Қоғамдық көліктердің жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық есіктері ашылатын болады

Астана жаңалықтары: Қоғамдық көліктердің жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық есіктері ашылатын болады

Осы жылдың қыркүйек айында Астанадағы қоғамдық көліктердің барлық есіктері жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін ашылатын болады.

Бұл шара жолаушылар ағынының маусымдық артуына байланысты қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, сараланған тарифті енгізуге байланысты жолаушыларды отырғызу/түсіру тәртібі өзгертілген болатын.

Жолаушыларды тасымалдау ережесінің №1061 83-тармағына сәйкес автокөлік құралына жолаушыларды отырғызу және түсіруді мынадай тәртіппен жүреді:

1)шағын автобустарда алдымен жолаушылардытүсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;

2)екі және одан да көп есікті автобустар жолаушыларды түсіргенде алдыңғы есіктен бас барлық есіктер арқылы жүргізеді ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүреді.

84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектер ғана пайдаланады.

85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларпайдалана алады.
Әрі қарай

Оқушыларға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылды

Астана жаңалықтары: Оқушыларға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылды

Оқушыларға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай шешім барлық оқушылар жеке көлік картасын алып үлгермеуіне байланысты ата-аналардың өтініштері бойынша жасалды.

Мектеп оқушылары үшін жол ақысын жеке көлік картасымен немесе қолма-қол ақшалай төлесе де 15 қыркүйекке дейін қалалық маршруттарда 40 теңге ал экспресс-маршруттарда 90 теңгеден болатынын Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы растады.

Оқушылар үшін қоғамдық көліктерде жүру қыркүйек айының екінші жартысынан бастап басқаша тәртіппен жүргізіледі. Яғни жол жүру құны 7 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін әдеттегі қалалық маршруттарда қолма-қол ақшамен 90 теңге, көлік картасымен 40 теңге, экспресс-маршруттарда көлік картасымен 90 теңге, ал қолма-қол ақшамен 125 теңге болады.

Айта кету керек, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар атаулы мектеп көлік картасын алуға құқылы. Оқушы көлік картасын өзі оқитын оқу орнынан ала алады. Картаның бастапқы шығарылымы тегін. Егер мектеп картасын жоғалтқан жағдайда қайта шығару — 400 теңге.

Мектеп көлік картасы нақты бір оқушыға беріледі және үшінші тұлға пайдалана алмайды.

Сонымен қатар, ата-аналар мектеп көлік картасын өздері ала алады. Бұл үшін Қажымұқан көшесі, 14 мекен-жайында орналасқан Орталық кассаға бару қажет. Ата-ана қолында баланың туу туралы куәлігі, бала оқитын оқу орнынан анықтама, баланың 3*4 фотосы (баланың өзі болмаған жағдайда) болуы қажет. Тегін мектеп көлік картасын алуға арналған анықтама елорданың барлық білім ұйымдарында 15 тамыздан бастап берілуде. Анықтама болмаған жағдайда оқушы картасының бағасы 400 теңге тұрады.

Сондай-ақ, жеке мектеп көлік картасын қала маңында тұратын оқушылар да ата-аналарымен бірге барып арнайы кассалардан 400 теңгеге сатып алуларына болады.

Астана қаласының әкімдігі ата-аналарды осы жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін баланың жеке көлік картасын алуға шақырады.
Әрі қарай

Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

6 жасында босқын, 32 жасында Европаның ең үздік ойыншысы. Лука Модричтың ғибратты хикаясы.

Алты жасында босқын болуға мәжбүр болған, 32 жасында футболдан әлем біріншілігінің финалына Хорватия құрамасымен шыққан Лука Модричтың өмірі денеңді тітіркендіреді.

Лука Модрич бір кездердегі Югославияның Задар қаласында 1985 жылы тоғызыншы қыркүйекте өмірге келді. Босния соғысында этникалық сербтардың Луканың атасын көзінше өлтірілуімен босқын болуға мәжбүр болады. Бұл оқиға — өмір бойы ұмытылмайтын сәт болып есінде қалады :W

