Мектеп бағдарламасына ақпараттық сауаттылық пәндерін енгізу ұсынылды

«Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» деген тақырыптағы Еуразия медиа форумында тәуелсіз сарапшы Саясат Нұрбек мектеп бағдарламасына ақпараттық сауаттылықты арттыратын пәндерді енгізуді ұсынды, деп хабарлайды silteme.kz.

«Қазіргі таңда ақпаратты даярлау мен оны шығару мерзімі қысқарып кетті. Бұрын журналистер үшін ақпарат жинау қаншама уақыт алатын, оларға редактор тапсырма беретін. Қазір жарты сағаттың ішінде жеке субъективті пікірі мен эмоциясына негізделген блогердің жазған ақпаратын бір сағаттың ішінде мыңдаған, миллиондаған адам көреді де, сол пікірге сүйенеді. Дәстүрлі БАҚ-тың ішкі өндірісінің өзі өзгеріп жатыр. Ақпарат даярлау ақпаратты тексеру, жалған хабар деген қазіргі таңда өте көп. Неге десеңіз эмоцияға негізделген жалған хабарға сену де оңай болып кетті, сондай-ақ жаңа технологиялардың арқасында тез таралады», — деді сарапшы.

Айта кетейік, шараның алғашқы шеберлік дәрісін «#Hashtag our stories» компаниясының негізін қалаушы Юсуф Омар бастады. Дәріс тақырыбы: «Мобильді журналистикадан әлеуметтік виртуалды шындыққа дейін». Ол жаңа тенденциялар, тоқсан тоғыз тараптан шынайы мәліметті теріп, әп-сәтте әлемнің кез-келген түкпірінен ақпарат алу мен тарату мүмкіндігі туралы баяндады.
Әрі қарай

XV Еуразиялық Медиа Форумына 60-тан астам мемлекеттен 800 адам қатысатын болды

22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтетін XV Еуразиялық Медиа Форумына 60-тан астам мемлекеттен 800 адам қатысатын болды, деп хабарлайды silteme.kz.

Айта кету керек, форум жұмысын ақпараттандыруға отандық бұқаралық ақпарат құралдарынан 200-дей журналист, 100-ден аса шетелдік журналистер тіркелген.

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған авторлық шеберлік сабақтарына 500-ден көп адам қатысуға ниет білдіріп отыр.

Еуразия медиа форумында 7 авторлық шеберлік сабағы ұйымдастырылып отыр. Олар фейк жаңалықтар, блогсфера, конвергенттік журналистика, ғарыш саласын, қарулы қақтығыстарды ақпараттандыру және тағы да басқа қоғамның бүгінгі өзекті мәселелеріне арналған.

«Еуразиялық медиа форумның биылғы контенті дәстүрлі түрде заманауи өзекті бірқатар мәселелерді талқылайтын болады. Олардың қатарында, ақпараттық технологиялардың қарқынды өсуі, тұрақты дамудың бірден-бір шарты ретінде «жасыл экономика» тұжырымдамасы, тағы басқа көптеген мәселелер көтеріледі. Бұл ретте, мерейтойлық форумның халықаралық аренада еліміздің беделін арттыруға қосқан үлесінің орасан екендігін көрсете алатындығымызға сенімім мол», деп атап өтті Еуразиялық медиа форум бас директоры Руслан Жемков.

Жалпы, медиа форумы 3 күн өтеді. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Форум қонақтарын жаңа пікірталас алаңы, қызықты тақырыптар, мазмұнды әңгіме, спикерлердің танымал шоғыры күтеді. Бұл жолғы Форум «Эволюцияның 15 жылы: әлем өзгерісі мен бізді өзгертуі».

Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы ретіндегі Еуразия Медиа Форумының басты миссиясы — сарапшылар, саясаткерлер, экономистер, қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау.
Әрі қарай

«Карточный домик» (House of cards) триллерінің авторы – Майкл Доббс Қазақстанда

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: «Карточный домик» (House of cards) триллерінің авторы – Майкл Доббс Қазақстанда
Бірнеше күннен соң Алматыда өтетін Еуразиялық медиа форумына спикер ретінде британдық саяси қайраткер, «Карточный домик» атты әлемге әйгілі саяси триллердің авторы – Майкл Доббс Қазақстанға арнайы келеді.

