Жыл соңына дейін Астанада жаңа тазарту ғимараты мен магистральді коллекторлар салынады

Астана жаңалықтары: Жыл соңына дейін Астанада жаңа тазарту ғимараты мен магистральді коллекторлар салынады

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов ОКҚ брифингте жаңа құрылыс туралы және ескі тазарту ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жыл соңына дейін Алаш тас жолы ауданында 2 тазарту ғимаратының құрылысы аяқталатынын және де тағы 2 магистральді коллектор мен 7 насос станциясын қайта жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы су жинау алаңы 700 га дейін ұлғайтылмақ.

«Қазір жаңа теміржол вокзалы маңайындағы Өндіріс тұрғын алабында, болашағы жарқын Тельман кенті мен Құдайбердіұлы көшесінде тазарту ғимаратының құрылысы басталып кетті», — деді Қ. Айтмұхаметов.

Бұдан басқа, 2020 жылы Жастар мен Ақбұлақ мөлтекауданында тағы да жаңа тазарту ғимараты салынатын болады. Айтмұхаметовтің айтуынша жобаны іске асыру нөсер суының кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде су жинайтын алаң 19 мың текше метрге дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар брифинг барысында Астана әкімінің орынбасары елордадағы проблемалы учаскелер туралы айтты. Оның айтуынша 2016 жылы су тасқыны жиі болатын учаскелер 37-ден 27-ге дейін азайды. Сондай-ақ соңғы күндері жауған жауын суы Момышұлы даңғылының қиылысы мен Тоқпанов көшесі, Уалиханов қиылысы мен Бараева, Тұран даңғылының қиылысы мен Ұлы дала көшесінде көптеп жиналғаны байқалды.

«Нөсер кезінде біз қосымша сағатына 2 мың қуаттылықпен су айдайтын насос орнаттық. ТЖД арнайы техникасы тартылды. Сонымен бірге тазарту ғимараты да үздіксіз жұмыс істеп тұрды», — деді Қ. Айтмұхаметов.

Оның айтуынша Момышұлы даңғылы мен Уалиханов қиылысындағы көше және Бараевада жеткізуші коллектордың диаметрі кеңейтіліп, қайта жөндеуден өткізілді. Ал екінші объектіде су жинайтын тоғанның орнына — жерасты тазарту кешенінің құрылысы жоспарлануда.

«Тұран даңғылы бойынша және Ұлы дала көшесінің қиылысында насостардың жұмыс өнімділігін жоғарылату үшін жаңарту жұмыстары жоспарланды. Осы объекті бойынша жобаны модернизациялауға әзірлік басталды, оны іске асыру 2019 жылы басталып 2020 жылы аяқталады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК екі тәулікте 20-сы мен 21 тамызда астанада жауынның айлық көрсеткіш нормасы 40 % жоғары болғанын айтты. Осыған орай, нөсер кәрізі жүйесі үзіліссіз жұмыс істеп тұрды.

«1 млн текше су тасқынын қабылдадық немесе сағатына 45 куб. Негізгі магистралдық көшелерде судың жиналып қалуы белгіленбеді. Өйткені, жауын-шашын бірыңғай жаумады. Коммуналдық қызметтер осы күндері тәулік бойы жұмыс істеді», — деп хабарлады Қ. Айтмұхаметов.

Айта кетейік, 2016 жылы қалада 9 тазалау кешені мен 3 су жинайтын тоған болған. Су жинайтын алаңы бар-жоғы 8,7 га болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бағдарлама әзірленіп, қатаң түрде кестеге сай қаржыландыру лимиті бекітілді.

2016 жылы Тұран даңғылы мен Ұлы дала, 31 көше бойынша және ПМК 6 ауданындағы Сейфуллин көшесіндегі проблемалы 4 тазарту кешені аяқталған болатын. Сонымен қатар, Көктал мөлтекауданындағы тазарту ғимараты қайта жөндеуден өтті. 2016 жылы су жинайтын алаң 4,3 га дейін кеңейтілді.