Соғыс алаңында өмір сүрген бала Лука, бомбалар жарылып жатса да добын теуіп жүре беретін. Шешесі Радойка Модрич текстиль жұмысшысы болса, әкесі Стипе Модрич әскерлердің бұзылған машиналарын жөндейтін маман болған.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Үйлерінің өртенуіне байланысты ол жерден көшуге мәжбүр болады. Соғыс біткенше Задарда бір қонақүйде тұрған Модрич жанұясы қиыншылықтарға қарамастан бала Луканың өмір сүруіне жағдай жасайды.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Модрич жанұясының тұрған Коловаре қонақүйі өкілінің айтуынша «Жарылған бомбалардың кесірінен қонақүйдің терезелері сынатын. Бірақ бала Лука қонақүйде добын теуіп жүре беретін.» деп араға жылдар салып ұлттық құрамасын финалға шығаратын баланың арманын қалай қуғаны туралы айтады.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Бірақ бала Модричтың проблемалары бар еді — әлсіз, арық, ұялшақ еді. Бала Лука Задар футбол клубының дублінде ойнап жүргенде клуб президенті Йосип Байло «Жасына қарасаң, өте кішкентай, арық болатын, бірақ сол дененің ішінде бір ерекшелік бар екенін сезетінсіз» дейді.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Кішкентай денесіне қатысты таптаурындарды бұзу үшін Лука Модрич өз ғұмырын футболға атайды. 10 жасында Марио Грюрович екеуін Хайдук командасы шақырады. Бірақ жаңағы әлсіз денесі үшін Сплит командасы Модричты алмайды. Сол кездер үшін Грюрович «Модричпен Задарда таныстық. Хайдукқа бірге бардық және Хорватияның жасөспірімдер командасында үнемі бірге едік. Сол кездерде болашақ жұлдыз ретінде мені айтатын бірақ бұл — футбол. Лука секілді талант және оныкіндей карьерам болмады» дейді.

Хайдук командасына қабылданбаған Лука Модричтың өміріндегі ең маңызды тұсы — Динамо Загреб командасының дубль командасына келуі еді. Қысқа бір уақытқа Интер Запрешич командасына жалға берілген Лука Модрич Загребке келіп, өзін физикалық тұрғыда дамытады.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Интер Запрешичтың бұрынғы бапкері Сречко Богдан «Ведран Чорлука, Хрвое Чале үшеуі командаға келген. Луа алаңда не істеу керектігін және голдың қалай соғылатынын білетін. Онымен жұмыс істеу ләззат беретін. Қазіргі балаларға бірдеме үйрету қиын. Лука футболды көшеде үйреніп келген еді. Бүгін балалар көшеде доп ойнамайды.» деп бала Луканың рухындағы футбол таланты туралы айтады.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Екі командада жалға беріліп, 2005 жылы Динамо Загребке қайта оралуы — Модричтың ұмытылмас жылдарының басталуы еді. Қатарынан 3 жыл чемпион болған соң 2007 жылы ең үздік ойыншы болған Модрич 2008 жылы 21 миллион евроға Тоттенхэмге трансфер болады.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Қысқа ғана уақытта Тоттенхэмде лидерлікке жетіп, чемпиондар лигасының 2010-2011 сезонында ширек финалға шыққан команданың ең маңызды ойыншысы болады.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Осылайша 2011-2012 сезонында 33 миллион евроға Реал Мадридке трансфер болған Лука Модрич бұл командада көптеген жетістіктерге жетті. Биылғы футболдан әлем чемпионатының финалына шыққан кезде де жылап жіберуінде бір гәп бар еді.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

Футбол тарихының ең мықты жартылай қорғаушыларының бірі саналатын Лука Модрич Хорватия ұлттық құрамасымен финалды жеңе алмады бірақ балалық шағы бюосқыншылықпен өтіп, 32 жасында Европаның ең үздік ойыншысы болғаны — көптеген балаларға армандай білуді үйретеніні хақ!

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

30 тамыз 2018 жыл, Лука Модрич — Европаның ең үздік ойыншысы.

Футбол, тек қана футбол!: Лука Модрич: Босқындықтан үздікке

«Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды

Астана жаңалықтары: «Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды

Бүгін Констуция күні мерекесіне орай қаламыздың «Есіл» ауданына қарасты «Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Есіл» ауданы әкімі Төлеген Закарьянов шағын аудан тұрғындарын Конституция күні мейрамымен құттықтап және осы мереке күні ашылған полиция бөлімінің жұмысына, қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

«Сіздерді бүгінгі Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан демократия қағидаттарын берік ұстанған, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын айқындаған, берік ұстанымы бар ел. Қаламыз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді, ауданымыздың қала бойынша үлгілі аудан болуы сіз бен біздің тығыз байланыстағы қажырлы еңбегіміздің жемісі. «Есіл» ауданы әкімдігі тұрғындардың әр ұсынысына құлақ түріп, қолдау білдіруге дайын. Осы ашылып отырған полиция бөлімі ауданымыздағы қоғамдық тәртіпті одан әрі күшейте түседі деген ойдамын. Еңбектеріңізге табыс тілеймін», деді Т. Закарьянов.

