Астанада алғаш рет ТМД бойынша «Seedstars» стартап-инкубаторы ашылады

Астана жаңалықтары: Астанада алғаш рет ТМД бойынша «Seedstars» стартап-инкубаторы ашылады

1 желтоқсан 2018 жылы Астана қаласының әкімдігі «BI-group»-пен бірлесіп, кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлер үшін ТМД көлемінде «Seedstars» халықаралық компаниясы басқарып отырған халықаралық технологиялық стартап-инкубатор ашылады. Орталық ЭКСПО маңындағы «Hilton Astana» отелінде орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлт көшбасшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Астана – инновациялар қаласы» стратегиясы қағидаларын іске асыруда «Hilton Astana» отелінің алаңында Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы МБ мен халықаралық бизнес инкубаторлары «Seedstars» және «BI Property» ЖШС арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім шеңберінде қатысушы компаниялар салған инвестицияның арқасында Астана қаласында адам капиталын дамыту үшін бірегей алаң құрылады, онда қаланың әрбір тұрғыны керемет тәжірибе алып, жаңа технология саласында жеке жобасын іске асыра алады және жастардың әлеуетін дамытуға басымдық беріледі.

«Үлкен қалалардың тәжірибесі көрсеткендей жаһандық қалалардың тепе тең дамуы креативі жоқ индустриясыз мүмкін емес – ол цифрлы технология, сәулет және дизайн, заманауи медиа, өнер мен мәдениет. Сол себепті, біз креативті кластердің негізін қалыптастыратын Қалалық инновациялық алаң құрмақпыз. Мұнда астананың инновациялық экожүйесі қалыптасады», — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Қалалық инновациялық алаң құру стартап-жобаларды дамыту үшін кең мүмкіндікті ашады және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа кәсіпкерлер буыны мен цифрлы номадтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін алаң резидентінде менторлардың ауқымды желісі, консультанттар, техникалық мамандар, бизнес-періштелер мен инвестициялық жобаларға барынша қолжетімділік ұсынылады.

Аталмыш алаңның ерекшелігі мынада, әрбір қазақстандық әзірлеушінің алдында ІТ-технологиясы саласындағы әлемдік тенденцияға қолжетімді мүмкіндік ашылады. Бұл «Seedstars» басқаратын ТМД көлеміндегі бірден бір коворкинг-орталық болмақ.

Халықаралық бизнес-инкубатордың серіктестерінің бірі Дэвид Дэкомбес «орталықта әлем бойынша 70 мыңнан астам стартапер, кәсіпкер мен инвесторлар бар. Жобаға қосылғаннан кейін Астана да бірыңғай желінің бөлшегіне айналып, тәжірибе алмасуға және технологияның дамуы үшін өзіне үлкен мүмкіндіктер ашатынын» айта кетті.

Алаңда 14 коворкинг-кеңсе қарастырылды және де коливинг аумағынан техникалық шешімдерді әзірлеу үшін және қалалық тапсырмаларды шешуге бағытталған мобильді қосымшаларды іске қосуға ыңғайлы 14 орындық қарастырылды.

«Бұл инновациялық әзірлеушілер уақытты бірге өткізіп, тәжірибе алмасуға, жобаны талқылау үшін жасалып жатқан кеңістік. Яғни тірі зертхана, ол жерде қала тіршілігінің әрбір саласында транспорттан ТКШ дейін қолайлы жаңа шешімдер жасалады.

Қатысушыларға қойылатын басты критерий – инновациялық, технологиялық өнім жасау. Жобаны іске асыру ең бірінші астанада, әрі қарай бүкіл Қазақстанға бағытталады. Одан басқа, орталықтың жұмысы қала экономикасына оң ықпалын тигізіп, болашақта халықаралық аренаға шығуы мүмкін», — деп түсіндірді Инновациялық экожүйені дамыту орталығының бас менеджері Жасұлан Кенжеғалиев.