2017 жылы Бейсекова көшесінде 3 тазарту ғимаратының құрылысы аяқталды, су жиналатын алаңы 912 га құрады, ал Тұран даңғылы мен Жәнібек Керей және Сығанақ көшелері арасында тазарту кешенінің алаңын ауыстырды, оның су жиналатын алаңы 1500 га құрады. Пригородный тұрғын алабында да жалпы ұзындығы 17 км магистральді коллектор салынды. Ол жауын суын Есіл өзеніне құю үшін арналған. Су жиналатын алаңы 2 мың га дейін кеңейтілді. Бұл қаланың сол жағалауында су тасқынының алдын алуға мүмкіндік берді, оның үстіне дәл осы кездері «ЭКСПО-2017» көрмесі өткізілді.
Әрі қарай

Астанада «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешені аумағында 25-26 тамызда ауқымды open air өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешені аумағында 25-26 тамызда ауқымды open air өтеді

Ұйымдастырушылар барлық шаралар мен экспозициялар көне дәуірдегі тарих пен бүгінгі күндер жетістігін, қазақ халқы шеберлерінің өнерін, ұрпақтар сабақтастығын түгел қамтиды.

Көрменің мақсаты – қазақ мәдениетінің жаңа заман ырғағына сіңісіп, бейімделуін насихаттау, жастардың тарихи құндылықтарға қызығушылығын оятып, халық шеберлерінің жұмысын көрсету.

Көрмеге қатысатын қолөнер шеберлері өздерінің қолынан шыққан бұйымдарын көрсетумен қатар, жаңа өнерді үйренуге ерік білдірген барлық жандарға арнап шеберлік сағаттарын тегін өткізеді. Келушілер ер-тоқым, ауыздық пен қамшы секілді ат әбзелдерін де тамашалай алады.

Көрмеде еліміздің әр аймағынан келген тарихи жәдігерлер орналастырылады. Келуші қонақтар өткен ғасырға саяхат жасап, сол дәуірдегі киімдер мен әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар мен орта ғасырларда қолданылған өзге де заттарды тамашалай алады. Олардың ішінде көне заман көшпенділерінің бұйымдары да бар. Сол заман адамдарының костюмдері мен қару-жарақ өзге де атрибуттарының ғылыми жолмен қайта қалпына келтірілген нақты көшірмелері қойылады.

Этнодизайнерлер байқауының бағдарламасында қазіргі заманғы қазақы киімдердің үлгілері көрсетіледі. Сонымен қатар «Томирис» пен кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Жас батыр» костюмдер байқауы ұйымдастырылады.

Көркімен көз тартқан киіз үйлерде иісі мұрын жаратын дәмді тағамдар пісіріледі. Мұнда меймандар бауырсақ, құрт пен жент және т.б. дәстүрлі қазақ тағамдарынан ауыз тие алады.

Шара соңында фольклорлық музыканы ерекше интерпретацияда ұсынар өнерпаздардың гала-концерті ұйымдастырылады. Көмеймен орындаушылардың заманауи үлгілерін ұсынар Тюргэн Кам мен «Арқайым» нео-этно-фолк тобы да әннен шашу шашады.

Осы шараға келушілерді этно стилінде жұмыс істейтін диджейлердің алғашқы қазақстандық байқауы күтіп тұр. Қобыз, домбыра мен өзге де дәстүрлі аспаптардың заман ағымына сай бейімделген әуендері шырайлы кешті әсерлі қыла түспек.

Жазғы маусымның шымылдығын «Қазақстан – ұлы дала елі» республикалық көрмесі жабады. Ауқымды шараға келер қонақтар ерекше эмоцияға бөленіп, туған ұлттың тарихының жаңа парақтарымен танысады.

Шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен өткізіледі. Көрмені сағат 10:00-22:00 аралығында тамашалауға болады, кіру тегін.

Қонақтарға қолайлы болуы үшін «Хан Шатыр» СОО-дан «Этноауылға» дейін сағат 10:00-21:00 аралығында тегін автобустар қатынайды. Сонымен қатар көрмеге №18, 301, 302, 303, 304, 305 қалалық маршруттармен жетуге болады.
Әрі қарай

7889 танысу порталы

Біз бүгіннен бастап сіздерге өзіміз ұсынатын қызметтер мен біздің компания дайындаған өнімдерді таныстыратын боламыз. 8-) Сіздерге қызық болады деген үміттеміз.
Блог - inlab: 7889 танысу порталы
Біз 2017 жылдың күзінен бастап Қазақстандағы барлық байланыс операторларында 7889 номеріндегі танысу қызметін іске қостық. Сіз кез-келген байланыс операторынан (Activ, Tele 2, Beeline) 7889 номеріне хабарласып, анкета толтырып, онлайн чатта отырып, өзіңізге ұнаған адамға дауыстық хабарлама жібере аласыз. Қызмет орыс және қазақ тілінде ұсынылады. Өзіңіз қалаған тілді таңдап, анкетаңызды жазып, қызметті күнделікті қолдана аласыз.

