8 қыркүйекте отбасы күніне арналған «Отбасылық дуатлон» жарысы өтеді

Астана жаңалықтары: 8 қыркүйекте отбасы күніне арналған «Отбасылық дуатлон» жарысы өтеді
Жарыстың ұраны – «Саламатты отбасы – саламатты ұлт» деп аталады. Шара Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізіледі.

Жарыс үш қашықтықта екі спорт түрінен өтеді. Жарысқа 8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас дәрежесіндегі балалары бар отбасылар қатыса алады (ата – аналарының жасы есепке алынбайды).

Жалпы қашықтық ұзақтығы 4,5 км.

* Жүгіру (әке) – 2,1 км;

* Веложарыс (ана) – 2,1 км;

* Жүгіру (бала) – 300 м (8-9 жас және 10-11 жас, 12-13 жас);

* Міндетті түрде қатысушылардың өз велосипеді болуы тиіс.

* Ұйымдастырушылар велосипед бермейді!

* Велокезең кезінде дулығаның болуы міндетті!

* Дулыға болмаған жағдайда команда жарысқа жіберілмейді!

* Жарыс Астана қаласы «Астана Триатлон» саябағында, 2018 жылдың 8 қыркүйек күні өтеді.

* Командаларды тіркеу – сағ. 09:00-10:30.

* Басталуы — сағ. 11:00.

ОТБАСЫЛЫҚ-ДУАТЛОН ЭСТАФЕТА ТҮРІНДЕ ӨТЕДІ!

Ереже бойынша бірінші болып жарыс сызығынан әкелері 2,1 км қашықтықты жүгіруді бастайды, транзиттік аймақта күтіп тұрған анасына эстафеталық лентаны береді.

Екінші анасы 2,1 км қашықтықты велосипедпен жүріп, баласына эстафеталық лентаны береді.

Үшінші баласы (8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас) 300 м қашықтықты жүгіріп мәре сызығын кесіп өтеді. Ең алғашқы келген I, II, III отбасы жеңіске жетеді.

Жарыс кезеңдерінің ережелері мен кезеңдерінің карталары elordasport.kz, сайтында көрсетілген. Сондай-ақ дуатлонның толық регламенті Астана қаласы әкімдігінің elordasport.kz спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының сайтында жарияланған.

Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәліктері болуы керек. Айта кетейік, «Отбасылық дуатлонға» қатысуға ниетті, қашықтықты бағындыруға денсаулығы жарамды, дәрігердің рұқсаты бар отбасылар шақырылады. Тіркеу кезінде әр отбасы мүшесі — дуатлонға қатысу үшін балалардың өмірі мен өзінің денсаулығына жауапты екендігі жайында қолхат толтыруы тиіс.

Әр топта жарыс жеңімпаздары ең үздік нәтиже бойынша анықталады. Әр жас санаты бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жарыс жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар «Отбасылық дуатлон» жарысына қатысқаны үшін барлық қатысушылар медальдармен марапатталады. Жарыс соңында тіркеу нөмері бойынша велосипедтер ұтысқа ойнатылады.
Әрі қарай

Исекешев: валидатордың тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ете алмасаңыздар, адамдарды тегін тасымалдаңыздар

Астана жаңалықтары: Исекешев: валидатордың тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ете алмасаңыздар, адамдарды тегін тасымалдаңыздар
Жаңа оқу жылы қарсаңында Астана қаласы әкімдігінде елорда әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қоғамдық көліктің мәселесі бүге-шігесіне дейін қаралды, деп хабарлайды астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жиынды ашқан әкім бірден осы жұмысқа жетекшілік жасап отырған әкімнің орынбасарын, транспорт және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысын, «Астана LRT» ЖШС мен астаналық автобус парктерін қатты сынға алумен бастады. Ол сондай-ақ әлеуметтік желі мен «iKomek» жедел әрекет ету орталығы арқылы үнемі тұрғындардың реакциясын бақылап отыратынын да айта кетті.

