Hennessy Louis Vuitton (MC) SA и Inditex SAL қожалары Европалық магнат, Бернар Арно (Bernard Arnault) және Амансио Ортега (Amancio Ortega), 1,2 миллиард долларға жуық қаржыларынан айырылды.

Microsoft басшысы Билл Гейтс биржада 805,4 миллион доллар жоғалтты — қазіргі байлығы 61,3 миллиард доллар. Las Vegas Sands Corp. (LVS) казино операторы Шелдона Адельсона (Sheldon Adelson), сейсенбіде 765,5 миллион доллар жоғалтты.

Google Inc. негізін қалаушылары Сергей Брин (Sergey Brin) және Ларри Пейдж (Larry Page) әл ауқаты 560 миллион долларға құлдырап, Google акциясы 1,5% төмендеген.

АҚШ -тың қор нарығы 1,3-1,5%ға түссе, Европа нарығының жағдайы одан да нашарлап 1,8-3,6% құрады. Егер Грекияның жағдайы шешілмесе Еуразона аймағы 1 триллион евроға қораға кіреді…
Ерікті қарыз жабушылар мемлекеттік облигацияның 75% құрамаса жағдай қйындамақ. Грекияны қадағалаусыз дефолт жайламақ. Халықаралық қаржы институты (IIF), осындай ақпар таратты.

Осылайша бір мемлекеттің жағдайына бола жеке адамдар өз қаржы-қаражаттарын жоғалту үстінде…
Әрі қарай

Ең соңғы тұрағың...

Алаңсыз ойнаған жүгіріп,
Есте ме балалық кездерің?
Қас қағым сәтте-ақ ғайып боп,
Зуылдап өтерін сезбедің.

Жоқ онда жасанды қылық та,
Бұлақтай тұп тұнық көздерің.
Сыңғырлап күлгенің сүйкімді,
Балдан да тәтті еді сөздерің.

Бағалай білмедің бірақта,
Есейіп кетуді көздедің.
Оңаша қалғанда ойланып
«Ес біліп, ер жетсем тез» дедің.
Әрі қарай

Әйелден әдемі...

Әлемде әйелден әдемі бір нәрсе бар, ол-сөз! Қызыл сөзбен қала салып тастауға болады ғой.Бірақ, ең әдемі сөздердің көбі әйелге байланысты айтылады, мейлі ол қыз болсын, немесе АНА болсын, бәрібір әйел."Әуелі сөз жаратылды" деседі, сол сөздің әйел жаратылмай тұрып осыншалықты әдемі болғанына өзбасым сене алмаймын.

Әйелдердің сұлулығын сұлу сөзбен жеткізе білген, сендіре білген бірер үзіндіні ұсына кетсем. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында қолға түскен қалмақтың қызының сұлулығын былай суреттейді:
Әрі қарай

8 наурызға сыйлық таңдаймыз


Жігіттер мінекей көктем келді ал көктем келді дегеніміз қыздардың мерекесі де ойламаған жерден сарт ете түсті деген сөз. Біреу “8-март болды жігіттерге шарт болды”-, деген екен.1910 жылы Клара Цеткинаның әсерінен мерекеге айналған бұл күні кез-келген еркек атаулы футболды, газет оқуды ұмытып, жұмысты кейінге қалдырып сүйіктілеріне сыйлық іздеп жүгіреді. Жалпы бұл күні әйелдердің бәрі сұлу, бәрі бақытты, өйткені олардың бір жыл бойы асыға күтетін мейрамдары, мінекей дәл осы күні. Ендеше қалтаңыз қалың болмасада жақын қыз-келіншектерді қуантуға бекем бел байлаңыз.
Әрі қарай

Сәлем бердік, "Аватар", кешіріңіз - "Джон Картер"


Қазақстандағы премьерасы 2012 жылдың 8-наурызына жоспарланған "Джон Картер" фэнтези туындысы мол әсер қалдырды. Өкінішке орай, бұның бәрін жақсы әсерге жатқызуға келмес. Толығырақ, тоқталайын.
Әрі қарай

Шалақазақ немесе өз-өзімізді кемсітіп жүрген жоқпыз ба?

