Студенттік өмірге қадам басу күні
IT университетіне шетел мамандарының дәріс беруі.....
Немістердің қазақтарға таратқан листовкасы
Соғыстың алғашқы айларында немістердің қазақтарға таратқан листовкасы. Бұл листовканы Түркістан легионы туралы постыма суреттер іздеп отырған кезде тауып алған едім. Енді соны бөлек бөліскім келіп отыр.
Әрі қарай

20 жылда тек 73 адам жинай алған жамағат таратылды
«Серікқалишылар» деген атпен белгілі діни жамағат өздерінің бұдан кейін ешқандай діни және саяси оқиғаларға араласпайтындарын айтып, бүгін жамағат үйінде өткізген баспасөз мәслихатында жамағаттың таратылғандығын мәлімдеді. Жамағат басшысы Қали Қожаның (Серікқали Ермекбайұлы) берген мәліметі бойынша бұл жамағат 20 жыл ішінде тек 73 мүше ғана жинаған.
Әрі қарай

«Тәңіршілдігі» несі?
Діннен алыстау адаммын. Арақашықтығымызды шартты түрде, осы күні стандарт боп кеткен жиырмасантиметрлік қытайы сызғыштың шкаласына орналастырсам, дін – нөлге, мен шамамен 13-14 сантиметрге жайғасар едім. Неліктен сызғыштың ең соңғы межесіндемін деп айта алмаймын? Себебі, атын қоймаған, бірақ сенетін құдайым бар, айталық – Әділет. Батаға бет сипайтынымды, Құрбан айтпен құттықтайтынымды һәм сүндеттелгенімді басшылыққа алсам – өзімді ислам үшін, ислам мен үшін жоғалған деп есептемеймін.
Енді осы пақырыңыз әнеугүні барып «Шал» фильмін көреді ғой.
Әрі қарай
Енді осы пақырыңыз әнеугүні барып «Шал» фильмін көреді ғой.
Флешмоб: "Болашақ бүгіннен басталады"
Жақында Атырау қаласының бірқатар жастары «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбын негізге ала отырып, флешмоб жасаған болатын. Көрейік
Әрі қарай

Автонарықтағы тығырық: Таңдау
Стереотип сынған күн

Соңғы жылдары шыққан саны аз, сапасы да қуанта қоймайтын селдір-селдір болып сирек біткен қазақ фильмдерінің әсері болар, алғаш рет Саяси шешімдер институтына «Шалды» көруге барғанда екіұшты ой болды. Тұрсынов таң қалдырмаса да тұқырта қоймас деген үміт отандық актерлар ойынына, дыбыстық монтаждалуына, әуен-өлеңіне, сценарий-қойылымына деген қалған көңілге жол беріп, тасада қалып бара жатқан-ды.
Ұлттық Құрамаға Ресей және Беларусьтан 300 футболшы ұсынылды

Футболдан Ұлттық Құрамамыздың сәтсіз ойындарынан кейін бүгін таңертең ҚФЖБ (Қазақстан Футбол Жанашырлары Бірлігі) мүшелері шұғыл түрде жиналып, Футбол Федерациясына ұсыныс тастады. Ұсыныста 2013 жылдың 22 наурызында өз алаңымызда ойналатын Германия матчына дейінгі жүзеге асырылуы қажет іс-шаралар тізімі берілді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — шет елден жаңа футболшылар әкелу.