*Angel*7889 нөміріндегі «ТАНЫСАЙЫҚ» порталының артықшылықтары: *Angel*
1. 7889 нөміріндегі танысу порталы Қазақстанның қолданыстағы барлық операторларында қосылған. Сіз Актив, Билайн, Теле2 және Алтел нөмірінен кез-келген уақытта 7889 нөмірін теріп танысу порталына оңай қосыла аласыз. Біздің қызмет аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы қол жетімді.
2. Анкетаны жазғаннан кейін анкетаңыздың қабылданғаны туралы смс хабарлама аласыз.
3. Егер сіздің анкетаңыз қабылданбаса, не себепті қабылданбағаны туралы сізге толық ақпарат беріледі. Көрсетілген себепті ескеріп анкетаңызды қайта жаза аласыз.
Анкетаның қабылданбауының негізгі төрт себебі бар. Олар:
а) Анкетаңыздың анық естілмеуі
б) Анкетаның бос болуы
в) Анкетаның тым қысқа болуы.
г) Сіз танысу порталына хабарласып тұрған нөміріңіздің анкетада айтқан нөмірмен сәйкес келмеуі. Бұл талапты қосу арқылы біз сіздің ҚАУІПСІЗ түрде танысуыңызды қамтамасыз етеміз. Ал анкетаны жазу кезінде нөмірді айту не айтпау ол сіздің таңдау құқыңыз. Нөмір тастамаған жағдайда сіз қауіпсіз түрде портал ішінде дауыстық хабарлама арқылы кез-келген адаммен сөйлесе аласыз, өйткені дауыстық хабарлама келген кезде де сіз смс хабарлама аласыз.
4. Сіз порталға қосылған кезде тілді дұрыс таңдамай анкетаны басқа тілде жазған болсаңыз, біз сізді анкетаңыз жазылған тілдегі танысушылар қатарына оңай ауыстыра аламыз.
5. Біз барлық байланыс операторларының пайдаланушылар базасын біріктірдік, енді 7889-ға хабарласқан пайдаланушылар бір жерде сөйлесіп, бір жерде таныса алатын мүмкіндікке ие болды.
6. ОНЛАЙН-ЧАТ. 24 сағат бойы сіз онлайн-чат арқылы адамдармен сөйлесе аласыз.
7. Ең бастысы – енді бізде «Танысу порталы» қосымшасы бар, жүктеу үшін сілтеме — play.google.com/store/apps/details?id=kz.meet. Қосымша арқылы сурет қойып, танысқан адамыңыздың суреттерін көріп, хабарлама жаза аласыз.
8. Жоғарыда көрсетілген бар қызметтің құны бар-жоғы күніне 20 теңге ғана.
9. Өзіңізге қажетті кез келген ақпаратты Сіз 8 /727/ 3110611 нөміріне хабарласып қазақ және орыс тілінде ала аласыз.

Сұрақтарыңыз болса осында жаза отырыңыздар.

«Астана Операның» солистері «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынады

Астана жаңалықтары: «Астана Операның» солистері «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынады

«Астана Операның» солистері Мәдина Исламова, Татьяна Вицинская, Рамзат Балакишиев, Ержан Саипов және Хорватиядан шақырылған сопрано Сандра Пламенац тыңдарман қауымға «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынбақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кеш 25 тамызда театрдың Камералық залында өтеді. Концертмейстер – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ, итальян, француз, неміс, австрия, хорват және орыс композиторларының атақты вокалдық туындылары ұсынылатын болады.

В.А.Моцарттың «Дон Жуан» операсынан Дон Жуан мен Эльвираның ариялары, Ж.Бизенің «Кармен» операсынан жалынды Хабанера, Дж.Вердидің «Корсар» операсынан Медораның романсы, Дж.Пуччинидің «Қарлығаш» операсынан Магданың ариясы, Ж.Массненің «Вертер» операсынан Вертердің ариозосы, Ш.Гуноның «Фауст» операсынан Фаусттың кавантинасы, Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Кляйнзак туралы шумақтар, К.Сен-Санстың «Самсон мен Далила» операсынан Далиланың ариясы, Р.Вагнердің «Тристан мен Изольда» операсынан Изольданың ариясы, И.Тиярдовичтың «Кішкентай Флорами» операсынан Флорамидың ариясы, Н.А.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсынан Грязнойдың ариясы, П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы мен ариозосы т.б. шырқалмақ.