«Барлық даулы мәселені оқу жылы басталмай тұрып шешу керек еді. Жұмыс істемей тұрған валидаторларға бола адамдарға автобус күттіріп қою сылтау емес», — деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қоғамдық көліктің жұмысын субсидиялауға мемлекет қажетті қаражат көлемін бөлген. Линиядағы автобустардың шығуын 90-95% пайыз қамти алмайтын автопарктер мен астаналық жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздік сервисін қамтамасыз ете алмағандарды келісімшарттан айырып, орнын басқа автопарктер алмастырады.

Әкім барлық валидаторлардың жұмысын ретке келтіруге тапсырма берді, олай болмаған жағдайда маршруттағы транспорт бірліктерінің санын қысқартпастан барлық жолаушылардың тегін жүруін қамтамасыз етуін тапсырды.

«Валидаторлардың тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ете алмайсыздар ма, онда адамдарды тегін тасымалдаңыздар», — деп мәлімдеді Исекешев.

Бұдан басқа, әкім автобус қозғалысын бақылап отыратын GPS-мониторингтің жұмыс істемейтінін және оның жолаушыларға айтарлықтай қолайсыздық туғызатынын айтты. Электронды таблоның айырмашылығы 3-5 минуттан аспауы тиіс.

Жиын барысында картаны толтырудың ұзақ уақыт алатынын яғни 36 сағат кететіні де сөз болды.

«Картаны толтыруға кететін уақыт 3 сағаттан артық болмауы тиіс, сол үшін іс жүзінде оны бірнеше минуттың ішінде болатындай етуі керек. Жүргізушілер валидаторды қайтадан жүктеп, төлемді ертерек түсетін етуі қажет» — деп тапсырды әкім.

Ол сондай-ақ «Астана LRT» ЖШС-не тамыздың аяғына дейін жолақыны төлеудің қосымша мүмкіндіктерін қарастыруды, жолаушыларға QR-код, смартфон және интернет-банкинг арқылы төлеуге мүмкіндік беруді тапсырды.

Бұдан басқа, жиында әкім қазіргі проблемалар туралы және оның шешу жолдары туралы ұсыныстар айтқан астаналық автопарктердің басшыларын да тыңдап шықты.

Автопарк өкілдері электронды төлем жүйесін енгізу айналымды 30% дейін ұлғайтқанын және бұл қаржының қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталатынын, оның ішінде жоғары білікті жүргізушілердің санын көбейтетінін айтты.

Электронды төлем жүйесін енгізгеннен кейін жүргізушілердің жетіспеушілік мәселесін, жүргізушілердің қолдарына алатын жалақысын 300-400 мың теңгеге дейін көтеру әдісімен шешті.

Автопарк басшылары билетсіз жүрушілердің көбейгенін байқап, осыған байланысты астана әкімдігімен бірлесіп әрекет етуді және осы проблеманы шешу үшін транспорт инспекциясы мен ЖПҚ қосуды өтінді.

Жиын қорытындысы бойынша әкім барлық өкілетті органдарға айтылған мәселелердің бәрін 1 қыркүйекке дейін шешіп, қала маршруттарының қамтамасыз ету деңгейін 90-95% пайызға дейін жеткізуді тапсырды, олай болмаған жағдайда автопарктерді келісімшартынан айыратынын ескертті.
Әрі қарай

«Астана-LRT» call-орталық қызметі iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына берілді

Астана жаңалықтары: «Астана-LRT» call-орталық қызметі iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына берілді
Елорда тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша тұрғындар үшін бірыңғай қысқа нөмір ұйымдастыру аясында, сонымен қатар «Астана-LRT» call-орталығы мәселесін шешу үшін біз компанияның call-орталығын Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығына берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, біріктіру барысында қоғамдық көліктің барлық мәселелеріне қатысты iKomek байланыс орталығының операторлары оқытудан өтті.