«Карточный домик» триллері және басқа да әдеби атақты шығармаларының арқасында, лорд Майкл Доббс британдық саяси роман жазушыларының арасындағы ең атақтылардың бірі болып саналады. Лорд Доббс соңғы он жылдықта белсенді саяси қайраткер және Лордтар Палатасының мүшесі.

Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер болып тұрғанда Майкл Доббс оның кеңесшісі болып қызмет атқарған. Кейіннен Доббс Ұлыбританияның Консервативтік партиясы әкімшілігін басқарып, ВВС арнасындағы баспасөзге шолу жаңалықтар бағанасын жүргізген.

Майкл Доббс Еуразиялық медиа форумның екінші күні яғни, 23 мамырда «Қоғамға сенімділік эволюциясы: жаңа заманда қоғамды қалай басқаруға болады?» атты панельдік секциясына қатысады.

Бұл секциядағы пікірталас жыл сайынғы «Сенімділік барометрі» жаһандық зерттеудің нәтижесі дәлелдеп отырған соңғы жылдардағы БАҚ-тың, Үкіметтік емес ұйымдардың, бизнестің билік институттарына деген сенімнің төмен деңгейге түсуіне арналады. «Мұндай жағдайдың орын алуының басты себебі неде және қоғамдық институттарға адамдардың сенімін қайтару мүмкін бе» деген сұрақтарға секция жұмысы аясында жауап табуға талпынады. Сондай-ақ, бұл секцияда лорд Доббстан басқа Хатия Деканоидзе — Грузия ІІМ Полиция академиясының жетекшісі (2007–2012), мемлекеттік және саяси қайраткер, Украйна Ұлттық полициясының бастығы (2015–2016) (Грузия); Эммануэль Дюпюи — Еуропадағы Даму институтының президенті (Франция); Кларк Плексико — «International Strategies Inc.» президенті (АҚШ); Мария Валовая — Г.Плеханов атындағы РЭУ профессоры (Ресей); Сауле Мектепбаева — ҚР қылмыстық соттау ісін жетілдіру бойынша ЕО жобасының жүзеге асыру жетекшісі (Қазахстан) және тағы да басқа спикерлер пікірлерімен бөліседі.

Форумның басты мақсаты – Қазақстанның, Еуразияның, сондай-ақ, барлық халықаралық қауымдастықтардың әлеуметтік–мәдени дамуындағы геосаяси, экономикалық мәселелері бойынша саясаткерлер мен журналистерге және негізгі сарапшылар үшін ашық және еркін диалог құруға мүмкіндік жасау болып табылады.

Осы уақытқа дейін, Медиа форум аясында Қазақстанға 6000-ға жуық шетелдік саясаткерлер, экономистер, саясаттанушылар, нобель сыйлығының лауреаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер келген екен.

XV Евразиялық Медиа Форумның басты әріптесі — «Самрұқ Қазына» АҚ, Әлеуметтік әріптесі — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

XV Еуразиялық Медиа форумға тіркеу 18-ші мамырға дейін eamedia.org/ru/ ресми сайтында ашық болады.

Орындар саны шектеулі.
Әрі қарай

XV Еуразиялық медиа форум медианарықтағы мәселелерді көтереді

22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтетін үш күндік XV Еуразиялық медиа форумында медианарықтағы мәселелер атап көрсетілмек, деп хабарлайды форумның медиа орталығы.
Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: XV Еуразиялық медиа форум медианарықтағы мәселелерді көтереді
«Қазіргі таңда Еуропалық Одақ еуропалық тұрақтылық пен өркендеудің іргетасы болып саналады. Алайда, соңғы жылдардағы саяси қиындықтар мен әлемдік оқиғалар Еуроодақты айналып өтпегені рас. Осындай қиыншылықтарда Еуроодақтың атқарар рөлі қандай? Болашағы мен мүмкіндігі қандай? Бұл проблемалар медианарықта қалай талқыланып жатыр? Осы тақырып төңірегінде ой бөлісер спикерлер қатарында Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саймон Макги, Италия парламентінің мүшесі, саяси қайраткер журналист Дебора Бергамини және тағы басқа айтулы әлем саясаткерлері бар. Шара модераторы: жазушы, тележүргізуші, BBC Europe арнасының редакторы Гэвин Хьюитт» делінген хабарламада.
Айта кетейік, шараға тіркелу 18-мамырға дейін жалғасады.
Әрі қарай

Әлемдік саяси дағдарыстар кезінде журналистиканың атқаратын рөлі қандай?