Тойда болдым. Қазақпыз ғой, ойын тойымыз ешқашан таусылмайды. Артымыз жалтырап жатса да бетіміз жылтырап той жасаймыз… Бірақ бұл той басқа тойдан ерекше болды. Иесінің байлығын айтып мақтайын немесе өзімнің бір шала тойғанымды айтайын деп отырған жоқпын. Басы да басқаларынан ерекшелігі жоқ, кәдімгі дүбәрә мақтаншақтықпен басталып, галстуктарын карындарына мәпелеп қойған еркектер мен бойына шақ келмесе де ең қымбат көйлектерін иықтарына ілген әйелдер мәртебесіне байланысты кезек-кезек шығып, етектей-етектей сөз сөйледі… Бір кезде басқаларынан еш ерекшелігі жоқ бір қайыстай қара келіншек шықты. Көптің арасында ерекше көрінгісі келді ме, кім білсін сөзінің басында «Здесь что интересно все говорят на казахском, но я буду говорить на русском, так как я себя причисляю к шалаказахам!» деп мақтанышпен қойып қалғаны. Басқалары ду күлді, тіпті қол шапалақтап жіберді! Айтқан сөзін көпшілік қолдағанына мастанған келіншек айналасына нұрлана бір қарап алып, ұзақ сонар сөзін бастап кетті… Ары қарай менің көзім қарауытып, құлағым тұнып жүре берді…

Көшеде жүремін. Адамбыз ғой, көшеде жүргеннің не сөкеттігі бар? Ия, білемін, біздер көшеге тек бір шаруамен шығамыз. Баратын жерімізге жылдам барамыз да, жұмысымыз біткен соң екі аяқты жерге тигізбей үйге қарай құйғытамыз. Тіпті еш шаруамыз жоқ болса қарынды сыйпап қойып ұйықтаймыз. Өзгелер сияқты серуендеу жоқ қой бізде… Міне ана тіліміздің ақсап жатуының басты себебі осында жатыр!.. Қалай? Былай! Егер атасы көрмегенді ботасы көріп жүрген атқамінер қазақ күнде кешке жақын көше бойлап серуендеуді әдетке айналдырса көрер еді… Қателерді… Тұнып тұрған қателерді… Қазақ тілінің қаңсып қалғанын… Дүбәрә аудармаларды… Әттең… Білетіндер билікке жақын жүретіндер мінетін көліктің терезесіне орнатылған қара үлдір сырттағы әлемді нұрлы қылып көрсетеді дейді… Шын шығар…

Көршім бар. Жалғызбасты. Жақында көшіп келген. Үкімет тегін үй таратқанда тайыншадай итінің құжаттарын өткізген бе, екі бөлмелі пәтер алыпты. Көрші қақысы – Тәңір қақысы, есік алдында итіне бой жаздырып жүрген көршіммен тілдескім келді. Жай, есігімізге есігіміз тиіп тұрған соң таныс болайық деп… Әңгіме жараспады… Көршім де… О, Тоба, шапқылап жүретін тайынша төбет те… бір ауыз қазақша түсінбейді екен… Арсалаңдап жетіп келген ит «Кет!» дегеніңе пысқырып та қарамайды, «Пошелды» күтеді… Қайта итінің ниеті нұрлы екен, түсінбесе де ыржалаңдай береді, иесі менің «Ассалауыма» мұрнын шүйіріп өте берді…

Осындайды көргенде менің ауылға көшіп кеткім келеді… Қазағы да қазақ, басқасы да қазақ… Негізі кімнің түп-тұқияны қайдан шықса одан шықсын, бірақ барлығы бір тілде сөйлесе ынтымағы да мызғымас болады екен… Міне Ел Бірлігі қайда жатыр… Қазақпыз ғой…
Әрі қарай

Сыйлық таңдауға кеңестер!!!



Ертең 8 наурыз, әрине, сүйіктілеріңіз мерекеге орай сіздерден күтіп отырған сыйлықтар туралы айтпай кетуге болмайды. Айтпақшы, әлеуметтанушылар қыз-келіншектер қандай сый алғанды ұнататыны жайлы зерттеу жасап үлгеріпті. Сонымен, дәл қазір 8 наурызға лайық сыйлықтардың ОНДЫҒЫН атап өтсек:

*ОНЫНШЫ орында гүлдер – бұл міндетті сыйлықтың бірі. Әрине, ол сіздің ханымыңыздың талғамына қарай таңдалады.
*ТОҒЫЗЫНШЫ орында шоколад- мейілінше бірегей, арзан, әрі танымал сыйлық түрі. Мұнда да сүйіктіңіздің тәттіні жақсы көретініне байланысты.
*СЕГІЗІНШІ орында — аксессуарлар мен әшекей бұйымдар. Өте қолайлы сыйлықтар десе артық емес. Мысалы, аксессуарларды әйелдер қауымы күнсайын қолданады, мысалы, бөкебай, былғары қолғап, қолшатыр, жібек орамал, сөмке, бояу құралдарын салатын дорба… тағысын тағы. Көптеген әйелдер әшекейлерді ұнатады, тек лайықтысын таңдай алсаңыз болғаны, ал сыйлығыңызды ұсынған сәтте оның шаттанған көздерін байқасаңыз, онда жолыңыздың болғаны!
*ЖЕТІНШІ орында — кәдесыйлар, жұмсақ ойыншықтар мен қарапайым тартымды заттар. Әсіресе балауса қыздардың асыға күтетін сыйлығына айналған оларды кез келген арнайы дүкендерден табасыздар.
*Ал Алтыншы орында — авторлық дизайнерлік заттар, сонымен қатар аяқ-киім, сәнді киімдер мен тұрмыстық техника. Үйге де көрік беретін заттарды сыйға тартыңыз,өйткені әйелдер өздерімен қоса, баспаналарын безендіруді де ұмыт қалдырмайды.
*БЕСІНШІ орында — парфюмерия. Бұл жерде де ханымдардың талғамына жүгіну қажет. Одан да сүйіктіңізге деп әрлеу салондары немесе бассейні бар фитнес кешеніне кіру абонементін сатып алғаныңыз тиімді.
*ТӨРТІНШІ орында — түрлі техникалық гаджеттер. Әйелдер көбінде жинақылықты құп көреді, сондықтан жаңа мобилді телефон, ыдыс жуатын машина, ас үй комбайнын армандайды. Мұндай сыйлықтарды аларда жұбыңызбен ақылдасып алған жөн шығар.
*ҮШІНШІ орында — қымбат тон немесе зергерлік бағалы әшекей, дәл осыларды кез келген әйел ерлер қауымынан тосатыны анық.
ЕКІНШІ ОРЫНДА — туристік жолдама мен демалыс орындарына саяхат. Күнге қыздырынып, жылы теңіз суына шомылып, экзотикалық, жеміс коктейлін ішсе, мейілінше саяхаттаса.Анығын айтқанда, туристик жолдама адамды сергітеді, қаншама жағымды әсер қалдыратыны даусыз.
Ал әлеуметтанушылармыздың зерттеуі бойынша ең БІРІНШІ орынға автокөлік ие болады екен. Ал жігіттер, «Сыйлық» таңдауда менің кеңестеріме құлақ асарсыздар деген ойдамын  

/Авторадио эфирінен ықшамдалып қазақ тіліне аударылды/
moxieclub.ru/ сурет сілтемесі
Әрі қарай

Суперкубок – «Ордабасыда», «Шахтер» қалды егіліп...


«Шахтер» қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірі
(Суреттер kff.kz сайтынан алынды)

Күні кеше «Астана аренада» еліміздің қос майталман дружинасы – «Ордабасы» мен «Шахтер» суперкубокты сарапқа салды. Жыл сайынғы дәстүрлі бұл дүбірлі дода ел біріншілігінің шымылдығын ашушы футбол спектаклі екені әмбеге аян.

Шымкенттіктер сақадай сай еді. Оңтүстіктен командасының шын жанкүйерлері жолдың қашықтығына қарамастан, ат терлетіп жеткен. Көмірлі алқап та қарап қалмапты,

Әрі қарай

Блогшы не дейді, лицензиясы не дейді?

Авторлық құқықты реттеуге арналған халықаралық Creative Commons (мағынасы: Халық игілігі) лицензиялары бар. Ол лицензияны қолдану дегеніміз өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізді жұртшылықпен бөлісу дегенді білдіреді. Ары қарай қандай шарттар қоятындығыңыз көрсетіле береді.

Бір блогты оқып отырып, мынадай ескертпені көрдім:

Ескертпедегі лицензия мен оған қосымша жазылған түсініктеме бір-біріне қайшы келіп тұр. Неге? Өйткені блогшының таңдаған лицензиясы белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, мақаланы көшіруге болатындығын білдіреді.
Әрі қарай