Айта кететін жайт, iKomek орталығына қоңырау шалу (109) барлық ұялы операторлар мен қалалық телефондар үшін тегін!

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы 365/24/7 тәртібінде жұмыс жасайды.

Бұдан былай қоғамдық көлікке қатысты өтініштерді Сіздер келесі байланыс құралдары арқылы бере аласыздар:

109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін).

Telegram (https://t.me/astanaikomek109_bot) және Facebook (http://m.me/astana109) чат-боттарына хабарлама жіберу.

Әлеуметтік желілерде жарияланымдарда #astana109 хэштегін белгілеңіз:

• Facebook www.facebook.com/astana109/

• Instagram www.instagram.com/astana109/

• Telegram-арна t.me/astana109112

Елорда тұрғындарымен кері байланыстың арқасында біз қалалық сервистер жұмысын жақсартамыз. Қаламызды жайлы әрі қауіпсіз етейік.
Әрі қарай

Астанада көмір сатылатын жерлер

Астана жаңалықтары: Астанада көмір сатылатын жерлер
Бүгінде қалада көмір өнімін сататын 7 негізгі орын бар. Қатты отынның жалпы қоры 15 мыңнан астам тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәл қазіргі таңда Астанада көмір мәселесі байқалмайды. Халыққа қажетті қатты отынның жалпы қоры 25 тамыздағы жағдай бойынша 15 111 тоннаны құрайды.

17-сі мен 25-ші тамыз аралығында астанаға 90 вагон немесе 6223 тонна көмір келіп түсті.

Сонымен, Шұбаркөл көмірінің бір тонна бағасы 12500-14500 теңгені құрайды, Қаражыра – бір тоннасы 14000 теңге, Майкөбе – бір тоннасы 12500 теңге.

Айта кетейік, «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын.

Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіп әрі бақылауында ұстап отыр. «iКөмек 109» базасында халықпен тікелей байланыс желісі құрылды.
Әрі қарай

30 тамыз Конституция Күніне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Астана жаңалықтары: 30 тамыз Конституция Күніне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
30 тамызда елімізде маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – ҚР Конституциясы күні аталып өтіледі. Осыған орай, елорда әкімдігі бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырады.

Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтетін концерт кештің ең басты мерекелік шарасы болмақ. Астана тұрғындары мен қонақтарына Ғаділбек Жанай, Дастан Оразбеков, Гүлнұр Оразымбетова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева, Дос, Қанат Үмбетов, Алмас Кішкенбаев, Құрмаш Маханов мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кеш жүргізушілері: әйгілі шоумендер Азамат пен Антон.

Шара сағат 18:00-де басталып, 23:00-ге дейін жалғасады.

Конституция күніне арналған концерттік бағдарламалар «Думанды Сарыарқа» бағдарламасы шеңберінде Астананың тұрғын үй алаптарында да өтеді. Танымал орындаушылар, би және музыкалық ұжымдар, елордалық қуыршақ тетрының артистері, бойшаң қуыршақтар, аниматорлар, және цирк артистері қала маңындағы Пригородный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Өндіріс, Железнодорожный, Үркер, Көктал, Промышленный және Казгородок сияқты10 тұрғын үй алабының тұрғындары үшін интерактивті де қызықты ойын-сауық бағдарламасын дайындапты. Концерттерді сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін тамашалауға болады.

Айта кетейік, 1 маусымнан бері қала маңында ұйымдастырылып жүрген «Думанды Сарыарқа» концерттері 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Концерттер келушілер назарына ашық алаңдарда тегін ұсынылады.

Ал, Сәкен Сейфуллин атындағы музейде ҚР Конституциясы күніне орай «Ата заң – азаттықтың алтын арқауы» атты көрме жұмыс істейді. Экспозицияны 30, 31 тамызда сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін тамашалауға болады. «АЛЖИР» музейі мен Тәуелсіздік сарайында да мерекеге орайластырылған тақырыптық кештер өтеді.