Қазіргі таңда «BI Property» компаниясы «Hilton Astana» отелінің территориясында жобаны іске толықтай қосу үшін кеңсе дайындауда. Жөндеу жұмыстары осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.
Әрі қарай

«AstanaDausy-2018» - ұлттық бояуы бар фестиваль

Астана жаңалықтары: «AstanaDausy-2018» - ұлттық бояуы бар фестиваль

«AstanaDausy-2018» екінші жылсайынғы музыкалық шарасының өтуіне бір аптадан аз уақыт қалды. 29 тамызда «Барыс Арена» мұзайдын сарайының сахнасында Азия, Еуропа және Американың 12 мемлекетінің артистерібарша әлем тыңдармандарының жүрегін жаулаған хиттерін орындайды. Атап айтқанда, NinetyOne тобы, Григорий Лепс, Loreen, ALEKSEEV, Ани Лорак, Филипп Киркоров, Согдиана, Сосо Павлиашвили және басқалары. Кеш жүргізушілері – Ләйлә Сұлтанқызы және Андрей Разыграев.

Өткен жылы аталмыш шара елордада алғаш рет өткізіліп, күшті әсер қалдырған. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қайрат Нұртас, Бьянка, Oceana, Arash, Григорий Лепс сынды үздік артистер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған болатын. Әншілер қазақстандық көрермендердің қонақжайлылығы мен ықыласын ерекше атап өтіп, жылы қарсы алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Муз-ТВ телеарнасының бас директоры АрманДавлетьяров фестивальге қуана қатысқанын және жақсы әсер алғанын айтқан еді.

«Мұндай фестиваль Ресейде де болған емес, ұйымдастырушыларға, қала әкімдігіне осындай мереке сыйлағандары үшін алғыс айтамын. Жүрегімді шаттық кернеп тұр…Жылы шырай танытқан барша қазақстандықтарға рахмет», — деді шарадан кейін АрманДавлетьяров.

«Фестивальдің жыл сайын өткізілуін тілеймін», — деді Светлана Лобода. Айтқаны келді! Биыл да ұйымдастырушылар қызыққа толы керемет кеш сыйламақ.Айта кетейік, «Astana Dausy-2018» Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасының күшімен ұйымдастырылады.

Фестивальдің қоюшы-режиссері ретінде Киевтен «FCHF-group» командасы шақырылды. Музыкалық шараның басты ұраны – «Астанадауысы – шексіз!».

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, артистер сахнада өнер көрсеткенде лазерлік шоудыңинсталляциялары мен элементтерінде Қазақстанның символдары мен ұлттық белгілері қолданылады. Мысалы, басты экранұлттық бас киімнің, ал едендегі дөңгелек экранАстананың белгісінің элементтерінің бірініңформасында жасалады. Әрбір қойылым ерекше болады, дейді ұйымдастырушылар.

Еске салайық, фестивальге қатысатын артистерге көрермендердің шексіз сүйіспеншілігінің және оның шығармашылығын жоғары бағалаудың белгісі ретінде мүсіншелер табысталады.

Музыкалық кеш 29 тамызда сағат 19.00-де өтеді.
Әрі қарай

Елордада Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мәселесі талқыланды

Астана жаңалықтары: Елордада Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін St. Regis Астана отелінде «Қазақстанда іскерлік туризмді (MICE) дамыту» тақырыбында конференция болып өтті. Шараны «Қазақ Туризм» ҰК» АҚ ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанда MICE дестинациясын алға жылжыту, халықаралық инвестиция тарту, Қазақстанда МІСЕ іс-шарасын ұйымдастыру. Оның жұмысына Астана қаласының МІСЕ индустрия ойыншылары қатысты, яғни Sky way Travel, Marriott Astana, Triumph SAT Travel, Astana Venue Мanagement, Astana Expo, Астана Конвеншн Бюро сияқты және басқалары.