Жер бетіндегі климат секілді саяси метеорология да үнемі өзгеріп отырады. Әлемдегі түрлі экономикалық-саяси санкциялар, әскери қарулы күштер, дипломатия мен БАҚ-тың сөз бостандығына кедергі келтіретін әрекеттер қоғамда орын алуы бүгінде таң қаларлық емес. Осындай кезеңдерде журналистиканың рөлі қандай?

Бұл сұрақ Еуразия медиа форумында талқыланады. Жиынға қатысатын спикерлер: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок.

Сессия модераторы «Пулитцер» сыйлығының иегері, «Нью-Йорк Таймс» газетінің колумнисті Николас Кристоф болады.

Сонымен қатар, БАҚ болған жерде сары басылымдар мен бұрмаланған жаңалықтар, арандатушылар мен жалған ақпараттардың болуы қалыпты. Әрі жалған ақпаратты қолдан жасайтын мүдделі топтардың да бар екенін ескеру қажет. Ақпараттық технология дамыған заманда фейк-жаңалықтар жасау, оны әлеуметтік желілер арқылы тарату тіпті оңай. Осындай әрекеттердің қоғамға кері әсерін тигізетіні белгілі. Алдын алу жолдары қандай? Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, «New Day Strategy» компаниясының басшысы, саяси стратег Роджер Фиск, журналист, саясаткер, құқық қорғаушы Андрей Бузаров, Zaborona.com жобасының негізін қалаушы, тележурналист Катерина Сергацкова, «Hashtag our stories» негізін қалаушы Юсуф Омар сынды саясаткерлер мен журналистер сөз қозғайтын болады.

Қазіргі таңда Еуропалық Одақ еуропалық тұрақтылық пен өркендеудің іргетасы болып саналады. Алайда, соңғы жылдардағы саяси қиындықтар мен әлемдік оқиғалар Еуроодақты айналып өтпегені рас. Осындай қиыншылықтарда Еуроодақтың атқарар рөлі қандай? Болашағы мен мүмкіндігі қандай? Бұл проблемалар медианарықта қалай талқыланып жатыр? Осы тақырып төңірегінде ой бөлісер спикерлер қатарында Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саймон Макги, Италия парламентінің мүшесі, саяси қайраткер журналист Дебора Бергамини және тағы басқа айтулы әлем саясаткерлері бар. Шара модераторы: жазушы, тележүргізуші, BBC Europe арнасының редакторы Гэвин Хьюитт.

Осы және өзге де өзекті тақырыптар Форумның екінші күнінде талқыланады.

Форум үстіміздегі жылдың 22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтеді.

XV Еуразиялық Медиа Форумға тіркелу 18-мамырға дейін жалғасады. Тіркеу үшін eamedia.org/ru/ сілтемесіне өтуге болады. Орын санаулы.

Жалпы, үш күнді қамтитын шараға 500-ден астам отандық және әлемдік танымал спикерлер, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысып, медиа саласының өзекті мәселелері қозғалады.
Әрі қарай

Покер турнирінің тестілік трансляциясы



Шын ақшаға покер турнирінің тестілік трансляциясы. Бұл эфир үйдегі арудың кешкі ас ішуді талап етіп, қабағы түйілуінен соң аяқталды. :)
Негізі, басты турнир тағы бірер сағатқа созылып, 2 орынмен аяқталған болатын.
Әрі қарай

Дунай жағалауындағы аяқ киімдер, Венгрия

Венгрия еліндегі Дунай жағалауында 60-тан астам жұп аяқ киімдер 70 жылдан бері әлі сақтаулы. Көп адамдар 70 жыл бұрынғы тарихын естігенде жылаған екен. Себебі мыңдаған яһудилер осы жерде атылып, олардың денелері Дунайдың шығысындағы суық суға тасталған екен. Олардың артында ештеңе қалмаған, тек өзеннің қасында тұрған аяқ киімдері ғана сақтаулы…

Блог - assar: Дунай жағалауындағы аяқ киімдер, Венгрия

Түп нұсқа сілтемесі www.ritebook.in/
Әрі қарай