Бұдан бөлек, 29 тамызда Конституция күніне орай «Барыс Арена» мұзайдыны сарайында «Астана Дауысы» екінші жыл сайынғы халықаралық фестивалі өтеді. Астана әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын шара аясында әлемнің түрлі мемлекеттерінің қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табысталмақ.

Сахна төрінде Грузия, Швеция, Латвия, Молдова, Армения, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстанның музыкалық рейтингтерінде көш бастаған әртістер өнер көрсетеді. Биыл Astana Dausy фестиваліне Ninety One, Ерке Есмахан, «Евровидение-2012» байқауының жеңімпазы Loreen, Интарс Бусулис, DoReDos, СЕВАК, Согдиана, ALEKSEEV, Григорий Лепс, Ани Лорак және Филипп Киркоров қатысады. Билет құны – 1000-15000 теңге.
Әрі қарай

Осы жылы шамамен 120 мың адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

Астана жаңалықтары: Осы жылы шамамен 120 мың адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі
2018 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмекті мемлекеттік емханалардағы дәріханалардан беру шешімі қабылданды. Бұл шара тегін берілетін дәрі-дәрмектің қолжетімділігін, тұрғындардың ыңғайлығы үшін жасалып жатқан және фармацевтикалық қызмет алудан бас тарту арқылы, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету есебінен шығындарды оңтайландыру, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл дәріхана бейне қадағалау камералармен жабдықталған, көшірме және ақпараттық жүйесі арқылы рецепт арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қатаң жүргізіледі. Өтінімдерді ЭФЖ (электрондық фармацевтикалық жүйесі) портал арқылы қабылданады. Сонымен қатар, бұл халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жақындатуға мүмкіндік берді және үшінші тарапты алыптастау арқылы бюджетке 1 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Осы жылы 120 мың адамды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамыз ету қарастырылған. Өткен жылы 100 мың адам қамтылған. Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының арқасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шамамен 500 млн теңгеге мынадай ауруларға қаражат бөлінді: бехтерев ауруы, муковисцидоз, қалқанша безінің медулярлық ісігі, бастапқы өкпелік гипертензия, ювенильді идиопатиялық артрит, драве синдромы, буллезн эпидермолиз, глаукома, бронхолегты дисплаз, өкпенің идиопатиялық өкпе фиброзы.
Әрі қарай

7889 танысу порталына анкетаны дұрыс жазу

Бүгін біз сіздерге 7889 танысу порталына анкетаны қалай дұрыс жазу керек екенін түсіндіретін боламыз.

Блог - inlab: 7889 танысу порталына анкетаны дұрыс жазу

7889 танысу порталына кез-келген байланыс операторынан хабарласа аласыз. 7889 порталына хабарласқан бетте сізге міндетті түрде тілді таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Егер сіз қазақ тілін таңдаған болсаңыз кейінгі барлық әрекетіңіз тек қазақ тіліндегі аудиторияда іске асатын болатын. Анкетаңызды қазақша жазсаңыз, қазақ тілді аудитория ғана сіздің анкетаңызды тыңдайтын болады, әрі ОНЛАЙН ЧАТ қызметін қолдану барысында тек қазақ тілді аудиториямен сөйлесе аласыз.
Ал егер орыс тілін таңдасаңыз, сәйкесінше барлық қызметтер тек орыс тілінде іске асатын болады.
Егер сіз тілді қате таңдап, анкетаңызды қазақ тілінде жазған болсаңыз, портал модераторы сізді сіздің анкетаңыз жазылған тілдегі аудиторияға ауыстыратын болады.