«Жағалау» шағын ауданында ашылған полиция бөлімі Ш. Айтматов көшесі, 29а мекенжайында орналасқан. Полиция бөлімі барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген. №26 полиция бөлімінде әзірге бес тәртіп сақшысы қызмет ететін болады.

«Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын. Бұл полиция бөлімі осы шағын аудандағы қоғамдық тәртіпті қадағалау және қылмыстың алдын алу үшін ашылып отыр. Полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болады. Зайырлы қоғамның ұстанымы құқықтық мемлекет құру, осы жолда сіздер біздің бөлімнің қызметкерлеріне жәрдемдесесіздер деген ойдамын», деді Ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев.

Полиция бөлімі қызметкерлері шағын аудандағы үйлерді бөліп алған. Әр учаскелік инспектор өзіне бөлінген аумақтағы үйлердің кіре берістеріне, сол үйдегі дүкен, дәмхана, дәріханаларға ақпараттық стендеттер орнатып, өзі жайлы және полиция бөліміне, учаскелік инспекторға қалай хабарласуға болатыны туралы ақпараттар іледі. Және таңғы сағат 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін кезекші бөлім жұмыс жасайтын болады. Одан бөлек инспекторларға WhatsApp арқылы хабарласуға болады.
Әрі қарай

Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды

Астана жаңалықтары: Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды

Ұлттық музейде Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерейтойына орай «Түркістан жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, сатирик Көпен Әмірбек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов және Ұлттық музей қызметкерлері қатысты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикамыздағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі ретінде ашылды.

Қорында 25 мыңға жуық жәдігері бар еліміздегі іргелі қорық-музейдің елорда төрінде көрмені өткізудегі мақсаты — Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Көрме осы жылдың 29 тамызынан 1 қазанына дейін жалғасады.
Әрі қарай

Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің салтанатты ашылуы болып өтті. Монументті Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне орай, Ақтөбе облысы сыйға тартты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Бейбітшілік қабырғасы» монументі Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, «Қазақ елі» монументіне жақын жерде орналасқан.

Жоба негізіне Президенттің «Әлем. ХХІ ғасыр» антиядролық манифестінің идеясы енгізілген, сондықтан нысан дәл 29 тамыз — халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күнінде ашылып отыр. Осыдан тура 27 жыл бұрын Президент Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылған болатын. Бұл — әлемдегі ең ірі ядролық қаруы бар елдің бірінің одан бас тарту процесінің басталуы еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, қала тұрғындарын және қазақстандықтарды ерекше монументтің ашылуымен құттықтады.

«Біз бүгін Ядролық қаруға қарсы күнді атап өтуге жиналдық. Әлемнің барлық елдері, Үкіметтері, адамзат баласы ядролық қаруға қарсылық танытуы керек. Қазақстан бұл бастаманын басында. Бізді осы бағытта бастамашыл ел ретінде мойындайды. Сол себепті де ядролық қаруға қарсы күн ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданды. Дәл осы күні біз ядролық қаруға қарсылығымызды білдіретін монумент ашып отырмыз. Астанамызға келушілер осында келіп барлық тілде «Бейбітшілік» сөзін оқитын болады. Бұл жерде біздің ядролық қаруға қарсылығымыз, онымен күресіміз жазылған. Біз тек ядролық сынақ алаңдарын жауып қана қоймадық, біз қолымызда бар ядролық қарудан өз еркімізбен бас тарттық. Осы ісімізбен әлемге үлгі көрсетудеміз. Ақтөбе облысының халқына Астанаға осындай сый тартқаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл жастарға әлемді сақтауға үндеу болмақ. Негізінен жастарға, жас ұрпаққа біз үлгі көрсетудеміз, олар әрқашан ел тарихына құрметпен қарауы тиіс. Мен барлықтарыңызды осы монументтің ашылуымен құттықтаймын және Конституция күні құтты болсын! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, бақыт және жетістік тілеймін», — деді Президент.

Сәулетшілер атап өткендей, қабырға біртұтас біріктіріп, қорғап тұратын жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Яғни, дәстүрлі түрік құрылтайының өнегесімен ұлттарды ұйыстырып, оларды бір шаңырақтың астына жинайды.

Металл мен табиғи тастан тұрғызылған кешен үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі — бөлшектеу мен оқшаулауды, екінші бөлігі — үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын бейнелейді. Монументтің жалпы ұзындығы — 111 метр, ені — 18,4 метр, биіктігі — 17,5 метр.