Шара барысында роуд-шоу жүргізілді, b2b шетелдік МІСЕ агенттігінің өкілдерімен (Үнді, Польша, БАӘ, Қытай) кездесті. Қонақтар мен конференцияға қатысушылар конгресс-көрме залында Қазақстанмен және Астана қаласымен етене танысу мүмкіндігіне ие болды.
Әрі қарай

«Құқықтық тәртіп» ЖАІ қорытындысы шығарылды

Астана жаңалықтары: «Құқықтық тәртіп» ЖАІ қорытындысы шығарылды

Елордалық полицейлер қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында қоғамдық орындарда және қала көшелерінде құқық бұзушылықты ескерту және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданды, тұрғын кешендердің аулаларында, елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай жиналатын және бос уақыттарын өткізетін орындарда жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.

«Құқықтық тәртіп» ЖПШ қорытындысы бойынша 2486 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде: ұсақ бұзақылық-132 факті, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу-423, көші-қон полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 149 құқық бұзушылықты анықтады (ҚР болу ережесін бұзу).

Полицейлер ЖПШ өткізгенге дейін 3 күн бұрын «ізін суытпай», сонымен қатар бейнебақылау камералары жүйесінің көмегімен 38 қылмысты ашты. Бұдан басқа, 31 бұрын жасалған қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды.

Полиция қызметкерлері 80 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, ақшасын ашық түрде жымқырған 31 жастағы ер адамды ұстады. Аталған факті бойынша «тонау» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адам Астана қаласы ІІД УҰИ қамауға алынды. Ұсталған адамның қала аумағында жасалған осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қала жолдарындағы жол қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыруда. Автокөлікті мас күйінде жүргізген 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Әрі қарай

67 жыл бұрын Арал теңізінде кеме жасалғанын білесіз бе?

Түркіменстанда Арал теңізін құтқару қоры құрылтайшыларының 12-ші саммиті өтеді. 1951 жылы түсірілген, кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінде сақталған видеода кемелердің қалай жасалатыны, қалай суға жіберілетіні түсірілген.
Әрі қарай

«7-20-25» бағдарламасы бойынша бюджет саласының мамандары 10 мың пәтердің кілтіне ие болады

Астана жаңалықтары: «7-20-25» бағдарламасы бойынша бюджет саласының мамандары 10 мың пәтердің кілтіне ие болады

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде алдағы 3 жылда 3 мың оқытушыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы Астана әкімі жыл сайын өтетін тамыз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш бағдарлама бойынша бюджет саласының қызметкерлеріне 10 мың пәтер беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ жатақхана құрылысы да жоспарланды. Кадр тапшылығына деген сұраныстың артқанын есепке ала отырып, қала әкімдігі мықты педагогтарды тартып, оларға барлық жағдайды жасау үшін белсенді жұмыстар атқарылуда.

«Жатақхананы осы жылдан бастап пайдалануға береміз, 200-дей орын оқытушыларға бөлінеді. Күн сайын дамып келе жатқан инфрақұрылымға байланысты біз кадрға деген сұраныстың артқанын байқап отырмыз. 20 жыл ішінде Астанада педагогтар саны 5 есеге өсті – яғни 3-тен 15 мыңға дейін. Жуық арада 5 жылда жаңа мектептер мен балабақшалардың салынуына байланысты тағы да 5 мыңдай педагогика кадрлері қажет болмақ. Сол себепті, қала әкімдігі мықты кадрлерді тартып, оларға барлық жағдайды жасауға қызу кірісіп кетті», — деді Ә. Исекешев.

Айта кетейік, астана оқытушыларын әлеуметтік қолдау мақсатында мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасын дамыту шеңберінде соңғы 10 жылда педагогтерге 2500-ден астам пәтер бөлінді.

«Педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарылату үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қаңтарда астанада Білім беруді жаңғырту орталығы ашылып, білім беруде жаңартылған мазмұнды енгізу барысындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды. Онда білім алу және отандық әрі халықаралық сарапшыларды тарту арқылы білім саласында жаңа әдістемелер қолданылады. Осы уақыт аралығында 2500 педагог оқудан өтті, оның ішінде 400-і ағылшын тілінде пән өткізеді. Жекеменшік балабақша қауымдастығымен бірлесіп білікті жоғарылату және тәрбиешілердің әдстемелік тұрғыдан қажетті қолдау көрсетуге және олардың жұмысының сапасын арттыру да жоспарланып отыр», — деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, 200-ден астам басшы тиімді менеджмент курсынан өткен. Жаңа оқу жылында курсқа тағы да 10 мың педагогты қамту жоспарланып отыр, оған серіктес ретінде Назарбаев университетін, НЗМ, Өрлеу және т.б. тартады.
Әрі қарай

Әсет Исекешев үздік мұғалімдер мен тәрбиешілерге пәтер кілттерін табыстады

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев үздік мұғалімдер мен тәрбиешілерге пәтер кілттерін табыстады

Бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде білім саласы өкілдеріне 10 пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, жаңа пәтердің кілтіне № 4 мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ляззат Атыбай, «Аққу» балалар бақшасының тәрбиешісі Жақсылық Шайхина, №1 ППТК дефектологы Ғайшагүл Жұрқабаева, №17 мектеп директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлхан Мазова, №16 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Евгения Климова, №85 «Мейіржан» балалар бақшасының меңгерушісі Альбина Нартаева, №30 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Бұлақбаев, №32 «Балдәурен» балалар бақшасының меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетова, №40 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы білім басқармасының маманы Гүлім Жусіпова ие болды.

Дәстүрге сәйкес бұл күні қаланың №54 балалар бақшасы, №70 мектбі мен Политехникалық колледжі сияқты 3 үздік білім мекемесіне елорда әкімінің гранты табысталды.

Аталмыш мекемелердің өкілдері 10 млн теңгенің сертификаттарымен марапатталды.

Бұдан бөлек, үздік деп танылған елордалық мұғалімдер мен тәрбиешілерге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етті.
Әрі қарай

Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті

Астана жаңалықтары: Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті
Бүгін Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Абай ескерткішінің алдында өткізді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, әдеби мектебін, тіл мектебін, ұлт пен рух мектебін ашу, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру.
Абайдың туған күніне арналған іс-шара ең алдымен Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Әдеби-сазды кештің шымылдығын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ақын Несіпбек Айтұлы ашты.
«Абай қазақ руханиятының жарық жұлдызы, әр заманда түлеп, жаңарып отырады. Абай – өз заманын жаңғыртқан, жаңартқан ақын. Абай халқын ұлы мәдениетке, ұлы руханиятқа шақырды», деді ақын, Мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, дәстүрлі ән дүлдүлі Ерлан Рысқали өзге де елорда өнерпаздары Абай әндерін орындады.
«Біз Абай атамыздың рухани мұрасына қайта-қайта оралып, оның терең тұңғиығына бата түсеміз. Себебі Ұлы ойшыл атамыз шығыс поэзиясында қалыптасқан ұлы дәстүрлерді жалғастырушы ғана емес Фердоуси, Зинами, Әлішер Науаи секілді шығыстың Ұлы ойшылдарының ізбасары, рухани ойды одан ары дамытушы. Адамзат өркениетіне өз үлесін қосқан ұлы қайраткер», деді Ермек Аманшаев.
Сонымен қатар, кеште Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі қазақ күйлері мен түрлі композициялар тарту етіп, танымал күйші Айбек Бекбосын Абайдың күйін шертті, Абайдың образы сомдалып, монологтар оқылды, жас ақындар Абай өлеңдерін және ақынға арналған өз жырларын оқыды.
Сондай-ақ, көпшілікке арналып ашық аспан астында «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Хакім Абайдың туған күніне арналған шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ақсақалдар, қала басшылығы, оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Әрі қарай

Қытайға барған белсенділер сапары не шешті?

Соңғы екі жыл шамасында Қытай билігінің Шыңжаңдағы этникалық азшылық өкілдерін саяси тәрбиелеу лагерлеріне қамап жатқаны айтылып келеді. AzattyqLIVE тікелей эфирінде осы тақырыптың мән-жайы талқыланады.
Әрі қарай