7889 номеріне хабарласқаннан кейін қазақ тілін 1 номерін басу арқылы таңдайсыз. Тілді таңдағаннан кейін сізге порталды қолдану ақысы туралы ақпарат берілетін болады. Порталды қолдану күніне 20 теңге тұрады. Алғашқы үш күн сіз порталды ТЕГІН қолдана аласыз. Порталға жазылу арқылы сіз 7889 дауыстық танысу порталымен бірге meet.kz қосымшасын, сайтын тегін қолдана аласыз. Ол жерде сіз өз суреттеріңізді салып, басқа да танысушылар туралы толық ақпарат алып, суреттерін бағалай аласыз. Өзіңізге ұнаған адамның суретін ғана көріп қоймай, оған хат жаза аласыз.

Сіз келісім бергеннен кейін сізге порталға жазылғаныңыз туралы SMS хабарлама келеді. Хабарлама келгеннен кейін сіз қызметті бір күн тегін қолдана аласыз.
Егер сіз қызметтен бастартқыңыз келсе 7889 нөмеріне «СТОП» сөзін жазып жіберсеңіз болды. Сізде қызмет өшірілетін болады.

Сізге хабарлама келгеннен кейін порталды толықтай қолдана аласыз. 7889 номеріне хабарласып тілді таңдағаннан кейін сізге толықтай меню оқылатын болады.

  • 1. Анкеталар
  • 2. Бейін
  • 3. Дауыстық хабарламалар
  • 4. Онлайн Чат
  • 5. Қызмет туралы ақпарат

Анкеталардың тыңдау үшін 1 номерін тергесін сізге өз бейініңізді жазуға тура келеді. Батырмаларды басу арқылы өз жасыңызды енгізіңіз. Туған күн / ай / жыл. Ары қарай анкетаңызды жаза аласыз. Дауысыңыз анық естілетіндей етіп, тыныш жерде жазған дұрыс. Анкетаны жазған кезде есіміңізді, жасыңызды, қай қаладан екеніңізді, өз қызығушылығыңызды айтыңыз. Өзіңіз іздеп жүрген адамыңыз туралы ақпаратты толықтай айтып кетсеңіз болады. Анкетаны жазу барысында номеріңізді айтқан болсаңыз өзіңіз хабарласып тұрған номеріңізді айтуға тырысыңыз. Егер сіз басқа номерден хабарласып, анкетада басқа номер айтсаңыз анкетаңыз өішіріледі. Себебі біз өз порталымыздың танысушылар үшін ҚАУІПСІЗ болғанын қалаймыз. Номеріңізді айтпасаңызда болады, себебі сізбен танысқысы келген адам сіздің анкетаңызды тыңдағаннан кейін портал ішінде сізге дауыстық хабарламаны еш қиындықсыз қалдыра алады. Портал ішінде дауыстық хабарлама арқылы еркін сөйлесулеріңізге мүмкіндік жасалған.
Егер анкетаңыз дұрыс жазылмай қалса, қайта жазу мүмкіндігіңіз бар. Анкетаңыз дұрыс жазылмай өшірілген болса сізге ол туралы хабарлама келеді. Қайта порталға хабарласып анкетаңызды дұрыстап қайта жазу мүмкіндігіңыз бар.
Анкетаңыз сақталғаннан кейін танысуды жалғастыра аласыз. Ұнаған адамыңызға хабарлама жіберіп, онлайн чат қызметін қолдана аласыз. Қызмет 24/7 уақыт сіз үшін қол жетімді. Сізге дауыстық хабарлама келген жағдайда, сізге ол жайында SMS хабарлама келеді. Солай сізге келген бірде-бір танысушының хабарламасын жіберіп алмайсыз.
Блог - inlab: 7889 танысу порталына анкетаны дұрыс жазу

ОНЛАЙН ЧАТ. Бейініңізді жазып біткеннен кейін сіз онлайн чат қызметін қолдана аласыз. Ол жерде сіз бір бөлмеге түсесіз, әр бөлмеде 10 адамға дейін адам отырады, ол жерде еркін араласып, сөйлесе аласыз. Чатта ұрсысып, балағат сөздер айтуға, музыка қосуға тиым салынған. Егер бұл ережелерді бұзған болсаңыз модератор сізді чатты қолдану мүмкіндігінен айыра алады.
7889 порталын толықтай қолдану өз қолыңызда. Егер қандайда да бір сұрақтар туындаса 8 /727/ 3110611 нөмеріне хабарласып ақпарат ала аласыз.
Әрі қарай

Астаналық автобус жүргізушісі жұмысынан неліктен шеттетілді?