«Бейбітшілік қабырғасының» тұрқы төзімді әрі берік темірден жасалған. Монументті тұрғызуға жалпы аумағы 6 мың текше метр болатын 1200 тонна гранит пайдаланылды. Мемориалда әлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» деген сөз жазылған.

Авторлар жобаның көрнекті мазмұнға ғана емес, оның функционалдығына да жіті мән берген. Аспалы шатырдың ашық панельдері 2,5 миллион жарық нүктесі бар 616 текше метрді алып жатқан LED-жүйеге ие. Ол кез келген үлкен көлемдегі сандық дүниені таратуға мүмкіндік береді. Экранға шығару еуропалық өнім өндірушілердің ең соңғы үлгідегі видео, аудио және коммутациялық жабдықтар орнатылған серверлік бөлмелерде жүзеге асырылады. Сол себепті бұл таңғажайып арт-нысан — саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық шараларды, лазерлік және басқа шоуларды өткізетін тамаша орынға айналмақ.

Құны 1,8 миллиард теңге тұратын «Бейбітшілік қабырғасы» Ақтөбе облысы аумағында жұмыс істейтін компаниялар мен кәсіпкерлердің қаржысына салынғанын айта кеткен жөн.

Салтанатты шараға дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, Ақтөбе облысының делегациясы, сонымен бірге Астанада өтіп жатқан халықаралық Келісімшарт Ұйымының өкілдері қатысты.

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты
Әрі қарай

Әкімдікте жарнама беру тәртібі талқыланды

Астана жаңалықтары: Әкімдікте жарнама беру тәртібі талқыланды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен Астана қаласы әкімдігінде «Жарнама мен көрнекі ақпаратты орналастырудағы Қазақстан Республикасы Тіл туралы заңнамасының негізгі талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, қалалық және көлік прокуратурасы, әділет департаменті және жергілікті басқарушы органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы нысандарда орналастыруға байланысты мәселелер талқыланып, мемлекеттік тілді қолдану кезіндегі заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Тіл туралы заңның орындалуына жауапты қызметтер мен мемлекеттік органдардың пікірі ортаға салынып, тіл мәселесінде ауқымды істерді атқару жоспарланды.
Әрі қарай

Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

31 тамызда «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша «Есіл жағасындағы жекпе-жек» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің ұйымдастырушысы Астанадан шыққан жаңа қазақстандық промоушен TOBET Fighting Championship және серіктесі FIGHT NIGHTS GLOBAL, сонымен бірге тағы бір отандық промоушен ALASH PRIDE.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағұлов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен кездескен.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде елорданың тұрғындары мен қонақтары мынадай супер жекпе-жектерді тамашалайды:

АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Джовхар Дошуев арасындағы жекпе-жек, FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтың кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жегі.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды:

Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен «Tobet Top Team» бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рүстем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.

Билеттер «Алау» мұз айдыны сарайының кассаларында және ticketon.kz сайтында сатылады. Басталуы сағат 18:00-де.

Биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам оқушы барады

Астана жаңалықтары: Биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам оқушы барады
Кішкентай астаналықтардың алғашқы сабағы елорданың 20 жылдығына арналады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Биыл астанада бір ғана № 54 мектеп-интернаттың өзінде бірінші сыныпқа 300 бала барады. Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, алғашқы дәрісте балаларға қаланың тарихы туралы, астананың қалай дамығаны, көрнекті орындары мен бірегей тарихи оқиғалары айтылады.

«40 минут сабақ барысында балалар қаланың қалыптасу тарихымен танысып, білім еліне сапар шегеді», — дейді Ш. Сейсенбай. – Арнайы кабинетте біз танымдық ойындар өткіземіз. Осы жылы біз 10 сынып ашуды жоспарлап отырмыз, оның әрқайсысында 30 баладан оқиды».

Айта кетейік, білім басқармасының мәліметінше биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам бала барады. Қалада барлық мектептерге 150 мыңнан астам оқушылар білім алуға келеді.

Бүгінде Астанада 105 мектеп бар, оның 85-і – мемлекеттік, 1- кешкі, 15 – жекеменшік және 4-і — республикалық маңызы бар мектеп.
Әрі қарай

30-31 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады

Астана жаңалықтары: 30-31 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20-жылдығы мен Конституция күніне орай, 30-31 тамыз күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс — қазақ тілінде, екінші рейс — орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

— сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
— сағ. 12:05 (орыс тілінде);
— сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
— сағ. 16:50 (орыс тілінде);
— сағ. 18:55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады:«Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

«MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты:

— сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
— сағ. 12:05 (орыс тілінде);
— сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
— сағ. 16:50 (орыс тілінде);
— сағ. 18:55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.
Әрі қарай