Сонымен бірге, кеште тыңдарманның құлағына сіңген халық әндері орындалады, бұдан бөлек, вокалдық музыкамен қатар мазмұнды концерттік бағдарламаға Р.Шуман мен Ф.Листтың «Арнау» және Ә.Бестібаевтың «Скерцо» аспаптық шығармалары енді.

Кеш сағат 18:00-де басталады.
Әрі қарай

Астана әкімдігінде ҚХР делегациясын қабылдады

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігінде ҚХР делегациясын қабылдады

Тараптар түрлі салада алдағы уақытта әріптестік жасау жөніндегі жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Чэнду қаласының ҚКП қалалық комитетінің хатшысы Фань Жуйпиннің кездесуі болып өтті.

«Екі елдің арасында барлық бағыттағы өзара тиімді әріптестік белсенді дамуда. Қытай біздің республикамызда ең басты іскер серіктесіміз. Ары қарай кеңеюдің жаңа импульсі мен екі ел мен қалалар арасындағы кооперацияның тереңдетілуі Жібек жолы экономикалық белдеуін жасауға бастама берді», — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Оның айтуынша Ұлы Жібек жолын жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен түйіндесіп жатыр.

Сондай-ақ ол өсімнің басты қозғаушы күші ретінде заманауи қалалардың ерекше орны барын айта кетті.

«Қазақстанның жас астанасы қарқынды дамуда. 20 жыл ішінде қаладағы өнеркәсіп өндірісі 23 есеге өсті. Астананың экономикалық дамуына үлкен серпіліс берген ол халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі. «Ақылды қала» жобасының шеңберінде бірқатар инновациялық жобаларды іске асырудың мүмкіндігі туды: смарт емхана, смарт мектеп, көшелерді жарықтандыру, қала әкімдігінің интеллектуалды байланыс орталығы. Экономика саласында бізді ең басты біріктіріп отырған жоба, Астанадағы ЛРТ құрылысы. Бұл біздің қаланың қарқынды дамып келе жатқандығыынң бірер ғана мысалы», — деді Ермек Аманшаев және бүгінгі кездесудің туыстас қалалар шеңберінде Астана мен Чэндудың арасындағы әріптестік қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізетініне сенетінін айтты.

Әріптестік үшін перспективалы бағыт ретінде Е. Аманшаев туризм, мәдениет, білім оның ішінде кадр алмасуды атады.

«Астана қаласы әкімдігі туристік саланы дамыту үшін үлкен бағдарлама дайындап жатыр. Астананың барлық жобасы «бір белдеу – бір жол» жобасымен тығыз байланыста. Біз үшін әлемнің басқа мегаполистерімен достық қарым-қатынаста болудың маңызы зор, оның ішінде ҚХР қалалары да бар. Сіздердің келу сапарларыңыз барысында біз де иық тіресіп ары қарай сіздермен бірге жұмыс жасаймыз деген үміттеміз», — деп сөзін қорытты Астана әкімінің орынбасары.

Чэнду қаласының ҚКП қалалықком хатшысы Фань Жуйпин оның сөзін қолдады.

«Мен үшін сіздермен Астана қаласында кездесу үлкен мәртебе. Біздің сапарымыздың мақсаты – екі ел арасындағы достықты нығайту. Сіздердің 20 жыл ішінде қаланың даму табысы біздерді таң қалдырды. Біздің қала Қытайдағы 9 ірі қаланың бірі, оның халқы 20 млн адам. Ол өзінің тарихымен, мәдениетімен, көптеген көрме, жәрмеңкесімен аты шыққан. Осы тұрғыдан келгенде бізге Астананың «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу тәжірибесі өте қызықты. Сонымен қатар, Астананың жаңа аймағында құрылыстар салудағы тәжірибесін үйренгіміз келеді», — деді ол.