Астана жаңалықтары: Астаналық автобус жүргізушісі жұмысынан неліктен шеттетілді?

Айта кетейік, жұмысынан шеттетілу – бұл босату емес. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде, қорытындысы бойынша түбегейлі шешім шығарылады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала билігі 20 тамыз күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады, бірақ барлық тұрғындар айтылған ережені сақтай бермейді.

«Астана LRT» ЖШС мәліметі бойынша қала көшелеріндегі көлкіген су мен сақтандырылған белгілерге қарамаған қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмысынан шеттетілді. Жүргізушінің әрекеті жолаушылардың өмірін қауіпке тігіп, қамтамасыз етпеген және де автобустың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін еді.

Айта кетейік, жұмысынан шеттету – бұл босату емес. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде, қорытындысы бойынша түбегейлі шешім шығарылады.

20 тамыз күні құйып жауған нөсердің салдарынан Б. Момышұлы даңғылы мен Тоқпанов көшесінде су тасқыны болуына байланысты «Астана LRT» қызметкерлері көп күттірместен, аталған учаскеден өтетін маршруттардың қозғалыс схемасын өзгертіп, барлық жүргізушілерді тегіс құлақтандырған болатын.

«Астана LRT» ЖШС әрбір шығу алдында жүргізушілерге нұсқаулық өткізеді, онда жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздік техникалары туралы айтылады.

Жүргізушілер рульге отырғаннан кейін жолаушылардың өмірін өз жауапкершілігіне алады, ондай жерде қауіпсіздік бірінші орында тұруы тиіс. Мәселен, жауын жауып тұрған кезде сақтықты күшейте түсу қажет: ондай кезде көру нашарлай түседі, жол беті тайғанақ әрі жиналып қалған судың астында не барын көру мүмкін емес (шұңқыр, төмпешіктер, тас жатса жүру кезінде қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін).

Қауіпсіздік шараларының маңызды екенін түсіне отырып, барлық автобус жүргізушілері талап етілген ережені мүлтіксіз орындауы тиіс, сондай-ақ жолаушылардың өмірі мен денсаулығын өз жауапкершілігіне алады.

Аталған жағдайда тасымалдау ережесінің барына қарамастан қауіпсіздік талаптарын сақтамаған және полицейлердің жөн сілтегеніне қарамаған жүргізуші қабылданған шараны толықтай елемеген, сөйтіп жолаушыларға қауіп төндіріп, қолайсыздық әкелген.

Жазылған бейнедыбысқа қарап отырып, онда жүргізушінің әрекетіне жолаушылар арасында айқай-шу шығып, кейбірі қорқып, наразылық білдіргенін байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі 20 тамыз күні әлеуметтік желілер мен мессендждерде салонына су толып кеткен автобустың батқанына қарамастан жүргізуді тоқтатпаған видеосы тарап кеткен болатын.
Әрі қарай

Медбикелер «Назарбаев Университетінің» базасындағы медициналық мектептен сертификат алды

Астана жаңалықтары: Медбикелер «Назарбаев Университетінің» базасындағы медициналық мектептен сертификат алды

Қаладағы медицина ұйымдарының 15 медбикесі 7 аптаға созылған медбикелерді кәсіби дамытуды оқыту курсынан өтті. Біліктілікті жоғарылату курсынан өткендігі туралы сертификатты өз шәкірттеріне салтанатты түрде «Назарбаев Университеті» Медицина мектебінің дәріскері, бикелерді оқыту жөніндегі директоры Нэнси Стит табыс етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық медбикелер курстан осы жылдың маусым айынан бастап Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының патронажына қарасты кадрларының әлеуетін дамыту жоспарына сәйкес өтті. Медбикелерді кәсіби дамытуды оқыту курсының бағдарламасы 9 модулді қарастырды. Оның ішінде тестілеу де бар. Оқушылар білімі, тәжірибе жүзіндегі машығын бағалау және менеджмент стратегиясы бойынша сынақ тапсырды.

Олар жазбаша тапсырма, жазбаша сынақтан, кешенді бағдарлама бойынша қорытынды сынақтан (білімі мен практикалық машығы) өтті. Оқушылар мейірбикелер ісінің негізі саналатын анатомия, физиология, патофизиология, генетика, микробиология сияқты ғылыми принциптермен, медбике ісін жүргізудің әлемдік тәжірибесімен (АҚШ та бар) танысты. Сондай-ақ олар, медбикелер күн сайын тап болатын кәсіби этикалық проблемалар мен оны шешудің жолдарын қарастырды. Стационарда жатқан аурулар мен операциядан кейінгі аурулар, асқынған дертпен ауыратындарға күтім жасаудың негізгі әдісін үйреніп, өздерінің тәжірибе жүзіндегі машығы мен ғылыми түсініктемесін, пациенттерді қарау бойынша физикалық бақылауын жетілдірді.

Нэнси Ститтің айтуынша курс тек қана мейірбикелердің білімі мен машығын жетілдіруге септігін тигізіп қана қоймай, мансаптық тұрғыда өсуіне де мүмкіндік береді.

«Бұл – өндірістен тыс «Назарбаев университеті» медицина мектебі базасында курсты тәмамдаған медбикелердің алғашқы легі. 7 апта курстан өту деген аз уақыт емес. Курс кезінде Питсбург университетінің материалдары пайдаланылды. Ол медқызметкерлерге өзінің жан-жақтылығын, ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі. Алған білімі мен тәжірибесінің арқасында мейірбикелер алдағы уақытта Қазақстанның медбике ісінің дамуына өз үлесін қоса алады. Осы курстан өткендерге «Назарбаев университетінің» медицина мектебінің екі жылдық бакалаврына түсу мүмкіндігі ұсынылады», — дейді Нэнси Стит.

Астанадағы жедел жәрдем станциясы реанимациялық бригадасының медбикесі Зәуреш Аулабаева бакалаврға түсуге шешім қабылдап та үлгеріпті. Оның айтуынша жедел жәрдем станциясының ұжымы оның алған білімі негізінде мекеме жұмысына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

«Біз көп нәрсені оқып үйрендік. Этикалық сұрақтан бастап, пациентке күтім жасау жөніндегі пайдалы ақпаратқа ие болдық. Оқытушылар бізге ұжымда араласу мәдениеті, араласу мәдениеті бойынша соңғы инновациялық тәсілдер жөнінде айтты. Алған білімімізді өз ұжымымызда ортаға салып, мекеме басшылығымен енгізілетін жаңашылдықтарға қатысты жоспар да құрып қойдық. Енді алған білімімізді жұмысымызда қалай қолданып, жұмысымызды қалай жаңғыртатынымызды ойластырып жатырмыз. Мәселен, этикалық кодекске түзету енгізуден бастадық. Осы курстың арқасында бұрынғымен салыстырғанда, сапалы көмек көрсетеміз деген ойдамын. Курс барысында оқып білген әдістер мен қағидаларды біртіндеп енгізген жағдайда, медициналық қызмет көрсету сапасы біртіндеп жақсаратын болады», — деп бөлісті ол.
Әрі қарай

Астаналық оқушылар үшін жаңа "Өлкетану" оқулығы шығарылды

Астана жаңалықтары: Астаналық оқушылар үшін жаңа Өлкетану оқулығы шығарылды

Жаңа курстың басты мақсаты – туған өлкені, тарихты тану. Мысалы, оқушыларға сабақ үстінде Ақмола өңіріне тән киізден жасалған ұлттық өрнекті қию немесе өз отбасының шежіресін құрастыру сияқты тапсырмалар беріледі. Бұдан бөлек, оқушылар қолөнершілермен кездесіп, музейлерге саяхат жасайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тамыз кеңесінде интеграцияланған «Өлкетану» курсының таныстырылды.