Әрі қарай әріптестік үшін ол серіктестік және Астана қаласымен сауда қарым-қатынасын күшейтуді ұсынды.
Әрі қарай

Атырау облысы 25-26 тамыздағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 20 тоннадан астам балық әкеледі

Астана жаңалықтары: Атырау облысы 25-26 тамыздағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 20 тоннадан астам балық әкеледі

25-26 тамызда «Қазақстан» СК тұрақ алаңында Атырау облысының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Атырау облысының аграрийлері 12,5 тонна картоп, көкөніс пен бақша өнімдерін, ет өнімдерінің 10, сүт өнімдерінің 2,5 тоннасын әкеледі. «Карат» пен «Асыл агро» кәсіпорындары үш мыңға тарта консерві мен шұжық өнімдерін, «Алмалы құс» кәсіпорны 60 мың тауық жұмыртқасын саудаға қояды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге балықтың 20 тоннасы әкелінеді деп күтілуде.

Балық өнімдерін атыраулық «Аманкелді» мен «Тілекші» кәсіпорындары, Құрманғазы ауданының «СевКАзКаспий» ЖШС, сондай-ақ, Исатай ауданының «Жамбыл» кәсіпорны ұсынады.

Дәстүр бойынша сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынады.
Әрі қарай

Moldanazar - Esimde Bari

Молданазардың «Есімде бәрі» әнінің клипі шықты. "Ғарышкерлерге" шын ғарышкерлер туралы графикалық әдемі сәлем ;)

Бақыт,қайғы ұмытылмайды бүгін
Баяу бағым қайғы өзгерте алмайсың
Бақыт алдамайды есімде менің бәрі
Есімде менің әлі…

Үміт, сенім күнді күнгі жалғайды
Қуаныш, мұңды сәттерді ешкім ұрлай алмайды
Есімде менің бәрі
Есімде менің әлі....


Астаналық коммуналдық қызметкерлер жауын салдарын жоюда

Астана жаңалықтары: Астаналық коммуналдық қызметкерлер жауын салдарын жоюда

Қазіргі таңда Астананың барлық аудандарында 99 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жаңбыр түрінде қатты нөсер құйып жауды. Қазіргі таңда қалада коммуналдық қызметтердің күшімен су тартылып шығарылуда.

Барлығы 99 бірлік техника жұмылдырылды, атап айтқанда:

Алматы ауданында – 23 бірлік техника, оның ішінде 18 ас-машина, 5 мотопомпа:

«Астана Тазалық» — 3 бірлік;

Мердігер ұйымдар – 15 бірлік.

Есіл ауданында – 41 бірлік техника, оның ішінде 32 ас-машина, 7 мотопомпа, 2 МТЗ-насос:

Орталық төртбұрышта – 21 бірлік;

«Шұбар» т/а – 4 бірлік;

«Шығыс Ильинка» т/а – 2 бірлік;

«Қараөткел» т/а – 1 бірлік;

«Комсомольский» т/а – 2 бірлік.;

«Заречный» т/а – 1 бірлік.;

«Тельмано» т/а – 1 бірлік.;

«Пригородный» т/а – 1 бірлік.

«Байқоңыр» ауданында – 21 бірлік техника, оның ішінде 16 ас-машина, 3 дизельді мотопомпа, МТЗ-насос:

«Астана Тазалық» ЖШС – 2 бірлік., МТЗ насос – 2 бірлік.

«ТурБек Астана» ЖШС — 2 бірлік.

«Айсат» ЖШС — 2 бірлік., мотопомпа – 1 бірлік.

«Адэк Групп» ЖШС – 1 бірлік.

«Нұра Сервис» ЖШС – 3 бірлік.

«СП Универсал» ЖШС — 2 бірлік.

«Адал Кызмет Корсету» ЖШС -1 бірлік.

«Тасан» ЖШС — 1 бірлік., мотопомпа – 1 бірлік.

«Құрылыс Көркейту» ЖШС — 1 бірлік.

«Тургумбаев» ЖК — 1 бірлік., мотопомпа – 1 бірлік.

Сарыарқа ауданында – 14 бірлік техника, оның ішінде 13 ас-машина, 1 мотопомпа:

«Астана Тазалық» – 4 бірлік.;

«Көркем Нс» ЖШС — 2 бірлік.;

«БлокСервис» ЖШС — 2 бірлік.;

Ішкі кварталды тазалау – 4 бірлік.;

Қолмен тазалау – 2 бірлік.
Әрі қарай