Жаңа біріктірілген оқу курсы тарих, география, қазақ әдебиеті, музыка пәні бойынша алған білімді тереңдетіп, кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның басты міндеті – елге, Отанға, туған өлкеге деген сүйішпеншілік сезімді ояту, оқушыларды патриотизмге баулу. № 28 мектептің тарих пәнінің оқытушысы, «Өлкетану» оқулығының авторы Лаура Шоразованың айтуынша астаналық 5-7 сынып оқушылары курс барысында Ақмола өлкесіндегі көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи үрдістердің ерекшелігі мен негізгі кезеңдерін, өңірдің табиғи ерекшеліктерімен, байлықтарымен танысып шығады.

«Бұл оқулықтың ерекшелігі – материалдар Астана музейіндегі архивтен алынған. Сондай-ақ мәдениет қайраткерлерінен, осы туған өлкенің қолөнершілерінен сұхбат алдық. Тағы бір ерекшелігі Астана тарихын біз бір ғана өлкенің тарихы ретінде қарастырған жоқпыз. Ол – әлемдік тарих пен мәдениеттің ажырамас бөлшегі», — деп түсіндірді құрастырушы.

Сабақ кезінде балалар Астананың тарихи тұлғалары, батырлары, билері, ақындары, палуандары, композиторлары, музыканттары, ескерткіштері, киелі орындары, табиғи ерекшеліктері туралы айтатын боламыз. Дәлірек айтқанда, курс дәстүрлі қолөнерді, мәдениетті,өлкенің әдеби мұрасы, аймақ мақтан ететін тұлғалар жөнінде көбірек білуге мүмкіндік береді.

Автордың айтуынша, курс бағдарламасында балалардың ізденуіне, тәжірибелік сабақтарға ерекше көңіл бөлінген. Мұның барлығы оқушының өз тарихына деген қызығушылығын ояту мақсатында жасалып жатыр.

«Оқулықта өз отбасының шежіресін құру сияқты тапсырамалар береміз. Әр бала өз ата-анасынан өз жанұясының тарихы жөнінде, ата-бабалары жөнінде сұрап біледі. Кейбір сабақтарға оқушылар Ақмола облысына тән ою-өрнектерді киізден қиятын болады, бұйымдар жасайды. Әр облыстың өзіне тән ою-өрнегі бар ғой», — деп атап өтті Л. Шоразова.

Бұдан бөлек, бағдарламада музейлерге саяхат та қарастырылған. Туған өлкенің тарихын құнды жәдігерлер сақталған мәдени ошақтардан ғана тереңрек білуге болады.

«Тәжірибелік сабақтарда біз музейлерге, кітапханаларға, мәдени орталықтарға барамыз. Бірегей ақпаратпен біздің ата-әжелеріміз бөлісетін болады. Олармен кездесулер ұйымдастыратын боламыз. Біздің оқушылар Астанаға қатысты басқа оқулықтарда жарияланбаған қызықты ақпаратты біле алады», — дейді Л. Шоразова.

Айта кетейік, елорда оқушыларына арналған «Өлкетану» курсының оқулығы мемлекеттік және ресми тілде құрастырылған. Қазақ тіліндегі оқулықты пән мұғалімдері, орыс тіліндегі оқулықты тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов жазды. Интегрцияланған курс 5-7 сынып оқушылары үшін құрастырылған. Бағдарлама 20 сағатқа арналған.
Әрі қарай